Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет3/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

I БӚЛІМ. ТАСЫМАЛДАУ ЖҦМЫСЫН
ҦЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
1-тарау. Жҥк тасымалдау мен коммерциялық жҧмыстарды
ҧйымдастыру негіздері 
 
1.1. Жҥк тасымалдау туралы жалпы мәліметтер 
 
Жүк тасымалдау дегеніміз оларды шығарылатын жерінен тұтыну 
орындарына дейін жеткізуді білдіреді. Жүк тасымалы ӛнеркәсіп пен 
ауылшаруашылық ӛнімдерін ӛндіру жұмысын оларды пайдаланатын салада 
жалғастыруды және аяқтауды кӛздейді, олар осыдан кейін ғана пайдалануға 
дайын болады. Кӛптеген жағдайда жүк тасымалдауға кӛліктің автомобиль, 
ӛнеркәсіптік темір жол, магистральдық темір жол секілді түрлері қатысады. 
Ӛнімді тұтынушыға жеткізу мақсатында кӛлік ұйымдарына тапсыруда маңызды 
заңдық акт жасалады – осы сәттен бастап ӛнім жүкке айналады. 
Жүк дегеніміз – бұл белгіленген тәртіп бойынша жүк вагондарымен, 
контейнерлермен тасымалдау үшін қабылданған нысан (бұйымдар, заттар, 
пайдалы қазбалар, материалдар, шикізат, ӛндіріс және тұтыну қалдықтары). 
Жүк жӛнелтуші (жӛнелтуші) дегеніміз – бұл тасымалдау шарты бойынша 
ӛз атынан немесе жүк иесінің атынан әрекет ететін және тасымалдау құжатында 
кӛрсетілген жеке немесе заңды тұлға.
Жүк жеткізілетін теміржол стансасында жүк қабылдаушыға беріледі. 
Жүк қабылдаушы (қабылдаушы) дегеніміз – бұл кез келген жүкті қабылдап 
алуға ӛкілеттігі бар жеке немесе заңды тұлға. 
Теміржол кӛлігінің қызметін пайдаланушы дегеніміз – бұл теміржол 
кӛлігінің ұйымдары және темір жолдағы жеке кәсіпкерлер кӛрсететін қызметті 
(жұмысты) пайдаланатын жолаушы, жүк жӛнелтуші, жүк қабылдаушы не ӛзге де 
жеке немесе заңды тұлға. 
Тасымалдаушы дегеніміз – бұл жалпы жұрт пайдаланатын теміржол 
кӛлігімен тасымалдау шартына сәйкес жолаушыны, ӛзіне сеніп тапсырылған 
жүкті жӛнелту орнынан баратын жеріне дейін жеткізу, жүк қабылдаушыға 
тапсыру міндетін мойнына алған заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер. 
Тасымалдау дегеніміз – жолаушылармен жүкті теміржол кӛлігімен 
тасымалдауға даярлау, оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын 
ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы. Теміржол 
кӛлігімен тасымалдауға кӛптеген инфрақұрылымдар қатысады. 
Жалпы жұрт пайдаланатын теміржол кӛлігінің инфрақұрылымы (бұдан 
әрі – инфрақұрылым) дегеніміз – бұл жалпы жұрт пайдаланатын теміржол 
тарамдары мен басқа да құрылыстарды, теміржол стансаларын, электрмен 
жабдықтау құрылғыларын, байланыс желілерін, сигнализация, орталықтандыру 
және блокировкалау жүйелерін, ақпарат беру кешендерін, қозғалысты басқару 
жүйесін қамтитын технологиялық кешен және осы кешеннің қызметін қамтамасыз 
ететін ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар, құрылғылар мен жабдықтар.



Тасымалдау ұдайы қайталанып отыратын мынадай операцияларды 
атқарудан тұрады: жүкті жӛнелтуге қабылдау, вагондарды жүк тиеуге беруге 
байланысты маневрлер, вагондарға жүк тиеу, оларды әкету маневрлері
пойыздарды құрастыру және оларды жӛнелтуге дайындау, пойыздардың баратын 
стансасына дейінгі жүрісі, пойыз құрамдарын жол бойында сұрыптау және 
құрастыру, баратын стансасында тарату, вагондарды жүк түсіретін орындарға 
беру маневрлері, жүк түсіру және оны қабылдаушыға тапсыру және т.с.с. 
Тасымалдау жұмысы аталған операциялар жӛніндегі мағлұматтарды беру
қабылдау және ӛңдеу арқылы жүзеге асырылады. Аралас тасымалдау кезінде жүк 
кӛліктің бір түрінен екінші түріне ауыстырып тиеледі.
Тасымалдаудың барлық операциялары кӛлік құралдарын мейлінше жақсы, 
әрі аз шығын жұмсай отырып, барынша ұтымды пайдалану арқылы орындалуы 
тиіс. Қазіргі жағдайда мұны тасымалдауды жоғарыдан тӛменге дейін басқарудың 
бірлігін қамтамасыз ету арқылы және бӛлімшелер мен теміржолдың шекаралық 
түйістерінде уақыт шығынын болдырмайтын толассыз желілік технологиялық 
қолдану жолымен жүзеге асыруға болады. 
Басқару технологиясы ―дәлме-дәл мерзімінде‖ және ―есіктен есікке дейін‖ 
деп аталатын қағидаға сүйенеді, ол нақты жүк ағындарына, жүк жӛнелтушілер 
мен жүк қабылдаушыларға арналған пойыздар жүрісінің қатаң графигін 
пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет