«Қазақ әдебиеті» пәнінен



бет8/14
Дата23.12.2022
өлшемі39.25 Kb.
#467802
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
аза дебиеті ТЖБ 9 сынып

Барлығы: 40 30



«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ

1. Бәйеке, сұлтан, ақсүйек,
Қыларың болса, қылып ал,
Күндердің күні болғанда
Бас кесермін, жасырман, - деген жолдардағы кейіпкердің психологиялық жай-күйін
анықтаңыз.
А) ішкі ашу-ыза, кек
Б) мақтаныш, өкініш
С) ашу-ыза, қызғаныш
Д) барлық жауаптар дұрыс
[1]
2. Мен шарға ұстаған
Қара балта едім.
Шабуымды таппай кетілдім. Асты сызылған сөздер кейіпкердің қай кезеңдегі толғанысын
білдіреді?
А) ақынның өкінгендегі
Б) соғысқа аттанғандағы
С) Исатайдан айрылғандағы
Д) ақынның жалғыздықтағы
[1]
3. Жыр сюжетінде Кенесары хан қырғыз еліне қай елмен аттанбақшы болды?
А) уақ
Б) дулат
С) қыпшақ
Д) төлеңгіт
[1]
4. Төменде берілген кейіпкерлердің сөздерін сәйкестендіріңіз.
1 «Жауың қайда? Мен — жолдас» А Балқожа, Медеу
2 Қолдағы өңшең батырдан
Іріктеп бәрін ал
В Наурызбай
3 Ханға таман барыңыз.
Баруға көңілің тілесе,
Ханнан жарлық алыңыз.
С Бұғыбай
4 Екі-үш жүз кісі көбірек,
Онша алып, тақсыр, не етейін.
Әскерден отыз батырды
Іріктеп алып кетейін.
Д Кенесары
13
А) 1А, 2Д, 3С, 4В
В) 1С, 2А, 3В, 4Д
С) 1А, 2В, 3С, 4Д
Д) 1Д, 2С, 3А, 4В
[1]
5. «Ыстықкөл күнделігінде» Шоқанның бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?
А) зерттеушілік, суреткерлік, сезімталдық, өнерпаздық
Б) зерттеушілік, суреткерлік, әншілік, сал-серілік
С) зерттеушілік, сыршылдық, әзілкештік, аңғалдық
Д) зерттеушілік, суреткерлік, сыршылдық, сезімталдық
[1]
2-БӨЛІМ
6. «Мен, мен, мен едім» өлеңіндегі ақынның халық мүддесін көздеудегі, көтерілісті
ұйымдастырудағы рөлін талдаңыз. (3-4 сөйлем)
[3]
7. «Кенекем менің кеткен соң,
Заманым қалды тарылып.
Салтанатты хандардан
Жетім қалдым айрылып!
Екі бірдей қанатым
Топшыдан сынды қайрылып!» өлең жолдарындағы автор бейнесін талдап жазыңыз. (5-6
сөйлем)
[3]
8. Махамбеттің «Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінен» берілген үзіндіні негізге ала отырып,
өлеңнің көркемдік тілі мен ерекшелігін талдаңыз. (5-6 сөйлем)
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
[3]
9. Жыр сюжетіне сүйене отырып, Кенесары қолының жеңіліс табуына бірнеше мысалдар
келтіріп, талдаңыз. (5-6 сөйлем)
[3]
10. Ұлы ғалым В.И.Веселовский «Ш.Уәлиханов-аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан аяулы
ғалым» деп баға береді. Ғалым Шоқанды неге «аққан жұлдызға» теңеді деп ойлайсыз?
Пікіріңізді 5-6 сөйлеммен жазыңыз.
[3]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет