Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім атауы «Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Ұлы дала табиғаты»
Оқу мақсаты 5.1.6.1. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде
сұрақтарға жауап беру
5.2.5.1. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап
беру, шағын диалогке қатысу
Бағалау критерийлері Мәтін мазмұнына бағытталған сұрақтарға жауап
береді.
Өзара шағын диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Түсіну, қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты мемлекет.
Жалпы 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Атап айтсақ қазақтар, ұйғырлар, корейлер, дүнгендер, украиндар, өзбектер және өзге де ұлт өкілдері өмір сүреді.
Олар бір-бірімен тату-тәтті тұрады. Соның арқасында еңбектерінің жемісін көруде. Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілінде, дінін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасалған.
Сонымен қатар әрбір халық өз мәдениетін, салт-дәстүрлерін, ұлттық ертегісін, бесік жырын, аңыздарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады.
Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасқан бақытты да жарқын болашақта өмір сүруді мақсат етуде.
(100сөз)
https://uroky.kz/zhb-aza-tili-men-debieti-o-ytu-aza-tilinde-emes-5-synyp-zhiynty-ba-alau-a-arnal-an-distemelik-synystar
1. Мәтін мазмұны бойынша 4 сұраққа жауап беріңіз
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
- Мемлекетте ұлттар мен ұлт өкілдері бір-бірімен қалай тұрады?
- Әрбір халық өз мәдениетін, салт-дәстүрлерін қалай жалғастырады?
2. «Ұлттар достығы жарасқан еліміз» 5 сөйлемнен тұратын өз пікіріңізді жазыңыз
3. Төмендегі берілген суреттердің біреуін таңдап, соған байланысты жұбыңызбен 3 сұрақтан тұратын диалог құраңыз
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мәтін мазмұнына бағытталған сұрақтарға жауап береді
|
1
|
Мәтін мазмұны бойынша 4 сұраққа жауап береді
1-2 сұрақ
3-4 сұрақ
|
1
1
|
Өзара шағын диалогке қатысады
|
2
|
Берілген пікір бойынша 5 сөйлем жазады
1 сөйлем
2 сөйлем
3 сөйлем
4 сөйлем
5 сөйлем
|
1
1
1
1
1
|
3
|
Сурет мазмұнына сай диалог құрайды
1 сұрақ 1 жауап
2 сұрақ 2 жауап
3 сұрақ 3 жауап
|
1
1
1
|
Барлығы
|
|
|
10
|
Достарыңызбен бөлісу: |