ІІ.7. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құралдарының жүйесі
Жоспар:
1. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің ерекшелігі.
2. Тәрбиенің әдістері, құралдары және жүйелері.
3. Тәрбие әдістерінің түрлері және олады пайдаланудың жолдары.
Тəрбие – бұл əлеуметтік тəжірибенің педагогикалық тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі тəрбие құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
Тəрбие құрал-жабдықтары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды- техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рəмізін айқындай түседі, т.с.с.
Құрал-жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, инабаттылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт.
Педагог даралығына негізделген əдістер мен құрал-жабдықтар бірлігі тəрбиелік іс-əрекеттер формасына арқау болады.
Тəрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың басқаларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тəуелді:
- уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта);
- тəрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер;
- педагогтың ықпал жасау тəсілі: тікелей, жанама;
- нəтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мəнді өнім;
- қатысушылар саны: жеке-дара (тəрбиеші –тəрбиеленуші), топтық (тəрбиеші –оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тəрбиеші –бірнеше топ) формалары.
Қатысушылар санымен ажыралған тəрбиелік жұмыстардың кейбір формаларының ерекшеліктерін қарастырып көрейік.
Жеке-даралықты тəрбие формалары: əңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жəрдем, проблема шешімін бірлікті іздестіру. Тəрбиеші міндеттірі: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.
Ұжымдық шығармашыл жұмыстарды дайындау жəне өткізу бірнеше кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы жұмыстарды жоспарлайды.
Екінші кезең – басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар талданады, ниетке алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда болады.
Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет дайындық жұмыстарының , құрал-жабдықтардың, материалдардың тізімі жасалады.
Төртінші кезең – тапсырмалар бөлістіріледі, тəрбиеленушілердің баршасын түгелдей қамтыған жеке-дара, топтық, ұжымдық іс-шаралар жүктеме ретінде тапсырылады.
Бесінші кезең – тəрбиеленушілердің бəрі өз борышына алған шығармашыл жұмыстарды дайындауға кіріседі.
Алтыншы кезең – дайындалған тəрбиелік шығармашыл іс өткізіледі.
Жетінші кезең – тəрбиелік іс-шара өткізілгеннен соң ынталы топ жəне ұжым мүшелерінің қатысуымен көзделген бағдарламаның орындалуына ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады.
Аталған жеті кезеңнің əрқайсысының орындайтын өзіне тəн міндет, қызметі бар. Атап айтсақ, бірінші кезеңде - өзіндік басқару кешенін түзу тəжірибесі қалыптастырылады, тəрбиеленушілер өз тұлғалық қасиет-сапаларын бағалауға үйренеді; екінші кезеңде –топтық жоспар жасау қабілеттері дамиды; үшінші кезеңде –қызмет бабына, іскерлікке дағдыланады, табыс берер шарттарды көрегендікпен тануға баулынады; төртінші кезеңде - əлеуметтік тəжірибе қалыптасып, тұлғаның ұйымдастырушылық сапалары тұрақтанады; бесінші кезеңде – танымдық, ұйымдастыру, тақырыптық, ой-пікірлерін хаттау, іс-шараға сай безендіру əрекеттері нығайып, тəрбиеленушілердің өзара қатынастарынан іскерлік сапалары байи түседі; алтыншы кезеңде - əртүрлі ұжымдық, топтық, дара жұмыстарға араласа отырып, тəрбиеленуші өзінің тұлғалық деңгейін көтереді. Жетінші кезеңде - өз əрекеттері мен ептіліктерін сын көзбен саралаумен өзіндік бағалауға үйренеді.
Тəрбие құралдары мен формаларын таңдастыру тəрбиеші алдында тұрған күрделі мəселе. Тəрбиелік іс-əрекеттің тиімді болуы осы мəселенің дұрыс шешіміне тəуелді.
Тəрбие жабдықтары мен формаларын таңдап, іріктеудегі басты мақсат- олардың білім беру, дамыту жəне тəрбиелеу қызметтерінің толық іске асуы, оқушылардың рухани белсенділігіне дем беріп, ой-толғаныс əрекеттерін ұштауы, қоршаған болмыс заттарымен өзбетінше дербес қарым-қатынас жасауға жəрдем беруі.
Тəрбиелік істердің əрбір жекеленген жағдайларында өзіндік ерекшеліктерімен, қызығулары жəне мүмкіндіктерімен дараланған əртүрлі тəрбиеленушілер қатысады. Мұндай жұмыстарға араласқан ересектердің өздері де балалар сияқты қайталанбас сыр-сипатқа ие. Бұдан шығатын тұжырым –тəрбиелік жұмыстарда жоғарыдан берілетін көрсетпе –нұсқауларға таңылып не нақты ұжыммен байланысы жоқ сырттай біреулердің дайын сценарийлерін ойсыз пайдалана, іс жүргізуге болмайды. Жұмыстар жалықтыратындай бір текті де болмағаны жөн. Бұрыннан бар, тəжірибеде сыналып, тиімділігі сенімді тəрбиелік жұмыс формаларының кейбір идеалды не заттай элементтерін заман ыңғайы мен тəрбиеленушілер ерекшеліктеріне сəйкестендіре пайдаланған ойға қонымды . Мүмкін болғанша, іс-шара формаларының тəрбиеші мен балалар ұжымының өзара ықпалдастық қатынастары барысында туындағаны пайдалылау. Себебі, қалаулы істің орындалуы да қызықты.
Тəрбие формаларын іріктей отырып, дəл мезеттегі нақты тəрбие міндеттері мен тəрбиеленушілердің араласуымен орындалатын іс-əрекет түрлерін; тəрбиелік процестің ұйымдасу принциптерін, балалардың дайындығын, олардың қызығулары мен қажеттерін; материалдық қор мен сырттай шарт – жағдайларды, педагогтар жəне ата-аналар мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Тəрбиенің қай формасы болмасын, ол өзіне сай нақты іс-əрекет əдіс, тəсіл, жол-жобаларын пайдалануды қажет етеді жəне бұлардың бəрі сол əрекетке қатысушылармен бірлікте іске асқаны жөн.
Негізгі әдебиеттер:
1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999
Достарыңызбен бөлісу: |