Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің



Дата17.07.2016
өлшемі36.96 Kb.
#205247
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің

2012 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс қорытындылары

Есептік кезеңде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметі мемлекеттік бюджетті сапалы әрі уақтылы атқаруды қамтамасыз етуге, жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуге, нақты есеп-қисапты жасауға, мемлекеттік мекемелермен жүргізілетін жұмысты тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Облыс бюджеті 95,9 %-ға игеріліп, төлемдер бойынша жоспарда көзделген 117 230,5 млн. теңгенің нақты шығысы 112 498,4 млн. теңгені құрады (өзара өтелетін операцияларынсыз).

Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері қайтарулардың санын төмендету мақсатында қазынашылық органдарына ұсынылатын құжаттарды ресімдеу жөніндегі бюджеттік заңнаманың талаптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.02.2009 жылғы № 220 қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі» және басқа да нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруде белгілі жұмыстар атқарады.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік мекемелермен 27 семинар-кеңес өткізілді. Бұдан басқа, ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің басқарма бастықтары Шығыс Қазақстан өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы» тақырыбы бойынша мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлері үшін семинарлар өткізеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің хатына сәйкес Екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпочта» АҚ өкілдерімен ҚР ББК кодтары бойынша бюджеттік түсімдер және өзара өтелетін операциялар бойынша бюджеттік заңнама нормаларын түсіндіру мәселелері жөнінде семинар өткізілді.

Қазынашылық департаменті мемлекеттік мекемелермен «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізеді. Қазынашылық департаментінің басқарма және бөлім бастықтарымен «Қазынашылық-клиент» тақырыбындағы шолу дәрісі өткізілді. «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінде Қазынашылық департаментінің шоттары өткізілді.

Сонымен қатар, 2 алқа отырысы өткізілді. Онда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті мен оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің 2012 жылғы 1 тоқсанындағы жұмыс қорытындылары жасалып, алдағы мерзімге міндеттер белгіленді, рейтингтік бағалау қорытындылары қаралды, ҚБАЖ технологиялық үдерісі сақталмағандықтан туындаған қателер талданып, бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есептерді салыстырып тексеру және аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің жылдық есептерді тапсыру нәтижелері, мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау қорытындылары, қаржыландыру жоспарының орындалуы, тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алу мәселелері қаралды.

Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Қазынашылық департаменттерінің қызметіне жүргізілген рейтингтік бағалау қорытындыларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті 2012 жылдың 1 тоқсанында 2 орынды иеленді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мекемелерін «Бухгалтерлік есеп» ақпараттық жүйесінің «е-Минфин» кіші жүйесіне қосу жоспарына сәйкес, шаблондар бойынша «Бухгалтерлік есеп» электронды коммерция орталығымен жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазынашылық комитеті қашықтықтан оқыту режімінде Қазынашылық департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің мамандарымен «Бухгалтерлік есеп» кіші жүйесі бойынша web-семинарлар өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқыту өткізіледі. Әлеуметтік қорғау департаменті және Қаржылық бақылау басқармасы мамандары еңбек заңнамасы, заң бұзушылықтарының сараптамасы туралы жиналыс өткізді. ШҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлері дәстүрден тыс діни қоғамдардың іс-әрекеті туралы дәріс өткізді.

Департамент пен аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларында 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы талқыланды.

Департамент қызметшілері облыстық және аудандық көлемде ұйымдастырылатын мәдени-қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады. Мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген XII облыстық спартакиаданың қорытындысы бойынша ШҚО Қазынашылық департаменті I жалпыкомандалық орынға ие болды. Жергілікті «Қалкен-ТВ» телеарнасында ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің Наурыз мейрамын тойлау туралы бейнематериалы көрсетілді.

Жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығысыз қалған балаларды қолдау бойынша кешенді жоспарын іске асыру бойынша ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің ұжымымен Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйінде тұратын Бигалиева Диананың «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ шотына 470,4 мың теңге сомасында біркүндік еңбек жалақысы аударылды.



Бүгінгі күнде Департамент мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдарымен «Қазынашылық - клиент» ақпараттық жүйесін ойдағыдай енгізуді қамтамасыз ету бойынша дайындық жұмыстарын орындауда. ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің негізгі міндеті болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарындағы мақсаттардың және міндеттердің толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету табылады.

ШҚО бойынша Қазынашылық

департаментінің бастығы М.Төлегенұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет