Қазақ спорт және туризм академиясы



Дата19.02.2024
өлшемі93.76 Kb.
#492439
Лекция 1 (копия)

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ


Дене мәдениеті және спорттық теориялық негіздері кафедрасы
Пәннің атауы: Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі
Автор аты-жөні:
Құрманқұлова Кенжеш Әбдіғалымқызы
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Дәріс № 1
Мектептегі дене тәрбиесі сабағына жалпы сипаттама және ұйымдастыру түрлері, міндеттері
Жоспар:
1. Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Оқу сабағы – дене тәрбиесі жұмыстарының негізгі түрі, оның мазмұны мен құрылымы.
  • Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері

  • Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс іскерлігі мен дағдысының қалыптасуына дене тәрбиесінің маңызы өте зор.
    Мектеп жасындағы оқушылардың қимыл белсенділігі аптасына 8-12 сағаттан кем болмауы қажет.

Қимыл-әрекет белсенділігінің аздығы баланың денсаулығын нашарлатады, ағзаның қорғаныс күшін әлсіздендіреді, дене дамуын толық қанағаттандырмайды.
Бала ағзасының табиғи даму шыңы жоғарғы сынып жасына келетіндіктен негізгі дене қабілеттілігі мен функционалдық мүмкіншіліктерін осы мектеп жасында жетілдіру қажет
Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттері:
Сауықтыру міндеттері:
1. Денсаулықты нығайту, дұрыс мүсінді қалыптастыру, ағзаның барлық жүйелері мен функцияларын дамыту, жүрек қан-айналысы, тыныс алу, орталық жүйке жүйесін нығайту, зат алмасу үрдісін белсенді ету.
2. Сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне ағзаның қарсылық күшін жоғарылату. Мүмкіншілік болғанынша дене тәрбиесі жаттығуларын, сабақтарын таза ауада өткізу қажет. Күн қызуы, ауа температурасы ылғалдылығы бала ағзасын шынықтырады.
Білім беру міндеттері:
Өмірге қажетті қозғалыс іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру және жетілдіру мынандай бес топқа бөлінеді (З.И. Кузнецов, 1968):
  • адамға кеңістікте қозғалуға көмектесетін қозғалыс іскерліктері мен дағдылары. Олар: жүру, жүгіру, суда жүзу, шаңғы тебу;

  • 2) адам қозғалғанда оның денесін басқаруға керек дене қалпы мен тұрыстарының дағдылары. Олар: негізгі тұрыс, бастапқы қалып, әр түрлі дене қалыптары, тұрыстары, саптық жаттығулар және т.с.с.;

3) әр түрлі қозғалыстарды спорттық құралдармен орындау дағдылары. Олар: доптармен, секіртпелермен, батпандармен, гимнастикалық таяқтармен жаттығулар;
4) қол, аяқ қозғалыстарын дененің басқа мүшелерінің қозғалыстарымен үйлестіре, басқара білу дағдылары. Олар: аунап түсу, ілініп тұру, жоғары көтерілу, таяну, тепе-теңдік сақтау;
5) қолдан жасалған кедергілерден өтуді қамтамасыз ететін кешенді қозғалыстарды орындайтын дағдылар. Олар: тіреле секірулер, өрмелеулер, ұзындыққа және биіктікке секірулер;

Тәрбие беру міндеттері:
  • Дене тәрбиесі жаттығуларын саналы түрде демалу, жаттығу, жұмыс қабілеттілігін арттыру, денсаулықты нығайту кездерінде қолдану қажеттілігі мен біліктілігін тәрбиелеу.
  • Психикалық үрдістерді дамытуға көмектесетін өнегелік, эстетикалық, жігерлік, еңбек сүйгіштік, батылдылық қасиеттерін тәрбиелеу.

2. Оқу сабағы – дене тәрбиесі жұмыстарының негізгі түрі, оның мазмұны мен құрылымы.
Оқу сабағы жалпы білім беретін мектептерде басқа пәндермен қатар сабақтар кестесі бойынша аптасына үш рет жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың құрылымы деген екі түрі болады.
Сабақтың мазмұны төрт негізгі элементтен тұрады:
  • Оқу сабағына кіретін дене тәрбиесі жаттығуларының құрамы
  • Оқушылардың іс-әрекеті.
  • Мұғалімнің қызметі
  • Сабақ кезінде оқушылардың ағзасында болып жатқан физиологиялық, психологиялық үрдістер мен жаттығушылардың көңіл-күйлері.

Уақыт бойынша бір-бірімен байланысты орналасқан сабақ мазмұнының барлық элементтерін сабақ құрылымы деп атаймыз. Дене тәрбиесі жүйесінде оқу сабағы үш бөлімге бөлінеді:
1. Кіріспе.
2. Негізгі.
3. Қорытынды.
Дәрісте пайдаланылған әдебиеттер:
Уанбаев Е. Қ. Дене мәдениеті және спорт теориясы мен әдіснамасы: оқулық. – Алматы: 2022. 368 бет

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет