Мирас. – 2015. - №1. – Б. 61-64
Қозыбаева М., Л.Н. Гумелев атындағы ЕНУ-ті Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары
Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісімге 20 жыл
Кез келген мерейтой - жақсылықтың жаршысы. Бұл - қорытындылау, болашақты ойлау және жаңа болжамдар жасау уақыты. Қазақстандағы этникалық, келісім мен бейбітшілік - ассамблея жұмысының басты нәтижесі.
Біздің еліміз жыл өткен сайын көркейіп келеді. Қазақстанның бүгінгі бейбітшілігі мен бірлігін түсінген жаңа ұрпақ жылдан-жылға өсуде. Біздің жас ұрпақ тыныштықтың қадірін біледі, олардын, өз болашағын еш нәрседен қорықпай, қазақ жерімен байланыстырып, оқуға, жұмыс істеуге, отбасын құруға мүмкіндіктері бар. Біздің толерантты елімізде тәуелсіздік жылдарында этникалық немесе діни қақтығыстар болған емес. Бейбітшілік пен тыныштық, халықтың тұтастығы - Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының негізгі жетістігі.
Қазақстанда жаһандану жағдайындағы этникалық қақтығыстар, діндер арасындағы келіспеушіліктер, аймақтық даулар түріндегі қатерлер кезінде бейбітшілік пен келісімді сақтау ерекше маңызды. Халықтың тұтастығын сақтау мемлекеттің өз даму жолында алдына қойған мақсатына жетуінің басты факторы болып табылады. Қазақстанда ұйыстырушы рөлді 2010 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы бойынша жасалған Ұлт бірлігі доктринасының ұлттық идеясы алады. Доктрина саяси, әлеуметтік-экономикалық және қазақ халқының рухани дамуы мен тарих аясындағы қазақ мемлекеттілігінің барлық ерекшеліктерін қамтыған. Доктрина - әлемдік және еуразиялық өркениет дамуы шеңберіндегі қазақ халқы дамуының негізгі үрдісі. Авторлардың көрсеткеніндей: «Ұлт бірлігі доктринасы - халықтың уақыт әкелген қатерлерге дайын болуы қажеттілігінің негізі... Оның маңыздылығы өмірдің өзінен туындады, ол тарих қисынынан, біздің жалпы тағдырымыздан шығады. Сондықтан бірліксіз - ұлт жоқ. Ұлтсыз - ел жоқ. Елсіз - келешек жоқ».
Ұлт бірлігі доктринасы үш негізгі қағидаға бөлінетіні белгілі. Бірінші қағида - «Бір ел - бір тағдыр» - әрбір азамат тағдырының оның Отаны - Қазақстан Республикасының тағдыры мен бірлігі. Біздің ұлттық бірлігіміз онда тұрып жатқан ұлттардың этникалық шығу тегіне қарамастан, өзінің жоғары деңгейдегі тандауына, Қазақстан мен оның болашағына байланысты.
Доктринаның екінші қағидасы - «Әртүрлі ұлттар - бірдей мүмкіндіктер» оның этникалык немесе басқа да шығу тегіне, сенімі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлық азаматтарға тең мүмкіндіктердің қарастырылуы. Елдің басты заңы бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтарына құқығына, нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне қарамастан тендік берілген. Мемлекет барлық ұлттық мәдениеттердің тең құқылылығын және тұтас дамуын қамтамасыз етеді. Республикада қазақ және орыс театрларынан басқа, ұйғыр, кәріс, неміс кәсіби театрлары, 500-ден астам көркемдік ұжымдар сәтті жұмыс атқаруда. «Халықтың даналығы мен төзімділігі жаңа мемлекеттің барлық азаматтарының этникалық шығу тегі, әлеуметтік, діни немесе басқа да жағдайларына қарамастан, бірігудің басына айналды», - деп айтылған.
Доктринаның үшінші қағидасы - «Ұлттық рухты дамыту» дәстүрлі құндылықтардың маңыздылығына (тіл мен мәдениет, дәстүр, отбасы, ұрпақтар жалғастығы, отансүйгіштік және төзімділік), қоғамның рухани негізі саналатын, біздің бірлігіміз бен қазіргі замандағы ерекшелігімізді бекемдеуге негіз болады.
... Бұл құжатта біздің еліміздің 23 жыл бойы ұстанып келе жатқан халықаралық саясаты мен бастамаларының негізгі қағидалары айтылды. Мысалы, Азия құрлығында одақтастықтың әртүрлі салалары бойынша сенім шаралары үшін мемлекетаралық диалог алаңын құру туралы ұсынысын білдірген болатын, кейін ол АӨСШК сияқты ұйымдар құрылып, кеңінен белгілі болды. Бұл Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың стратегиялық бағыты мен мемлекеттік саясатының тұрақтылығын көрсетеді. «Халықаралық қатынастар» факультетінің студенттері Студенттер сайысы клубының жұмысына сарапшы ретінде құрметті қонақтарды шақырды және сайысқа белсенді қатысты.
Л. Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы басқа да кафедралармен тығыз байланыста жұмыс істейді және бірігіп іс-шаралар өткізеді. Мысалы,
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ҚХА кафедрасында А. Башмаков ашық дәріс өткізіп, онда ҚХА жылында өткізілетін іс-шаралардың жоспары және Еуразия университетіндегі кафедраның жұмысы туралы сөз сейледі. Қазіргі кезде ҚХА бастамасымен еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында осындай 12 кафедра ашылып, жалпы теориялық, ақпараттық, оқу - әдістемелік базаны құру үдерісін жеделдету мақсатында Қазақстан халқы Ассамбдеясы кафедраларының Қауымдастығы құрылды. 2015 жылдың 12 ақианында Л. Н. Гумилёв атындагы ЕҰУ ҚХА кафедрасы базасында Қауымдастықтың II отырысы өткізіліп, онда біртұтас оқу курсының типтік бағдарламасын құру, сонымен қатар, оқу-тәрбие және ғылыми үдерістерді ұйымдастыру бойынша да мәселелер талқыланды.
... Қорыта айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланған 2015 жыл қызықтарға толы және ғылыми-тәжірибелік, мәдени іс-шаралардың жұмысы жемісті болатыны белгілі. Ассамблеяның мерейтойы аталған қоғамдық институттың біздің еліміздің бірлік пен келісімді сақтаудағы жаңа мақсаттары мен мүмкіндіктерін анықтауға құнды мүмкіндіктер береді
Достарыңызбен бөлісу: |