Мұхит асқан туынды,білім жарығы. Біріккен сөздер,тіркесті сөздер емлесі Біріккен сөздер



Pdf көрінісі
Дата12.10.2022
өлшемі317.29 Kb.
#462546
Айтбек қазақ тілі



Мұхит асқан туынды,білім жарығы.Біріккен 
сөздер,тіркесті сөздер емлесі 
 
Біріккен сөздер — екі, кейде одан да көп сөздердің бірігіп, тұтас бір 
ұғымды білдіретін сөзді атайды. Бірікке сөздер сөз табының 
барлығында ұшырасады.
Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан 
сөз тіркестеріне
 
жақын. 
Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, 
т.б. Негізінен, Біріккен сөздерге біртұтастылық қасиет тән боп келеді. 
Оларды бірнеше топқа бөлуге болады: 
1) екі компоненті бірігіп, ортақ мағына пайда болады. 
Мысалы, 
ақбоз, алтыбақан, басқұр, еңбеккүн

2) әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігеді, соның 
нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. 
Мысалы, алөкпе (ала+өкпе), 
алауыз
 
(ала+ +ауыз), жамбас (жан+бас), 
күздігүні (күзді+күні), қайнаға (қайын+аға), т.б. 
Кейбір біріккен сөздердің құрылымы тарихи даму барысында 
танымастай өзгеріп, кіріккен сөздерге айналған. 
Мысалы, әкел (алып+кел), бүгін (бұл+күн), ағайын (аға+ 
+іні), 
білезік
 
(білек+жүзік). 
Біріккен сөздердің өзіне тән графикалық ерекшелігі бірігіп жазылу не 
дефис арқылы жазылуы. Біріккен сөздер негізінен, сөз тіркесінен 
туатындықтан, олардың құрама бөліктерінің өзіне тән тіркесу тәсілдері 
бар:
1. 
Салаласа тіркескен біріккен сөздер (компоненттері тең 
дәрежеде): біртұтас, 
желмая, қолхат
, жолсерік, 
өнеркәсіп, 
ақсары, т.б.); 
2. 
Сабақтаса тіркескен біріккен сөздер (компоненттерінің арасында 
басыңқы, бағыныңқы қатынас, көбінесе, анықтауыштың не 
толықтауыштың қатынасы болады): алабұға,
қолөнер
, жиһанкез, 
қоғамтану, алжапқы, жанашыр, т.б. 
Екі компоненттің бірігуі арқылы пайда болған біріккен сөздерді 
сөзжасамның бір тәсілі деп қарауға болады. Олар әр түрлі мағына 
береді: 
1. 
адам, зат, өсімдік, жануар, ұғым
 
атауы. Мысалы, бой+жеткен, 
қол+жазба, қой+бүлдірген, ақ+құман, алты+атар, алты+бақан, 
т.б. 


2. 
экспрессивті ауыспалы мағына. Мысалы, ақ+жүрек, ақ+ +көңіл, 
ақ+сүйек, ала+ауыз, алып+сатар,
арам+тер, ашық+ауыз, 
бақ+құмар, басы+байлы, бет+ашар, қаңғы+бас,


Тіркескен сөз – екі немесе көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды 
білдіретін күрделі сөздің түрі. 
Тіркескен сөздер 5 түрлі жолмен жасалады. 
1.Күрделі зат есім.Мысалы, 
Алматы қаласы-мәдениет сарайы
2.Күрделі сын есім.Мысалы,қ
ара кер, бидай өңді, ұзын бойлы т.б. 
3.Күрделі сан есім.Мысалы, 
он бес, екі жүз сексен т.б
4.Күрделі етістік.Мысалы, 
келіп отыр, деп айтты т.б. 
5.Күрделі үстеу.Мысалы
, күні бойы, ала жаздай т.б. 
Тіркескен сөздің екі түрі бар: 
1.Еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе 
басқа сөзбен алмастыруға болады. Мысалы
, оқып отыр, оқып жүр 
т.б. 
2.Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе 
басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Тұрақты сөз тіркесінің құрамына 
енген сөздердің орындары бұлжымайтындай аса берік. Мұндағы 
сөздердің орнын ауыстыруға да, өзгертуге де болмайды. Бір тілден 
екінші бір тілге сөзбе-сөз аударуға да болмайды. Мағыналық жағынан 
бұл тіркес бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады.Тұрақты тіркестің 
құрамындағы сөздер бірігіп, бір ғана мағына береді.Мысалы, қ
ас пен 
көздің арасында (тез) деген тіркесті кірпік пен көздің арасында десек 
„тез” деген мағынаны бермейді.
Түйе үстінен сирақ үйіткенде деген 
тұрақты „илікпейтін, икемсіз” деген мағынаны білдіреді.
Қорытынды сұрақтар

1) 
Біріккен сөздер дегеніміз не? 
2) 
Тіркескен сөздер дегеніміз не? 
3) 
Тіркескен сөздің неше түрі бар? 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет