Тақырып 10: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Тапсырмалар:
тапсырма Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы
тапсырма Жаһандану барысында ұлттық құндылықтардың сақталуы жайлы пікір алмасу.
тапсырма Болжам мәнді сөйлемдер.
Әдістемелік нұсқау: Жаһандану барысында ұлттық құндылықтардың сақталуы жайлы пікір алмасу үшін БАҚ материалдарымен танысыңыз. Елімнің болашағы атты тақырыпта эссе жазуда сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне назар аударыңыз.
Жаңа гуманитарлық білім. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында шыққан оқулықтар
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды.
Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды.
Аталған жоба аясында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, біздің студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалмақ. Толығырақ
Осы маңызды және ауқымды жобаны насихаттау мақсатында біздің кітапханада кітапхана қызметкерлері арасында кітап шолуы ұйымдастырылды. Толығырақ мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:
Мұнда сіз филология, әдебиет, бизнес және философия бойынша басылымдармен танысасыз.
Бұл презентацияда сіз жобаның философия, экономика, психология бойынша басылымдарымен және қазақ тіліне енген шетелдік сөздер сөздігімен танысасыз.
Осы кіріспе презентацияда сіз белгілі заманауи авторлар Юваль Ноа Харрари, Клаус Шваб, Стивен Кови және басқа танымал авторлардың шығармаларымен танысасыз.
Бұл презентация жобаның халықаралық құқық және экономика, кәсіпкерлік, әлеуметтану, философия және ақпараттық технологиялар саласындағы жарияланымдарымен таныстырады.
Бастауыш мектеп мұғалімі: шеберлікті шыңдау [Мәтін] : оқулық / Р. Григг ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б; ауд.: Ш. Бағиева, Б. Төлімбет]. – 2-бас. – Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. – 599, [1] б.
Бұл бестселлер нұсқаулық Англияның оқу бағдарламасындағы соңғы өзгерістерді, соның ішінде 2014 жылғы Мемлекеттік білім бағдарламасын және Шотландияның Мемлекеттік білім бағдарламасы жобасын жан-жақты талдай отырып жазылған. Автор гуманитарлық ғылымдар докторы Рассел Григг теорияға, зерттеулерге және нақты сынып тәжірибесінің мысалдарына (кейс-стади) сүйене отырып, бастауыш мектеп мұғалімдерінің шеберлігін шыңдау үшін не қажет екенін жан-жақты талқылайды. Кітап педагогика саласының студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ ізденіс үстіндегі тәжірибелі мұғалімдерге арналған
Битэм, Элен.
Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу = Rethinking Pedagogy for a Digital Age [Мәтін] : XXI ғасырдағы оқыту дизайны / Э. Битэм, Р. Шарп ; [ауд. А. Б. Омарова ; жауапты ред. А. Б. Айтбаева]. – 2-бас. – Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. – 326 б.
Цифрлық дәуірдегі педагогиканы қайта қарастыру цифрлық білім берудің заманауи практикасының негізінде жатқан теориялық және кәсіби перспективаларды сыни талқылау арқылы тиімді оқытуды жобалау мен қамтамасыз етудің заманауи мәселелерін қарастырады. Бұл үшінші басылым әлеуметтік-мәдени көзқарастарды, оқыту аналитикасын, оқу бағдарламаларының өзгеруін және білім беру саласындағы негізгі теориялық әзірлемелерді қарастыру үшін мұқият қайта қаралды. Әр түрлі зерттеушілер, практиктер мен оқытушылар үшін әртүрлі пәндер мен континенттер туралы тақырыптық зерттеулермен суреттелген бұл кітап педагогикалық тұрғыдан негізделген, студенттерге бағытталған және қол жетімді оқыту технологиясының маңызды нұсқаулығы болып табылады.
Битэм, Элен.
Переосмысление педагогики для цифровой эпохи. Дизайн в обучении XXI века [Текст] = Rethinking Pedagogy for a Digital Age. Designing for 21st Century Learning : учебник / Х. Битэм ; [пер. С. К. Омарова ; отв. ред. Б. З. Отарбаева]. — 2-е изд. — Алматы : ОФ «Ұлттық аударма бюросы», 2019. — 351, [1] с.
В учебнике рассматриваются такие вопросы, как развитие педагогики в XXI веке, индивидуальный подход в обучении, доступное и эффективное планирование учебного процесса, а также проекты, направленные на их осуществление. Изучая учебную деятельность в контексте электронных и мобильных технологий, авторы подробно описывают техно-ориентационное будущее образования.
Шунк, Дейл Х.
Оқыту теориясы: білім беру көкжиегі = Learning Theories: An Educational Perspective [Мәтін] : оқулық / Д. Шунк ; [ауд. Б. М. Мизамхан ; жауапты ред. А. Б. Айтбаева]. — 7-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 607 б.
Бұл еңбекте оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілер мен ғылыми- зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынылады және оны заманауи мектептерде қолдану мәселесіне баса назар аударылады. Кіріспеде оқыту теориялары, зерттеу тәсілдері мен мәселелері және оқытуды зерттеудің тарихи негіздері қамтылса, кейінгі тарауларда нейроғылымның білімге ықпалы, әлеуметтік-танымдық оқыту мәселелері, ақпаратты өңдеу теориясы, яғни деректерді кодтау және сақтау, конструктивизм т.б. теориялар талқыланады.
Поллард, Эндрю
Рефлективті оқыту негіздері [Мәтін] : оқулық / Э. Поллард ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд. О. Кенжебаев]. – 5-бас. – Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. – 726, [2] б.
Бұл кітапта мұғалімдердің кәсіби білігін көтеру, соның ішінде мектепке практикалық даярлықтан өту және үздіксіз кәсіби даму әдістері баяндалады. Мұғалімнің сабақ беруі, оқушылармен қарым-қатынасы және олардың іс-әрекеті мінез-құлқын зерттеуі, сондай-ақ оқу барысын бағалау процестері жөніндегі жан-жақты нұсқаулық. Рефлективті оқыту әдістері бастауыш мектеп пен негізгі мектепке мұғалімдер даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл басылымдағы қосымша материал ретінде берілген нұсқаулықтар мен веб-сайттарда тәжірибелі мұғалімдердің көп жылғы тәжірибесі ескерілген. Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы бағыттағы зерттеушілер мен сала мамандарына арналған.
Бастауыш мектеп мұғалімі: шеберлікті шыңдау [Мәтін] : оқулық / Р. Григг ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б; ауд.: Ш. Бағиева, Б. Төлімбет]. – 2-бас. – Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. – 599, [1] б.
Бұл бестселлер нұсқаулық Англияның оқу бағдарламасындағы соңғы өзгерістерді, соның ішінде 2014 жылғы Мемлекеттік білім бағдарламасын және Шотландияның Мемлекеттік білім бағдарламасы жобасын жан-жақты талдай отырып жазылған. Автор гуманитарлық ғылымдар докторы Рассел Григг теорияға, зерттеулерге және нақты сынып тәжірибесінің мысалдарына (кейс-стади) сүйене отырып, бастауыш мектеп мұғалімдерінің шеберлігін шыңдау үшін не қажет екенін жан-жақты талқылайды. Кітап педагогика саласының студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ ізденіс үстіндегі тәжірибелі мұғалімдерге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |