17.10.2013 № 14-01-04/1440
«ҮМЗ» АҚ 2014 жылға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
шаралар Жоспарының жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар
ХАТТАМАСЫ
Жүргізу датасы: 17.10.2013
Жүргізу орны: «ҮМЗ» АҚ, Ақпараттық-көрме орталығы,Өскемен қ., Абай даңғылы,102
Қоғамдық тыңдаулар Өскемен қ. әкімдігімен ұйымдастырылды.
Қоғамдық тыңдауларды жүргіу туралы ақпарат жұртшылыққа хабарлама орналастыру арқылы жеткізілді:
- газеттерде:
«Рудный Алтай» №110, 18.09.2013 (орыс тілінде),
«Дидар» №111, 17.09.2013 (қазақ тілінде),
- «ҮМЗ» АҚ сайтында: http://www.ulba.kz
Қатысушылар:
- жұртшылықтың өкілдері,
- қалалық әкімшілік өкілі,
- «ҮМЗ» АҚ құрылым бөлімшелерінің жұмыскерлері,
- БАҚ.
Жалпы тіркелді: 35 адам.
Өскемен қ. әкімінің орынбасары м.а. Исахов Мақсұт Пернебайұлы былай деді: бүгінгі күні қоғамдық тыңдауларда жұртшылықтың шақырылған өкілдері мен БАҚ қатысады және, жүргізу тәртібінің орындалуын ескере отырып, қоғамдық тыңдаулар ашық деп жарияланады. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы (Белянинов М.В.) және хатшысы (Овчинникова Л.И) тағайындалды.
Белянинов М.В. айтты: қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына және қоғамдық тыңдауларды жүргізудің қолданыстағы Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Тыңдаулардың күн тәртібімен таныстырды:
-
«ҮМЗ» АҚ 2014 жылға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар Жоспарын талқылау.
Белянинов М.В. қатысушылардың назарына жұмыс регламентін ұсынды. Жұмыс регламенті бір дауыстан қабылданды.
Сөйлегендер:
1. Сидоров С.В. - «ҮМЗ» АҚ өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор.
Ол айтты: қоғамдық тыңдауларды жүргізу ережелеріне сәйкес және ҚР Экологиялық Кодексінің 57 б. орындауға байланысты, кәсіпорын жұртшылықтың өкілдерін «ҮМЗ» АҚ 2014 жылға табиғатты қорғау шараларының жоспарлары туралы хабардар етеді.
«ҮМЗ» АҚ табиғатты қорғау шараларының жоспарымен осы залда отырғандар таныстырылды.
Ол ҚО өндірістік қызметтің әсерін төмендетуге бағытталады және «Қазатомөнеркәсіп» басқарма Төрағасымен бекітілген ұзақ мерзімді бағдарламаның бөлігі болып танылады.
Негізгі табиғатты қорғау шаралары:
-
Зауыт алдындағы алаң. Өндірістік ағынды суларының канализациясын тазалау құрылғысы;
-
№ 1-3 (секция № 2) картаны қайта жаңарту (жетілдіру);
-
Буландырғыш-әуіттің құрылысы (карта) №5;
-
БӨ №1 цехының ғимараттарында газдан тазалау қондырғыларында сүзгіш элементтерді ауыстыру;
-
№ 713 ғимарат. Азот қышқылының қоймасын қайта жаңарту;
-
Өнеркәсіптік кәсіпорынның әкімшілік аумағы мен санитарлық-қорғау аумағын абаттандыру, тазалау және дұрыс ұстау;
-
Атмосфералық ауаны, жер үсті су тоғандарын, жер асты суларын, топырақтың сапалығын зерттеу;
-
«ҮМЗ» АҚ аумағына радиологиялық тексерулер жүргізу.
Атмосфералық ауаны қорғау бойынша біздің қызметтік оң нәтижелерімізге қарамастан, табиғатты қорғау заңнамасының талаптарының қатаңдығын ескере отырып, кәсіпорын шаң,-газдан тазарту қондырғыларын жетілдіруге аса көп көңіл бөледі, және олардың жұмыс үнемділігін техникалық мүмкіндік шегіне дейін әкеледі.
Технологиялық үдеріс нәтижесінде шығатын шаң,-газ қоспалары тазартылуға жіберілетін олардың физикалық-химиялық құрамына қарай, талап етілетін тазарту дәрежесі мен тазартылатын газдың көлеміне байланысты тазартылады. Көзге түсетін ерекшелігі - ластанған ауаны үш және төрт сатылы тазарту. Зиянды заттектер ауа бассейніне қоршаған ортаны қорғау Министрлігі анықтаған көлемнен елеулі аз мөлшерде шығарылады (альфа-белсенділіктің көлемі бойынша – 5 рет, бериллий бойынша – 6 рет, гидрофторид бойынша – 3 рет, азот тотықтары бойынша – 8 рет, аммиак бойынша – 2рет), және қоршаған ортаға кері әсер етпейді.
ҚО өндіріс қалдықтарының әсерін азайту үшін, кәсіпорында «Қалдық шаруашылығы» учаскесі жұмыс істейді, ол барлық экологиялық талаптарға жауап береді. Учаскеде технологиялық нұсқау іс жүзінде, онда қалдықтарды қалай және қайда қауіпсіз орналастыру жазылған. Мысалы: иондық сәуле көздері тот баспайтын болаттан жасалған жер асты капсулада, 6м.тереңдікте орналастырылады, капсуланың құрамы оған адамның немесе жануардың баруын жібермейді. Қатты радиоактивті қалдықтарды орналастыру үшін, жер бетінде бетоннан жасалған құрылғылар бар. Қалдықтарды орналастыру процесі қалдықтарды тиегенде қоршаған ортаға оның әсерін төмендету жолымен әзірленген.
Өндіріс үдерісінде пайда болатын барлық сұйық қалдықтар арнайы құрылымдарға орналастыру үшін, қалдық шаруашылығының учаскесіне жіберіледі.
Буландырғыш-әуітті қайта жаңарту– карта № 1-3 секция №2 және буландырғыш-әуіт құрылысы (карта) №5 «ҮМЗ» АҚ сұйық қалдықтарды қауіпсіз орналастыру бойынша мүмкіндігін кеңейтеді және жер асты горизонттарына зиянды заттектердің енуіне кедергі жасайды.
Біз өнеркәсіптік-нөсер канализациясымен байланысы бар өндіріс корпустарынан келетін ағындылардың көлемін азайту және олардың химиялық құрамына ішкі бақылауды қатайту бағытында жұмысты жалғастырудамыз.
Өнеркәсіптік-нөсер канализациясын тазарту үшін құрылымдар құрылысы белгіленген ағындылардың нормативтерінің кенеттен болатын бір реттік жоғарылауын болдырмайды. Осы жоба бойынша қоғамдық тыңдаулар 15 тамыз 2013ж. өткізілді, оң экологиялық қорытынды алынды, және «ҮМЗ» АҚ оны қазір іске асыруға кірісті.
Жыл сайын кәсіпорын «ҮМЗ» АҚ қалдық шаруашылығының учаскесінен болатын қоршаған ортаны ластау деңгейін бағалау жобасын әзірлейді, онда жыл бойына алынатын ондаған мың сынама талданады.
Атмосфералық ауаны, жер үсті су тоғандарын, жер асты суларын, топырақтың сапалығын зерттеу «ҮМЗ» АҚ қызметі атмосфералық ауаның, судың, топырақтың жағдайларына кері әсер етпейтінін куәландырады.
Ластайтын заттектердің нақтылы шығарындыларын шекті-рауалы шығарындылардың нормативтік жобасының есептік сандарымен салыстыру шаң,-газтазалау жабдығы жұмысының жоғары тиімділігін және кәсіпорында өндіріс мәдениетінің жоғары деңгейін куәландырады.
Таяу келешекке жоспарлар маңызды және ауқымды. Біздің басты мақсатымыз – өндіріс қалдықтарының көлемін елеулі азайту. Оған жету үшін, кәсіпорын мақсатты және сенімді қадаммен келеді. «ҮМЗ» АҚ өндірістің экологиялық қауіпсіздігін аса жоғары қамтамасыз етуге бар ынтасын салады, және әлемдік деңгейдегі сапалықпен өнім шығарудан басқа, ол қоршаған ортаға өте аз зиян келтіруге ұмтылады.
2. Замчий О.В. – «ҮМЗ» АҚ түпкілікті құрылыс және қайта жаңарту бөлімінің басшысы.
Сөйлеу мәтіні:
№1-3 карта 1970 ж. желтоқсанда құрылып, пайдалануға берілді. Картаның түбі мен жақтары бойынша сүзгішке қарсы экран Ахмер кен орнындағы балшықтан жасалды.
Пайдалану кезінде №1-3 карта жер асты суларын ластайтын көз болды. Сүзгіштік шығындар оның ішінде қондырылған сүзгішке қарсы экранның нақтылы жетілмегенінен пайда болады.
Жер асты суларын ластауды болдырмау үшін, құрылымды қайта жаңарту жоспарланып, 2011 ж. басталды. Қайта жаңартудан кейін, карта 2 секцияға бөлінеді: сұйық және қатты қалдықтар үшін. 2012 жылы секциялар арасында мойнақ қондырылып, №1 секцияның түбі мен беткейлері бойынша сүзгішке қарсы экранды қондыру жұмыстары орындалды. 2013 жылы №1 беткейлерін қатайту бойынша таспен қалау жұмыстары орындалды, №1 және №2 секциялар арасындағы мойнаққа жер үсті, тереңдік маркалар мен пьезометрлер қондырылды. Нысананы пайдалануға қабылдау бойынша жұмыс комиссиясы жүргізілді.
2014 жылы №2 секцияны жетілдіруге кірісу жоспарланды. Жобамен бос сыйымдылықты экрандау және іс жүзіндегі қатты қалдықтарды консервациялау көзделген.
Қоршайтын дамбалардың түбі мен беткейлерінде қалыңдығы 1,5 мм полимерк геомембрана төселеді, ол қалыңдығы 0,5 метр саздақтың қорғайтын қабатымен жабылады. Қоршайтын дамбалардың беткейінде геомембрананы қатайту якорлы орда іске асырылады.
Осы шаралар №1- 3 картаның №2 секциясының тұндырылған қоқырлары арқылы атмосфералық шөгінділердің сіңуінен жер асты суларын зиянды заттектермен ластауды болдырмайды.
2014 жылы осы нысана бойынша жобалық жұмыстарды аяқтау жоспарланады.
Негізгі және қосалқы өндірістердің магистральдік құбырларының эстакадалары 1967 ж. бастап пайдалануға берілген. Эстакаданың ұзындығы– 3 785 м.құрайды. Ұзақ мерзім пайдалану және атмосфералық шөгінділердің тұрақты әсер ету салдары коррозияға қарсы жалатпаларды, сонымен қатар эстакаданың металды құрылымын бұзылуға әкеледі.
2006 жылы «Магистральдік құбырлардың эстакадасы. Құрылмаларды қатайту» инвестжобасы бойынша ТО қорғалды. Жобаны іске асыру мерзімдері 2006 - 2015 ж.ж. аралығы.
Жобаның мақсаттары:
-
Магистральдік құбырлар эстакадасының басты қасиетін техникалық дұрыс жағдайда ұстау.
- Эстакаданың құлауын және, соның салдарынан, технологиялық құбырлардың жарылуын болдырмау.
-
Жобаның құны 94 млн. теңге
-
01.01.2013ж. қатысты игерілгені 56 млн. теңге
-
2013ж. жоспар 10 млн. теңге
-
2014 -2015ж.ж. қалғаны 28 млн. теңге
3. Сушков Е.И. – «ҮМЗ» АҚ уран өндірісінің ЕҚ, РҚ,ЯҚ және ҚОҚ жөніндегі орынбасары.
Сөйлеу мәтіні тіркелген.
4. Коркин Е.А. – «ҮМЗ» АҚ бериллий өндірісінің ЕҚ және ҚОҚ жөніндегі орынбасары.
Сөйлеу мәтіні тіркелген.
5. Найденов С.Ю. - «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісінің ЕҚ және ҚОҚ жөніндегі инженері.
Сөйлеу мәтіні тіркелген.
6. Микула В.К. -«ҮМЗ» АҚ тантал өндірісінің энергетигі.
7. Сыромолотов В.А. - «ҮМЗ» АҚ сервис орталығының басшысы.
Сөйлеу мәтіні тіркелген.
8. Иванов С.Б. – «ҮМЗ» АҚ энергетика орталығы басшысының орынбасары.
Сөйлеу мәтіні тіркелген.
Жұртшылық өкілдерінің ұсыныстары мен ескертулері бойынша сұрақтар:
Ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
Талқылау қорытындылары бойынша негізгі тұжырымдар:
Отырысқа қатысушылар «ҮМЗ» АҚ 2014 жылға қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі шаралар Жоспарын бекіту қажеттілігі туралы бір дауыстан пікір білдірді.
Қосымшалар:
-
Қатысушылардың тізімі, 1бет.
-
Қоғамдық тыңдаулар жүргізу туралы хабарламалары бар газет беттерінің көшірмесі, 2 бет.
-
Қатысушылардың сөйлеу мәтіндері, 6 бет.
Тыңдаулардың төрағасы: Белянинов М.В. 17.10.2013
Тыңдаулардың хатшысы: Овчинникова Л.И. 17.10.2013
Тарату: ӨҚДҚ, ТДДҚ,ПжӘҚДҚ, ӨТБ, УӨ, БӨ, ТӨ, СО, ЭО, СО,ОҒЗЗ, ҚШ, ҮКЖИ, ДӨҚ
Орынд.Овчинникова Л.И.
Тел.9-86-17
Достарыңызбен бөлісу: |