Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің



Дата03.03.2016
өлшемі20.1 Kb.
#36065


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Қаржылық бақылау комитетінің

2012 жылғы 1 тоқсанда жүргізген

бақылау іс-шараларының қорытындысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті 2012 жылғы 1 тоқсанда 1 125 бақылау іс-шараларын жүргізіп, оның барысында 1 030 бақылау объектісі тексерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 100 мемлекеттік мекеме, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 589 мемлекеттік мекеме және 341 шаруашылық субъектісі бар.

Бұл ретте 22 625,4 млн. теңге сомасындағы бюджет заңнамасын бұзушылықтар, оның ішінде 18 204,3 млн. теңге қаржылық бұзушылықтар және 4 421,1 млн. теңге бюджеттік есепке алуды жүргізу және ережелерді, шарттар мен рәсімдерді сақтау кезіндегі бұзушылықтар анықталды.

Бұдан өзге, 2012 жылғы 1 тоқсанда жалпы сомасы 40 325,4 млн. теңге болатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жол берген 3 382 мемлекеттік сатып алу рәсімін бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ жергілікті бюджеттерді әзірлеу және бекіту кезінде жіберілген 742,7 млн. теңге сомасындағы бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бюджет заңнамасын бұзушылықтардың жалпы сомасынан республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер 1 504,4 млн. теңгені немесе 7%-ын, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелер 17 106,8 млн. теңгені немесе 76%, шаруашылық субъектілері – 4 014,2 млн. теңгені немесе 18% құрайды.

2012 жылғы 1 тоқсандағы өткізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шаралар арқылы қалпына келтірілуге және бюджетке қайтарылуға тиісті 6 048,5 млн. теңгенің 3 192,5 млн. теңгесі немесе 53 пайызы қалпына келтірілді және бюджетке қайтарылды.

Процессуалдық шешім қабылдау үшін 18 365,0 млн.теңге сомасындағы 212 бақылау материалы құқық қорғау органдарына жіберілді.

Бюджет заңнамасын, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және аудиторлық қызмет туралы заңнамаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес 494 лауазымды тұлғаға 227,3 млн.теңге сомасында әкімшілік жаза қолданылып, оның 127,8 млн. теңгесі немесе салынған айыппұлдың жалпы сомасының 56 % бюджетке түсті.

Жіберген бұзушылықтары үшін тексерілген объектілердің 814 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 11 адам атқарып отырған қызметінен босатылды.

Бюджет заңнамасы мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға арналған 965 ұсыну енгізілді, оның 799 немесе жолданған ұсынулардың жалпы санының 83%-ы орындалды. Сондай-ақ, жолданған ұсынулар негізінде мемлекеттік сатып алудың 12 рәсімі бойынша қорытындылар күшін жойды және қайта қарастырылды.

Сотқа 63 талап-арыз жіберіліп, бүгінгі күнге дейін оның 14 қанағаттандырылды, 5 жартылай қанағаттандырылған, қалған талап-арыздар қаралу сатысында жатыр.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет