Қазақ халқының ырым- тыйымдары Табиғатқа байланысты ырымдар



Дата23.11.2023
өлшемі1.56 Mb.
#484174
Тыйым сөздер

Қазақ халқының ырым- тыйымдары

Табиғатқа байланысты ырымдар

  • Жаңа айды көргенде «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды.
  •  Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді
  • Суға түкіруге болмайды. Құстың ұясын бұзба,құмырсқаның ұясын баспа.
  • Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген адам «Менің жұлдызым жоғары» дейді.

Тәрбиеге байланысты ырымдар

  • Ата-анаңа қарсы сөйлеме.
  • Бас киімді теппе,лақтырма,теріс киме.
  • Үлкеннен бұрын сөйлеме.
  • Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама
  • Орынсыз күлме.
  • Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма.
  • Адамға қарап қолыңды шошайтпа.

Үй жұмысына, қоршаған ортаға байланысты тыйымдар

  • Есіктің босағасын керуге, табалдырықта тұруға болмайды.
  • Есікті тебуге болмайды.
  • Сыпырғы, күрек, айыр, балғаның басын жоғары қаратып қоймайды.
  • Көкті бейберекет жұлуға болмайды.
  • Суға түкірмейді.

Ыдыс - аяқ тағамдарға қатысты тыйымдар


.
  • Ыдыста беті ашық қалған тағамды жеуге болмайды.
  • Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды.
  • Қонаққа сынық ыдыспен тамақ беруге болмайды.
  • Ақты төкпе. Ағарғанды өте қадірлеп, ұқыпты пайдалану керек.
  • Қазанды төңкеріп қойса, ырыс - несібе кетеді.

Іс - әрекетке байланысты тыйымдар

  • Үйге қарай жүгіруге болмайды.
  • Қонақ кете салысымен үйді қағып - сілкуге болмайды.
  • Саусақ, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды.
  • Аманатқа қиянат жасама.
  • Жуған қолды сілкілеуге болмайды. 
  • Таңдай қағуға болмайды
  • Адамға қарап керілмейді. .

.
  • Нан үстіне зат қойма.
  • Нанды лақтырма.
  • Нанды бір қолыңмен үзбе
  • Сүтті төкпе.
  • Сыпырғышты тік қойма.
  • Отқа түкірме.
  • Тұзды баспа.

Тұрмыстық- шаруашылыққа байланысты ырым тыйымдар

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет