Қазақстан-Қытай сыртқы саяси қатынастары



Дата09.06.2016
өлшемі52.41 Kb.
#125316
Қазақстан-Қытай сыртқы саяси қатынастары

Қытаймен сенімді қатынастардың орнауы Қазақстанның сыртқы саясатының аса маңызды жетістіктерінің бірі – Қ. Тоқаев


Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Бейсенбіде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінде Қытайдың қоғамдық-саяси топтарымен және БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министр жиналғандарды Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен және еліміздің саяси-экономикалық даму барысымен таныстырып, ҚР мен ҚХР қатынастарының деңгейіне жоғары баға берді. Ол өткен жылдың Қазақстан-Қытай қатынастарын стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін көтерген жемісті жыл болғанын атап көрсетті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның кездесуі 2005 жылдың басты оқиғасы болды. ҚХР Төрағасының орынбасары Цзэн Цинхунның 2006 жылғы қаңтардағы біздің елімізге ресми сапары ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өз үлесін қосты.
Қ.Тоқаев екі елдің тауар айналымының көлемі 2002 жылғы 1,95 миллиард доллардан 2005 жылы 6,8 миллиард доллардан асып түскенін айтты. ҚХР-дің Қазақстан экономикасына салған инвестициясының көлемі 2002 жылы 830 миллион доллар болса, 2005 жылы 1,85 миллиард долларға жетті. Шекара маңындағы ынтымақтастық жөніндегі «Қорғас» халықаралық орталығының ашылуы осы бағытта елеулі серпін беретіні анық.
Екі ел мұнай-газ саласында ірі жобаларды іске асырып ынтымақтастықты жалғастыруда. Биыл Атасу-Алашаңқай мұнай желісі арқылы Қазақстан мұнайы Қытайға беріле бастайды. ҚР-ҚХР газ желісін салу жөнінде белсенді келіссөздер жүргізіліп жатыр.
ҚР СІМ басшысы ҚХР-мен сенімді және болжамды қатынастардың орнауын «тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының аса маңызды жетістіктерінің бірі деп бағалаймыз», - деп атап көрсетті. Қытай біздің көпжақты, өзара тиімді ынтымақтасып және серпінді саяси диалог жүргізіп отырған стартегиялық серіктесіміз болып табылады, деді ол.
Президент елдің Ресей, Қытай, АҚШ, ЕуроОдақ пен мұсылман елдерімен арада стратегиялық серіктестікте болатындығына тоқталды.
Бұл арада ЕуроОдақтың кейін аталуына және мұсылман елдерімен арада стратегиялық серіктестік құрамыз дегенге мән беру керек. Себебі, бұрын Еуропа елдері алдыңғы қатардағы стратегиялық серіктес ретінде аталынатын. Қазақстанның өз сыртқы саясатында ЕуроОдаққа аса мән беріп отырмағандығын, Еуропа мемлекет басшылары да алдын-ала сезінсе керек. Қазақстан Президентінің инаугурациясында олардың бірде-бірі бой көрсеткен жоқ.Ал мұсылман елдерімен арадағы қарым-қатынас деңгейі стратегиялық серіктес деген тізімге аса ене бермейтін. Бұдан былай ол елдер бізге жақындай түсетін болды. Ал Ресей мен Қытай жөніндегі әңгіме өзгерек. Қазақстан стратегиялық серіктесіміз деп еміреніп, құшақ жайып отырғанда Ресей аянып қалсын ба? Инаугурация рәсіміне Ресейдің алғашқы және қазіргі президенттері келді. Өз тағынан ерікті түрде бас тартқан Борис Ельцин мен оның отбасы видеобъективтің назарында болды. Ал Владимир Путиннің ант беру рәсіміне қатысуы – империяның мұрагері Ресейдің Қазақстандағы мүдделерінің аса жоғары екендігін аңдатса керек.
Бұл ант беру рәсіміне Қытай жағы, дәлірегінде көрші елдің төрағасы Ху Цзиньтао өз орынбасары Цзэн Цинхунды жіберіпті. Әрине, миллиардтан астам халқы бар мемлекет басшысының өзі келмесе де, орынбасарын жібергеніне біздің билік аса қапалана қойған жоқ. Цзэн Цинхуннің елімізге келуін Қазақстан жағы жоғары бағалап отыр.Сонымен, Қазақстан өз Президентін әлемдік қауымдастыққа мүше мемлекет өкілдері алдында ұлықтады.
Президент резиденциясы – Ақорда қонақтарға лық толды. Елбасы өз қызметіне салтанатты жағдайда, ресми түрде кірісті. Ұлықтау рәсімін сыртқы елдердің көз алдында паш еткен Елбасы бұл рәсімнен кейін енді ішкі мәселелерге мойын бұратынын аңғартып жүр.
Қазақстанның сыртқы саясатына шолу
- Қазақстан дүние жүзінің 120 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатты және халықаралық 64 ұйымға мүше болды;
- Қазақстан 1300-ден астам халықаралық және үкіметаралық келісімшарттар мен келісімдер жасады;
- Қазақстанда шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 70-тей өкілдігі тіркелген;
- Шет елдерде Қазақстанның 50-ден астам елшілігі, дипломатиялық миссиясы мен консулдығы бар
Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері:
- Мемлекеттік мүдделерді қорғау;
- Экономикалық реформалар мен демократиялық институттарды дамыту үшін қажет өте жақсы жағдайларды қамтамасыз ету;
- Әлемдегі мемлекеттердің бәрімен тең құқықты үзеңгілестік пен қызметтестікті дамыту;
- Жаһандық және аймақтық кірігу үдерісіне белсенділікпен қатысу;
- Жаһандық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркендету мақсатында, жетекші мемлекеттермен стратегиялық қызметтестікті дамыту;
- Халықаралық ұйымдармен қызметтестікті дамыту.
Қазақстанның сыртқы саясатының жетістіктері:
- Әлемнің барлық мемлекеттері мен халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанның егемендігінің мойындалуы;
- Көп бағытты сыртқы саясат жүргізу;
- Әлемдік қауымдастықта Қазақстанның халықаралық беделінің артуы;

