9 сынып № 37 сабақ ____________________
Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы. Әр түрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасын пайдалануды үйрету негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
-
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
-
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша радиобайланыс толқындармен танысамыз.
-
Аспан сферасы дегеніміз не?
-
Аспан сферасының қандай үлкен дөңгелектерін, нүктелері мен сызықтарын білесіңдер?
-
Аспан сферасының негізгі жазықтықтарын атаңдар?
-
Эклиптика аспан экваторына қатысты қалай орналасқан?
-
Шоқжұлдыз дегеніміз не?
-
Аспанда қанша шоқ жұлдыз бар?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Астрономиялық бақылаулар бойынша географиялық ендікті анықтау
Дүние полюсінің горизонттан биіктігі. Дүние полюсінің горизонттан биіктігі һр=ÐРСN, ал бақылаушы тұрған орынның географиялық ендігінің =ÐСОR екенін көреміз. Бұл екі бұрыш (ÐРСN және ÐСОR) өзара тең, өйткені олардың қабырғалары өзара перпендикуляр: [ОС][СМ], [ОК] [СР]. Осы бұрыштардың теңдігі орынның географиялық ендігін оңай тәсілмен анықтауға мүмкіндік береді дүние полюсініқ горизонттан бұрыштық қашықтығы орынның географиялықлық ендігіне тең. Бір орынның географиялық ендігін анықтау үшін дүние полюсінің горизонттан биіктігін өлшесе болғаны өйткені:
Шырақтардың әр түрлі ендіктердегі тәуліктік козғалысы. Бақылау орнының географиялық ендігі өзгеруіне байланысты аспан сферасының айналу осінің горизонтқа қатысты бағдарының өзгеретіндігін біз енді білеміз. Аспандағы шарықтардың жердің Солтүстік полюс, экватор және орта ендіктеіндегі аудандарында көрінетін қозғалысы қандай болатындығьн қарастырайық.
Жер полюсінде дүние полюсі зенитте тұрады да, жұлдыздар горизонтқа параллель дөңгелектер бойымен қозғалады(1, а-сурет). Бұл жерде жұлдыздар тумайды да, батпайды да, олардыц горизонттан биіктігі өзгеріссіз қалады.
Орта ендіктерде бататын да, туатын да және горизонттан төмен түспейтін де жұлдыздар болады (1, б-сурет). Мысалы, полюс маңындағы шоқжұлдыздар (1, б-сурет) КСРОның географиялық ендіктерінде ешкашан батпайды. Дүниенің солтүстік полюсінен жыракта орналаскан шокжұлдыздар горизонт үстінен азғана уақыт көрінеді. Ал одан гөрі оңтүстікке бейімдеуі тумайтын шокжұлдыздар.
Бірақ бақылаушы оңтүстікке карай бет алып жүрген сайын, соғұрлым ол оңтүстіктегі шоқжүлдыздарды көбірек көре алады. Жер экваторында бір тәулік ішінде бүкіл аспандағы шоқжұлдыздарды көруге болар еді, бірақ оған күндіз Күн бөгет жасайды.
Экватордағы бақылаушы үшін барлық жұлдыздар горизонт жазықтығына перпендикуляртауды және батады. Мұнда әрбір жұлдыз горизонт үстінде өз жолының дәл жартысын өтеді. Ол үшін дүниенін солтүстік полюсімен солтүстік нүкте, ал дүниенің оңтүстік полюсімен оңтүстік нүкте беттеседі. Дүние осі горизонт жазықтығында жатады (1, в-сурет).
Жұлдыздық карталар және аспан координаттары
Жазықтықта шоқжұлдызды кескіндейтін жүлдыздық карта жасау үшін жұлдыздардың координаты білу керек Жұлдыздардың горизонтқа қатысты координаттары, мысалы, биіктік көрнекі болғанмен карта жасау үшін жарамайды, өйткені ылғи өзгеріп отырады. Жұлдызды аспанмен коса айналатын координатъар жүйесін пайдалану қажет. Өндай крординаттар жүйесі экваторлық жүйе деп аталады.Оның бүлай аталу себебі координаттар басталып саналатын жазықтық ролін онда экватор атқарады. Бұл жүйедегі шырактын аспан экваторынан d ауысу деп аталатын бұрыштық, қашықтығы бір координат болып табылады. Ол солтүстікке қарай он, оңтүстікке қарай теріс деп саналады және өзі 90° аралықтарында өзгереді. Ауысу географиялық ендікке ұқсас.
Екінші координат географиялық бойлыққа үқсас және ол тік шарықтау деп аталады.
М шырақтың тік шарықтауы үлкен дөңгелектер жазықтықтарының арасындағы бурышпен өлшенеді, оның біреуі дүниенің, полюстері және М шырақ арқылы, ал екіншісі—дүние полюстері мен экваторда жататын v жазғытұрымғы күн теңелу нүктесі арқылы өтеді. Бұл нүктенің бұлай ійгалу себебі, жазғытүрым 20—21 мартта күн мен түн тенелгенде Күн осы нүктеде (аспан сферасында) болады.
Тіжлнарықтауды аспан экваторы доғасының бойымен, солтүстік полюстен қарағандағы, сағат тілінің бағытына қарамақарсы жарытұрымғы күн теңелу нүктесінен бастап санайды. Ол 0-ден 360-қа дейін өзгереді және оның тік шарықтау деп аталу себебі — аспан эваторында орналаскан жұлдыздар өздерінің тік шарықтауының өсуі қалпымен (ретімен) туады (батады). Бұл қүбылыс Жердің айналуымен байланысты болғандықтан, тік шарықтауды градустармен емес, уақыт бірліктерімен өрнектеу қабылданған. 24 сағатта Жер бір айналым жасайды (бізге жұлдыздар айналған тәрізді болып көрінеді). Демек, 360°—24 сағатқа, онда 15°—1 сағ, Г—4 мин, 15'—1 мин, 15—1°-қа сәйкес келеді. Мәселен, 90°—6 сағатқа, ал 7 сағ 18 мин— 109°30' тен. Жұлдыздық карталардың координаттык торында, атластарда және глобустарда, соның ішінде окулыққа косымша «Мектеп астрономиялық календарында» тік шарықтау уақыт бірліктерімен белгіленеді.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§41,42 дайындық сұрақтарын талдау.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
151 бет тапсырма (1,2,3), 32-жаттығу 1,2, 155 бет тапсырма 1
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §41,42 дайындық сұрақтары.32-жаттығу (3,4)
Достарыңызбен бөлісу: |