003.034(821.111/512.122) Байтенова М.Ж. старший преподаватель
Казахский Университет экономики,
финансов и международной торговли.
Кафедра « Казахский и иностранные языки» г. Астана
ҚАЗАҚ ОНИМДЕРІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ
ТРАНСЛИТЕРАЦИЯЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аңдатпа
Қазақ елі өз егемендігін алғаннан бері ғылымның барлық саласына көптеген жаңалықтар енгізілді. Бұл мақалада қазақ елінің егемендігіне байланысты тілдегі өзгерістердің бірі ономастикалык түрін қарастырайық.
Басқа тілдердегідей(орыс,ағылшын тілдері,қолданбалы ономастика нақты тілдер мен тілдік үрдістер негізінде жалқы есімдердің ерекшеліктерін ескере отырып, формасы, транскрипциясы, орфография, орфоэпия нормаларын және грамматикалық формаларға түрленуін нақтылайды. Ономастиканың бұл саласы шет тілдік жалқы есімдердің графика, орфография және аудару (транслитерация және транскрипция) нормаларын қабылдаушы тіл арқылы тағайындайды.Ономастикалық атаулардың графикасы бүгінгі күнге дейін тілде шешімін тауып бітпеген проблемалардың бірінен саналады.
Кілт сөздер: оним,ономастикалық атаулар,антропонимдер, топонимдер,транскрипция, транслитерация, әліпби, графемалар арақатнасы.
Қазақ елі өз егемендігін алғаннан бері ғылымның барлық саласына көптеген жаңалықтар енгізілді. Соның бірі тіл жағын алатын болсақ,бұл салада көптеген жаңалықтар мен өзгерістерді көреміз.Тілдің жазба түрін алып қарасақ,жазба тілдерін және олардың мұрағаттарын зерттеуге ХХғ. орта шенінде пайда болған қажеттілік графикалық лингвистиканың тіл білімінің маңызды салаларының бірі ретінде де, өз алдына толыққанды ғылым саласы ретінде де қалыптаса бастауына алып келді [1]. Графикалық лингвистиканы зерттейтін грамматология деп аталатын ғылым саласының дамуы бүгінгі күні қай деңгейге жетті? Оған біздің қосар үлесіміз бар ма? Бұл сұрақтарға толықтай жауап беру жауапкершілігін мойнымызға ала алмасақ та, өзіндік қосар үлесімізді бағамдап көрмекпіз.Қазіргі кезде қазақ тілінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп, зерттелуде.Біз қазір тілдің ономастикалық түрін қарастырайық.
Басқа тілдердегідей(орыс,ағылшын тілдері,қолданбалы ономастика нақты тілдер мен тілдік үрдістер негізінде жалқы есімдердің ерекшеліктерін ескере отырып, формасы, транскрипциясы, орфография, орфоэпия нормаларын және грамматикалық формаларға түрленуін нақтылайды. Ономастиканың бұл саласы шет тілдік жалқы есімдердің графика, орфография және аудару (транслитерация және транскрипция) нормаларын қабылдаушы тіл арқылы тағайындайды[2].
Ономастикалық атаулардың графикасы бүгінгі күнге дейін тіл тілде шешімін тауып бітпеген проблемалардың бірінен саналады.
Кеңес одағы кезінде біздің территориямыздағы көптеген тарихи атаулар өзгертіліп орыс атаулары берілген, соған байланысты ономаст ғалымдар Қазақстан территориясындағы ономастикаға қатысты бүгінгі іс-шараларды негізінен мынадай 3 бағытта басшылыққа алу қажеттігін көрсетіп отыр: 1) үстемдікпен өзгертілген жер-су атауларын байырғы тарихи атауларымен алмастыру; 2) транскрипциясы бұрмаланған немесе қате жазылған жер-су атауларын қайта қалпына келтіру; 3) атаулары отаршылық-тоталитарлық сипаттағы елді-мекендерді, білім және мәдениет ұйымдарын қайта атау [3; 4].
Тілден тілге аударылмайтын онимдердің транскрипциясы мен транслитерациясына қатысты зерттеулер А.В. Суперанская, А.А. Реформатский, Л.В. Щерба, Б.А. Успенский, Л.Р. Зиндер, Н.Ф. Яковлев, Р.С. Гиляревский, Б.А. Старостин, М.В Горская, А. И. Рыбакин, И.П. Литвин, E. Garfield, Thomas T. Pedersen, Randal K. Berry, Michae C. Walker, т.б. көптеген кеңестік және батыс ғалымдары еңбектерінен орын алады. Ал қазақ антропонимдері мен топонимдерінің графикасына, оның ішінде орыс тіліндегі транскрипциясына қатысты зерттеулер Т. Жанұзаќ, Е. Керімбаев, Ѓ.К. Қоңқашпаев, Е. Қойшыбаев, А. Әбдрахманов, C. Әбдрахманов, В.Н. Попова, т.б ғалымдар еңбектерінде кездеседі. Бұл ғалымдар негізінен кісі есімдері мен жер-су атауларының орысша транскрипциясын, олардың түпнұсқада айтылым нормаларынан ауытқұын сынға алып, қазаќ атауларының ќазаќша айтылуына мейлінше жақын жазылуын сақтау үшін орыс тілінің барлық мүмкіндігін сарқа пайдалану қажеттігін меңзейді.
Тіл білімі және әдебиет институтыныңқатысуымен мәскеулік проф. Донидзенің жетекшілігімен 1959ж. «Инструкция по русской передаче географических названий Казахской ССР» атты нұсқаулық жарық көрген. Нұсќаулыќ Тіл білімі институты мамандарының тікелей араласуымен 1971ж. қайта қаралып, толыќтырылып шыққан [5, 21 б.]. Аталған инструкциялар бола тұра, Кеңестік дәуірде қазақтың көптеген жер-су атаулары мен кісі есімдерінің бастапқы аталуының мүлдем түсініксіз атауға айналғанша бұрмаланып кетуіне жол берілді. Соның салдарынан Қазақстан карталарында қазіргі күні мағынасы түсініксіз топонимдер молынан кездессе, ұлты қазақ азаматтардың төлқұжаттарында да түсініксіз есімдер жеткілікті. Мәселен, Қостанай облысындағы орысшасы Челгашы,қазақшасы Челғашы болып жазылып жүрген стансаның байырғы қазақша аты Шолаќаша екенін қазіргі жұрт ұмытқан [6, 11 б.]. Кітапхана катологтарында Жанұзақ(ов), Жүнісбек(ов) сынды ғалымдардың есімдері жәрпінен табылмайды, оларды дәрпінен іздеуге тура келеді.Сол сияқты қазіргі Тараз қаласын кеңес кезінде Жамбыл емес Джамбулдеп аталған болса, қазіргі кездеде Жезқазған емес Джезказган болып аталады.
Бұл мәселені батыл түрде қолға алып, ретке келтіру мүмкіндігі тек ел тәуелсіздігін алғаннан кейін туып отыр. Нақты қадамдар нәтижесінде қазіргі күні қазақ онимдерін орысша жазуда қазақ тіліндегі нұсќаға жақындау басталды. Орыс тілінде шыққан Қазақстан карталарында (мыс. [7]) бұрынғы бұрмаланып жазылып келген атаулардыңЖанакорган, Жайлауколь, Ушарал, Шымкент, Караганды, Шиели, Байконыр, Кокшетау, Жамбыл, т.б.болып, айтарлыќтай жүйеге келіп қалғаны байқалады. Кезінде Олжас Сүлейменовке «Твой дядя Омер» деген сәлемдеменің орнына «Твой дядя умер» деп келген телеграммалар [8] қазір жоқ. Дегенмен, кезінде әр түрлі себептермен түбірімен өзгеріп, халықтың жадынан шығып, жоғалып кеткен көптеген топонимдердің бастапқы қалпын қайта келтіру оңайға түспейтін тәрізді. Оларды қайта тіктеу енді тек көне құжаттарды көтеру арқылы іске асуы мүмкін. Ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда уақыт оздырмай тек көнекөз қариялардың (барында) жадында сақталған деректерді қолға түсіріп қалу мүмкіндігінен ғана нәтиже күтуге болады (Шолақаша елді мекенініңашылу жолына қараңыз [6, 11 б.]).
Бұл мәселеге БҰҰ: "Вest method to achieve international standardization is through strong programs of national standardization", яғни „халықаралық стандарттауға тек қатаң ұлттық стандарттау бағдарламалары арқылы қол жеткізуге болады“ дейді [9]. Мемлекеттік ономастикалық комиссияның шешімімен 1994ж. қарашада бекітілген Қазақстан Республикасындағы ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін реттеу тұжырымдамасы жобасының ІІІ бөлімі «Ат қою тәртібі мен аты-жөнінің дұрыс жазылуын реттеуге» арналады. Мұнда «Аталған ұстанымдар бойынша өзгертілген, реттелген қазақ азаматтарының аты-жөндері орыс, ағылшын, т.б. тілдерде жазылғанда қазақ мемлекеттік тілінің әдеби нормаларына сәйкестендіріліп транслитерациялануы (әріптік сәйкестігі сақталып жазылуы) қажет» делінген [5, 86 б.]. 1997ж. қабылданған “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңның 19-бабында: “Елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың, сондай-ақ басқа да физико-географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тілдерде транслитерация ережелеріне сәйкес берілуге тиіс” делінген [10, 7 б.]. Ұстанымда қойылған талап пен Заңда көрсетілген баптың орындалуы қазақшадан орысшаға транскрипциялау барысында ғана іске аса бастады да, басқа шетел тілдерінде қазақ атауларын транслитерациялаудың осы уақытқа дейін қабылданған ережесі болмағандықтан, басшылыққа алынатын “ќұжат” болмай, оның келеңсіз салдары қазақ ұлтының шетел тілдеріндегі жазба жұмыстарында өз залалын келтіріп келеді.
Ағылшын тілінің қанша уақыттан бергі ғаламдық статусына қарамастан, тіл білімінің ономастикасы саласында не ономаст ғалымдар тарапынан, не қазақшадан ағылшын тіліне аудару жұмыстары барысында аудармашы-зерттеушілер тарапынан күні бүгінге дейін бұл тілде қазақ атауларын қалай жазу керек деген мәселе назарға ілікпеген. Мәселеніңқордаланып қалғаны сонша, қазақ жалқы есімдерінің ағылшын тіліндегі графикасының жай-күйі жүйесіздіктің мейлінше шегіне жеткен жағдайда екеніне көз жеткіздік. Мәселе алғаш рет баспасөзде 2004ж. «Ана тілі» газеті беттерінде «Баспа мен баспасөзге сөз» [11, 6-7 б.], “Қазақ ономастикасы атауларын ағылшын тілінде беруге жүйе керек” [12, 8-9 б.] атты көлемді мақалаларда және Астана қаласында 2004ж. 30 қарашада ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі мен Тіл департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақ ономастикасының бүгіні мен ертеңі» атты ғылыми-теориялық конференцияда көтерілді.
Кеңестік жүйе кезінде де, Кеңестік кезеңге дейін де, кейін де қазақ ономастикалық атауларының аѓылшын тілінде жазылуы жөнінде бірде-бір іс-шара қаралмаған. Кеңестік дәуірде 15 одақтас республикадан өзге шетелдермен бүгінгідей қарым-қатынастың мањызы болмағандықтан, халықаралық қатынас құралы – ағылшын тіліне сұраныс та болмаған. ЖОО ның шет тілдері мамандықтарына тіпті «недобор» болып жататын. Ал қазіргі тәуелсіздікке қол жеткеннен кейінгі шетелдермен әр түрлі деңгейдегі тікелей қарым-қатынас, мәдениеттер диалогы қарқынды стихиялы динамиканы – жаћандануды жеделдетіп, ағылшын тіліне деген шұғыл қажеттілікті тудырды.
Lingua Franca (халықаралық қатынас құралы), мәдениетаралық байланыс құралы саналып келе жатқан ағылшын тілінің негізгі ресми ақпарат көздерінің бірі BBС World News спутникті телеарнасының бүгінгі күнгі таратып отырған мәліметтеріне жүгінсек, испан газеті “EL Periodico” „2015ж. әлем халықтарының тең жартысы ағылшын тілінде сөйлейтін болады» [13] деп жазады. Ағылшын тілін үйренушілер санының жылма-жыл еселеп арту көрсеткіштеріне қарағанда келешекте бұл сауаттының бәрі білетін тілге айналатыны анық. “EL Periodico” беріп отырған мағлұмат – жаћанданудың бой бермес қарқынды күш екенінің дәлелі. Ал оған төтеп берудің амалдары тек ұлт құндылықтарын сақтап қалудан құралады. Ал қазақи ұғымдарды ғаламдық айналымға қосу мүмкіндігіне ие бірден бір құрал ағылшын тілі болғандықтан, бұл тілде қазақ онимдерін түпнұсқадағы айтылымына мүмкіндігінше жақын нұсқада белгілі бір жүйемен жазуды қолға алу – ұлт мүддесі үшін атқарылатын барлық игі істер тізімінде бірінші тұруға тиісті іс-шара екені талассыз.
«http://en.wikipedia.org/wiki/English_language» интернет желісі ағылшын тіліне жыл сайын 25 000 сөз қосылады деген мағлұмат береді. Тілдің сөздік қорының жедел қарқынмен кеңейіп, байи түсуіне техниканың дамуымен пайда болатын жаңа терминдермен қоса, аударма арқылы енетін ұлттық реалийлердің де өзіндік үлес салмағы үлкен (Мәселен, Р. Бердібайдың бір ғана «Көзқамандар туралы аңызын» аударуымыз нәтижесінде ағылшын тілінің сөздік қоры kozkamans, kozkamanism терминдерімен толыға түсті деп ойлаймыз [14]). Ағылшын тілі – орфографиясы мен орфоэпиясы арасында үлкен контрастың орын алуымен ерекшеленетін болғанымен, жазылу емлесі қатаң қалыптасқан, әр түрлі жазылатын (танымал) жалқы есімдері жоқ, бұл тұрғыда заңдылықтары тым қатал, консервативті тіл. Мәселен, Цезарь, Эрмитаж, Шекспир сөздерінің Caesar, the Hermіtage, Shakespeare дегеннен басқа жазылуы жоқ. Демек, ағылшын тілінде біркелкі дұрыс жазылуы үшін есімнің ағылшын сөзі болуы міндетті емес, жаңадан қосылып жатқан онимдерді есепке алмағанда жалқы есім атаулының әлемдік деңгейде тұрақтанып болғаны әлдеқашан. Қазақ халқының да Абылай хандай тарихи тұлғалары мен Абайдайғұламаларының есімдері ағылшын тілінде (өзге де шетел тілдерінде) бірізді жазылып қалыптасуы тиіс.
Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу мақсаты бар, латын қарпіне көшуге дайындығын қамдап, болашақ ұрпағы үшін «Мәдени мұрасын» жасап жатқан тәуелсіз мемлекеттің ғаламға танылу мақсатында ағылшын тіліне тоқтаусыз аударылып жатқан шығармаларын өміршең ету үшін қазақ, Қазақстан деген өз атынан бастап тұтасымен әркелкі жазылып, бірізділік таба алмай тұрған онимдері графикасын жүйелі тәртіпке келтіретін транслитерациялау ережесін қабылдап, тиісті заңмен бекіту қажет. Бұл үшін не генеалогиялық туыстығы, не типологиялықұқсастығы жоқ, әріп саны жағынан алшақтығы үлкен гетерогенді әліпбилер жұбын құрайтын қазақ және ағылшын тілдерінің фонологиялық және орфографиялық жүйелерін дербес “мәдениетаралық қарым қатынасқа” түсіріп, сәйкестендіру арқылы транслитерация таңбаларына ғылыми тұрғыдан кесімді тоқтам жасаудың бірқатар зерттеу жұмыстары нәтижесінде мәресіне жететіні анық. Бұл диссертациямызды осы мақсатқа арнадық.
Ономастикалық атаулар тілде сөйлейтін халықтың тарихы, мәдениеті, этнографиясы, бір сөзге сыйдыра айтқанда, тұтас болмасынан хабар беретін кең мағыналы ұғым. Бұл ұғымға саятын лексиканың барлығын аудармашы, не тұпнұсқа авторы транскрипция, не болмаса транслитерация тәсілі арқылы тілден тілге көшірмейді. Біздің жұмысымыз онимдерді тілден тілге трансформациялаудың (107 б. көрсетілген 10 нан астам) әдіс тәсілдерінің барлығын емес, бар болғаны транскрипция мен транслитерация жолымен берудің проблемасын шешу мақсатын алға қояды. Жұмысымыздыңнегізгі нысаны транслитерация мен (практикалық) транскрипция болғандықтан,зерттеу объектіміздегі екі тілдің әліпбиі, дыбыстық жүйесі және графемаларының арақатынасы да тек осы мақсатқа орайластырыла қарастырылады. Бұл үшін төменде көрсетілген міндеттер атқарылуға тиіс:
қазақ және ағылшын тілдері әліпбиінің, фонемалар жүйесінің контрастивті сипаттамасын жасау және баламалы/баламасыз фонемалардың аражігін ашу;
-қазақ және ағылшын тілдерінің графемасы мен орфографиясы арақатынасының салыстырмалы сипаттамасын жасау және баламалы/баламасыз графемалардың аражігін ашу;
-екі тілдің фонемалар жүйесіндегі және орфографиясындағы универсалия мен уникалияны анықтау арқылы транслитерацияда инвариант-фонемаға сәйкес графеманы бекітуде шешімі қиындықсыз табылатын, шешімі біршама қиындық келтіретін және шешімі қиындық тудыратын жағдаяттарды анықтау;
-осы уақытқа дейінгі ағылшын тіліндегі еңбектерде қазақ онимдерін графикалауда орын алған олқылықтардың себептерін ашу, себептерге ғылыми түсінік беру;
онимдерді аударма мәтінінде трансформациялау тәсілдеріне шолу жасау, оның ішінде транслитерация жєне транскрипция тәсілдерінің аражігін ашу;
-онимдерді транслитерациялау және белсенді қолданыстағы этнографизмдерді қалыптандыру мақсатында алға тартатын негізгі ұстанымдарды бекіту, соның неігізінде онимдерді транслитерациялаудың мейлінше түпнұсқада айтылымына жақын нұсқасын ұсыну және оның ғылыми теориялық негізін жасау;
-ағылшын тілінің (BBC Accent) фонетикалық транскрипциясы (IPA, Phonetic TM шрифті) жүйесіндегі фонемаларды белгілеуге жұмсалатын таңбаларды қазақ дыбыстарымен транскрипциялау үлгісін ұсыну;
-белсенді қолданыстағы этнографизмдердің ағылшын тіліндегі графикасын тұрақтандыруға қадам жасау (мәселен, Ұлы Жібек жолыныңthe Great Silk Way, the Great Silk Road, the Great Silk Route деген нұсқаларының біріне табан тіреу) және оның себебін ғылыми негіздеу;
«…оларды (географиялыќ атауларды – Н.Р.) мемлекет тарапынан заңдастырып, жинап, стандарттап, басқа тілдерде бұрмаланған қолданысын бір ізге салып, түзетіп бақылап отыратын, үкімет тарапынан бекітілген, жауапты мекеме әзірге болмай отыр» [15] деген ономаст-ғалымдарды мазалап жүрген зәру сұрақтарды шешуге негіз қалауды жұмысымыздың түпкі мақсаты ретінде атап өтуге болады. Бұл орайда қолданбалы ономастиканың әр түрлі ономастикалық сөздіктер түзумақсатын ұстанған ономастикалық лексикография деп аталатын маңызды бағыттарының бірі жаңа қарқын алуға тиіс болады.
