Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет2/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

 
 
 
Оқулық М. Тынышбаев ат. ҚазККА-ның Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған 
(№ 5 хаттама, 23. 06. 2009 ж). 
 
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 
16 ақпан 2010 ж. № 67 хаттамасына сай жоғары оқу 
орындарына оқулық ретінде ұсынылды 
 
ӘОК 656.2/4 (075)
ББК 39.18 я 7 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ISBN 978-601-207-560-1 © С. Е. Бекжанова, З.С. Бекжанов,
 
З.К. Битилеуова, 2010 
ISBN 978-601-207-559-5 
 
 
 
© ҚазККА, 2010 



КІРІСПЕ 
 
Қазақстан Республикасының теміржол кӛлігі кӛп салалы экономиканың 
тіршілігін қамтамасыз етуде және жолаушылар мен жүк тасымалдау жӛніндегі 
әлеуметтік маңызды қызметтерді жүзеге асыруда айрықша рӛл атқарады. 
Еліміздің табиғат-климаттық және саяси-экономикалық жағдайларына, оның кең-
байтақ кеңістікті алып жатқанына байланысты оған тасымалдау ісінде зор 
міндеттер жүктелуде. 
Қайта қҧрылымдаудан кҥтетін нәтижелер. Қайта құрылымдау 
нәтижесінде теміржол кӛлігінің тасымалдау нарығында мынадай ӛзгерістер 
болады: 
• саланың құлдыраудан шығуы; 
• 
вагон және локомотив шарушылықтарының, кәсіпорындарды 
қамтамасыз ету секторының инвестициялық бейімінің күшеюі; 
• жүк, контейнерлік, жолаушы тасымалдауда тиімділік пен сапаның артуы; 
• қамтамасыз ету кызметінде бәсекелес ортаның кұрылуы; 
• теміржол кӛлік кызметі нарығының дамуы; 
• теміржол кӛлігіндегі тариф саясатын жетілдіру; 
• баға түзу жүйесін енгізу;
• жеке кәсіпкерлік қызметі және капитал саласының ӛcyі; 
• тасымал қызметіне қатысты емес объектілерді жекешелендіру және 
коммуналдық меншікке беруді аяқтау; 
• әр түрлі жүк тасымалдаушылардың бәсекесі; 
• тасымалдау қызметіне нарықтық негізде баға тағайындау; 
• шектес мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерімен байланыстағы 
қаржы-экономикалық қатынас пен технологиялық шекараларды кеңейту; 
• магистральдық 
теміржол торабына вагондар паркінің қатысу 
мүмкіндіктерін арттыру және жаңа жекеменшік вагон парктерінің пайда 
болуына жағдай жасау; 
• Еуропа және Азия арасындағы транзит әлуетін кеңінен пайдалану.
Қайта құрылымдау бағдарламасын енгізуден экономикалық тиімділік вагондар 
паркінің бәсекелес секторына жеке меншіктік инвестициялар негізінен 10 жыл 
кӛлемінде 200-300 млн. долл. мӛлшеріне жетеді, сонымен қатар шығындардың 
қысқаруы және жолаушыларды тасымалдауға қосымша кӛмектің азаюы «Қазақстан 
темір жолы» ҰК» АҚ-ының қаржылық нәтижелерін жыл сайын 100 млн. долларға 
жақсартады. Бұл жүк тасымалының тарифтерді түзуін жақсартуға әсер етеді және 
теміржол кӛлігі тұтынушыларының қызметінен республика бюджетіне түсетін қаржы 
кӛлемін ӛсіреді. Сонымен қатар теміржол кӛлігінің барлық субъектілерінің қаржылық 
айқындылығына қол жеткізіледі. 
Ұсынылып отырған қайта құрылымдау жолы теміржол кӛлігі кәсіпорындарының 
табыстарын ұлғайтып, Қазақстанның ӛркендеуіне және дамуына үлкен үлес қосады [1]. 
Теміржол кӛлігінің жалпы кӛлік жүйесіндегі жетекші рӛлін оның 
салыстырмалы ӛзіндік құнының тӛмендігінен, бұқаралылығынан, әмбебап-
тығынан, жүйелілігінен, тасымалдау сенімділігі мен тездігінен, жүкті жүк 
жӛнелтушінің қоймасынан жүк қабылдаушының қоймасына дейін жеткізіп беру 



мүмкіндігінен кӛруге болады. Теміржол кӛлігі жыл және тәулік бойы тоқтаусыз 
жұмыс істеп, жанармай, металл, ағаш, құрылыс материалдары, тыңайтқыштар, 
астық, азық-түлік және басқа экономика саласының жүктерін жаппай тасымалдау 
арқылы ӛндірістің қалыпты жұмыс істеуін, ауылдар мен қалалардағы адамдардың 
тіршілік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуде. 
Теміржол кӛлігі республиканың экономикалық және стратегиялық кеңістігінің 
бірлігін қамтамасыз етіп, экономиканың біріктіруші және мемлекеттік-түзуші, әрі 
тұрақтандырушы факторы болып табылады. Жаңа әлеуметтік-экономикалық 
жағдайларда жүк жӛнелтушілерге, жүк қабылдаушыларға, халыққа, басқа да жеке және 
заңды тұлғалараға кӛлік қызметін кӛрсету теміржол кӛлігінің негізгі міндеті болып 
табылады. 
Қазіргі уақытта жүкті тасымалдап, оны дер кезінде жеткізу ғана емес, 
тасымалдау кезінде оған жұмсалатын шығынды барынша азайта отырып, әр түрлі сапа 
кластары бойынша кӛлік қызметін кӛрсету талап етіледі. Ол үшін жүк жӛнелтушілер 
мен жүк қабылдаушыларға қолайлы тасымалдау процесінің технологиясын қолдану, 
жоғары жылдамдықпен тасымалдау, тауар берушілердің, тұтынушылардың, теміржол 
кӛлігінің жұмыс ырғағы мен нақты жүк жӛнелтушілер мен жүк қабылдаушылар үшін 
жүкті жеткізу уақытын тиімді үйлестіріп, жүктің тасымалдану барысы жӛнінде толық 
хабардар етіп отыру, кең кӛлемді және сапалы қызмет кӛрсету қажет. 
Елімізде ӛтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер теміржол кӛлігін 
құрылымдық реформалау, оны нарықтық ұйымдастыру және басқару әдістеріне қайта 
бағдарлау қажеттігін алға тартып отыр. Теміржол кӛлігін реформалау 
бағдарламасының мақсаты - бәсекені дамыту және инвестициялар тарту арқылы оның 
жұмыс тиімділігін арттыру. 
Теміржол кӛлігінде құрылымдық реформалау бағдарламасы: теміржол кӛлігі 
жұмысының орнықтылығын, оның қол жетерлігін, кӛрсететін қызметінің қауіпсіздігі 
мен сапалылығын қамтамасыз етуге; еліміздің бірыңғай үйлесімді кӛлік жүйесін 
қалыптастыруға; теміржол кӛлігімен тасымалданатын жүктерге жұмсалатын халық 
шаруашылығының жиынтық шығындарын азайтуға; теміржол қызметіне ӛскелең 
сұранымды қанағаттандыруға; теміржол кӛлігі қызметкерлерінің тұрмыс деңгейін 
кӛтеруге мүмкіндік береді. 
Қазіргі уақытта теміржол кӛлігінің экономикалық орнықтылығы тасымалдау 
процесін ұйымдастыру және басқару технологиясына, бастапқы және ақырғы 
операцияларды орындауға, тасымалдауға тапсырыстар түзуге байланысты. Бұл 
теміржол кӛлігінің жүк және коммерциялық жұмыстармен және фирмалық кӛлік 
қызметін кӛрсетумен айналысатын құрылымының қызмет ету саласы. 
Оқулықта жүк және коммерциялық операцияларды, фирмалық кӛлік қызметін 
кӛрсетуді орындаудың негізгі ережелері, шарттары мен технологиясы баяндалады. 
Оқулық тасымалдау процесін басқарудың жаңа пайдалану моделін ескере 
отырып, осы мамандық бойынша терең, әрі жан-жақты білім алуға негіз болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет