ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНДАҒЫ
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Шығыстың шоқтығы биік тұлғасына айналған Абай Құнанбаевтың педагогикалық, тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің орны ерекше. Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін терең түсініп, жоғары денгейде, көркемдік қуаттылығымен айтып жеткізен. Адам баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық пен жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін өлеңдерімен де, қара сөздерімен де жеткізген. Педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бipi - жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, өнер мен еңбекке баулу болып табылды. Ақын, ұлы ойшыл Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті адамдардың өзара қарым-қатынасы, бip-бipінe деген мейірбандылығы мен парасаттылығы, ұлттық ерекшелігі - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен жеткізіп отырған. Еңбекті Абай, басқа да қазақ ағартушылары сияқты - байлықтың, молшылықтың көзі, деп санады. Жастарды еңбекке шақырды. Ұлы ойшыл еңбек халықты өнерге үйретеді, білімге жетелейді, тек еңбек ғана биікке шығарады, еңбек тәрбиесі басқа барлық тәрбиенің (ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, эстетикалық, экологиялық пен экономикалық еңбек және т.б.), сондай-ақ оқу мен білім алудың негізі, - деп санаған. Ол жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін еңбектен іздеді. Еңбек пен қоғамдық еңбектің тұтастығын, бірлігін, парасаттылық пен инабаттылықтың, білімдіктің, тұлғалықтың, iciнe талғамын, жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін аса көргендікпен дәлелдеді оған өлең жолдарын арнады. Ең бастысы еңбек адамның адамгершік сапасын қалыптастырады, жастарды эстетикалық рухта тәрбиелеп, оларды әдемілікке, оларды жаркын болашаққа шақырады, материалдық игілікке жол ашады деп есептеген. Ақынның пікірінше, еңбек адамды жан-жақты дамыған тұлғаға, ғұламалыққа көтереді, баулиды, жетелейді. Ал уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілерді қатты сынға алды. Ол өзінің «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ деген бес нәрседен қашық болуға шақырды. Гуманист-ақынның арманы енбекке, адамгершілікке, ақыл-ойға, парасаттылық пен инабаттылыққа негізделген үлкен мәдениеттіліктің қайнар бұлағына айналған.
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі, тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы, ол өзі өмір сүрген тұтас бip тарихи дәуірді жан-жақты бейнелеп берді. Бірақ ақын шығармашылығы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым, түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры тереңде жатқанын ескерсек, Абай шығаршылығы - ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындағы бip елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып қарастырған. Ал қоғам өміріндегі көптеген адамгершілік, әділдік, бірлік, достық, білімділік, еңбек сүйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен қатар жауыздыққа, екі жүзділікке төзбеушілік секілді мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәні жойылмайтындығын және заман ауысып, жағдай өзгерді дегенмен, халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат ала отырып жалғастық тауып өрістеп, дами береді. Абай шығармашылығын өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірімен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын, сөз өнерінде не жаналық әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның қaзіргі заманда қоғамдық ой-сананың, мәдениеттің, оқудың өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз.
Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлін ерекше зор екенін айта келе, Абай жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналардың өздері, дұрыс тәрбиеленген болуы керек, деп түйідейді.
Абай әлемінің кең өpic алуы, оның поэзиясы мен әлеуметтік, оқу-тәрбиесі, ағартушылық көзқарасының әлеуметтік сипат алуында болды. Жастарды тәрбиелеудің әралуан жолдары мен тәсілдерін ең алдымен үй ішінде, мектепке тәрбиелеудің жолдарын көрсетті. Балалардың дүниеге көзқарасы мен мінезінің қалыптасуына отбасының аса зор ықпалын еске ала отырып ол ата-аналарға ең алдымен өздерің дұрыс тәрбиелі болыңдар деп талап қояды. Абай жастарды бірлікке, бауырмалдылыққа, достыққа тәрбиелеуге шақырды.
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру - қазіргі заман алдында тұрған ең маңызды міндеттерінің бipi. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері болып - оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен icтің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқумауына жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке даярлаумен тығыз байланысты. Адамдық өзіндік қасиеттерін қалыптастырудағы міндеттердің бipi оның адамгершілік ұғымдары мен түсініктерін молайту болып табылады. Балалардың бұларды меңгеру дәрежесі түрліше, яғни ол баланың жалпы жетілуіне, өмірлік тәжірибесіне байланысты. Адамгершілік тәрбие жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру процесінде ақыл-ой тәрбиесінен кейін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыда жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық және т.б. атап айтты.
Абай - қазақ мәдениеті тарихында орны зор, ойы озық, eнceci биік ерекше тұлға. Абай даналығын шәкірттерге таныту, оларды Абай туындылары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу кaзipгi мектеп алдында тұрған басты мақсат болып табылады. Қазіргі таңда бастауыш білім мазмұнына Абайдың мынадай шығармалары енгізілен: «Адам балам десеңіз», «Шегіртке мен құмырсқа» (М. Крыловтан аударған), жыл мезгіліне байланысты «Қыс», «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз» өлеңдері, сондай-ақ Абайдың қара сөздері берілген. Абай шығармаларындағы адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық тәрбие мәселесінің алатын орны ерекше. Абай өзінің қара сөздерінде оқушысымен әңгімелесіп отырғандай, өзіне-өзі сұрақ беріп, оған нақтылы жауап береді. Ақынның гуманистік идеясы тек өлеңдерінде ғана емес, қара сөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Білім арттыру жолына түсуге, рухани өркениетке ұмтылуға, және өз халқының ғана емес, басқа халықтардың да өнері мен кәсібін үйренуге шақыра отырып, осыларды тәуелсіздікке жетудің жолдары екенін атап көрсетті.
Мысалға, Абай өзінің 17 - қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» - деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай - халқымыздың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын. Ақ пен қараның, жақсы мен жаманның, адалдық пен зұлымдықтың, білімділік пен надандықтың, кішілік пен даңғойлықтың ара-жігін әр сөзінде ашып, дәлелдеп беріп отырған. Сондай-ақ балалардың әсемділікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. Оның өлеңдеріндегі туған жерінің, сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері адамдардың көңіл-күйі сан алуан сезімдерімен ұласып музыка үніндей естіледі. Мұндай суреттемелер «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ай», т.б. өлеңдерінде ерекше әсерде керсетілген. Өлеңде табиғаттың, әсем, сұлу көрінісі, жан-жануарлар қимылы, адамдардың іс-әрекеттері бәрі де балалардың қиялына қанат береді. Абай табиғаттың көрінісінен болмасын әдемілікті, сұлулықты көре-білуге шақырады. Табиғаттағы жануарлардың өмір тіршілігіне зер салуға, құстардың әсем дауыстарын тыңдай, бip-бipінен айыра білуге, кең байтақ өлкенің, орман, тоғайлар көріністерін қызықтай білуге үйретеді. Ақыл мен адамгершіліктен келіп, әрбір жеке адамның парасаттылығы мен шапағаттылығы туындайды, пайда болады дейді. Оның тағылымының маңызын осы ұғымдар айқындай туседі, өйткені ақыл-ой, адамгершілік, еңбек - осылардың жемісі (парасаттылық, қайырымдылық, инабаттылық). Бұлар бүгінгі жастар тәрбиесінің, әсіpece, жаңа адамды қалыптастырудың қайнар көзі. Қоғамымыздың ipгесін нығайту үшін ең алдымен адамгершілік тәрбиесін көркейту қажет. Оның негізгі мұраты - баланы жастайынан-ақ әлеуметтік ортада мәдениетті қарым-қатынас жасай білуге үйрету, үлкенді сыйлау, кішіге көмек керсетуге, ұлтжандылыққа баулу т.б. болып табылады.
Ұлы ағартушының педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірлерді қуаттау болды.
Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтаншақтық, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдылардан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айыңа бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал», - дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.
Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы болды. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», - деді. Абайдың атамыздың шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады», - дейді Абай. Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмарлығы. Екіншісі - білсем екен деген - жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі», - деген қорытынды жасайды.
Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаның - табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.
«Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - дей келіп, Абай «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, бес асыл іс, көнсеңіз», - деген өсиет айтты.
Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де - бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!» деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді.
Абай - қазақ мәдениеті тарихында орны зор, ойы озық, eнceci биік ерекше тұлға. Абай даналығын шәкірттерге таныту, оларды Абай туындылары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу кaзipгi мектеп алдында тұрған басты мақсат болып табылады. Қоғамымыздың іргесін нығайту үшін ең алдымен адамгершілік тәрбиесін көркейту қажет. Ал оның негізгі мұраты - баланы жастайынан-ақ әлеуметтік ортада мәдениетті қарым-қатынас жасай білуге үйрету, үлкенді сыйлау, кішіге көмек керсетуге, ұлтжандылыққа баулу т.б. болып табылады.
Абай шығармаларындағы адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық тәрбие мәселесінің алатын орны ерекше. Ақынның гуманистік идеясы тек өлеңдерінде ғана емес, қара сөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Білім арттыру жолына түсуге, рухани өркениетке ұмтылуға, және өз халқының ғана емес, басқа халықтардың да өнері мен кәсібін үйренуге шақыра отырып, осыларды тәуелсіздікке жетудің жолдары екенін атап көрсетті.
Ұлы ағартушының педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірлерді қуаттау болды.
Достарыңызбен бөлісу: |