- ҚР Президенті Н.Назарбаев көтерген кірігу жобаларының жүзеге асырылуы;


- Халықаралық аренада Қазақстанның оң сипатты имиджін қалыптастыру;
- Қазақстанның экономикалық потенциалы мен инвестиция салуға тартымдылығын ілгерілету;
- Ұлттық саясат пен экономикалық мүдделердің шет елдерде қорғалуын қамтамасыз ету.
1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

1992 жылға дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.

1992 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы.
1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі.
1995-1999 жылдары – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы.
1999-2001 жылдары – Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2000 жылы – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.

2001 жылы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.


2002 жылы – Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2002 жылғы тамыз айынан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары.
2006 жылғы сәуір айынан бастап – Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2007 ж. 11 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған.


- Қазақстан дүние жүзінің 120 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатты және халықаралық 64 ұйымға мүше болды;

- Қазақстан 1300-ден астам халықаралық және үкіметаралық келісімшарттар мен келісімдер жасады;

- Қазақстанда шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 70-тей өкілдігі тіркелген;

- Шет елдерде Қазақстанның 50-ден астам елшілігі, дипломатиялық миссиясы мен консулдығы бар

Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері:
- Мемлекеттік мүдделерді қорғау;
- Экономикалық реформалар мен демократиялық институттарды дамыту үшін қажет өте жақсы жағдайларды қамтамасыз ету;
- Әлемдегі мемлекеттердің бәрімен тең құқықты үзеңгілестік пен қызметтестікті дамыту;
- Жаһандық және аймақтық кірігу үдерісіне белсенділікпен қатысу;
- Жаһандық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркендету мақсатында, жетекші мемлекеттермен стратегиялық қызметтестікті дамыту;
- Халықаралық ұйымдармен қызметтестікті дамыту.

Қазақстанның сыртқы саясатының жетістіктері:


- Әлемнің барлық мемлекеттері мен халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанның егемендігінің мойындалуы;
- Көп бағытты сыртқы саясат жүргізу;
- Әлемдік қауымдастықта Қазақстанның халықаралық беделінің артуы;
- ҚР Президенті Н.Назарбаев көтерген кірігу жобаларының жүзеге асырылуы;
- Халықаралық аренада Қазақстанның оң сипатты имиджін қалыптастыру;
- Қазақстанның экономикалық потенциалы мен инвестиция салуға тартымдылығын ілгерілету;
- Ұлттық саясат пен экономикалық мүдделердің шет елдерде қорғалуын қамтамасыз ету.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет