Қазақ тілі. Жіктеу есімдігінің дұрыс септелген қатары



Дата01.02.2022
өлшемі19.7 Kb.
#454993

Қазақ тілі.

  1. Жіктеу есімдігінің дұрыс септелген қатары:

А. Сен, саған, сені, сенен, сенің, сенімен, сенде

В. Сен, сенің, сенімен, сенде, сенен, саған, сені

С. Сен, сенің, сені, саған, сенде, сенен, сенімен

Д. Сен, сенің, саған, сені, сенде, сенен, сенімен

2. Тәуелденген зат есімнің септелуін көрсет.

А. Елімнен, әпкемде В. Елдер, әпкелер С. Елші, әпкесі Д. Елді, әпкені

3. Сан есімнің сұрақтары.

А. Қанша? Неше? Нешінші? В. Қандай? Қай?

С. Не істеді? Не қылды? Қайтті? Д. Кім? Не қылды? Не үшін?
4. Тәуелдеулі зат есімді белгіле:

А. Сыбызғыны В. Айтқанды С. Сәкенді Д. Қолбағыңды
5. Мына сөздер қай сөз табына жатады? Сырғанады, айтып тұр, еседі

А. Зат есім В. Етістік С. Сын есім Д. Сан есім
6. Cөз тіркесі болатын нұсқа

А. Жақсы жаман В. Қымбат ішік С. Қала айтты Д. Тоғыз жүрді
7. Сөйлемдегі есімдік: Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды.

А. Берекелі елдің В. Қақпайды С. Бетін Д. Ешкім
8. Қандай? Қай? сұрағына жауап беретін сөз табы

А. Үстеу В. Сын есім С. Есімдік Д. Зат есім
9. «Көшпенділер» сөзіндегі жіңішке дауысты дыбыстардың саны

А. 7 В. 4 С. 5 Д. 3
10. Сілтеу есімдіктерінің қатары

А. Сіз, олар В. Мынау, бұл С. Осы, біз Д. Сен, ол
11. Бірнеше сөзден тұратын сын есім

А. Жай сын есім В. Күрделі сын есім С. Дара сын есім Д. Туынды сын есім
12. Есімдік

А. Жеті В. Бидай С. Ағасы Д. Бұл
13. Жіңішке дауысты дыбыстар қатары

А. А, о, ұ, ы, у В. І, ү, ұ, ы, ө С. Ә, е, ы, и, о Д. Ә, ө, е, ү, і
14. Туынды сын есім дегеніміз не?

А. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім

В. Екі не одан да көп сөзден тұратын сын есім

С. Ешбір қосымшасыз, негізгі түбір күйіндегі жұмсалатын сын есім

Д. Бір сөзден тұратын сын есім
15. Сұраулық шылаулар қатары

А. Ма, ме, ба, бе, па, пе В. Үшін, дейін, шейін

С. Мен, бен, пен, және Д. Да, де, та, те


Математика

1.Теңдеу шеш: х-27 х 3=96

А) 96 В) 177 С) 15 Д) 81

2.Өрнектің мәнін тап: 25976-(465-18х22)

А)22950 В)25916 С)22000 Д)22917



3.1 киллограмның төрттен бір бөлігі неше грамм?

А) 500г В)250г С) 4000г Д) 1000 г



4. Әже көкеніс дүкенінен 15 кг картоп пен 12 кг пиязды бірдей бағамен сатып алды. Егер пиязға қарағанда картопқа 510 теңге артық төлеген болса, барлық сатып алған көкеніске қанша ақша төлеген?

А)170 тг В)3490 тг С)4590тг Д)701тг



5. 30 санының кубын тап?

А) 900 В) 600 С)27000 Д) 2700



6. Қалдықты тап : 46999 : 661=71 (... қалд.)

А) 68 В) 66 С) 64 Д) 67



7. Теңдеудің мәнін тап: ойлаған сан мен 9-дың бөліндісі 62 мен 3-тің көбетіндісіне тең.

А) 1764 В) 1476 С) 186 Д) 1674



8. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 42 см, ені 13 см.Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін есепте.

А) 546 см, 110 см кв В) 546 см куб, 110см кв С)546 см кв, 110 см

Д) 546 см, 110 см куб

9. Теңдеуді шеш: с х 6 = 50000+1900

А) 965 В) 863 С) 519 Д) 900



10. Әр гектардан 36 центнерден бидай жиналды.Аудандары мынадай ш алқаптан неше килограмм бидай жиналды?

1 алқап-400га, 2 алқап- 800 га, 3 алқап- 1000 га.

А) 785 кг В)504 кг С)792 кг Д) 648 кг



11. Театрдың үлкен залында 26 қатар , кіші залда 18 қатар бар.Үлкен және кіші залдардың әр қатарындағы орындар саны бірдей.Үлкен залда кіші залға қарағанда 240 орындық артық болса, әр залда неше орындық бар?

А) 44, 240 В) 760, 540 С) 780, 540 Д)708, 304



12. Бір елді мекеннен екі жолаушы бір бағытта жолға шықты.Бірінші жолаушы 70 м/мин жылдамдықпен жрді, екінші жолаушы тезірек жүріп , 10 минуттан кейін одан 600м алға озып кетті.Екінші жолаушы қандай жылдамдықпен жүрді?

А) 80 м/мин В) 510 м/мин С) 60 м/мин Д) 610 м/мин



13. Дүкенге 40 кг сәбіз әкелінді. Бұл картопқа қарағанда 2 есе кем.Дүкенге қанша килограмм картоп әкелінді және қанша артық?

А) 80 г, 400 г В) 20кг,20 кг С) 80 кг, 40 кг Д) 8000г, 4000 г



14. Есепте: 25 -19 х 28

А) 532 В) 1157 С) 93 Д) 625



15.2 ғасыр 5 жылды жылмен өрнекте

А) 25000 жыл В) 250 жыл С) 205 жыл Д) 2500 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет