Қазақстан республикасы атынан



Дата09.06.2016
өлшемі34.58 Kb.
#124820


Іс №2-1710/09

Ш Е Ш І М

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТЫНАН

(СЫРТТАЙ)

Астана қаласы 2009 - жылдың 12 – наурызы


Астана қаласы Алматы аудандық соты құрамында судья Б.С.Диханбаевтың төрағалық етуімен, хатшылықта Б.Е. Оспановтың, талапкер М.М. Сейдуалиевтің өкілі Д.Н. - Дюсембаевтың (сенімхат 05.03.2009ж. берілген) қатысуымен, өзінің ашық сот мәжілісінде сот ғимаратында талапкер Сейдуалиев Мұхит Маратұлының жауапкер Асқаров Мейрамбек Ақылбекұлына қарыш ақшаны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы:

талпкер М.М. Сейдуалиев сотқа жауапкер М.А. Асқаровқа қарыш ақшаны өндіру туралы талап арыз беріп, онда жауапкердің 27.09.2006ж. өзінен қол хат арқылы 200.000 теңге ақша қарыз алып, алты ай ішінде аталған ақшаны үстінен алғыс ретінде 80.000 теңге қосып беремін деп міндеттеме алғанын, алайда ол осы күнге дейін өз міндетін орындамай отырғанын көрсетіп, жауапкерден өзінің пайдасына 280.000 теңге қарыз ақшаны, сот процесіне қатысушы өкілдік көмегіне кеткен шығын ретінде 20.000 тенге, баж салығы шығыны ретінде 2.800 теңге, барлығы - 302.800 теңге өндіруді сұраған.

Талапкер өкілі жауапкер себепсізден сот мәжілісіне келмегендіктен істі сырттай қарауды талап етіп, талап арызды толығымен құптап, оны қанағаттандыруды сұрады.

Жауапкер сот отырысына келмеді, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелген адресіне жіберілген сот хабарлаулары поштаның «адресат табылмады» деген белгілерімен қайтарылған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамады, сондықтан сот АІЖК-нің 135-бабының 1-бөлімін басшылыққа ала отырып істі жауапкердің соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша қарау мүмкін деп ұйғарды.

Сот жауапкердің сот мәжілісіне қатыспауын себепсіз деп санап, АІЖК-нің 260-бабына сай істі сырттай жауапкердің қатысуынсыз қарау мүмкін деген қорытындыға келді.

Талапкер өкілінің түсініктемелерін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, сот төмендегідей тұжырымға келді.

Іс материалдарына қарағанда, Асқаров Мейрамбек Ақылбекұлы Сейдуалиев Мұхит Маратұлынан алты айға 200.000 теңге алғаны, кешіктірмей уақытында 280.000 теңге қылып қайтарып беретіні туралы жазбаша қолхат берген.

Азаматтық Кодекстің 715 – бабының 1-тармағына сай заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне ақша береді, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын уақытында қайтаруға міндеттенеді.

АІЖК-нің 15-бабына сай азаматтық сот істі жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (АІЖК-нің 65-бабы).

Жауапкердің сот отырысына себепсіз келмей қалуын сот оның өзінің қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеу құқығын қолданғысы келмеді деп санап, сондықтан талапкердің өзінің талаптарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайлар шындыққа сай деген қорытындыға келді.

Істің мұндай жағдайында, сот талапкердің жауапкер алған ақшаны қайтармады деген уәжі шындыққа сай деп табады.

АІЖК-нің 111 - бабының 1-бөліміне сай пайдасына шешім шығарылғын тарапқа сот процеске қатысушы өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзіне екінші тарап келтірген шығындарды іс жүзінде өзі шеккен шығындар мөлшерінде басқа тараптан алып береді.

Талапкердің сот процеске қатысушы өкілдің көмегіне кеткен 20.000 теңге шығыны Заң қызметін көрсету жайлы 23.12.2008ж. шартпен және түбіртекпен расталады.

Аталғандардың негізінде, жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз ақшаны қайтару есебінен 280.000 теңге, сот процесіне қатысушы өкілдік көмегіне кеткен шығын ретінде 20.000 тенге, баж салығы шығыны ретінде 2.800 теңге, барлығы - 302.800 теңге өндіруге жатады деп санайды.

АІЖК-нің 110, 111, 217-221, 223, 260-262, 264, 334 - баптарын басшылыққа ала отырып, сот
Ш Е Ш І М Е Т Т І:

Сейдуалиев Мұхит Маратұлының талап арызын қанағаттандыруды.

Асқаров Мейрамбек Ақылбекұлынан Сейдуалиев Мұхит Маратұлының пайдасына қарыз ақшаны қайтару есебінен 280.000 теңге, сот процесіне қатысушы өкілдік көмегіне кеткен шығын ретінде 20.000 тенге, баж салығы шығыны ретінде 2.800 теңге, барлығы - 302.800 (үш жүз екі мың сегіз жүз) теңге өндіруді.

Жауапкер сырттай шешім шығарған сотқа өзі шешімнің көшірмесін алған кезден бастап бес күн ішінде бұл шешімді күшін жою туралы арыз беруге құқылы.

Сырттай шешімге тараптар бұл шешім күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал арыз берілген жағдайда – бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап он бес күн ішінде апелляциялық тәртіппен Астана қаласы Алматы аудандық соты арқылы Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына шағым беруіге және (немесе) наразылық келтіруіге мүмкін.
Төрағалық етуші:

Судья: Б.С. Диханбаев


Көшірмесі дұрыс:

Судья: Б.С. Диханбаев


АНЫҚТАМА:

Сырттай шешім заңды қүшіне енген жоқ.

Судья: Б.С. Диханбаев

12.03.2009ж.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет