Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет8/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

 
 
 


11 
2-тарау. Тиеу-тҥсіру жҧмыстары 
 
2.1. Тиеу-тҥсіру жҧмыстары мен қойма операцияларының сипаттамасы 
Тиеу-түсіру жұмыстары мыналардан тұрады: жүкті жылжымалы құрамға 
тиеу, одан түсіру, бір жылжымалы құрамнан екіншісіне ауыстырып тиеу, 
сұрыптау, жабық және ашық қоймалар ішінде, басқа да тиеу-түсіру орындарында 
жүкті жылжыту және үю. 
Теміржол кӛлігіндегі тиеу-түсіру жұмыстарының мынадай түрлері бар: 
• жүк пен контейнерлерді жабық немесе ашық қоймадан вагондарға тиеу; 
• жүк пен контейнерлерді вагондардан жабық немесе ашық қоймаға түсіру;
• жүк пен контейнерлерді вагоннан-вагонға тиеу; 
• вагондардағы жүк пен контейнерлерді сорттау; 
• жүк пен контейнерлерді жабық немесе ашық қоймадан автомобильге
автомобильдің жартылай тіркемесіне тиеу; 
• жүк пен контейнерлерді автомобильден, автомобильдің жартылай 
тіркемесінен жабық немесе ашық қоймаға түсіру;
• қойма ішіндегі жұмыстар (жүк пен контейнерлерді сорттау, жинау, 
қатарлау, қойма ішінде жылжыту). 
Бүкіл жол жүрісінде бір жүктің ӛзі кӛптеген операциядан ӛтеді. 
Тасымалдауға кӛліктің бірнеше түрі қатысатын жағдайда операцияның саны да 
артады. Кейде бір жүктің ӛзі 10-нан астам операциядан ӛтеді. Жүк кірме жол – 
магистралдық теміржол кӛлігі сызбасы бойынша тасымалданатын ретте, яғни екі 
жүк операциясы (вагонға тиеу және одан түсіру) орындалатын кезде ең жақсы 
нәтиже алынады, мұнда жӛнелту стансасына жүкті жеткізуге және жүк баратын 
стансадан оны әкетуге автомобиль қатыспайтындықтан, аралық тиеу 
операциялары болмайды. Жүкті тікелей вагоннан кемеге немесе автомобильге, 
кемеден вагонға немесе автомобильге, автомобильден вагонға немесе кемеге, 
вагоннан вагонға тиейтін жағдайда да операциялардың саны кемиді. Жүкті 
бұлайша ӛңдеу технологиясы тікелей нұсқа деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет