Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы энергетика және байланыс институтыы радиотехника және байланыс факультеты



Дата16.07.2016
өлшемі101.87 Kb.
#203535
түріЖұмыс бағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫЫ

РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ФАКУЛЬТЕТЫ

«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы






БЕКIТЕМIН

РТжБФ деканы




___________ Медеуов Ұ.І.

«____»________________2009ж.


050704 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығына арналған

«жҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ»
пәнiнiң
СИЛЛАБУСЫ

Курс – 3

Семестр – 5

Кредиттер саны -3

Барлық сағаттар саны – 135

Аудиториялық сағаттар саны – 64

Дәрістер – 32 сағат

Зертханалық сабақтар – 32 сағат

Студенттің өзіндік жұмыстары – 71 сағат

Курстық жұмыс - 3

Қорытынды бақылау – емтихан

Алматы, 2009

Жұмыс бағдарламасы жұмыстық оқу жоспарына сәйкес құрастырылды, «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының 2009 жылғы тамыздың 28 күнгі мәжілісінде қарастырылып, құпталды. №1 хаттама.

Жұмыс бағдарламасын «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Байжанова Д.О. құрастырған.

Келісілді:

«Компьютерлік технологиялар» кафедрасының меңгерушісі

____________________ З.Қ.Құралбаев




  1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

1.1 Жалпы мәліметтер

«Жүйелік программалау» пәнін оқытудың мақсаты есептеу машинасы, жүйесі және тораптарының жүйелік программалық қамтамаларын жүзеге асыруға қатысты жабдықтарын қуру мен іске асырудың негізгі әдістемелік принциптерін оқыту болып табылады.

«Операциялық жүйелер» пәнді оқу нәтижесінде

Студенттер :



  • ЭЕМ, жүйелері және тораптарын басқару принциптерін;

  • операциялық жүйелердің құрамдас бөліктерінің қызметтерін;

  • ЭЕМ, жүйелері және тораптарындағы есептеу үрдістерін, сұраныстарын

  • деректерді жәнеЭЕМ қорларын басқаратын программалар құру принциптерін

білулері керек.
Программаларды тарату және өңдеу аспаптары аппараттық және программалық болып бөлінеді. Беріліп отырған программа бұл пән бойынша үйретілетін компьютерге программаларды орнату және өңдеу үшін қолданылатын программалық аспаптық құралдарға негізделіп жасалған.

Программалық өнімді (ПӨ) өңдеу бір – бірімен байланысқан фрагментік әрекеттерден тұрады – атап айтсақ:

- деректер моделін құру және есептеу әдістемесі;

- функциональдық сипаттамасы;

- деректер құрылымын анықтау; есепті тарату әдістерін сипаттау және анықтау (шешу алгоритімі);

- пайдаланушы интерфейсін сипаттау және анықтау;

- ПӨ қолдайтын құралдарды анықтау;

- есеп спецификациясы;

- программа текстін жазу;

- программа трансляциясы және жөнделуі;

- қолдау кітапханаларын қосу және байланыстыру;

- орындау ортасын құру; орындамалық модулді орналастыру және жүктемелеу;

- өңдеуді құжаттау және енгізілген көмекші құру;

- орнатылатын (инсталляцияланатын) ПӨ пакетін құру.

Rational Unified Process (RUP) көлемінде программаны өңдеу үшін келесі этаптарға тоқталып өту керек: - талаптарды анықтау;

- жобалау; - программалау; - тестілеу; - енгізу.

Көрсетіліп отырған жұмыстарды орындау үшін көптеген программалар жиыны – аспапты өңделген және олар толықтырылып отырады, олар программаның өңделу процесін қалыптастыру және автоматтандыру үшін қажет. Бұл құралдарды қолдану программалық өнімді енгізу және өңдеу процесінің мерзімін азайту үшін.
1.2 Пәнді оқыту мақсаты

“Операциялық жүйелер” пәнін оқытудың мақсаты: программалық аспаптарды атап өту және оның классификациясын үйрету; аспаптық программалық қамтаманың құралдары және әдістерінің құрамы мен қолдану аймағын анықтау; өндеу аспаптармен жұмыс істеу тәсілдері, компиляциялау, жүктемелеу, программаны орнатуды білу; аспаптарды қолдану мінездемесі мен мүмкіндіктері, олардың ақпараттық қамтамасын талдау; программалық қамтаманы қолдау және енгізу, жүктемелеу, қәзіргі заманғы өңдеу құралдарын қолдануды практика жүзінде қалыптастыру.



1.3 Пәнді оқыту міндеттері


Пәнді оқып білу нәтижесінде студент жүйелік позиция жағынан келесілерді білуі, жасауы және қолдануы керек:

Білу керек-

  • Жобалау аймағындағы негізгі бағыты, аспаптық құлардар жиынын таңдау және программалық өнімдерді өңдеудің өміршеңдік циклін қамтамасыздандыруды білу;

  • Аспаптық программалық қамтаманың теориялық негізін құруды білу;

  • Программалық өнімді өңдеудегі қолданылатын мемлекетіміздің және шетелдердің стандарттарын қолдануды білу;

  • Аспаптың ақпараттық құрылымын және интерфейсін құрудағы классикалық және қазіргі заманда қолданылатын әдістерді білу.

Жасау керек-

  • Программалық өнімдерді тарату және өңдеу кезінде практика жүзінде қолданылған өміршеңдік цикл этаптарымен қамтамасыздандыратын аспапты құралды таңдау;

  • Программалық аспапты құру стандарттарын қолдану;

  • Аспаптық программалық құралдарды қолдану;

  • Аспаптарды қолдану тиімділігінің бағасы және сапа мінездемесінің талдануы:

  • Аспаптық программалық құралды енгізудің экономикалық тиімділік бағасы;

  • Аспаптармен жұмыс істеудегі обьектілі – бағытталған және құрылымдық тарату әдістері.

Қолдана алу керек

  • Аспаптық программалық құралдарды қолдану;

  • Программалық аспаптарды өңдеу;

  • ПӨ өңдеу аспаптарын таңдау кезіндегі салыстырмалы талдау.


1.4.Мамандық пәндерінің қасында берілген пәннің алар орны

Пререквизиттері: «Ақпараттану», «Алгоритмдік тілдер», «Программалау технологиясы» пәндеріне негізделген.


Постреквизиттері: «Операциялық жүйелер» пәнін оқуда алынған білімде «Есептеу тораптары мен жүйелері», “Жүйелі программалау”, “Ақпаратты қорғау”, “Есептеу жүйесінің архитектурасы ”, “Жүйені программамен қамтамасыздандыру” сонымен қатар мамандандыру пәндері мен ЖОО кеңесі бекіткен пәндерді оқу негізінде қолданылады.

Көрсетіліп отырған барлық пәндер қолдану метедологиясы және обьектілері арасында тығыз байланысқан.



2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Дәрістік сабақтар және олардың мазмұны (40 сағат)

1-дәріс. Кіріспе. Операциялық жүйелердің даму бағыттары. Операциялық жүйенің функциялары және міндеттері. Нақты уақыт режимі. (2 сағат)

2-дәріс . Операциялық жүйеденің архитектурасы (2 сағат)

3-дәріс. Операциялық жүйелердің үйлесімділіг.і Үрдісті басқару және ұйымдастыру. Үрдіс және ядро үғымы. (2 сағат)

4-дәріс. Үрдістің виртуальдық мекен-жайлық кеңістігін сегментациялау. Үрдіс мәнмәтінінің құрылымы. (2 сағат)

5-дәріс. ОЖ-де процесстің берілуі. Сигналдар өңдеу жабдықтары. Үрдістерді басқаратын уақиғалық тітіктер. Үрдістер әрекеттестігі. Үзу жүйелері. (2 сағат)

6-дәріс. Процесстерде болатын операциялар және олармен байланысты түсініктер (2 сағат)

7-дәріс. Үрдістің біресепті және көпесепті орындалуы. Есепті көпсанашықты шешуді басқару тәсілдері. (2 сағат)

8-дәріс. Енгізу-шығару жүйесін басқару. Синхронды және асинхронды енгізу-шығару. (2 сағат)

9-дәріс. Енгізу-шығаруды диспетчерлеу. Еркін және тізбекті қатынас құру тәсілдері. (2 сағат)

10-дәріс. Енгізу-шығару ағындары. Енгізу-шығаруды қорғау тәсілдері. (2 сағат)

11-дәріс. . Файлдық жүйенің негізгі функциялары. Файлдық жүйенің құрамдары. (2 сағат)

12-дәріс. Файлдарды ұйымдастыру тәсілдері (2 сағат)

13-дәріс. Файлдық жүйенің менеджері. Файлдарды қорғау мен сақтау. Жадыны бірігіп қолдану (2 сағат)

14- дәріс. Жадыны қорғау. Қатынас құру функциялары. (2 сағат)

15-дәріс. Виртуалды жадыны ұйымдастыру. Беттерді аударыстыру стратегиялары. (2 сағат)

16- дәріс. Жады қорының менеджері. Жадыны бөлу стратегиялары. (2 сағат)

17-дәріс. Қолданбалық интерфейстер және қабықшалар. (2 сағат)

18-дәріс. Телеқатынасқұрудың программалық қамтамасы. Хабарларды тіркеу, буферлеу және бағдарғылау. (2 сағат)

19-дәріс. Қашықтан өңдеу. Электрондық пошта. Операциялық жүйені инициализациялау, генерациялау және пішінүйлесімдіру. (2 сағат)

20-дәріс. Ақпаратты тораптық қорғау программалық құралдары. Қортынды. (2 сағат)
2.2 Зертханалық жұмыстардың тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны

Зертханалық жұмыс №1. Операциялық жүйені іске қосу және инициализациялау. Опреациялық жүйені пішінін үйлесімдіру. (4сағат)

Зертханалық жұмыс №2. Енгізу-шығаруды ұйымдастыру тәсілдері. Файлға еркін қатынас құру. Енгізу-шығарудың стандартты кітапханасы. (6сағат)

Зертханалық жұмыс №3. Файлдық жүйенің базалық функциялары. Файлдарға қатынас құру. Файлдар мен және каталогтармен жұмыс. Файлдар мен каталогтарды қорғау. (8сағат)

Зертханалық жұмыс №4. Ұрдістер мен ағындар. (8сағат)

Зертханалық жұмыс №5. Ядро жұмысы. Жүйедегі сұраныстарды орындау үшін базалық функцияларды қарастыру. (6сағат)
3. Студенттердің өзіндік жұмысы

Студенттің өзіндік жұмысы дәpicтiк материалдарды талқылау, тәжірибелік және Зертханалық сабақтарға дайындалу, Зертханалық жұмыстарды қорғау, тест бақылауына дайындалумен қатар, косымша материалдарды оқуды және есептік-графикалық жұмыстарды орындауды қамтиды. Ақпараттар көзі ретінде студент оқулықтарды, оқу құралдарын, компьютерлер мен компьютерлік технологиялар туралы мерзімдік басылымдарды, анықтамалық әдебиеттерді және институт пен кафедра сайттарындағы оқу материалдарын және Интернет қорын пайдаланады.



3.1 Cтуденттерге есеп-графикалық жұмыстарды (ЕГЖ) орындауға келесі тақырыптар ұсынылады:

ЕГЖ 1. Еңгізу-шығарудың қорғауын ұйымдастыру.

ЕГЖ 2 Үрдіс басқаруымен ядроның жұмысы.

ЕГЖ 3 Үрдістерді синхрондау.
3.3 СӨЖ тақырыптарының атаулары.

  1. Нақты ОЖ-лер мен программалық қамтамалардың құрылысы мен элементтерінің жымысын оқып-үйрену

  2. Басқаратын құрылғылардың типтері. Көпесептілік.

  3. Үрдіс басқаруымен ядроның жұмысы.

  4. Үрдіс атрибуттары. Үзуді өңдеу.

  5. Операциялық жүйе ортасында үрдістердің түзелуі.

  6. Үрдістерді синхрондау.

  7. Еңгізу-шығару менеджерінің жұмыс жасау алгоритмі, құрылымы, функциялары.

  8. Еңгізу-шығарудың қорғауын ұйымдастыру.

  9. Файылдық жүйенің құрылымы мен қасиеті.

  10. Қатынау құқығы.

  11. Файлдарды қорғау тәсілдері. Кэштеу.

  12. Жадыны басқару.

  13. Жадыны бірігіп қолдану.

  14. Жадыны қорғау. Виртуалды жадыны ұйымдастыру механизмдері.

  15. Беттерді аударыстыру стратегиялары.

16. Нақты ОЖ-лер мен программалық қамтамалардың құрылысы мен элементтерінің жымысын оқып-үйрену

17. Басқаратын құрылғылардың типтері. Көпесептілік.

18. Көпесептілік және көпағындылық. Үрдістің мәнмәтіні.

19. Үрдіс басқаруымен ядроның жұмысы.

20. Ядроны конфигурациялау

21.Үрдіс атрибуттары. Үзуді өңдеу

22. Операциялық жүйе ортасында үрдістердің түзелуі.

23. Үрдістерді синхрондау.

24. Еңгізу-шығару менеджерінің жұмыс жасау алгоритмі, құрылымы, функциялары.

25. Еңгізу-шығарудың қорғауын ұйымдастыру

26. Файылдық жүйенің құрылымы мен қасиеті.

27. Қатынау құқығы.

28. Файлдарды қорғау тәсілдері

29. Жадыны басқару.

30. Жадыны бірігіп қолдану.

  1. Студенттердің білімдерінің қорытынды бағасы

Пән бойынша Студенттердің білімдерін бағалау өзіндік жұмыстар сапасы мен емтихан нәтижелерін ескеру арқылы жүргізіледі.


Емтихан АЭэжБИ емтихандар жүргізу жайлы қаулысына сай өткізіледі.
5. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет

  1. Стивенс У. UNIX, взаимодействие процессов. – М.: Питер, 2002

  2. Гордеев А.В., Молчанов А.Ю. Системное программное обеспечение. - СПб.: Питер, 2001

  3. Дейтл Г. Введение в операционные системы. В 2-х томах. Пер.с англ. – М.: Мир, 1987

  4. Концептуальное моделирование информационных систем. /Под.ред. В.В.Фильчакова. – СПб: СПВУРЭ ПВО, 1998

  5. Клочко В.И. Теория вычислительных процессов и структур. Учебное пособие. – Краснодар: Издательство КубГТУ, 1999

  6. Кейт Хэвиленд, Дайана Грэй и др. Системное программирование UNIX. – М.: Москва, 2000

  7. Операционные системы – от РС до РS/2/ Ж.Фодор, Д.Бонифас, Ж.Танги. Пер. с франц. – М.: Мир, 1992

  8. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Сетевые ОС.- СПб.: 2002

  9. Хелен Кастер. Основы Windows NT и NTFS. Пер.с англ. – М.: Отдел Русская редакция “ТОО-Channel Traiding ltd”, 1996

  10. Эви Немет, Гарт Снайдер и др. UNIX. Руководство системного администратора. – Киев, 2000

  11. Корнеев В.В. Параллельные вычислительные системы. Москва, 1999

Қосымша әдебиет

12. Бржезовский А.В. Фильчаков В.В. Концептуальный анализ вычислительных систем. – СПб: ЛИАП, 1991

13. Джон Д.Рули и др. Сети Win NT 4.0. Пер. с англ. – Киев: Изд. гр. BHV, 1997


  1. Глушаков С.В. и др. Сетевые технологии WINDOWS NT. – Харьков: М., 2001

  2. Краковяк С. Основы организации и функционирования ОС ЭВМ. Пер. с франц. – М.: Мир, 1988

  3. Кейлингерт П. Элементы ОС. Пер. с англ. – М.: Мир, 1985

17. Компаниец Р.И., Маньков Е.В., Филатов Н.Е. Системное программирование. основы построения трансляторов / Учебное пособие для высших и средних учебных заведений. – СПб: КОРОНА принт, 2000

18. Микропроцессоры 80х86, Pentium: Архитектура, функционирование, программирование, оптимизация кода. /В.М.Михальчук, А.А.Ровдо, С.В.Рыжиков – Мн.: Битрикс, 1994



  1. Ресурсы Win NT. Пер.с англ. – СПб.: BHV-Санкт-Петербург, 1996

20. Грегори Р. Эндрюс Основны многопоточного, параллельного и распределенного программирования. Москва, 2003.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет