СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ
|
3 дәрежелі СМЖ құжат
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-14.1.40/01-2013
|
«Саулет тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің
студенттер үшін пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
|
№1 баспа
|
5D072900 “Құрылыс” мамандығының студенттеріне арналған
“САУЛЕТ ТАРИХЫ”
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Семей 2014
Мазмұны
1
|
Дәрістер
|
2
|
Практикалық сабақтар
|
3
4
|
Студенттің өздік жұмысы
Тесттер
|
Дәріс 1
Грекия сәулет өнері.
Белгілі деректемеде Крит сәулет өнеріндегі ең танымал ескерткіш Кносс сарайы болып табылады. Кезінде ағылшын археологі А.Эванс ХХ ғасырдың басында қазба жұмыстарын жүргізді. Сарай алаңының аумағы — 16 000 шаршы метр. Мұның ішіндегі тіреуіш колонналардың ағаштан жасалғаны, сарайда су құбырын жүргізу жүйесі де ойластырылғаны дәлелденген. Оның қабырғасына сәндік суреттер салынған, б.з.д. ЫЫ мыңжылдықта Крит шеберлері әр түрлі бояуларды қолдана білген. Атап айтқанда: қара, ақ, қызыл, сары, көк және жасыл. Кносс сарайының қабырғасы аңдардың суретімен безендірілген (мысық, маймыл, елік). Қабырғаға жазылған көркем суреттерде діни және мифологиялық кейіпкерлер мен табиғат көріністері қиял-ғажайып ертегі сияқты бейнеленген. Кескіндеме түрлері монументті фрескалармен безендірілген, онда акробат, бұқаның үстінде секіріп жүрген адамдар салынған (б.з.д.1500 жыл). Олардың еркін қимыл-әрекеттері шынайы кескінделген. Бейнелеуші қыздар мен ұлдардың дене бітімін әдемі көрсетуге тырысқан. Бұл суреттен бұқалармен ойын көрсету сол кездегі діни нанымдармен тікелей байланысты екендігі айқын байқалады. Мүсін үстінде ұсақ пластикалық жұмыстар пайда бола бастаған. Ежелгі грек мифтері тәңірлік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты Құдайлар ұрпағы болып есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая-аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды. Басқа да ежелгі заман халықтарының аңыздары мен хикаялары сияқты, ежелгі грек мифтері де уақыт өткен сайын біртіндеп пайда болған. Табиғи және қоғамдық ортаның құбылыстарын өзінше бейнелеп, хикаялармен толықтырыла отырып, эпикалық поэмалар ("Илиада", "Одиссея", "Теогония", т.б.) фабуласына көтерілген.
Бірте-бірте Грекияның әр түрлі аймақтарында белгілі бір Құдай немесе қаһарман хақындағы тұтас хикаялар циклі қалыптасқан. Крит аралында бұқаға айналып, Финикия патшасының қызы Еуропаны ұрлап әкеткен Құдай — Зевс туралы әңгімеленеді. Ал Крит патшаларының түпкі тегі осы Еуропадан тараған, олардың ішіндегі ең көрнектісі Минос болатын. Бір қатар аңыз-хикаялар соның есімімен байланысты.Пелопоннестің солтүстік-батысындағы аңыз-ертегілердің кең танымал қаһарманы — Пелопс. Грекияның бүкіл оңтүстік түбегі соның есімімен аталады. Арголидада Зевс ұлы Персей туралы әңгімелеген. Микен қаласының билеушісі Атрей мен оның ұрпақтары туралы, әсіресе кіші Азия қаласы Трояны басып алғаны туралы айтылады. Еліне қайтып оралған соң, өз әйелі Клименестра мен оның сыбайластарынан, опасыздықпен әкесін өлтірген басқа да адамдардан кек алуы жайлы хикаялар да осы жерде пайда болған. Беотида Фивы қаласының негізін салған Кадм мен оның ұрпақтары туралы аңыздар циклі туған. Олардың ішіндегі есімі ең кең тарағаны Эдип патша еді. Ол өз еркінен тыс, тағдыр бұйрығымен сұмдык қылмыстар жасап, сол қылмыстарын ауыр азаппен өтеген.
