Қазақ ою-өнері Қазақтың ұлттық ою-өрнектері



Дата02.03.2024
өлшемі0.66 Mb.
#494026

Қазақ ою-өнері

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері.


Ою-өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдареңбек құралдарықару-жарақ), архитектуралықғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Қазақстан аумағында ою-өрнектің ең қарапайым элементтері Андронов дәуірінен жеткен көне әшекейлерінен байқалады. Мұндай әшекейлер жалнүкте, ирек тәріздес болып келеді. Ою-өрнек түрлі геометриялық пішіндерден құралып, зерлеу, дәнекерлеу, оймалау, кестелеуқұйма-жапсыру әдістері арқылы жасалады.
Ұлттық ою-өрнек көбіне өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл орта ғасырлық архитектуралық ғимараттардағы көкөніс және геометриялық ою өрнектерден (Бабажы қатын күмбезі. 10-11 ғасырлар Айша бибі кесенесі, 11-12 ғасырларҚожа Ахмет Иасауи кесенесі, 13 -14 ғасырлар т.б.) айқын көрінеді. Ою-өрнек дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім-кешек, тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті.
Қазақстан аумағында ою-өрнектің ең қарапайым элементтері Андронов дәуірінен жеткен көне әшекейлерінен байқалады. Мұндай әшекейлер жал, нүкте, ирек тәріздес болып келеді. Ою-өрнек түрлі геометриялық пішіндерден құралып, зерлеу, дәнекерлеу, оймалау, кестелеу, құйма-жапсыру әдістері арқылы жасалады. Ұлттық ою-өрнек көбіне өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл орта ғасырлық архитектуралық ғимараттардағы көкөніс және геометриялық ою-өрнектерден (Бабажы қатын күмбезі. 10-11 ғасырлар Айша бибі кесенесі, 11-12 ғасырлар, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, 13 -14 ғасырлар т.б.) айқын көрінеді.
Ою-өрнек дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім-кешек, тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті.
Түрлері. Қазақ ою-өрнегінің негізгі композияциялық құрылымы:
жиектік өрнектер - ою-өрнекті жолақ (фриздер, жиектер т.б.);
Өсімдік тектес ою-өрнектер
гүлді өрнектер (шеңбер түріндегі ою-өрнектер, розетка, күн белгісі, т.б.);
торлы ою-өрнектер (заттың бетін тұтас жауып тұрады);
геометриялық (әр түрлі геометриялық денелерден құралады);
зооморфтық ою - өрнектер (жануарлар, яғни аң-құс, балық , әр түрлі жәндіктер т.б.);
көкөніс (өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, жәні т.б. элементтері).
қиял-ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет