Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің ТҰжырымдамасы кіріспе



Дата24.02.2016
өлшемі53.4 Kb.
#12012


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Кіріспе
Қазақ хандығының негізін XV ғасырдың екінші жартысында, яғни 1465 жылы Керей мен Жәнібек хандар қалады.

Қазақ хандығының мықты әрі қуатты болып құрылуы халықтың бірлігінің, тәуелсіздік жайындағы жоғарғы идеяға бірлесіп ұмтылуының арқасында ғана мүмкін болды. Бұл еркін әрі өнегелі ұлттың рухани жасампаздығының тарихи үлгісі болып табылады.

Бүгінде Қазақ хандығының тарихын зерттеу мен насихаттау қазақстандық патриотизмді нығайтуда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ ол халықаралық сахнада Қазақстанның оң имиджінің қалыптасуына және нығаюына ықпал етеді.

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге ҚХА, қоғамдық ұйымдар, ҮЕҰ, ғылыми қауым, жастар өкілдерінің, Қазақстанның барлық өңірлерінің қатысуы бірлік пен тұтастық дәстүрінің сабақтастығын ерекше айқындай түседі.




  1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУДІҢ ТҰЖЫРЫМДЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу 3 басты негізден тұрады.



Патриоттық – бұл біртұтас және игілікті мемлекеттің басты тұжырымдамалық негізі. Дәл осы патриотизм – халықты отанына деген сүйіспеншілікке, бірлікке, табысқа және гүлденуге бастайды. Қазақ хандығының құрылуы біздің халқымыздың тәуелсіздікті алуға деген табанды ұмтылысының және шынайы патриотизмнің көрінісі болды.

Ғылыми – Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу жылы Қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту керек. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту үшін келесі шараларды жүзеге асырылады: Қазақ хандығының тарихы бойынша толық карталар сериясын жасау; XV – XX ғасырларда Қазақ хандығын зерттеген саяхатшылардың, зерттеушілердің және кәсіби тарихшылардың еңбектерін тыңғылықты зерттеу; Қазақ хандығының қалыптасу тарихы бойынша шетелдік мамандарды, соның ішінде тарихшы, шығыстанушы, лингвисттерді қатыстыра отырып халықаралық ғылыми конференциялар өткізу; Қазақ хандығы бойынша анықталған және зерттелген материалдарды жүйелеу.

Медиялық – Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында барлық шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етілетін болады. Бұл жетекші орталық телеарналардан ғылыми-көпшілік бағдарламаларды, Қазақ хандығының құрылуы, дамуы және нығаюы туралы деректі, көркем фильмдерді әзірлеу және көрсету, Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу тақырыбы бойынша интернет-сайттар мен әлеуметтік желілерде материалдарды орналастыру және ілгерілету.



  1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТҰРҒЫЛАРЫ

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу келесі негізгі тұрғыда өткізіледі:



ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ.

«Біздің тарихымыз – бұл бірлік пен тұтастық тарихы», - Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Жасампаздық және мемлекетті нығайтудың көп ғасырлық тәжірибесінен Қазақстан тарихына деген мақтаныш пен айрықша құрмет бүгінде халқымыздың ұлы мәдениеті мен дәстүрін сақтай отырып, Қазақстанның рухани өркендеуінің негізін қалайды.



ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫ.

«Тәуелсіздік – бұл әлемдік тарихтың ағынында субъект болу құқығын сезінетін әрі соған жауап беретін халық болмысының жалғыз ғана нышаны», - Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан көптеген қиындықтарға және қатаң сынақтарға қарамастан, еркін және дамыған мемлекет болды. Бейбіт өмір, ұлттық бірлік және төзімділік бұл біздің еліміздің дамуының басты принциптері.



«МӘҢГІЛІК ЕЛ».

«Мәңгілік Ел» - бұл біздің жалпықазақстандық үйіміздің ортақ идеясы, ата-бабаларымыздың арманы, - Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің ата-бабаларымыз еліміздің аумақтық тұтастығын, ұрпақтарының ашық аспан астында мәңгі және тыныш өмірін армандап және соның жолында тынбай күресіп өтті. Елбасының басшылығымен болашаққа сеніммен қарайтын қазіргі Қазақстан – бұл барлық ұрпақтың арманына айналған қасиетті құндылық және бүгінде осы Тәуелсіздігімізді қорғау мен нығайту әрбір азаматтың міндеті.




  1. МЕРЕКЕЛЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН НЕГІЗГІ МІНДЕТЕРІ

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің басты мақсаты – өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге ықпал ету және қазақстандықтар арасында мемлекеттілік, тәуелсіздік және жаңа биіктерге ұмтылу құндылықтарын насихаттау.


Мерекелеудің негізгі міндеттері:

  • Қазақ хандығының 550 жылдығын жалпыұлттық деңгейде мерекелеу;

  • Қазақстан халқының бірлігін нығайту және қоғамды тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік және келісімге негізделген басты құндылықтар төңірегіне топтастыру;

  • Ел тарихына, қаһармандық өткеніне, дәстүріне, мәдениетіне және мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

  • Қазақстандықтардың патриоттық сезімдерін нығайту;

  • Азаматтардың бойында мақтаныш сезімін қалыптастыру және жаңа мемлекетті құруға ортақтығын түсіндіру, елдің және болашақ ұрпақтың тағдырына бірлесіп жауапты болу сезімдерін қалыптастыру;

  • Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және оларға белсенді қатысуға еліміздің барлық азаматтарын тарту.




  1. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ


Дайындық кезең. Аталған кезеңде тиісті нормативті-құқықтық актілердің бекітілуі, Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу бойынша орталықта және жергілікті деңгейде кешенді ұйымдастырушылық-тәжірибелік шараларды өткізу қажет.

Негізгі кезең – бұл Қазақ хандығының 550 жылдығының тарихи мәнін ашатын шараларды өткізу.

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасы аясындағы басты шаралар Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын, мерекелік концерт және халықаралық ғылыми-практикалық конференция, ал, Тараз қаласында театрландырылған көрініс, мәдени-спорттық және бұқаралық іс-шаралар өткізу, этнографиялық кешен құру.

Сонымен қатар, барлық өңірлерде отандық және шетелдік мамандар: тарихшы, шығыстанушы, лингвисттердің қатысуымен Қазақ хандығының тарихына арналған халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өтеді, республикалық және облыстық театрларда мерейтойлық тақырыпқа арналған спектакльдер көрсетіледі, театрландырылған көріністер, концерттер, ақындар айтыстары, мұражайлар мен кітапханаларда көрмелер, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар және т.б. ұйымдастырылады.

Отандық «Қазақфильм» киностудиясы «Қазақ елі» телесериалын, Қазақ хандығының тарихына арналған деректі және анимациялық фильмдерді шығаруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық монеталар шығаруды қамтамасыз етеді.
5. МЕРЕКЕНІҢ СЫРТҚЫ АТРИБУТТАРЫ
Мерекелік логотипте Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріндегі элементтер қамтылады.

Сыртқы безендірудің эскиздері Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи жолы мен оның қазіргі мұрагері – бейбіт, гүлденген, дамыған және біртұтас Қазақстан Республикасының арасындағы жоғарғы рухани байланысты бейнелейді.

Мерекенің түстік гаммасы мемлекеттік тудың түсіне негізделуі тиіс: бейбітшілікті білдіретін аспан түстес көгілдір түске және Күн тәрізді алтын түске басымдылық берілуі керек.


  1. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасын жүзеге асыру өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуге, азаматтардың өз тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға, қоғамның рухани-мәдени жағынан біріге түсуіне, қазақстандықтардың бойында мемлекеттілік пен тәуелсіздік құндылықтарының нығаюына, олардың жасампаздыққа және жаңа биіктерге ұмтылуына ықпал етеді.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет