«ЖАСТАРҒА МЕЙІРІМДІ МЕКЕН»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
2015 жыл Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясаты саласындағы күрделі өзгерістерге толы жыл. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңы қабылданды, жастар ресурстық орталықтары, барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережелер бекітілді. Барлығы еліміз бойынша жастарға қызмет көрсететін 213 жастар ресурстық орталықтары жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап «Қазақстан 2020: болашаққа бастар жол» 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты Тұжырымдамасының екінші кезеңі басталады. Осы тұжырымдаманы жүзеге асырудың жоспарына сәйкес «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан МЖС негізгі институттарының тиімділігін және жүйелілігін арттыруға бағытталған жастармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік материалдар жинағы және «Жастарға мейірімді мекен» рейтингі әзірленген:
- Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже аясындағы ЖРО қызметінің стандарттары;
- Қалада/ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың стратегиясын әзірлеу және стратегияны жобалық толықтандыру бойынша әзістемелік ұсыныстар;
- Қала/аудан әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңес қызметінің стандарттары;
- қалалар мен аудандар ЖРО жанындағы жастар саясаты мектебін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
- Еріктілік қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
- Клубтық қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
- Қалалар мен аудандар ЖРО жанынан жобалау бюроларын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
- Әлеуметтік қызметтер жұмыстарын үйлестіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
- Жастар ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар;
- «Жастарға мейірімді мекен» рейтингіне қатысу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.
Ғылыми және әдістемелік әзірлемелерді апробациядан өткізу мақсатында және аймақтардың әлеуметтік экономикалық ерекшеліктеріне байланысты әдістемелік ұсынымдар мен рейтинг жүйесі пилоттық режимде енгізілетін қалалар мен аудандар анықталуда. Аталмыш аумақтар келешекте өз аймақтарында жастар саясатын дамытудың локомотивына айналуы тиіс.
«Сәтбаев 2020 – жастарға мейірімді қала» алғашқы пилоттық жобасы Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында жүзеге асырылуда. Пилоттық жоба Сәтбаев қаласы әкімдігі, Қарағанды облысы жастары бастамашылдығының орталығы, Қазақстан жастар Конгресі мен «Жастар» ҒЗО арасындағы өзара ынтымақтастық пен әріптестік жөніндегі меморандумға сәйкес 2015 жылдың шілдесінде іске қосылды. Жобаны жүзеге асыру тәжірибесі Ақмола, Алматы, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында «Қазақстан-2020: болашаққа бастар жол» Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын жүзеге асырудың ІІ кезеңі аясындағы жастар ресурстық орталықтары жұмысының өзекті бағыттары» атты аймақаралық семинарларында ұсынылды. Осыдан кейін жобаға пилоттық режимде 8 аймақтың 15 жастар ресурстық орталықтары қосылды. 1 желтоқсанға дейін жобаға қалған 6 аймақ, Астана және Алматы қалалары қосылуы тиіс.
Жобаға қосылған аумақтар-қатысушылар бір-бірімен өзара іс-өимылда әрекет ететін, бір мақсаттарды көздейтін және бір мендеттері шешетін ерекше желіні қалыптастырады. Сондай-ақ, олар аз мерзімде өз аймақтарында жастармен жұмыс жасаудың үздік тәжірибелерін енгізеді және желінің басқа қатысушыларына жәрдем көрсету арқылы, жобаның жалпы тиімділігін арттырады. Осы арқылы, нәтижесінде мемлекеттік жастар саясатын қазақстандық бренд деңгейіне жеткізетін еліміз бойынша жастардың өзін-өзі ұйымдастыру үдерістері қалыптасады, ведомство және сектор аралық ынтымақтастықтың тиімді тікелей және көлденең кестелері іске асырылады.
Пилоттық жобаны «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстан жастар Конгресімен, аймақтардың, қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалармен және ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп жүзеге асырады.
Жобаның мақсаты, міндеттері және жүзеге асыру қағидалары
Мақсаты – жастар саясаты барлық институттары қызметінің жүйелілігін қамтамасыз ету, елдің барлық қалалар мен аудандарында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
1) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді және рейтинг жүйесін апробациядан өткізу және одан әрі еліміздің барлық аймақтарында кең ауқымда енгізу;
2) мемлекеттік жастар саясаты институттары қызметшілерінің құзыреттіліктері мен кәсіби шеберліктерінің деңгейін және жастар ресурстық орталықтары мен жастарға арналған әлеуметтік қызметтер тарапынан жастарға көрсетілетін қызметтер сапаларын арттыру;
3) Жастар ресурстық орталықтары қызметшілерінің тиімді мотивация жүйесін енгізу, жастар ресурстық орталықтары қызметшілері тарапынан жастар саясаты тренерлерінің пулын қалыптастыру;
4) Жастар ресурстық орталықтары, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалары, ішкі саясат бөлімдері, әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер, жастар ұйымдары өзара іс-әрекеттерінің тиімді тетіктерін іске қосу, жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясаты саласындағы ведомство және сектор аралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
5) жастармен белсенді ынтымақтастық орната отыра барлық мүдделі жақтардың қатысуымен қалалар мен аудандарда 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың стратегиясын әзірлеу, стратегияны жобалық толықтыру;
6) жастар ұйымдарын, еріктілік және клубтық қозғалыстарды, жастар өзін-өзі басқару органдарын дамыту, жастардың өзін-өзі ұйымдастыру үдерістерін белсендету;
7) жастар саясаты жобаларының өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету, осы саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру.
Жүзеге асыру қағидалары:
1) пилоттық желіге барлық қатысушылардың қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын ескеру;
2) қалалар мен аудандар стратегияларын және маңызды жастар жобаларын әзірлеу мен жүзеге асыруға жастардың өздерінің қатысуы;
3) мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары және бизнес өкілдерінің өзара іс-әрекеті;
4) ақпараттық ашықтық, қол жетерлік;
5) қалалар мен аудандарда жастар саясатын жүзеге асыру нәтижелерін бағалаудың тәуелсіздігі.
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері
Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады:
Бірінші кезең: 2015 жылғы қараша – 2016 жылғы наурыз.
1) Жастар ресурстық орталықтары пилоттық желіcін - «Жастарға мейірімді мекен» республикалық жобасына қатысушыларды қалыптастыруды аяқтау, жоба аясында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу.
2) Жобаға қатысушы қалалар мен аудандарда 2020 жылға дейінгі жастар саясатын жүзеге асыру стратегиясын әзірлеу және жобалық толықтандыру.
3) Жоба аясындағы қызметті үйлестіру және тәжірибемен алмасу үшін жобаға кірген Жастар ресурстық орталықтары директорларының клубын ұйымдастыру.
4) Пилоттық жастар ресурстық орталықтары ішінен тіректілерді анықтау және олармен дайындық жұмыстарын жүргізу, әдістемелік ұсынымдарды және рейтинг жүйесін енгізу, қалған пилоттық жастар ресурстық орталықтарының қызметін сүйемелдеу үшін үйлестірушілер мен тренерлер пулын қалыптастыру.
5) Жоба қатысушылары үшін вебинарлар мен семинарлар сериясын өткізу, тренингтен кейінгі сүйемелдеу түрлерін және жоба қатысушыларының өзара іс-әрекеттерін іске енгізу.
6) Жобаға республикалық жастар ұйымдарын, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдарды, бизнес өкілдерін қатысуға қосу, әріптестік қатынастықты орнату.
7) Жастар ресурстық орталықтары қызметшілері мен жастар саясатының басқа да қатысушылары үшін тиімді мотивация жүйесін қалыптастыру.
8) Жастар саясатының корпоративтік интернет-порталын іске қосу.
Екінші кезең: 2016 ж. сәуір – желтоқсан.
1) Жоба қатысушылары үшін вебинарлар мен семинарлар сериясын одан әрі жалғастыру, тренингтен кейінгі сүйемелдеудің тиімді түрлерін және жоба қатысушыларының өзара іс-әрекеттерін қолдану.
2) Корпоративтік жастар саясаты интернет-порталында ақпараттық базаларды құру, тақырыптық диалогтық алаңдар ұйымдастыру, Жастар ресурстық орталықтары қызметшілері мен жастар ұйымдары өкілдері тарапынан жастар саясатының кадрлық резервін қалыптастыру.
3) Тіректі Жастар ресурстық орталықтарының тәжірибелерін барлық пилоттық ресурстық орталықтарға тарату, пилоттық желіге әлі қосылмаған Жастар ресурстық орталықтарына әдістемелік ұсынымдар мен рейтинг жүйесін енгізу, олардың қызметін сүйемелдеу үшін үйлестірушілер мен тренерлер пулын қалыптастыру.
4) Аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейлерде пилоттық аймақтар тәжірибесін талдау және жинақтау.
5) Республикаға пилоттық аймақтар тәжірибесін таратуға дайындалу.
6) Тіректі Жастар ресурстық орталықтары базасында жастар саясаты саласындағы әлеуметтік инновациялар тәжірибелік зерттеу алаңдарын құру.
7) Жобаға қатысушылардың бірлескен жобаларын, желі ішіндегі тәжірибе алмасу бойынша ісшараларды жүзеге асыру,
8) Жобаны жүзеге асыру нәтижелері бойынша республикалық конференция өткізу.
9) Жастармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік материалдар сериясын және «Жастарға мейірімді мекен» рейтинг жүйесін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекіту.
Үшінші кезең: 2017 ж. қаңтар – желтоқсан.
1) Жобаға барлық қалалар мен аудандардың толыққанды қосылуы, оларға пилоттық Жастар ресурстық орталықтарының тәжірибелерін тарату, жер-жерде әдістемелік әзірлемелер мен рейтинг жүіесін енгізу.
2) Жастар саясаты қатысушыларының зерттеушілік, инновациялық әлеуетін іске асыру, Жастар ресурстық орталықтары базасында жастар саясаты саласындағы әлеуметтік инновациялар тәжірибелік зерттеу алаңдарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және енгізу.
3) Жастар саясаты аясында халықаралық ынтымақтастықты белсендету, қазақстандық тәжірибені басқа елдерге енгізу.
Күтілетін нәтижелер және тиімділік көрсеткіштері
Жобаның негізгі нәтижесі 2018 жылға қарай мемлекеттік жастар саясатының әрбір қатысушысының өзінің орнын айқын түсіне білеттүсіне білетін, басқа қатысушылармен ір-әрекеттестікте өзінің жеке дамуы үшін барлық тетіктерді игере алған ел көлеміндегі мемлекет мемлекеттік жастар саясатының толыққанды моделінің қалыптасуы болуы тиіс. Жүйелі жұмыс пен идеялармен және қызмет нәтижелерімен тұрақты алмасу тиімді жастар саясатының жалпы дамуын қамтамасыз етеді. Жүйелі деңгейде жастар саясатын ресурспен қамтамасыз ету мәселелері шешіледі – краудсорсинг алаңы жұмыс жасайды, әлеуметтік кәсіпкерлік жобалары, өзін-өзі ақтайтын әлеуметтік жастар жобалары жүзеге асырылады.
Еліміздің барлық қалалары мен аудандары жастар үшін жасалған қолайлы жағдайлар қалыптасқан аумақтарға айналуы тиіс. Жасалған жағдайлар «Жастарға мейірімді мекен» рейтингімен анықталады. Рейтинг аймақтар мен аудандарда жастар саясатының тиімділігін бағалауды жүйелі деңгейде қамтамасыз ететін алты индекстен тұрады:
№
|
Индекстің атауы
|
1.
|
Жастарды дамыту индексі
|
2.
|
Жастар саясатындағы жобаларға жастардың жұмылғыштығы индексі
|
3.
|
Жастар үшін құрылған мүмкіндіктер индексі
|
4.
|
Мемлекеттік жастар саясатының функционалдық тиімділігі индексі
|
5.
|
Жастар саясатының қормен қамтамасыз етілу индексі
|
6.
|
Ортаның қолайлылығы (инфрақұрылым, экономика, экология) индексі
|
Бағалау үдерісінің ашықтығы мен еркіндігі қағидалары негізінде «Жастар» ҒЗО жанынан құрылған салапшылар тобы рейтингті жыл сайын есептейді.
Пилоттық жобаны жүзеге асырудан күтілетін жағымды нәтиже мультипликативті болып табылады және қоғам өмірінің әртүрлі салаларының дамуына жағымды әсер етеді. Жалпылай тұрғыда, жастардың дамуына қолайлы аумақтар желісінің жобасы, қоғамның бес институционалдық реформаларының мақсаттары мен міндеттеріне және оны жүзеге асыру бойынша айқындалған «100 нақты қадамның» қоғамды өзін-өзі ұйымдастыру үдерістерін белсендетуге, Біртұтас болашақтың ұлтын және «Мәңгілік ел» идеялары мен «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» құндылықтарын ұстанушыларды қалыптастыруға қатысты мақсаттары мен міндеттеріне сай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |