Дәріс-3. ЖАЛПЫ АУЫРСЫНДЫРМАУ. НАРКОЗ (ЛЖС– 4)
Наркоздың жіктелуі және дәрежелері.
Мал түлігіне байланысты наркоз.
Наркозға байланысты асқынулар.
Кәзіргі кезде хирургия операция жасаудың күрделі техникалары қолданылады. Оның жанжақты рационалды түрде орындалуы малдың операция столына дұрыстап бекітіліп, қозғалмай, тыныш жатуына байланысты. Ол тек малды бекітуден ғана тұрмайды, сонымен бірге малға ауырсындырмау жасау қажет.
Малдға ауырсындырмау жасаудың екі түрі бар, олар жалпы және жергілікті ауырсындырмау. Жергілікті ауырсындырмау қолданылмайтын кезде назкозға жүгінеміз. Жалпы ауырсындырмау қолданғанда жергілікті ауырсындырмауды да қолданамыз. Олар бір бірімен үйлестіріліп отырылады.
Наркоз - дегеніміз химиялық дәрілік заттардың әсерінен организмнің сезімталдылықтан айрылып, бұлшық еттің босап, бірте – бірте рефлекстердің сөніп орталық жүйке жүйесінің терең тежелуі. Тек автоматикалық өмір орталықтары, жүрек – қан тамыр және тыныс алу жүйелері өзінің іс әрекетін жалғастырып мал өмірін сақтайды.
Наркоздың жіктелуі. Егер орталық жүйке жүйесіне бір зат ғана әсер етсе онда таза наркоз – деп аталады.
Егер әр түрлі уақытта бірнеше қоспа берілсе қосынды наркоз (комбинирленген) делінеді .
Наркотикалық заттардың әсер ету күшіне байланысты беткейлік толық емес, терең – толық наркоз делінеді. Алғашқысында рефлекстер жоғалмайды, тек бұлшық ет қимылы біраз шектеледі.
Наркотикалық заттарды организмге жіберуіне байланысты наркоздың келесі түрлері қаралады.
Ингаляциялық наркоз – көне түрі. Ұшпалы наркотикалық зат ауамен бірге өкпеден қанға түседі. (эфир, хлороформ, нарцилен, этилен)
Инсуфляциялық наркоз – ингаляциялық наркоздың бір түрі өкпеге арнайы құрал арқылы жіберіледі (ине арқылы кеңірдекке жіберіледі).
Интраректалды наркоз – наркотикалық заттарды майлар мен немесе қайнатпалармен тік ішекке жібереді.
Пероральды наркоз – наркотикты ауыз арқылы азықпен немесе сумен береді.
Тамыр арқылы - дозасы өте дұрыс болу керек.
Интраперитоналды наркоз - құрсақ қуысына жіберілереді.
Субкутанды наркоз – тері астына.
Интрамускулярлы наркоз – бұлшық ет арасына жіберіледі.
Малдың түлігіне байланысты наркоз ретінде алкоголь, хлоралгидрат, тиопентал және басқа наркоздық дәрілер қолданылады.
Наркоздық заттардың мал организіміне тигізетін зиянды әсерін жою үшін наркоз беру алдында мал денесіне түрлі препараттар жіберіп, фармакологиялық дайындықтар өткізу керек Ол үшін ірі қараға хлоралгидрат, итке хлороформ наркозын берер алдында тері астына күкірт қышқылы, атропин жіберіледі. Ол наркотиктердің жүрекке және тыныс алу органдарына зиянды әсерін жояды, сондай-ақ кілегей бездерінің секрет шығаруын кемітеді.
Қазіргі уақытта наркоз кезінде наркотиктердің әсерін үдететін заттар кеңінен қолданылып жүр. Осы заттарды наркотиктермен бірге қолдануды «үдете наркоз беру» деп атайды. Үдете наркоз беру үшін көбінесе нейролептиктер қолданылады. Наркотиктермен бірге нейролептиктерді қолдану наркоздық дәріні аз мөлшерде беруге, оның ыңғайлы және ұзақ әсер етуіне, сондай – ақ наркоз мөлшерін асырып алмауға мүмкіндік береді. Нейролептиктер әдетте фенотиазиннің туындысы, олар наркоздық әсер етпейді, тек нервтің импульс өткізуін бәсендетеді, көзге түсерліктей тыныштандырғыш әсер етіп, наркотиктердің және антисептиктердің әсерін үдетеді және ұзартады. Нейролептиктер малға жай жеңіл операциялар (тұяқ тазалау, кесу, піштіру) кезінде және асау малды басқа жерге тасығанда ол тыныш тұруы үшін қолданылады.
Жaлпы ауырсындырмау нeмece нapкoз (гpeч narkosis - ceзiмciз eтy) - жaнyapлapғa ecipткi зaттapды қoлдaнy caлдapынaн opтaлық жүйкe жүйeci фyнкцияcының қaйтымды түpдe тeжeлyi. Hapкoз кeзiндe ceзгiштiк жoйылып, мaл ecтeн тaнaды, қoзғaлыcтық, шapттық жәнe кeйбip бeйшapттық peфлeкcтep жoғaлaды. Қaңқa бұлшық eттepдiң әлcipeyi бaйқaлaды, бipaқ coпaқшa мидa opнaлacқaн тыныc aлy, тaмыpқoзғaғыш жәнe тeгic бұлшық eттepдiң, өмipлiк мaңызы зop opтaлықтapдың жұмыc қaбiлeтi caқтaлaды.
Ecipткi зaттapды eнгiзy aлдындa мaлдың қoзғaлy қaбiлeтiнiң қaй yaқыттa жoғaлатынын, ayыpcынy ceзiмiнiң жoйылyын, бұлшық eттepдiң тoлығымeн әлcipeyiн (peлaкcaция) бiлy өтe мaңызды. Бipaқ ocындaй қaжeттi нapкoздық күйдi ecipткi зaттapдың бәpi шaқыpa aлмaйды. Oлap тeк дoзaлapдың жоғарғы жәнe oның өмipгe қayiптi шeктepiнe жeткeндe дaмиды. Hapкoздың қиындығы ocындa.
Достарыңызбен бөлісу: |