КИБЕРНЕТИКА (гр. – басқару өнері) – өзін-өзі басқаратын машина- лар (әсіресе «электронды миы» бар машиналар) туралы ғылым. Алғашқы рет К. терминін ежелгі грек ойшылы Платон – теңіздегі кемені басқару өнері деген мағынада қолданды. ХІХ ғ. француз ғалымы А.М. Ампер ғылым- дарды жіктеу барысында күнделікті саясат және қоғамды басқару туралы ғылымды К. Виннердің «Кибернетика немесе басқару...» (1948) еңбегінің жарық көруімен тікелей байланысты. Виннер кері байланысы бар жүйелерде автоматты реттеу теориясының нәтижелеріне сүйене отырып, басқару кодталған ақпараттары бар сигналдар арқылы жүзеге асады. Осы- дан келіп, ол басқаруды ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау, пайдалану және әрі қарай жіберу процесі деп атады. К. негізгі ұғымдары: басқару, ақпарат, кері байланыс, автомат, ес және т. б. ХХ ғ. екінші жартысынан бастап К. мамандар қандай болмасын күрделі (соның ішінде адамның ойлау қабілетін де) жүйелерді модельдеу арқылы, оларды тиімді басқаруға болады деген тұжырымға келді. Осыған байланысты ғалымдар, философтар арасында
«болашақта өзін-өзі қайта өндіре алатын автомат-андриодтар адам өміріне, жалпы адамзатқа қауіп төндірмей ме?» – деген сұрақтар кең өріс алды. Бұл сұраққа жауап ретінде Г. Саймон «Жасандылар туралы ғылым» атты еңбегінде кибернетикалық конструкциялар мен логикалық зерттеулер (К. саласындағы) ақыл-ой ұғымы туралы классикалық түсініктің қазіргі
«электронды ойлау» жүйесіне сәйкес келмейтіндігін, осының негізінде
«шектеулі ақыл-ой» ұғымын енгізді. Осыдан кейін К-ны техникалық білімнің бір бөлігі ретінде қарастырып, ал К. философиялық мәселелерін техникалық философияның бөлігі ретінде қарастырылып жүр. Болашақта К. зерттеушінің санасын техникалық мәселелерді шешудің алдын-алуға байланысты күрделі мәселелермен кездестіруі мүмкін, зерттеуші санасы мүмкін, өзектенбеген болмыспен кездесуі ғажап емес. Әлеуметтік салада К. ақпараттарға сүйеніп қоғамдық процестерді және оны басқаруды мо- дельдеу арқылы ақпараттық қоғамның техникалық-технологиялық негізін қалауда.
КИНИКТЕР (гр. – көгерген ит). Негізін қалаушы Антисфеннің (б.д.д. 444–368) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Білім – ұғымдардың мазмұнын құрайтын пайымдаулар. Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылдық, ізгілік туралы ілімін жалғастырды. Денсаулық сияқты игі- лікпен салыстырғанда түкке тұрмайтын сөздерден рақымшылдық әлде- қайда құнды және оны жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Адам өзінің негіз- гі мақсаты бақытқа тек рақымшылдық арқылы жете алады. Рақымшыл болу үшін көп білудің қажеті жоқ, ол тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Кез- келген адам рақымшыл болуға қабілетті, бірақ оған өз құмарлықтарын шек- тей алатын адамдар ғана жете алады. К-тер мемлекеттік заң мен рақым- шылдық заңдарын ажыратып, бөліп қарастырады. Мемлекеттік заң рақым- шылдыққа жеткізбейді. К. үшін шын мәніндегі жоғарғы бақыт – бақытты- мын деп өлу. К. ілімін ілгері дамытқан Антисфеннің ізбасары Синоптық Диоген (б.д.д. 412–323). Ол рақымшылдыққа, бақытқа, шынайы бостан- дыққа ұмтылмайтын адамды сынап, ләззатқа деген құмарлықты шектеудің өзі ләззат деп уағыздаған. Ол тал түсте қолына қол шам алып, базар алаңында: «Халық – көп, адам аз екен» деген қанатты сөздерін қалдырған. Бірде базар алаңында бөшкеде отырған Диогеннен Ұлы Александр: «Сіздің қандай өтінішіңіз болса да орындауға әзірмін» – деп сұрағанда, ол: «Күнді қалқаламаңыз», – деп жауап беріпті. К-тер материалдық тұрмыс мұқтаж- дықтарын елемей, қоғамда қалыптасқан әдет-дәстүрлерді мысқылдап, нағыз данышпандық – рақымшылдық арқылы бақытқа жету деп түсінген.
Достарыңызбен бөлісу: |