Қазақ тілі мен әдебиеті 9-сынып №4 Бөлім бойынша жиынтық бағалау Заң -қоғамның тірегі. Айбатыр Сейтақ. «Азат елдің ар-намысы-Ата заң!»



Дата07.02.2024
өлшемі16.61 Kb.
#491087
9-сынып Диктант БЖБ ІІ тоқсан


Қазақ тілі мен әдебиеті
9-сынып
4 Бөлім бойынша жиынтық бағалау
Заң -қоғамның тірегі. Айбатыр Сейтақ. «Азат елдің ар-намысы-Ата заң!»бөлімі бойынша БЖБ (диктант)


Оқу мақсаттары
9.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру;
9.5.1.1 ырықсыз етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарында орынды қолдану.
Бағалау критерийі

  • тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіреді;

  • тыңдалған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады;

  • сөздер мен сөйлемдерді орфографиялық ережелерге сәйкес жазады;

  • тыныс белгілерді орынды қолданады;

  • ырықсыз етістің сөйлемдегі қызметін біледі;

  • ырықсыз етістің ауызша жұмыстарда орынды қолдануын біледі;

  • ырықсыз етістің жазбаша жұмыстарда орынды қолдануын біледі.


Ата заңым-айбыным
Кез келген өркениетті мемлекеттің өз конституциясы болады.. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Осыдан жиырма сегіз жыл бұрын, 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басылған еді. Мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдің бастауы болып табылатын құжат енді ғана жиырма жасқа толып отыр.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітілді. Бүкіл халық болып қабылдаған Ата заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз. (102сөз)
С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ тілінен жазба жұмыстар»
Тапсырма №1
Мәтіннен ырықсыз етіс жұрнағы жалғанған сөздерді теріп жазыңызар.
Мысалы:басылды- бас-етістік,- ыл ырықсыз етіс жұрнағы
Тапсырма №2
Жазаған ырықсыз етістеріңізге сөйлем құрап жазыңыздар.
Мысалы: Қуанышы су сепкендей басылды.



Дескриптор

Балл

Білім алушы

мәтіннің негізгі тақырыбын түсінеді;



1

тақырып пен көтерілген мәселе бойынша болжам жасайды

1

тыңдалған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады

2

сөздер мен сөйлемдерді орфографиялық ережелерге сәйкес жазады

2

тыныс белгілерді орынды қолданады

1

ырықсыз етістің сөйлемдегі қызметін біледі

1

ырықсыз етістің ауызша жұмыстарда орынды қолдануын біледі

1

ырықсыз етістің жазбаша жұмыстарда орынды қолдануын біледі

1

Барлығы

10 балл


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет