«Әл-фараби және қазіргі заман» IІ халықаралық фараби форумы (хфф)



Дата16.06.2016
өлшемі369.5 Kb.
#139489

Әбу Насыр әл‐Фарабидің 1145 жылдығына

Қазақ хандығының 550 жылдығына

Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына

«Алматы ислам әлемінің астанасы –2015» жылына

арналған

ІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ

«ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН»

IІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫ (ХФФ)
Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы, Философия, саясаттану және дінтану институты, Қазақстандық Философия Конгресі «II Халықаралық Фараби оқулары» аясында (7-17 сәуір) 2015 жылдың 7-8 сәуірінде «ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты ІI Халықаралық Фараби Форумын өткізеді.
Форум жұмысының негізгі бағыттары:


  1. Шығыс пен Батыс сұхбатындағы Әл-Фараби философиясы

  2. Әл-Фараби және ислам мәдениеті

  3. Әл‐Фарабидің ғылымдарды жіктеуі және қазіргі жаратылыстанудың өзекті мәселелері

  4. 21 ғасырдың инновациялық әлеуеті және тұрақты дамудың перспективалары

  5. Техногенді өркениет шындығындағы әлеуметтік ғылымдар

  6. Қазақстанның мәдени және әлеуметтік‐саяси дамуының өзекті мәселелері жастар көзқарасы тұрғысынан

  7. «Al-Farabi university Smart city - инновациялық университеттің моделі» пікір‐сайыс алаңы



ЖАРИЯЛАНЫМ:

Форумның жұмысына қатысу үшін 2015 жылдың 20 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына өтініш және баяндама мәтінінің электронды нұсқасын келесідегідей формада рәсімдеп, өткізу қажет. Өтініш:

1. Аты-жөні

2. Жұмыс орны (ұйымның, кафедраның толық атауы)

3. Қызметі

4. Ғылыми немесе академиялық атағы

5. Ғылыми дәрежесі

6. Байланыс телефондары, e-mail

7. Секция

8. Баяндама тақырыбы


II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМА
Фараби Форумы аясында Оңтүстік Қазақстанның «Алтын сақинасы» мәдени-этнографиялық тур ұйымдастыру жоспарланған. Бағдарлама Қарахан, Бабажа қатын мен Айша Бибі кесенелерін (Тараз қаласы), Арыстан баб кесенесі, Отырар ортағасырлық қала орны, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Қылует жерасты мешіті, Рабия Сұлтанбегім кесенесі, Түркістан тарихи мұражайы (Оңтүстік Қазақстан облысы). Тур ұзақтығы 2 күн. Қатысу құны 37000 теңгені құрайды (200 USD).
Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады:

Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қаласы,

Масанчи көшесі 39/47 (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы),  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 403 бөлме

Телефон: (8-727) 292 57 17 + қосымша 2124, 2125.

Онлайн тіркелу: farabiforum.kaznu.kz;

e-mail: farabiforum@mail.ru



ЖАРИЯЛАНЫМ ТАЛАПТАРЫ

Форум материалдарының жинағын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысының Философия. Саясаттану. Мәдениеттану; Психология және Әлеуметтану; Педагогикалық ғылымдар серияларының (Журналдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енген) арнаулы сандарында басып шығару жоспарланған.



Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Журналға берілетін ғылыми мақалалар мемлекеттік стандарт 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды», библиографиялық тізімдерді мемлекеттік стан 7.1-2003 бойынша басылымдық рәсімдеу «Библиографиялық жазба. Библиографиялық бейнелеу. Жалпы талаптар және құрастыру ережесі» сынды базалық баспа стандарттары бойынша рәсімделуі тиіс



Сіздердің назарларыңызға келесі міндетті талаптарды ұсынамыз:

  1. Жоғарғы сол жақ бұрышта индекс ӘҚЖ қойылады (әдеттегі курсивпен) - UNIVERSAL DECIMAL CLASSIFICATION (UDC). (Times New Roman 12 )

  2. Екі бірлік арақашықтықтан кейін төменде автордың аты-жөні жартылай қаралау шрифтпен. Жұмыс орындалған ұйым, қала, мемлекеттің толық атауы, авторлардың бірінің e-mail поштасы. Автордың жұмыс орнына сілтемені көрсету қажет. Ағылшынша транслитерацияда авторлардың аты-жөні.

Көрсетілуі тиіс: факультет (ҒЗИ, департамент), университет, қала, мемлекет. Кафедра, бөлім және тағы басқа бөлімшелерді көрсетудің қажеті жоқ.
Мысал:

K.A.Ivanov*, A.K.Sidorov**

* Institute of Experimental and Theoretical Physics, al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan; ivanov@gmail.com

** D.V.Skobeltsyn Scientific Research Institute for Nuclear Physics of M.V. Lomonosov Moscow State University, Moscow, Russia
Университет бөлімі:

  1. The faculty of biology and biotechnology, al-Farabi Kazakh National University;

  2. The oriental faculty, al-Farabi Kazakh National University;





  1. Төменде бір арақашықтықтан кейін мақаланың толық атауы бас әріп, жартылай қаралау шрифтпен.

  2. Одан төмен бір арақашықтықтан кейін қысқа түйін (100- 250 сөзден аспайтын) (abstract). Abstract мақаланың жалпы бағыттылығын бейнелеу керек және оның негізгі нәтижелерін тұжырымдау қажет, онда әдеби түпнұсқаға, мақаланың бөлімдері мен элементтеріне сілтеме жасауға болмайды. Берілген мақалаға жататын түйін сөздерді (Key words) Abstractқа қосу қажет, себебі қазіргі ақпараттық жүйелердің көпшілігі мәнмәтіндік іздеулерді ғылыми жарияланымның атауы мен аннотациясы арқылы жүзеге асырады.

  3. Ағылшын тіліндегі мақаланың атауы, түйін (abstract) және түйін сөздер (Key words) міндетті.

  4. Дара арақашықтықпен жазылған бір бағанадағы мақаланың мәтіні. Мақаланың мәтіні тікелей Times New Roman шрифтінде, өлшемі 14. Жолдар арасындағы арақашықтық бірлік. Беттің барлық жағы 2 см.

Мақала бөлімдерге бөлінуі тиіс(Title page, Abstract, Nomenclature (if used), Introduction, Main body, Conclusions, Acknowledgements, References, Tables, List of Figures).

  1. Соңында «Әдебиеттер тізімі (References)» беріледі. Әдебиетке жасалған сілтемелер шаршы жақшаларда [1] мақаланың соңында мәтінде көрсетілуі бойынша келтіріледі.

  2. Қабылданған физикалық, математикалық, химиялық, техникалық өлшем бірліктерінен басқа сөздер, атаулар мен есімдерді қысқартуға болмайды.

  3. Формулалық жинақ, (Microsoft equation формуласы редакторында терілуі тиіс), иллюстрациялар, таблицаларды мәтіндегі реттілік бойынша нөмірлеу керек. Мақалада сілтеме жоқ теңдеуді нөмірлемеу ұсынылады. Таблицалардың атауы мен нөмірі болуы тиіс (араб цифрымен). Қажет болған жағдайда түсіндірме мен ескертпені қосу қажет.

  4. Әдебиеттер тізімін (References) жоғарыда аталған МЕМСТ бойынша рәсімдеу қажет. Тізім мақаланың негізгі мәтініне сәйкес келуі, ондағы барлық аталмыш жұмыстар (және тек аталғандар ғана) болуы тиіс. Ағылшын тілді емес әдебиет жалпыға ортақ ағылшын транслитерийі түрінде болуы тиіс.

Мысал:

  1. Bizhanova D. E. Makroekonomicheskiy analiz innovatsionnogo razvitiya Kazakhstana // Sayasat-Police, 2009, №3. S. 27

  2. Ursula C. Schlotthauer-Voos, Bohlen H.G., Von Oertzen W., Bock R. Nuclear spectroscopy with heavy-ion induced proton-transfer reactions in light nuclei // Nucl. Phys. A. – 1972. – Vol.180, №2. – P. 385-401



  1. Мақаладағы суреттер екі данада жіберіледі (мақалада және мақаладан бөлек жеке файлда). Сурет астындағы жазу анық болуы тиіс.

  2. Ескертпе ӘОЖ-сыз, түйінсіз, авторлардың нақты мәліметтері (авторлардың бірінің e-mail поштасы) жоқ, электрондық нұсқасыз, мақаланың қысқа атауынсыз мақалалар қабылданбайды.

Мақаланы жариялау құны 8000 теңге.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет