Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, www.minagri.gov.kz) 2014 жылы тауарларды (картридждер, тонерлер) мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүргізетіні туралы хабарлайды (бұдан әрі - Тауарлар).
Тауарлар конкурстық құжаттамаға сәйкес жеткізілуі қажет.
Сатып алынатын Тауарлардың толық тізбесі, олардың саны және егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Тауарларды жеткізудің талап етілетін мерзімі: конкурстық құжаттамаға сәйкес.
Конкурсқа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының
1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін барлық өнім берушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттаманы www.goszakup.gov.kz мекен-жайы бойынша алуға болады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2014 жылғы 12 қыркүйек 11 сағат
00 мин. дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы 2014 жылғы 12 қыркүйек 11 сағат 00 мин.ашылады.
Тауарларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету Департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы – Қытайбаева Гүлзура Тасболатқызы, тел.: 8 (7172) 555-981.
Достарыңызбен бөлісу: |