«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары


-тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Берілген тапсырмаларды орында



бет2/10
Дата17.05.2024
өлшемі1.77 Mb.
#501342
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Акниет тжб бжб

2-тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Берілген тапсырмаларды орында.
Қабанмен айқас
Атын баптап мініп, қару-жарағын ұстауға әдеттенген Ерасылдың он үш жастан асқан кезі. Күзді күні, қысты күні саятшылық құрып, аң-құс аулауға дағдыланды. Садақ тартып, мергендікті де игерді.
Күн салқын тартқан. Ел жайлаудан ойға қарай бет алып, бүгін Майлытаудың сайын құлдаған. Кенет көш басындағы түйе жетелеген егде әйелдердің үрейлі дауыстары еміс-еміс естілді. Атын тебіне алға шыққан Ерасыл үй орнындай алаңқайда айбат шегіп көлденең тұрған танадай қабанды көрді. Ерасыл атынан қарғып түсті де, көші-қон кезінде қолынан тастамайтын найзасын кезеніп, ілгері жылжыды. Көзі тесірейіп,түгі тікірейген қабан аузын ақситып тап берді. Ерасыл өзіне қарсы атылған тағыны көз ілеспес жылдамдықпен түйреп алды ......, басынан асыра лақтырып жіберді. Шыңғырып гүрс еткен қабанның ішек-қарыны ақтарылып жатты. Ерасыл ортекедей ойнақтаған Керқұласын жетелеп ілгері жүре берді

1) 1-абзацтан Ерасылдың неге дағдыланғанын тауып жаз. __________________________




2) 2-абзацта берілген көп нүктенің орнына сәйкес болатын шылауды анықта.
А) де
Ә) және
Б) да
В) пен


3) Мәтіндегі «көші - қон», «қару - жарақ», «аң - құс» сөздері жасалу тәсіліне қарай белгілеп көрсет.
А) біріккен сөздер
Ә) қос сөздер
Б) қарсы мәндес сөздер
В) қысқарған сөздер


4) Мәтіндегі қарамен берілген сөздің мағынасын түсіндіріп жаз. _____________________________________________________________________


5) Мәтіннің мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған бір сұрақ құрастыр және оған жауап жаз.

Сұрақ

Жауап











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет