Ќазаќстан оќу жєн е білім министрлігі


Таңғыш заттар мен хирургиялық киім-кешектерді зарарсыздандыру



бет12/65
Дата14.11.2022
өлшемі3.33 Mb.
#464786
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65
хирургия дәріс

Таңғыш заттар мен хирургиялық киім-кешектерді зарарсыздандыру. Таңғыш заттар мен хирургиялық киім-кешектерді автоклавта 1,5 атмосфералық қысымда 30 минут бойы немесе 2 атмосфералық қысымда 20 минут бойы зарарсыздандырады. Автоклав болмаса немесе шұғыл жағдайда хирургнялық киім-кешекті үтіктеп зарасыздандыруға болады. Ол үшін жуылып кептірілген киім-кешекті ыстық үтікпен үтіктейді. Бірақ бұл әдіс ондағыдай зарарсыздандырмайды.
Жібек жіп пен жәй жіпті зарарсыздандыру. Жібек жіпті шыны (түтіктерге) бос орайды да 24 сағатка 1 : 2000 есе етіп сұйылтылған диоцид ерітіндісіне салады немесе оралган жібек жіпті сабынды ыстық суда екі минут жуады да жақсылап шайып, шыны таяқшаға орап, 15 минутка мүсәтір спиртінің 0,5 проценттік ерітіндісіне салады, содан соң 15 минутқа 70 проценттік спиртте дайындалған формалиннің 2 проценттік спирт ерітіндісіне салады.
Мақта және жібек жіпті зарарсыздандыру үшін жоғарғы әдіс колданылады немесе бұларды формалиннің 4 проценттік ерітіндісінде 24 сағат ұстайды. Жібек және ремиз жіптерді киім-кешек сиякты автоклавта да заразсыздандыруға болады. Капрон жіпті суда қайнатады.
Кетгутты зарарсыздаидыру. Кетгут орамдарын 72 сагат бойы формалиннің 4 проценттік ерітіндісінде немссе 1 : 2000 есс етіп сұйылтылған диоцид ерітіндісінде 24 сағат бойы ұстайды.
Хирургиялык аспаптарды зарарсыздандыру. Аспаптарды жағылған майынан тазартып, жүздерін дәкемен орап, дистилденген суда қайнатады. Ауыз суды пайдаланғанда ас садасын қосады. Ас содасының қайнап жатқан 2 проценттік срітіндісіне немесе күйдіргіш натрдың 0.25 проценттік ерітіндісіне салады да 30 минут бойы зарарсыздандырады. Зарарсыздандыру мерзімін аспаптар салынғаннан кейін ерітіндінің кайнай бастаған мерзімінен санайды Аспаптарды іріңді ауруларға операция жасағаннан кейін зарарсыздандырғанда жоғарыда айтылған ерітінділерге 2 процент лизол косады және оны 30 минут кайнатады.
Шүғыл жағдайларда темір аспаптарды бөлшектеріне ажыратып. шылапшынға салып, үстіне спирт кұйып өртеп зарарсыздандырады. Бірақ бұл әдіспен зарарсыздандырылған аспаптар бұзылады (фламбирлеу).
Шприцтерді сілті косылмаған суда қайнатып зарарсыздандырады. Бұл үшін шприцті бөлшектеріне ажыратып, дәкеге орап, салқын суға салады да, 30 минут қайнатады. Инъекциялық инелерді, және резеңке заттарды шприцтегідей етіп заразсыздандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет