КАРСАВИНЛев Платонович (1882–1952) – орыстың діни философы және тарихшысы. Ежелгі христиандық Оригеннің іліміне, ІІ–VІІІ ғ.ғ. теологиялық, философиялық, саяси-әлеуметтік ілімдеріне және патристика өкілдерінің ілімдеріне сүйене отырып христиандық дүниетанымның бір- тұтас жүйесін жасауға тырысты. Ол В.С. Соловьевтың барлығының біртұ- тастығы (всеединство) қағидасын, үшеуінің біртұтастығы қағидасымен алмастырды. Бұл қағида бойынша, тарихи үдеріс үшеудің біртұтастығын қалыптастырады, «болмыстың өсуіне» мүмкіндік жасайды және оны жүзеге асырады. Ол Гегельдің «триадасы» секілді, этикада, гносеологияда, тұлға туралы ілімінде метафизикалық жүйе құруға талпынды. Ол ортағасырдың рухани мәдениетінің тарихына байланысты біраз еңбектер жазды.
Негізгі еңбектері: «Культура средних веков» (1914), «Восток, Запад и русская идея» (1922), «О началах» (1925), «О личности» (1929).
КАРТЕЗИАНДЫҚ – Декарттың ілімін жалғастырушылардың фило- софиясы. К-шылдар өздерінің ілімдерінің бастауы етіп Декарттың «Мен ойлаймын, демек, мен өмір сүремін» қағидасын алады да сананың өзін-өзі анықтауына сенеді. Олар танымның негізін объективті шындықтан ізде- мейді, керісінше, таным процесінің өзінен табуға тырысады. Рациональдық таным заттарды, құбылыстарды сананың өзін-өзі анықтауы арқылы танып- біле алады. К. ойшылдар дене мен жанның дуализмін уағыздайды және таным үдерісіндегі рационалды математикалық тәсілдің рөлін ерекше атап көрсетеді.
КАССАНДРА (грек. Кassandra – Троян патшалары Прима мен Гекуб- тың қызы) – ешкім сенбейтін қатерлі болжамдар айтатын көріпкелдің бейнесі. «Кассандра әулиелігі» деген сөз тіркесі осының негізінде қалып- тасқан. Трояның құлауын К. болжаған. К-ның күрделі оқиғаларға толы тағдыры көптеген өнер туындыларының негізгі сюжетіне өзек болды (Рубенстың картиналары, Клингердің скульптураларында). Сондай-ақ, К. бейнесіне әсіресе әдебиет саласында ерекше орын берілген.
КАССИРЕР Эрнст (1874–1945) – неміс философы. Неоканттық Марбург мектебінің өкілі. К. – ерекше бір мәдениет философиясын қалып- тастырушы. К. тұжырымы бойынша, кванттық саладағы теориялық тұтас бірлікте көрініс тапқан «мәдениет әлемі» өмір сүреді. Өнердің түрлі сала- ларын К. «символикалық түрлер» деп танып (тіл, миф, дін, өнер, ғылым, тарих), оларды бір-бірінен өзгеше, біріктіруге келмейтін білім салалары деп есептейді. Өнер символизмнің ең жоғарғы сатысы ретінде адамды ең биік мағынадағы адам ұғымына көтереді. К. идеясының мәдениеттанудың, эстетиканың, символизмнің дамуына жағымды ықпалы болды. К-дің мәдениеттану, эстетика, символизм туралы ойлары «Ақиқат және таным» (1912), «Символикалық формалардың философиясы» (1923–31), «Адам туралы тәжірибе. Адамзат мәдениеті философиясына кіріспе» (1986), т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Әдебиет: Кассирер Э. Познание и действительность. – СПб., 1912; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004, 361 б.; Әлемдік филосо- фиялық мұра. Т. 19. – Алматы: Жазушы, 2006.
КАТАРСИС (грек. catarsіs – тазару) – адамның рухани жан және тән саулығының үндестігі барлық элементер мен қуаттың бірлігінде екенін көрсететін ұғым. К. ұғымы көне грек философиясынан алынып, қазір де эстетикада кеңінен қолданыс тапқан. Көне гректер медициналық тазарту, емдеу арқылы денсаулықтағы бұзылған үндестік қалпына келеді деп таны- ған. Поэзия мен музыка да К. өзінің қасиетті әсерімен адамның рухы мен жанын тазартады. К-ке тән қасиет музыкада барын Пифагор ілімін дамы- тушылар айтса, Аристотель трагедия арқылы берілетін үрей мен қайғыдан да аффектілі нәтиже туатынын айтқан. К-тің көрінісіне өз еңбектерінде Платон, Әл-Фараби, Қ.А. Ясауи, Лессинг, Абай, т. б. тұлғалар тоқталып өткен.