Қазақ тілі пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



Дата05.01.2023
өлшемі15.96 Kb.
#468148
7 сын тжб


Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Сүйіспеншілік пен достық. Морфология
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология


1-НҰСҚА
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма

  1. Үзіндіні тыңдап, оқиғаның жалғасын өз болжамыңызбен жалғастырыңыз.

  2. Түпнұсқаны тыңдап, божамыңыздың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы кері байланыс беріңіз.

[10]

Мәтіндер
1-мәтін


Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімі де, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді.
Сұрақ: Патша ауылда қандай отбасыларды көруі мүмкін?
...

Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.


Сұрақ: Қарт патшаға не деп жауап берген екен?
...

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.Үш сөзді оқыған патша таң қалып:


-Осы-ақ па? - дейді.
-Иә, -деді ақсақал. -Барлық жақсы отбасылар тек осы қасиеттерден құралады,- деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

2-мәтін
Ерте уақытта бір үлкен жұт болады. Елде жөнді мал қалмайды. Бүкіл ауылды жұттан қалған жалғыз бір бозінген асырайды. Көпшіліктің күн көріп отырған бозінгені бір күні иімей қалады, жан сақтап отырған халық қатты сасады.


Сұрақ: Оқиға қалай дамиды?
...
Содан соң, пәлен жерде бір асқан күйші бар екенін естіп, кісі жіберіп, соны алдырады. Ол бір кәрі күйші еді. Егер күйші бозінгенді идіріп берсе, сол ауылда бір сұлу қыз бар екен, соны бермек болады. Қарт күйші домбырасын күйлеп, ағызып тарта жөнеледі. Күйге құлақ салған бозінген иіп қоя береді.
Сұрақ: Күйші өз сыйына лайық деп ойлайсыз ба? Оқиғаның соңы қалай аяқталатынын болжаңыз.

...
Бермек болған қыз түйенің сүт аға бастаған байқайды. Сол арада күйші жап-жас қызды көріп қалады. Бірақ ол жұрттың ұйғарындысына рақмет айтып, рұқсат етеді.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет