АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
«АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ
БІЛІМ БӨЛІМІ» ММ
|
|
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
АКТЮБИНСКАЯ ОБЛАСТЬ
АКИМАТ ГОРОДА АКТОБЕ
ГУ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ
Г.АКТОБЕ»
|
|
|
|
030002, Ақтөбе қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 2 030002, город Актобе, ул.Ы.Алтынсарина, 2
факс 21-16-05, email:aktgoroo@rambler.ru факс 21-16-05, email:aktgoroo@rambler.ru
|
26.01.2011 г. №04-735
___________________
|
|
|
Барлық мектеп, мектепке
дейіңгі ұйым және
мектептен тыс білім
мекемелер басшыларына
(ММ,МКҚ,МКҚК)
ЕСКЕРТУ (напоминание)
Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн көлемдері туралы ақпараттың мониторинг пен талдаудын жүзеге асыру мақсатында, бекіттілген келісім шарттардың саны мен сомасын және орындалу уақыты туралы мәліметті, жалғанған нысанаға сәйкес, әр тапсырыс беруші бойынша бөлек, «Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ-не ай сайын әр айдың 28-не дейін қағаз түрінде (32каб.) ұсынуыңыз қажет.
Қосымша 1 бетте.
В целях осуществления мониторинга и анализа, информацию о казахстанском содержании при закупках товаров, работ и услуг представляемых заказчиком на веб-портале, Вам необходимо ежемесячно к 28 числу каждого месяца предоставить (32 каб.) на бумажных носителях в ГУ «Отдел образования города Актобе», сведения о количестве заключенных договоров с указанием суммы и сроков исполнения согласно прилагаемой форме.
Приложение на 1 листе.
Одновременно предупреждаем о персональной ответственности первых руководителей за не предоставление, неполного и не качественного составление запрашиваемой информации.
Ақтөбе қаласы білім
бөлімі бастығының
міндетін атқарушы Р.Тастанбаева
орын: Берикбаев.Д
тел: 21-23-77
е-mail:zh-nursaule10@rambler.ru
Мектеп директорларына!
27.01.2011ж.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.11.2010 жылғы № 1200 «1999 жылғы 27 наурыздағы № 309 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қаулысына сәйкес Астана қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» әскери мектеп-интернатына оқушылар 7 (жетінші) кластан бастап қабылданады. Мектеп-интернатына оқуға қабылдау кезінде жетім балаларға, көп балалы отбасының балаларына, аз қамтылған отбасы балаларына жеңілдік жасалады. Сондықтан әскери мамандықты игеруге талпынған 6 (алтыншы) класс оқушыларымен «Жас ұлан» әскери мектеп-интернатына түсу ережелері мен оқу ережелері туралы түсінік жұмыстарын жүргізу қажет.
ҚББ АӘД пәнінің әдіскері капитан С.Сраж
Мектеп директорларына!
Қалалық білім бөлімінің және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының 2010-2011 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес қаңтар-сәуір айлары аралығында қала мектептерінің арасында ҰОС Жеңістің 66 жылдығына арналған «Жас жауынгерлер-2011 жарыстары өткізіледі. Жарысқа мектептің оқушылар тобының қатысымы міндетті.
Қаланың жалпыға бірдей білім беру мектептерінің арасында өткізілетін «Жас жауынгерлер-2011» әскери-қолданбалы спорт сайысының өткізілу
ЕРЕЖЕСІ
1. Міндеті мен мақсаты
-
әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және жасөспірімдерді әскери қызметке даярлау
-
жеткіншек ұрпақ арасында Отансүйгіштік және патриоттық сана-сезімді қалыптастыру
2. Өткізілетін уақыты және орыны
Финалдық сайыс 2011 жылы 05 мамыры күні № 6655 әскери бөлімінің спорт алаңында өткізіледі. Сайыс үш кезеңмен жүргізіледі;
1) жартылай финал мөлтектоптар арасында;
2) қалалық финал:
3) Республикалық жарыс
Финалдық сайысқа мөлтектоптар арасында жеңіске жеткен 1 (бір) мектеп тобы қатыстырылады.
Мөлтектоптар; 1) 1, 4, 17, 21, 27, 39, 40, Құрашасай ОМ, Новый ОМ ; 2) 3, 19, 20, 23, 24, 28, 38, Россовхоз ОМ; 3) 16, 25, 26, 30, 34, 36, 47, 48,; 4) 2, 6, 11, 14, 18, 22, 31, 44; 5) 5, 13, 15, 29, 41, 42, Ақтөбе ОМ, Сазды ОМ; 6) 12, 9, 32, 33, 35, 51, 37, 50; 7) 53, Қызылжар ОМ, ҚҚОМ, Благодар ОМ, Мектеп-интернат, Пригород ОМ, Елек ОМ, Георгиевка ОМ .
3. Қатыстырылатын топтар және өткізілу тәртібі
Топ мүшелері 11 оқушыдан тұрады. Алты (6) ер және бес (5) қыз бала. Финалдық сайысқа мөлтектоптар арасында 1 орын алған мектеп тобы жіберіледі. Сайысқа қатысушы оқушыларды тууы туралы куәлігі және оқу орынынан анықтамасы болуы қажет. Сұраныста көрсетілмеген оқушы сайысқа жіберілген жағдайда, сайыстың барлық түрлерінен мектеп тобына ұпай есептелмейді. Топ мүшелері сайыстың барлық түрінде толық қатысуы қажет. Егер топ мүшесі жарақат алып сайысты жалғастыра алмайтын болса (дәрігердің тексеру нәтижесі бойынша), онда топ мүшесін алмастыруға рұқсат етіледі.
1. АВТОМАТТЫ ЖАРТЫЛАЙ БӨЛШЕКТЕУ ЖӘНЕ ЖИНАУ.
Топтың әрбір мүшесі автоматты жартылай бөлшектеп және жинауы қажет. Топтың 10 мүшесінің эстафетаға жіберген уақыты қосылып есептеледі және жіберілген қателерге қосымша уақыт қосылады.
2. БЕЛТЕМІРГЕ ТАРТЫЛУ. Әр топтан 2 (екі) оқушы белтемірге тартылу арқылы жарысқа түседі. Екеуінің ұпайы қосылып есептеледі.
3. ГІР ТАСЫН КӨТЕРУ САЙЫСЫ. Әр топтан 1 оқушы қатыстырылады
4. АРҚАН ТАРТУ САЙЫСЫ.Арқан тарту сайысы жеребе салу арқылы, екі топқа бөліну арқылы жүргізіледі.
5. ӘСКЕРИ-САПТЫҚ ӨЛЕҢ БАЙҚАУЫ. Сайысқа қатысушы топ мүшелері, бірдей әскери киімде болуы шарт.
Сайыстың барлық түрінде 1 орын алған топ-1 ұпай алады, 2 орынға-2 ұпай, 3 орынға-3 ұпай т.б. Ең аз ұпай санын жинаған топ жеңімпаз атанады. Егер екі немесе брнеше топты ұпай саны бірдей болса, онда «әскери-саптық өлең байқауы» сайысында жоғарғы көрсеткішке жеткен топ жеңілдікке ие болады.(жартылай финалда автоматты жартылай бөлшектеп жинауға)
4. Сайысты басқару
Сайысты ұйымдастыру және өткізуге басшылықты қалалық білім бөлімі және Батыс әскери аймағының әскери прокуратурасы жетекшілікке алады. Финалдық сайысты өткізілуіне жауапкершілік бас төрешілер коллегиясына жүктеледі.
5. Марапаттау.
1-2-3 орын алған мектеп топтары қалалық білім бөлімінің және Батыс әскери аймағының әскери прокуратурасының мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
1-ші орын алған мектеп тобы шілде айында Қарағанды қаласында өткізілетін Республикалық жарысқа қатысуға жолдама алады.
ҚББ АӘД пәнінің әдіскері капитан С.Сраж
Мектеп директорларына!
Қалалық білім бөлімінің және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының 2010-2011 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес және Ақтөбе Облыстық Әлия Молдағұлова атындағы мемориалды мұражайының жоспарына байланысты, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін еске алу мақсатында 3 (үш) кезеңнен тұратын дәстүрлі, жоғарғы класс оқушылары қыз балалардың арасында өткізілетін «Мерген ару-2011» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату жарысы өткізіледі.
Бірінші кезеңі. Қала мектептері арасындағы жарыс. Өткізілетін уақыты 16 ақпан. Екінші кезеңге қала мектептері арасындағы жарыста 1-4 орын алған оқушылар жіберіледі.
Екінші кезеңі. Ақтөбе облысы мектептерінің арасында өткізілетін жарыс. Өткізілетін уақыты 23 ақпан. Ақтөбе облысының атынан 1-4 орын алған 4 оқушы қыз бала үшінші кезеңге жіберіледі.
Үшінші кезеңі. Республикалық жарыс. Өткізілетін уақыты 25 наурыз. Ақтөбе қаласы.
Ұлы Отан Соғысының батыры Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың ерлігін еске алу мақсатында пневматикалық мылтық атудан 9-11 класс қыз балаларының арасында өткізілетін «Мерген ару -2011» жарысының өткізілу
ЕРЕЖЕСІ
Міндеті мен мақсаты:
-жеткіншек ұрпақ арасында Отансүйгіштік және патриоттық сана-сезімді қалыптастыру;
-қала мектептерінің оқушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін үгіттеу.
Жарысқа қатысушылар саны:
Жас ерекшелігіне қарамастан бір мектептен 9-11 класс аралығындағы 3 қыз бала қатыстырылады.
Өткізілу уақыты мен орыны:
Жарыс 16 ақпан күні «Атыс тирінде» өткізіледі. Жарыстың басталу уақыты 09.00.
Төрешілер коллегиясының отырысы 09 ақпан күні сағат 12.30-да № 24 орта мектептің мәжіліс залында болады.
Атыс 10 метр қашықтықтан №8 мишеніне ашық көздеуішті пневматикалық мылтықтан жүргізіледі.
Жарысқа диоптрикалық, оптикалық, лазерлік көздеуішті мылтықтармен қатысуға тиым салынады.
Жеңімпаздарды анықтау:
Әрбір жарысқа қатысушы 8 оқтан атыс жүргізеді, оның 3-і дайындық оқтары, 5-і ұпайға есептеледі.Ең көп ұпай жинаған мектеп тобы жеңімпаз атанады.
Марапаттау:
Командалық 1-3 орын және жекелей 1-3 орын алған оқушылар қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталады.
Жарыстың бас төрешісі: ҚББ АӘД пәнінің әдіскері капитан С.Сраж
Жарысқа мектептің оқушылар тобының қатысымы міндетті.
ҚББ АӘД пәнінің әдіскері капитан С.Сраж
Достарыңызбен бөлісу: |