Онимдер графикасы, транскрипция, транслитерация. Отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген қазақ тарихы мен этнографиясы туралы жазылған туындылар мен аудармалар. Негізгі дереккөз – І. Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясының орыс тілі арқылы жасалған ағылшын тіліндегі аудармасы. Бұл еңбектің негізгі зерттеу нысанына алынуының себептері: біріншіден, қазақ әдебиетінің танымал тарихи туындысы; екіншіден, біз білетін үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілде де нұсқасы бар; үшіншіден, қазақ онимдері мейлінше көп кездесетін бірден-бір шығарма; төртіншіден (көлемділігінен де болуы мүмкін), туындыда жиі кездесетін қазақ атауларының ағылшынша берілуініңәркелкілігі сол атаулардың өзге әдебиет көздерінде кездесетін барлық нұсқаларын түгелімен дерлік қамтып өтеді. Батыс әдебиет көздері мен ағылшын тіліндегі аудармалары орысша нұсқасынан жасалған кейбір (мыс, М. Шаханов пен Ш. Айтматовтың “Құз басындағы аңшының зары” сияқты) өзге де танымал шығармалар толықтай болмаса да, жекелеген нақты мысалдар үшін зерттеу нысанына алынады. Спутникті антенна көмегімен BBC World News, Сaspionet, т.б. телеарналардан мәтінді теледидар арқылы, бейне таспа арқылы және тікелей көру, тыңдау жолымен жазылып алынған материалдар, аудиторлық эксперимент материалдары алынады. J.C. Wells-тің Longman Pronunciation Dictionary айтылым сөздігі [16], т.б. сөздіктер – қосымша дереккөздері.
Осы уақытқа дейінгі тәжірибені сараптап, ұстанымдарымызбен үндес келетін нұсқаларды іріктеуіміз арқылы дәстүрлі сабақтастық принципі жалғастық табады;
Қазақ тілінен хабары бар/хабары жоқ жас ерекшеліктері әртүрлі бірнеше американдық және британдық тіл өкілдерінен құралған репортерлармен жасалған “How would you spell?” („Қалай жазар едіңіз?“), “How would you read?” (“Қалай оқыр едіңіз?”) деп аталатын 2 сатыдан тұратын аудиторлыќ эксперимент қорытындыларына лингвистикалық сараптама жасалып, басымдылыққа ие болған ұтымды нәтижелер ескеріледі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
1 қазақ және ағылшын тілдерінің әліпбиі, дыбыстық жүйесі мен графикасын біртұтас қамтыған типологиялық контрастивті сипаттама тұңғыш рет жасалады;
2 дихотомиялық (=бинарлық) принципке негізделген екі тілдің фонологиялық және орфографиялық қарама-қайшылықтарымен санаса отырып, ағылшын онимдерін қазақ тілінде графикалаудың фонетикалық принципке негізделетіндігі дәлелденеді;
3 орыс тіліндегі английский, қазақ тіліндегі ағылшын лексемаларының этимологиясы бағамдалады;
4 осы күнге дейінгі ағылшын тілінде жазылған туындыларда қазақ онимдерінің берілу жай-күйі тұңғыш рет ғылыми зерттеу нысанына алынып, олардың транслитерациялануы көпнұсќалығының себептеріне ғылыми тұрғыда анализ жасалады, лингвистикалық және экстралингвистикалықфакторлары аныќталады;
5 қазаќ тіліндегі инвариант-фонемаларды аѓылшын тілі графикасында тањбалауға негіз болатын ұстанымдар жасалып, соның негізінде қазақ онимдерінің айтылымына мейлінше жақын берілуін қамтамасыз ететін, олардың графикасын жүйелі біріздендіретін транслитерациялау ережесі (жоба) жасалады, жұмыс соңында тіркелген Қосымша А да ереже алғашқы рет сынақтан өткізіледі;
6 аударма мәтінінде лингвомәдени бірлік ретінде онимдердің берілу тәсілдері тұңғыш рет кең мағынасында қарастырылады, әркелкі аударылып, жартылай калька (калька + транслитерация/транскрипция;
транслитерация/транскрипция + калька) тәсілімен беріліп жүрген кейбір белсенді қолданыстағы этнографизмдердің адекватты нұсқалары ұсынылып, тоқтам ғылыми негізделеді;
7 І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы онимдерінің 3 тілде (қаз.т., ор.т., ағ.т.) берілуін біртұтас қамтитын көлемді қосымша тұңғыш рет жасалып, орыс және ағылшын аудармалары мәтінінде кей онимдердің табылмауы және керісінше, тыңнан пайда болуының себептері ғылыми анализ нәтижесінде тұңғыш рет анықталады, себептердің негізі тым еркін аударма нәтижесі екені ашылады.
Қазіргі қолданыстағы акцентті фонологиялық бағытты ұстанатын қазақ тілі әліпбиіндегі кейбір шын мәніндегі басы артық ё,щ, ь, ъ, сияқты әріптерді қысқартып, фонема саны мен әріп санын шамалас етудің, сөйтіп, рационалды әліпби статусына ие болудың мүмкіндігі мол, бұған латын қарпіне көшу үдерісінде қол жеткізуге болады.
Қазақ (және өзге де гетерогенді тілдер) онимдері ағылшын тіліне тілдің транскрипциялау мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, транслитерация тәсілі арқылы қабылданады. Ал ағылшын тілінің (және кез келген өзге тілдің) онимдері, экзонимдер қазақ тіліне фонетикалық принципке негізделіп, транскрипция тәсілі арқылы қабылданады. Ағылшын тілінің фонемаларын таңбалайтын графемаларын (аллографаларын) қандай да орфографиялық принципке сүйене, қазақ тіліне (және қандай да болмасын өзге тілге) не єліпби кµмегімен (транскрипциялау арқылы), не диакритикалыќ үстемелер көмегімен (транслитерациялау арқылы) көшіру мүмкін емес. Сондықтан, ағылшын тілінен қандай да бір тілге көшіру тек тілдің фонетикалық транскрипциясында берілген таңбаларды, яғни сол таңбалар белгілеп тұрған дыбыстарды көшіру арқылы ғана іске асады;
(қалыптасқан кей көзқарастар бойынша) транслитерация орфографияныњ уәждемесіз принциптерінен саналғанмен, практикалық транскрипцияны уәждемесіздер қатарынан алып, уәждемелі принциптер қатарына қосамыз;
ағылшын тілінің сөздіктері, оқулықтары (GA-ді қоспағанның өзінде) кейде ең дұрыс деп танылатын айтылым нұсқасын көрсетуде бірізділік таба алмайды, ағылшын тілінде сөздің жазылуына қарай оқылудың еркелкілігінен қалыптасқан айтылым түрлері әдеби тілдік норма ретінде тіркеле береді. Болашақта орфографияның фонематикалық принципіне негізделген графикаға өту жолдары қарастырылып, ағылшынның жазу-сызуына түбегейлі реформа жасаудың жолдарын іздеу енді мүмкін болмай барады. Себебі, орфографияға реформа енгізу үшін тілдегі бір лексеманы құрап тұрған графемалар, қаншалықты күрделі екендігіне қарамастан белгілі бір фонемалардың көрсеткіші болуы тиіс болатын. Фонографиялық пен идеографиялық типтердің жар ортасында қалып отырған ағылшын тілінің жазуы тілді жойылып кетуден сақтап қалатын бірден-бір қалып (форма) болып қалады. Себебі, сөйлеу тілінде түсіністік болмаған жағдайда түсінісу мүмкіндігі тілдің жазба формасында сақталады;
қазақ (және орыс) аудиториясында ағылшын тілін оқыту әріп пен дыбыс айырмашылығын ашып беруге ерекше назар аударудан басталу қажет. Олай болмаған жағдайда тіл үйренушілер соңғы курсқа дейін әріп пен дыбысты, кей әріптерді (мәселен, s әрпін [sJ] деп, c әрпін [es] деп, g және j әріптерін ажырата алмай, j әрпі мен [j] дыбысын ажырата алмай, бірінің орнына бірін айту, бірінің орнына бірін жазу сияқты, т.б.) шатастыруды қоймайды;
Қазаќ онимдерін ағылшын тілінде (жұмыста ұсынылған) транслитерациялау ережесі арқылы және кейбір белсенді қолданыстағы этнографизмдерді қазақ – kazakh, Қазақстан – Kazakhstan, Орда – Horde, үш жүз – three zhuzes (Ұлы жүз – the Great Zhuz, Орта жүз – the Middle Zhuz, Кіші жүз – the Small Zhuz), Ұлы Жібек жолы – the Great Silk Road нұсқаларындажүйелі қалыптандыруға болады. Аудармашыларға, ағылшын тілінде жазатын отандық авторларға, Қазақстанды зерттеуші батыс ғалымдарының еңбектеріне, картографияда, энциклопедия жұмыстарында, библиография жасауда, редакцияларда, интернет желісінде, тарихшы, экономист, зањгер, т.б. мамандар ‰шін, яѓни адамзат тіршілігінің барлыќ саласында практикалық қолданыста қазақ онимдерін біркелкі, түпнұсқасына мейлінше жақын жазуға арқа сүйейтін бірден-бір құрал болады. Болашақта қазақ онимдерінің (антропоним, топоним, т.б. салалары мен реалийлердің дербес) қазақша-ағылшынша сөздіктерін жасауға мүмкіндік туады, оның нәтижелері компьютерлік лингвистиканың қалыптасып, дамуына: машиналық аударма жасауда; электрондық сөздіктер, тезаурустар, жасауда; таңбаны, сөзді автоматты түрде тануда, деректерді автоматты түрде шығаруда, т.с.с. тілді автоматтандыру жұмыстарында пайдалы;
-екі тілді мәдениетаралық қарым қатынасты жеңілдетеді;
-ағылшын тілінің фонетикалық транскрипциясындағы таңбаларды қазақ дыбыстарының көмегімен таныстыру қазақ аудиториясында ағылшын тілін оқытуда ең қиын да, ұзақ уақыт жұмсалатын үдерісті жеңілдетеді, жеделдетеді, бұл тәсіл ағылшын тілін өз бетінше үйренушілерге де пайдалы.
Әдебиеттер
1 БҰҰ құжаттары [9; 149] / Дисс. 8 б.,
2 Ќазаќстан Республикасындағы ұлты ќазаќ азаматтардың аты-жөнін реттеу Тұжырымдамасы (Концепциясы) [5] / Дисс. 8 б.
3 Ќазаќстан Республикасындаѓы Тілдер туралы негізгі заң актілері [10] / Дисс. 8 б., 110 б., 147 б.
4 ISO 9 Стандарттары / Дисс. 113 б.
5.Онимы как кумулятивные знаки этнической культуры. Адиле Эмирова.доктор филологических наук,профессор (Симферополь,АРК ) Доклад прочитан на Второй научно-практической конференции «Этнография Крыма XX-XXI в.в. и современные этнокультурные процессы», посвященной 15-летию Крымскогоэтнографического музея, 12-14 декабря 2007г. Напечатано в зборнике А.М.Эмировой «Избранные научные работы».- Симферополь,2008.- С.326-331.
6. Рсалиева Нұрсуле Мақсұтқызы. Қазақ онимдерін ағылшын тілінде транслитерациялаудың ғылыми-теориялық негіздері.Алматы:А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.2008-202б.
7.http://en.wikipedia.org/wiki/English_language»
Достарыңызбен бөлісу: |