Қазақстан Республикаcындағы ауыл шаруашылығының даму стратегиясы



Дата01.07.2016
өлшемі74.2 Kb.
#171119
Қазақстан Республикаcындағы  ауыл шаруашылығының даму стратегиясы.

Қазақстан құрамы жағынан көп этностық мемлекет, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани және мәдени дәстүріміздің мұрагері ретінде бүгінгі экономикалық гүлдену және әлеуметтік кемелдену бағытында жаңа көкжиектерге нық қадам басып келеді.

  Нұрсұлтан Назарбаев

  Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары әлемдік қауымдастыққа нық қадаммен енген тәуелсіз мемлекет ретінде алға шықты. Біз әлемнің көптеген елдерімен терезесі тең мемлекет ретінде қатынас орнаттық. Егемендіктің алғашқы жылдарында нақты нәтижеге қол жеткізу үшін талай қиындықтар мен кедергілерден өтуге тура келді. Бүгінгі таңда еліміздің қол жеткізген жетістіктері – бұл астық өсіріп, көмір өндіріп, металл құйып, үй тұрғызған, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда түрлі ғылыми-зерттеулер жүргізген миллиондаған қазақстандықтардың, еліміздің барлық аймағындағы халқының табан ақы, маңдай тері.

1992 жылы Оның бастамасымен «Егемен мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасуы мен даму стратегиясы» әзірленді және оны жүзеге асыруға нақты қадамдар жасалды. Ол ел болып сүрудің бағытын өзі айқындап өзі анықтап берді. Ол ұсынған бағдарлама шаруашылықтағы берекесіздіктен, кәсіпорындардың күйреуінен, тапшылықтан еңсесі езілген елдің әлеуметтік жағдайын түзеуге, ішкі және сыртқы тұрақсыздықты жоюға, жәрдемақы мен зейнетақыны өсіруге, кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға және т.б. бағдарланған болатын. Экономиканың тамырына қан жүгірті үшін таза парақтан емес, соңғы кеңестік кезеңнің көрсеткішімен салыстырғанда, мейлінше жоғары деңгейден бастау қажет болды. Аталмыш стратегия 1993 жылдан бастап, ұлттық валюта еңгізілгеннен кейін, нақты іс жүзіне аса бастады. Ол ауқымды міндеттерді, атап айтқанда, қол жеткізілген макроэкономикалық жетістіктерді сақтап қалу, дамудың жаңа белесіне көтерілу секілді міндеттерді шешудің қажетті әрі тиімді алғышартына айналды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылдың қазан айында Республиканың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. Бұл құжат Қазақстанда тұрақты динамикалы экономикасы бар мемлекет құрудың ұзақ жылдарға бағытталған даму жолын көрсетіп берді.

«Қазақстан – 2030» Стратегиясын іске асырудағы алғашқы кезең 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы болды. Бағдарлама бәсекелестікке лайықты экономикасы мен өндірісі және ауыл шаруашылығы дамыған, әлеуметтік саланың қызмет көрсету деңгейін қолжетерліктей дәрежеге жеткізу міндеттерін анықтап берді. Стратегияны жүзеге асыру кезеңінде көптеген басты салаларда ілгері дамуға қол жеткізілді.

Осыған орай «Қазақстан – 2030» Стратегиясының келесі кезеңі – 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды. Ол дағдарыс кезеңінде бәсекелесуге қабілетті экономиканы қалпына келтірудің негізін салуға бағытталған.

ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында мемлекеттік қызметте бес басты бағыт болды.

БІРІНШІ БАҒЫТ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

Келешектегі сапалы дамудың негізін салуға мүмкіндік жасайтын іскерлік жағдайды жақсарту, қаржы секторын нығайту және заң жүйесін жетілдіру мақсатында кешенді шаралар жасау қарастырылып жатыр.

ЕКІНШІ БАҒЫТ – ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МЕН ИНДУСТРИАЛИЗАЦИЯ АРҚЫЛЫ ДИВЕРСИФИКАЦИЯНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЕСЕБІНЕН ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

Экономикалық диверсификация ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу; сонымен бірге энергетика, көлік және коммуникациялардың озық дамуы сияқты басым бағыттар есебінен қамтамасыз етіледі. Қайта өңдеумен айналасатын өндірістік салаларда еңбек өнімділігі 2 есе, аргоөнеркәсіп кешендерінде 4 еседен кем болуы керек. 

ҮШІНШІ БАҒЫТ – ИНВЕСТИЦИЯЛАР БОЛАШАҚҚА.

Кез келген мемлекеттің тұрақты және жүйелі дамуындағы басты факторлар адамдар ресурсының саны мен сапасы. Адам - прогрестің, инновация мен өндірістің дамуының негізгі қозғаушы күш. Осылайша, болашақ он жылдың ішінде адамдар капиталына салынған инвестициялар күн тәртібінің өзекті мәселесіне айналады.

ТӨРТІНШІ БАҒЫТ – АЗАМАТТАРҒА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ.

Мұндағы басты мақсат, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелерін күшейту және тиімді тұрғын үй мен коммуналдық қызмет көрсету.

БЕСІНШІ БАҒЫТ – ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚОЛДАУ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ.

Ғасырдың негізгі онжылдығында негізгі күш мемлекетіміздің алға қарай нығайып дамуына, қауіпті сейілту мен оған қарсылық көрсету, сыртқы ортаның қолайлығының қалыптастыруға шоғырландырылады.

Ауыл шаруашылығы бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды, негізгі салаларының бірі болып табылады.

Әрине, әлемдік деңгеймен салыстырмалы түрде қарағанда елеміздің макроэкономикалық көлемі жоғары емес. Осыған қарамастан Қазақстанның сыртқы экономика саласын болашақта дамытуына орасан зор шамасы бар. Атап айтсақ, ұн тартатын кәсіпорын жоғары көрсеткіштерге жетті. Ұнды экспорттау 2000 жылдан бері 20 есеге өсті. Бұл саланың басты міндеті – ұн түрлерін көбейту, нарық ауқымын кеңейту, қалыптасқан тәртіпті  орнықтыру, жаңа маркетингтік шешімдерге қол жеткізу.

Бүгінде ауыл шаруашылық машина жасау саласы комбайн, трактор тағы басқа да техника құрастыруды қамтамасыз етіп отыр.

Маңызды экспорт-импорт әлеуетіне қабілетті, көлемі өсіп келе жатқан макарон өнімдерін шығару саласы. Осы өнімді өндіру бойынша Қазақстан әлемдік көрсеткіштер бойынша 29-шы орында, саланың күш-қуаты жағынан өнім өндірушілер мен экспорттаушылар қатарының бестігіне кіретін шамасы бар.

Атап айтқанда әр елдің өзінің экономикалық ауыл шаруашылық көрсеткіштері, кешендері, өндірістері, мал шаруалышығы, егін шаруашылығы дамыған, дамып келе жатқан қалалар, облыстар бар. Мысалы:



Астана қаласы. Қалада агроөнеркәсіптік кешен бар, ол 25кәсіпорындардан тұрады, сонымен қатар пайдаланылатын жерлер де бар. Олар тамақ, жартылай дайындалған ет өнімдері, қайта өңделген сүт пен кілегей, йогурт, ұн, жарма, нан өнімдері, торттар мен кондитерлік өнімдер, макарон, жеміс және көкөніс шырындарын өндіру кәсіпорындарын дамытуда. Аймақтың астық тұқымдарын өңдейтін  ірі өнеркәсіп орындарының бірі «Цесна-Астық Концерні» ЖШС-і, жартылай ысталған, ысталған, пісірілген шұжықтар, ысталған ет өнімдерін шығаратын «Apple City Food» ЖШС-і тізбекті тұйықталған ет өнімдерін өңдеу кешенінен тұрады.

Алматы қаласы. Алматы дәстүрлі ірі өнеркәсіп және қаржы орталығы болып табылады. Тамақ өнімдер мен сусындар, ет-сүт өнімдері, өсімдік және сары май, ұн, жарма өнімдерін өндірудің үлес салмағы жағынан ең жоғары орында. Мұнда 2000-нан аса өнеркәсіп орындары бар, 200-ге жуығы ірі және орташа кәсіпорындар қатарына жатады. Олардың үлесіне барлық өндірілетін өнімнің 70%-нан астамы келеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы. Облыстың өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы экономикалық әлеуеті айтарлықтай. Климаттың қолайлылығы ауыл шаруашылығы саласының қарқынды дамуына жақсы жағдай туғызып отыр. Бұл саланың құрылымында егін өсіру, соның ішінде суармалы мақта, дәнді дақыл, көкөніс, бақша жеміс-жидектер өсірудің үлес салмағы жоғары. Мал шаруашылығы саласында ет, сүт және жұмыртқа өндіру басым.

Солтүстік Қазақстан облысы. Қазақстанның агроөнеркәсіп секторындағы жетекші аймақтың бірі. Мұнда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі тұрақты өсуде. Осы салада 1000-дай кәсіпорындар, 4000-дай шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 6,7 млн.га, соның ішінде шабындық жерлер - 4,5 млн.га. Облыс экономикасының тұрақтылығының көрсеткіші дәнді дақыл өнімдері арқылы анықталады, ол аймақтың ең басты экспортқа шығаратын тауары. Республика бойынша облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемінің шамасы 4%-ға тең. Республика бойынша дәнді дақылдар үлес салмағы төрттен бір бөлігін құраса, картоп 17%-ын, ет 6%-ын, сүт 11%-ын және жұмыртқа 9%-ын құрайды. Тамақ өндіру саласында ет, сүт, ұн және одан жасалатын өнімдер, сусындар, алкогольді сусындар шығару тұрақты дамып келе жатқаны байқалады.

Батыс Қазақстан облысы. Ауыл шаруашылығы саласы ішкі сұраныстарды толықтай қанағаттандырады және өнімнің біраз мөлшерін экспорттайды. Мал шаруашылығы саласында ет-сүт өндіретін өндіріс орындары дамыған, ірі қара, қой, ешкі, жылқы, шошқа мен құс өсіруді дамыту жұмыстары жүргізілуде. Мал шаруашылығының дамуын жеделдету, тұқымды асылдандыру мақсатында мал өсіретін жоғары технологиялық кешендер құрылысын салу, мал шаруашылығы өнімдерін дайындайтын және өңдейтін кооперативтік мекемелер салу жұмыстары жүргізілуде. Егін шаруашылығында дәнді дақыл, жемшөп дайындау мен азық-түлік өнімін өндіру артуда. Күнбағыс, көкөніс, бақша, картоп өсіріледі. Көптеген егін шаруашылығы салалары тұқым дайындаумен айналысады.

Шығыс Қазақстан облысы. Ауыл шаруашылықтың маңызды рөлін атқарады, басты саласы – мал шаруашылығы. Ет-сүт өнімдерін өндірудің, ірі қара малдың, қой, ешкі басының көбейіп, дамып келе жатқаны байқалады. Жылқы, шошқа, құс, ара өсіру дамыған. Малды асылдандыру жолға қойылған. Марал өсіретін шаруашылықтар бар. Дәнді дақылдар, дәнді бұршақ, күнбағыс, малазықтар дақылдар және бақша өсімдіктер, картоп пен көкөніс өсіруде облыстың көрсеткіштері жаман емес. Бірқатар агроқұрылымдар тұқымды асылдандырумен айналысуда.

Қостанай облысы. Облыстың ауыл шаруашылық саласы ішкі сұраныстарды толығымен қамтамасыз етеді және өнімнің маңызды бөлігін экспорттайды. Басым бағыты дәнді дақылдар – жаздық бидай, мал жемі, жармалар, бұршақтар мен  өсімдік майлары. Бірқатар агроқұрылымдар жоғары сұрыпты тұқымдар өсімдіктер алумен айналысады. Сонымен қатар кортоп, көкөніс пен бақша өсіріледі. Мал шаруашылығының басты бағыты ет-сүт өнімдерін өндіру. Облыс тұрақты ірі қара мал, қой мен ешкі, жылқы, түйе, шошқа өсірумен айналысады. Құс өсіру дамыған. Асыл тұқымды мал өсіруді ерекше атауға болады, 35 шаруашылық нысандары асыл тұқымды мал өсіру мәртебесіне ие. Олар сиырлардың етті, сүтті ерекше тұқымдарын көбейтіп өсіреді, сонымен қатар жылқы, шошқа, құстардың да ерекше тұқымдары бар. Түйеқұстар санын көбейту жұмыстары басталды.

Қарағанды. Облыс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ірі аймақ болып табылады. Егіншілік саласында дәнді дақылдар, картоп және көкөніс өсіретін агроөнеркәсіп орындары басым. Мал шаруашылығы саласын негізінен ет-сүт өнімдерін өндіру, қой, жылқы, шошқа, құс өсіру құрайды.

Қызылорда. Тамақ өнімдерін өндіру, джем, шырын, тосап, компот өндіретін бақша саласында жаңа технологияны пайдаланып жасалған өнімдердің түрлері көбеюде. Облыстың ауыл шаруашылығындағы егіншілік саласында дәнді-дақылдар өндіру, бірінші кезекте күріш, картоп, көкөніс, бақша өсіру қарқынын үдетуде. Мал шаруашылығындағы ірі қара, қой, құс, жылқы және түйе басы тұрақты өсуде. Қаракөл және асыл тұқымды мал, балық аулау мен балықты өндірістік ұқсату дамыған. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет