Жоба
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бағалы қағаздар нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Ереженің қолданылуы мыналарға қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын банктерге;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларға;
3) инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық қорлардың басқарушы компанияларға.»;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Осы Ереженің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) Standard & Poor's агенттiгiнiң рейтингтік бағаларынан өзге сондай-ақ Moody's Investors Service пен Fitch агенттiктерiнiң және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын таниды.»;
4-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-5. Брокер және (немесе) дилердің iшкi құжаттарымен бағалы қағаздардың орталық депозитарийiнiң, қор биржасының, клиринг ұйымының және (немесе) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 77-1-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы құралдармен мәмілелер бойынша ұйымға есеп айырысуды (төлемдерді) жүзеге асыратын есеп айырысу ұйымының (бұдан әрі – есеп айырысу ұйымы) электрондық құжаттарымен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты (пароль пайдаланатын) бар брокер және (немесе) дилердің қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi белгiленедi.»;
мынадай мазмұндағы 4-6 және 4-7-тармақтармен толықтырылсын:
«4-6. Осы Ереженің 37-1 және 37-2-тармақтарында көзделген бағалы қағаздармен мәмілелерді банк болып табылмайтын бірінші санаттағы брокер және (немесе) дилер ғана мына критерийлерге сәйкес келген кезде жасайды:
1) кемінде үш жылда бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметін жүзеге асыруы;
2) тәуекелдердің жабуын сипаттайтын көрсеткіштердің мәні Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5844 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуі;
3) қатарынан алдағы үш ай ішінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айдың қорытындысы бойынша мәмілелер жасаған кейінгі айдың ішкі әдістемесіне сәйкес айқындалатын қор биржасы мүшелерінің белсенділік рэнкингі бойынша алғашқы жеті компаниялар тізімінде болу және қаржы құралдармен кемінде үш жүз мәмілелер жасау (талаптары мәміле мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелері көзделетін мәмілелерді қоспағанда);
4) эмитенттерге кем дегенде сегіз, олардың ішінен бестен аспайтын қаржы құралдар бойынша қор биржаның өкілдік индексіне кіретін қор биржаның ішкі құжаттарымен сәйкес маркет-мейкер ретінде баға белгілеуді жариялау және ұстау бойынша қызмет көрсету;
5) андеррайтер ретінде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру бойынша қызмет көрсету, қатарынан соңғы үш күнтізбелік жыл ішінде кем дегенде үш эмитентке;
6) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттерге консультациялық қызмет көрсету.
4-7. Егер банк болып табылмайтын бірінші санаттағы брокер және (немесе) дилер осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген бір және (немесе) бірнеше критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, онда осындай сәйкес келмеген күннен бастап осы Ереженің 37-1 және 37-2-тармақтарында көзделген бағалы қағаздармен мәмілелер жасамайды. Бұл ретте осы брокер және (немесе) дилер осы Ереженің 37-1 және 37-2-тармақтарында көзделген, брокердің және (немесе) дилердің осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келу кезіңде жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша клиенттері мен қарсы серіктестер алдында міндеттемелерді орындау бойынша іс-әрекеттер жасайды.
Брокердің және (немесе) дилердің осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келмеу фактісі басталған кезде брокер және (немесе) дилер уәкілетті органға сәйкес келмеуі анықталған күннен кейінгі келесі бір жұмыс күн ішінде осы факті туралы хабарлама жібереді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Брокер және (немесе) дилер клиенттің бірінші талабы бойынша оған танысу үшін клиенттің талабын алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде:
1) соңғы есепті кезең үшін өзiнiң қаржылық есебін;
2) пруденциалдық нормативтерді осы брокер және (немесе) дилердің сақтау деңгейі туралы мәлiметтердi;
3) қатарынан соңғы он екi күнтізбелік ай iшiнде уәкiлеттi орган осы брокер және (немесе) дилерге қолданған әкiмшiлiк жазаларды қоспағанда, шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар туралы мәліметтер. Әкiмшiлiк жаза түрiндегi санкциялар бойынша, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, қатарынан соңғы он екі күнтізбелік айға осы брокерге және (немесе) дилерге немесе оның лауазымды тұлғаларына әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәліметтерді;
4) өзiн-өзi реттейтін ұйымның және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушының осы брокер және (немесе) дилерге, оның қызметкерлеріне қатысты қатарынан соңғы он екі күнтізбелік ай iшiнде қабылданған шешiмдерiн;
5) брокерлік және дилерлік қызметтің жүзеге асырылуын реттейтін нормативтік құқықтық актiлердi, сондай-ақ қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелердi тiркеудiң шарттары мен тәртiбiн, брокер және (немесе) дилердің iшкi құжаттарын;
6) бірінші басшысы (ол болмаған кезіңде – оның орнындағы адам) қол қойған және брокердің және (немесе) дилердің осы Ереженің 37-1 және
37-2-тармақтарында көзделген, брокердің және (немесе) дилердің осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келу кезіңде бағалы қағаздармен мәмілелер жасаған кезде сәйкес келуі туралы мөр бедерімен расталған жазбаша растауды ұсынады.»;
15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1. Брокерлер және (немесе) дилерлер есепті тоқсаннан кейiнгi айдың соңғы күнінен кешiктiрмей тоқсан сайын кiрiстер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансы мен есепті мерзiмдi баспасөз басылымдарында және (немесе) меншікті интернет-ресурсында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды.
Брокер және (немесе) дилердің кiрiстер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансы мен есепті жариялау үшін он бес мың данадан кем емес басылыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдары қолданылады.
Кiрiстер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансты және есепті брокер және (немесе) дилердiң интернет-ресурсында жариялаған кезде, осы ақпаратты орналастырудың күні мен уақыты көрсетiледi. Брокер және (немесе) дилердің кiрiстер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансы және есеп брокер және (немесе) дилердің интернет-ресурсындағы мұрағатта сақталады.
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Брокерлiк шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде брокер және (немесе) дилер өз клиентіне:
1) оның қаржылық жай-күйiнiң нашарлау фактiлерi мен себептерi, брокер және (немесе) дилердің пруденциалдық нормативтердi сақтамауы туралы;
2) қатарынан соңғы он екi күнтізбелік ай iшiнде осы брокер және (немесе) дилерге уәкiлеттi орган қолданған әкiмшiлiк жазаларды қоспағанда, шектеулi ықпал ету шаралар мен санкциялар туралы. Әкiмшiлiк жаза түрiндегi санкциялар бойынша, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, қатарынан соңғы он екі күнтізбелік айға осы брокерге және (немесе) дилерге немесе оның лауазымды тұлғаларына әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәлiметтердi ұсынады;
3) брокер және (немесе) дилердiң лауазымды тұлғаларына салынған әкiмшiлiк айыппұлдар туралы;
4) өзiн-өзi реттейтiн ұйым қолданған ықпал ету шаралары және осы брокер және (немесе) дилерге қатысты қор биржасымен салынған айыппұлдар туралы;
5) қаржы құралдарымен брокерлік шартқа сәйкес жасалуға тиiстi (жасалған) мәмілелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулер мен ерекше шарттар туралы;
6) егер ол бұрын осындай критерийлерге сәйкес келген жағдайда және осы Ереженің 37-1 және 37-2-тармақтарында сәйкес мәмілелер жасаса осы брокердің және (немесе) дилердің осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келмегені туралы хабарлайды.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Осы Ереженің 22-тармағында көзделген ескертпелер жазбаша түрде ресімделеді және клиентке брокер және (немесе) дилер почтамен және (немесе) қолма-қол және (немесе) электронды почтамен немесе мұндай ескертпенi жіберуге негіз туындаған күннен бастап өзге де ықтимал байланыс түрлерiмен жіберіледі және (немесе) брокер және (немесе) дилердің интерент-ресурсында орналастырылады.»;
30-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30-1. Егер бұл брокерлік шартпен көзделген жағдайда, клиенттік тапсырысты осы Ереженің 29 және 30-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін клиенттің тапсырыстың түпнұсқасын кейіннен беру арқылы телефон байланысы құралдарымен беруге жол берiледi. Клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен қабылдаған кезде аудиотехника немесе өзге арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы клиентпен не оның клиенттің атынан клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен беруге уәкiлеттi өкiлi сөйлесудің жазбасын жазады (бұдан әрі - телефон жазбасы).
Клиенттік тапсырыстың телефон жазбасы осы Ереженің 29-тармағында көрсетілген мәлiметтердi қамтуы тиiс.
Брокердің және (немесе) дилердің және оның клиентiнiң iс-әрекеттерi клиенттік тапсырыстың түпнұсқасының телефон жазбасына сәйкес келмеген жағдайда брокерлік шартпен анықталады.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда брокер және (немесе) дилер уәкiлеттi органның ескертпесін алған күннен бастап екі жұмыс күні iшiнде бұл жөнінде:
1) өз клиенттеріне жеке хабарлама жіберу және тиiстi хабарландыруларды клиенттерге қолайлы орындарда (осы брокер және (немесе) дилердің бас офисі мен филиалдарының үй-жайларында және интернет-ресурсында (бар болса)) орналастыру арқылы;
2) осы брокер және (немесе) дилердің номиналды ұстау шоттары ашылған номиналды ұстаушыларға хабарлайды.»;
36, 37, 37-1, 37-2, 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Банк болып табылмайтын бiрiншi санаттағы брокер және (немесе) дилер клиенттерге тиесiлi ақшаны есепке алу және сақтау мақсатында банк шоттарын онымен аффиллирленбеген банктерде, туынды қаржы құралдарымен және валютамен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде, клирингтік және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында ашады.
Осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетілген банктер мынадай критерийлердің бiреуiне сәйкес келеді:
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкiлi бойынша «kzBB-»-тен төмен емес басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «A-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес-бас банктiң резидент-еншiлес банктері болып табылады;
қор биржасының ресми тiзiмiнiң «акциялар» секторының бiрiншi санатына енгiзiлген эмитент-банктер болып табылады.»;
37. Екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын брокер және (немесе) дилердің қаржы құралдармен кез келген мәмiлелерi осы Ереженің 37-1, 37-2 және 38-тармақтарында белгіленгенді қоспағанда, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы» 2007 жылғы
16 шілдедегі № 210 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) бекітілген қоспағанда екінші деңгейдегі банк болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қаржы құралдармен мәмiлелерi.
37-1. Осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін банк болып табылмайтын бірінші санаттағы брокер және (немесе) дилер осы Ереженің 38-тармағында көрсетілген қаржы құралдармен жасалған мәмілелерден басқа, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың халықаралық (шетел) нарықтарда жасайды.
37-2. Осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін брокер-дилер бес жұмыс күнге дейін есепті кезеңімен мәмілелер жасауға рұқсат беріледі, басқа тараптың ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөнiндегi қарама-қарсы міндеттемелер мәмілесін жасаған күннен бастап төрт жұмыс күн ішінде мәмілені орындауы мүмкін болғанда бір тараптың қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындайды.
Көрсетілген мәмілелер бойынша есеп айырысулар «төлемге қарсы жеткiзiлiм» принципі бойынша (Euroclear, Clearstream, Depository Trust & Clearing Corporation, Japan Securities Clearing Corporation және басқа ұқсас жүйелер) халықаралық (шетелдiк) есеп-депозитарлық жүйелер арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар бiр тараптың мiндеттемелерiн қаржы құралын немесе ақшаны жеткiзу жөнiндегi мәмiленi орындауы басқа тараптың ақшаны немесе қаржы құралын жеткiзу жөнiндегi қарама-қарсы міндеттемелер мәмiлесiн орындамай мүмкін емес.
38. Осы Ереженің 37-тармағының екінші бөлігінде белгіленген норма мына жағдайларға қолданылмайды:
1) басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмиссияланған, мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздармен тек жеке тұлғалар арасында оларды орналастыру көзделген шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу талаптарымен мәмілелер жасауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эмиссиялық болып табылмайтын мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға;
4) брокер және (немесе) дилердің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды жеке тұлға - меншік иелерінен (бағалы қағаздардың меншік иелерінің олардың Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес коммерциялық өкілдері болып табылмайтын өкілдерінен) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында сатып алуына;
5) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен, оның ішінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жіберілмеген шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға;
6) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жіберілген шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға;
7) бағалы қағаздармен (оның ішінде брокер және (немесе) дилер өзі шығарған) оларды бағалы қағаздардың бастапқы нарығында орналастыру кезінде мәмілелер жасауға;
8) брокер және (немесе) дилердің өзі шығарған бағалы қағаздарын сатып алуы;
9) тауар жеткiзудi көздемейтін тауар биржаларындағы туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға;
10) бiлiктi инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарымен бiлiктi инвесторлар қаражатының есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау;
11) халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарығында шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәмілелер жасау;
12) бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыруға;
13) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға;
14) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес белгіленген жағдайларда эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге ақша міндеттемелерін акционердің талабы бойынша орналастырылған акцияларды сатып алуға;
15) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларын осы акционерлік қоғамның басқа түрдегі акцияларына айырбастауға;
16) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 27-баптарына сәйкес орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша немесе талап етуі бойынша сатып алу».»;
38-5 және 38-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38-5. Брокер және (немесе) дилер бағалы қағаздардың қажетті саны брокер және (немесе) дилердің немесе тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған оның клиентiнiң шотында болмағанда, бағалы қағаздармен мәмiленi жасаспайды және бағалы қағаздармен мәмілені жасасуға өтінімді бермейді.
Осы тармақ осы Ереженің 37-2-тармағында көрсетілген жағдайларға қолданылмайды.
38-6. Брокер және (немесе) дилер халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында қазақстандық және шетелдік эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша мәмiлелердi мынадай талаптарды сақтаған кезде жасайды:
1) акцияларды (депозитарлық қолхаттарды) сатып алу мәмiлелерi Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналысқа түсетін халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәмiленi жасау күніне қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең жоғарғы мәнiнен аспайтын бағалар бойынша жасалады;
2) акцияларды (депозитарлық тілхаттарды) сату бойынша мәмілелер Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерiнде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналысқа түсетiн халықаралық (шетелдiк) қор биржаларында мәмiленi жасау күнiне қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең төменгi мәнiнен кем емес бағалар бойынша жасалады;
3) principal protected notes қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінен сатып алуға (сатуға) бағасын белгiлеудiң талдамасы бар не осындай баға белгілеулер жоқ болған жағдайда, почта, электрондық немесе факсимильдiк байланыс арқылы алынған кемiнде үш түрлi қарсы әрiптестерден үш баға белгiлеу бар. Егер, қарсы әріптес осы бағалы қағазға баға белгілемеген жағдайда, қарсы әрiптестiң бағалы қағаздарға баға белгiлеудiң болмауы немесе баға белгілеуден бас тартуы туралы хабарламасы мәмiленi жасау туралы есепке енгiзiледi;
4) осы қаржы құралдарымен мәмiлелер жөнiндегi есептеулер «төлемге қарсы жеткiзiлiм» принципi бойынша (Euroclear, Clearstream, Depository Trust & Clearing Corporation, Japan Securities Clearing Corporation және басқа ұқсас жүйелер) халықаралық (шетелдік) есеп-депозитарлық жүйелер арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар бір тараптың мiндеттемелерiн қаржы құралын немесе ақшаны жеткiзу жөнiндегi мәмiленi орындауы басқа тараптың ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөнiндегi қарама-қарсы міндеттемелер мәмiлесiн орындамай мүмкін емес.
Осы Ереженің мақсаттары үшін қарсы әріптес деп Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға түсiнiледi.»;
43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Бiрiншi санатты брокер және (немесе) дилерге тиесiлi ақша мен қаржы құралдары оның клиенттерiнiң қаржы құралдары мен ақшасынан бөлек есепке алынады. Осы мақсаттарда бiрiншi санаттағы брокер және (немесе) дилер оған және оның клиенттеріне тиесiлi қаржы құралдары мен ақшаны бөлек есеп жүргізуге және сақтауға арналған жеке шоттарды (қосалқы шоттарды) және банк шоттарын орталық депозитарийде және (немесе) кастодиандарда (тек шетел эмитенттерiнiң бағалы қағаздары бойынша) және (немесе) осы Ереженің 36-тармағының талаптарына сәйкес келетін банктерде, сондай-ақ клиринг ұйымдарында және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында ашады.
44. Клиенттерден келіп түсетін қаржы құралдары мен ақшаны бiрiншi санаттағы брокер және (немесе) дилер орталық депозитарийде және (немесе) кастодиандарда (тек шетел эмитенттерiнiң бағалы қағаздары бойынша) және (немесе) осы Ереженің 36-тармағының талаптарына сәйкес келетін банктерде, және (немесе) клиринг ұйымдарында және (немесе) өзге есеп айырысу ұйымдарында брокер және (немесе) дилердің клиенттеріне тиесiлi қаржы құралдары мен ақшаға есеп жүргізуге және сақтауға арналған шоттарға қаржы құралдары мен ақша келіп түскен сәттен бастап үш күндік мерзімде аудару тиіс.»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер арасында жасалған шарт (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастырудың мынадай тәсiлдердiң бiреуiн белгiлейдi:
1) «қатаң міндеттемелер» тәсiлi, мұндайда андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейіннен оларды басқа инвесторларға сату мақсатында орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алады.
Андеррайтердің (эмиссиялық консорциум) «қатаң міндеттемелер» тәсiлiмен көрсетiлетiн қызметін бiрiншi санаттағы брокер және (немесе) дилер жүзеге асырады.
Көрсетілген қызмет түрін көрсету тәртiбiн реттейтін брокердің және (немесе) дилердің iшкi құжаттарында осы функцияларды мiндеттi түрде бекіту қосымша шарт болып табылады;
2) «ең жақсы күш салу» тәсiлi, бұл ретте андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторға ұсыну арқылы оларды орналастыру бойынша оған барынша күш салуға мiндеттенедi;
3) бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың басқа тәсiлi.»;
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Брокер және (немесе) дилер айына кемінде бір рет жеке және банк шоттарындағы қаржы құралдарының саны мен ақшаға өзiнiң есеп деректерін бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің, клирингтік және (немесе) есеп айырысу ұйымдарының, кастодианның және банктердің осы брокер және (немесе) дилерге ашылған шоттардағы қаржы құралдарының саны мен ақша туралы деректермен салыстырып тексереді.
Осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексерудің нәтижелері салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi қол қоятын салыстырып тексеру актiсiмен ресiмделедi.
Брокер және (немесе) дилер күн сайын бағалы қағаздардың орталық депозитарийге әрбір клиенттің бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде ашылған шоттағы және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған ақша сомасы туралы мәлiметтердi ұсынады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Достарыңызбен бөлісу: |