Аттикада теңіз Құдайы Посейдонның ұлы деп есептелген Тесей патша туралы хикаялар тараған. Тесей Аттиканы Крит патшасы Миностың құлдығынан азат етеді де, оны біріктіріп, Афиныны мемлекеттің астанасы жасайды. Ақырында солтүстіктегі Эпирден жер-жердің бәріне Зевстің қүдіретті ұлы Геракл туралы, оның ерліктері, қайғылы тағдыры жайлы әңгімелер айтыла бастайды. Сөйтіп, оның Крит аралын бағындырғаны, Олимпте Зевстің құрметіне ойындар ұйымдастырғаны, бейтаныс елдерге жасаған саяхаттары, өзі қайтыс болған соң тәңіріге айналғаны жайлы аңыздар тараған. Дегенмен де тайпалық көсемдердің Трояға қарсы жасаған грек жорығы, қаланы коршауға алуы, көптеген каһармандардың, әсіресе Одиссейдің бастан кешірген оқиғалары мен михнаттары туралы поэма мейлінше мол таралған. Олар кескіндеу мен мүсіндеу өнерінде де бейнелене бастады. Поэма эпизодтары Помпейден табылған қабырғалардағы сыр суреттің бейнелі композицияларының немесе қираған ескі қалаларда сақталып қалған аумақты мозаикалық шығармалардың тақырыбы болған. Б.з.д. ЫВ ғасырда өмір сүрген грек философы Платонның өзі-ақ Гомер поэмаларының ежелгі грек қоғамының мәдени өмірі үшін ерекше маңызы болғанын атап көрсетеді. Гомер есімі жұртқа кеңінен тарағанына қарамастан, осы уақытқа дейін ақынның өмір сүрген уақыты, туған жері белгісіз болып қала берді. Осынау тамаша ақынның туған жері аталуы үшін де ежелгі Грекияда жеті қала таласқан.
Гомер жөнінде өмірбаяндық деректердің жоқтығы ежелгі грек тарихы мен әдебиетін зерттеуші ғалымдардың ақынның нақты тарихи өмір сүргеніне күмән келтіруіне де негіз болган. Уақыт өткен сайын ауызекі түрде біреуден-біреуге таралып отырған "Илиада" мен "Одиссеяның" бастапқы мәтініне бірқатар қосымшалар енгізілген. Гераға арналып жасалған Сицилиядағы храм Б.з.д. В ғасырдағы Афины драматургтері Эсхил, Софокл, Еврипид трагедияларындағы басты образдар Құдайлар болып табылады. Ежелгі гректің көптеген ақындары өз шығармаларында мифтік хикаяларды баяндаған. Рим империясы заманында өмір сүрген грек және рим авторлары да шығармаларында ежелгі гректердің бірқатар мифтік хикаяларын келтірген. Жоғарыда атап айтылғандай, антикалық, әсіресе ежелгі грек өнерінің көптеген шығармаларында Құдайлар мен қаһармандар образы бейнеленген. Грек мифологиясы грек өнерінің тек арсеналы ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге оның негізін де қалады. Антикалық грек-рим мәдениеті осы заманғы барлық еуропалық халықтардың мәдени дамуына өте күшті ықпал жасады. Еуропаның әр түрлі елдерінің жазушылары, суретшілері мен музыканттары грек мифологиясының эпизодтарын қайтадан өз шығармаларына сюжет ете бастады. Мифтік сюжеттерге италия суретшілері Сандро Боттичеллидің ("Венераның тууы", "Көктем" картиналары), Тицианның (" Айна алдындағы Венера" картинасы және басқалары) кейбір шығармалары арналған. Аса көрнекті италия мүсіншісі Бенвенуто Челини өзінің ғажайып Персей мүсіні үшін де сюжетті көне грек мифологиясы образынан алды.
1 ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі әдебиеттер
8.1.1 Іңкәрбаев Н.О. Архитектура. Оқу құралы. Алматы. «Эверо» баспасы,2009-826.
8.1.2 Буга П.Г.Гражданские, промышленные и и сельскохозяйственные здания – 2-е изд. перераб. доп. – М.. Высш.школа., 1987. – 351 стр..: ил.
8.1.3ВоробьевВ.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Учеб. пособие для строительных специальностей вузов. 4-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш. шк., 1987-248с..
8.2 Қосымша әдебиеттер
8.2.1 Ким Н.Н, Маклакова Т.Г. Архитектура гражданских и промышленных зданий. – М.: Строииздат, 1987. – 287 стр..: ил
Дәріс2
Рим империясы өнері (б. з. д ғасырлар)
Республикалық құрылыс құлап, Империя орнатылған тұста Рим әдебиеті мен өнерінің алдында императорды мадақтап, оның үстемдігін дәріптеу міндеті тұрды. Б. э. бұрынғы 27 жылы Рим сенаты бірінші император Октавианға Август, яғни «даңқын асырған», «жарықтық» немесе «құдіретті» деген титул табыс етті. Бұдан соң бұл титулды Римнің барлық билеушілері алды. Императордың принцепс, яғни бірінші азамат және бірінші сенатор деп аталатын билігі заң жолымен бекітілген жоқ. Жаңа саяси құрылыс, сырттай қарағанда, республика түрін бүркенген монархия болатын.
Октавиан Август мүсіні. Мәрмәр. Б. э. Ы ғ. басы. Рим. Ватикан
Тарихи еңбектер мен поэзиялық шығармаларда Рим басқа халықтарға үстемдік жүргізуге тиіс деген ой айтылады. Ақын Вергилий: «Міне, римдік, сенің өнерің осы болмақ. Есіңде сақта, сен халықтарды басқарып, оларға бейбітшілік орнатуға, әлсіздерді аяп, мүсіркеуге, тэкаппарларды тізгіндеуге тиістісің»,— деп уағыздады. Бұл идеологиялық программа қалалардың алаңдары мен храмдарда тұрғызылған императорлардың қыруар мүсін- дерінде өз бейнесін тапты. Әміршінің бейнесі Римнің күші мен қуатын кейіптейтін. Сондықтан мүсіншілер императорлар бейнесінде портреттік ұқсастықты сақтай отырып, оларды әдейі дәріптеуге тырысты. Еліктеу үшін оларға айбынды асқақ пафосы мен ізгілік-сабыры, байыбы, пішінінің айқын қарапайымдылығы мен пропорциясының сұлулығы римдіктер назарын аударған б. э. бұрынғы — ғасырлардағы грек мүсіндері үлгі болды. Әсіресе, Грекия классикалық өнерінің римдік портрет дамуына керемет ықпалы б. э. бұрынғы Ы ғасырдың аяғы мен б. э. Ы ғасырында көрінді. Римдік шеберлер грек мүсінінен Империя басталысындағы дәуірдің талаптарына толық жауап беретін пластикалық тіл мен кейіпкерлерді қаһармандандыру тәсілдерін тапты.
Вергилий «Энеиданы» жазып отыр (қасында — тарих музасы Клио мен трагедия музасы Мельпомена). Мозаика. Б. э. ғ. аяғы — ғ. басы. Тунис. Ұлттық Бардо музейі
Октавиан Августың мәрмәрден қашалған мүсіні оны қолбасшы әрі мемлекет басшысы ретінде даңққа бөледі. Тәкаппар, айбынды кескін-келбет пен қолдың көсіле созылған әсерлі ишараты мүсінге монументтік сипат дарытады. Сулығы білегіне сәнмен оралған, күрзісі сардарлық өктемдігін нышандайды. Август бедерлі бейнелермен әшекейленген сауыт киген. Жетілген, атлет денелі алып тұлға, бұлшық еті ойнаған жалаңаш балтыр грек құдайлары мен қаһармандарының мүсіндерін еске түсіреді. Августың аяқ жағына мүсінші тәңірия Венераның баласы Амур бейнесін орналастырған. Август әулеті содан тарапты-мыс деген сөз бар. Августың бет әлпеті шынайы бейнеленіп, ал келбетіне турашылдық, ерлік, адалдық сияқты қастерлі қасиеттер берілген. Август, тарихшылардың айтуынша, әккі, қатал саясатшы бола тұрса да, оның бойында өнегелі азамат сипаттары баса көрсетілген. Жарамсақтанған сенаторлар «отан әкесі» деп атаған императордың қаһарманға айналдырылған бейнесіне ақын Горацийдің: «От шашатын Юпитердің аспанды билеп-төстейтініне сенеміз біз: Римге айбарлы британдықтар мен парсыларды бағындырған Август жер бетіндегі тәңірі іспетті» ,— деген жолдары таңғажайып үндеседі.
Римнің ұлылығын мадақтау идеясы — ғасырлардағы Империя дәуірінде жасалған сәулет өнерінің алып ескерткіштерінде аса айқын бейнесін тапты. Рим сәулет өнерінде «әлем әміршісі» атанған халықтың талғамына тән ғимараттардың ерекше монументтілігі алдыңғы жүлгеге шықты. Құрылыс белгілі бір саяси мақсатты — билеушінің жомарттығын баса көрсету мен оның атын ұрпақтар есінде сақтау мақсатын көздеді. Алаңдар ансамблін, әкімшілік ғимараттары мен ойын-сауық құрылыстарын тұрғызған императорлар бірімен-бірі бәсекеге түсті. Жазушылар император Август кірпіштен қаланған Римді қабылдап алып, оны мәрмәрден салып кетті деп жазған болатын. Витрувийдің сөзіне қарағанда, Август «империя айбынын ғаламат қоғамдық ғимараттар салумен арттыра түсуді» ойлаған. Ақын Овидий біздің эрамыздың жол айырығында күллі әлемнің асыл қазынасына ие болған алтын Рим туралы айтқан. Екінші бір жазушы: «Рим барлық құдайлар мен адамдардың назарын аударды»,— деп есептеген. ғасырда Клавдиан ұлан ғайыр аспаннан кең ештеңе жоқ, Римнің аумағын ешкім көзбен шола алмайды, оның сұлулығын ешқандай ақыл ұға алмайды, оны мақтауға жан баласының тілі жетпейді деуге хақылы еді. Замандастардың бұл пікірі, ең алдымен, қаланың сәулеттік келбетіне қатысты.
«Нан мен ойын-сауықты» талап еткен римдік тобырға кеңінен танылуға тырысып, императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан зор амфитеатрлар салғызды. Мұның 75—80 жылдары және орта ғасырларда Римде салынған ең ірісі «колоссеум» (алып) деген латын сөзінен Колизей деп аталды. Жоспары бойынша ол аумақты сопақ құрылыс (188Х156 м). Колизейдің биіктігі 50 м, қабырғасы ірі серек тас (травертин) блоктарынан қаланған. Күмбезді аркаларының үш қабаты қабырғаның ішкі жағындағы алып бағаналарға тіреледі. Қай нүктеден қарасаң да жақсы көрінетін олар театр қасбетін сан құбылған сәулелі көлеңкеге бөлейді. Шексіз қайталанылатын аркадалардың салтанатты ырғағы ғимаратқа айбындылық пен монументтік сипат береді. Аркаларға тірек болған бағаналар конструкциялық мәнін жоғалтып, сәулеттік сәнін ғана сақтаған жартылай колонналармен әдіптелген. Бірінші яруста бағаналарға — дорлық, екінші яруста — иониялық, үшінші яруста — коринфтік ордердің жартылай колонналары сүйелген, төртінші ярустың біркелкі тегіс қабырғасын коринфтік пилястрлер бөліп тұрады. Пилястрлер арасына үш-үштен қойылған діңгек тіреуіштердің үстінен көрермендерді күннің ыстығынан қорғайтын орасан зор құрама шатыр тартылған. Антаблементті көтерген жартылай колонналар ярустар жігін бөліп, қабырғаның биіктігін баса көрсетіп тұр. Колизейде пайдаланылған ордерлік аркада Рим сәулетінің композициялық аса маңызды түрі болды.
Колизейдің өзгеше бір сәні — екінші және үшінші ярустар аркаларындағы мүсіндері еді. Амфитеатр өрт пен жер сілкінуден ауыр зардап шекті. Орта ғасырлар дәуірінде көп замандар бойы ол сарайлар мен шіркеулер құрылысына блоктар қопарып алынатын, тас қашайтын орынға айналды.Колизей жоспары жете ойластырылған дәл есебімен көзге түседі. Қасбеттерінің композициялық құрылысы ғимараттың ішкі конструкциясын айқьін жеткізеді. Қабырға ярустарына амфитеатр ішіндегі орындықтар белдігі сәйкес келеді. Орасан зор амфитеатр негізін шаршы төлке мен бетоннан қаланған сексен тарап қабырға құрастырып тұр. Олар жоғарғы ярустарға шығатын тепкішекпен тұтасып, көрермендер орындарын көтеріп тұрған бетон итарқаны мықтап тірейді. Көрермендердің сан мыңдаған тобы Колизейге төменгі ярустың сексен аркасы арқылы еңіп, Колизей қабырғасымен қаз-қатар тартылған итарқа галереяға шығатын. Олардың төртеуі — көрермендерге, ал мәрмәр, мозаикалармен әрленіп әшекейленген бесіншісі — гладиаторларға арналған. Шеңбер галереялар жоғарғы екі яруста қайталанып, көрермендердің демалыс орын немесе нөсер жауғанда баспана міндетін атқарды. Қақпалардың, басқыштар мен галереялардың жете ойластырылған жүйесі амфитеатрға көрермендерді тез толтыруға да, кідіртпей тез боса- туға да кең еркіндік береді.
Колизей ортасында гладиаторлар шайқасы үшін аңдар қуып шығарылатын алаң бар. Оның ағаш еденіне құм төселетіндіктен, алаң осылай — латынша «арена» сөзімен аталып кеткен. Арена астында аңдарға арналған тор, жараланған не өлген гладиаторлар үшін бөлмелер мен су құбыры болатын. Құбыр арқылы аренаға су толтырылып, теңіз шайқастары көрсетілетін. Арена аумағы бірден үш мың жұп гладиатор кіргізуге мүмкіндік беретін. Аренаның үстінде сенаторларға арналған мәрмәр күрсілі кең алаң — подиум тұратын, арнайы ложада император отыратын. Одан әрі беті мәрмәрмен көм- керілген тас орындықтардьщ үш ярусы тұр. Бұдан жоғарырақта қаз-қатар ағаш орындықтар мен көрермендер түрегеп тұратын галерея орналасқан. Колизейге елу мыңдай адам сиятын. Рим ақыны Марциал оны әлемнің ғаламаты деп атады.
Колизей конструкциясының негізін құрайтын — арка мен итарқа күмбез: Грекия сәулетіне колонналар қандай тән болса, Рим сәулет өнеріне де бұлар сондай жарасатын. Бұл сәулеттік пішіндер Римнің дүниежүзілік өнерге қосқан өзгеше бір үлесі болатын. Аркалар Римге және Империяның басқа да қалаларына тау бұлақтарынан таза су жеткізіп беретін акведуктарды, су құбырларын салуда да пайдаланылды. Су құбырының жолында өзендер мен сайлар кездескенде, құрылысшылар су құбыры каналы көтеріп тұратын аркадалар жасады. Римдегі бірінші су құбыры б. э. бұрынғы сонау ЫВ ғасырда пайда болды, ал б. э. ЫЫЫ ғасырының басында, астана тұрғындары миллион адамнан асқан тұста қаланың он бір акведугы болды.
Басқа акведуктарға қарағанда римдік Галлия провинциясында Ы ғасырда салынып, Рим қаласын ауыз сумен қамтамасыз еткен Гард көпірі жақсы сақталған. Су құбырының жалпы ұзындығы 50 шақырым болған. Бірақ одан қалған тек Гера өзенінің үстінен өтетін үш ярусты аркада, ұзындығы 273 м, биіктігі 49 м. Акведукты жасаушылардың батыл ойы тегеурінді құрылыс тәсілін талап етті. Гард көпірі — қашалған тасты қалаудың ғажайып үлгісі. Құм қайрақ блоктарының жігі желім лайсыз мұқият жымдастырылған Аркалардың қалануы ерекше күрделі. Олардың арқалықтары 20 метрге жетеді, ал өзеннің екі жағасын қосатын орталық арқаның арқалығы 24,4 м. Айбынды акведук айналадағы пейзажбен астасып кеткен. Оның өн бойында Рим сәулет өнеріне тән инженерлік конструкцияның үйлесімді сұлулығы, қайталанылатын аркалардың қуатты ырғағынан көрінетін сәулетшілік ойдың айқын да сымбатты логикасы бүр атып тұр.
Римдіктер сәулет ғимараттарын аса қадірлеп, акведуктарын ерекше мақтан тұтты. ЫЫ ғасырдың басында Римді сумен қамтамасыз етуге жетекшілік жасаған инженер Фронтин: «акведуктар — Рим империясы айбынының басты куәсы»,— деген пікір айтқан.
Римдіктер арка пішінін сардарлар мен императорлар жеңістерін мадақтайтын салтанатты ескерткіштер жасауға пайдаланды. Ең таңдаулы салтанат аркаларының бірі Рим форумына алып келетін қасиетті жолдың үстіне 81 жылы Иудея көтерілісін басқан император Титтің жеңісіне ескерткіш ретінде салынған. Мәрмәрден қаланған биіктігі 20 м арка император мен оның қасында төрт ат жеккен күймеде келе жатқан жеңіс тәңіриясы бейнеленген қола мүсіндер тобының тас тұғырына айналған. Арка астындағы биік тас тұғыр, қасбеттегі төрт әсем капителі бар жарты колонналар ескерткіштің сәнді сымбатын тұлғаландыра түседі.
Арка маңдайшасына қашалған арнаулы жазу сенат пен Рим тұрғындары арканы құдіретті император Титке арнап салғанын баяндайды. Кең маңдайша император Титтің салтанатты шеруін бейнелейтін бедерлермен безендірілген. Оның біреуінде, күймеде — император, екіншісінде — римдік легионерлер Иерусалим храмынан асыл олжа алып келеді. Тит аркасында ғажайып сәулеттік бейне мен оқиғаның тарихи мәнділігін ашатын мүсіндік әшекейлер тұтастығы сақталған. Империя дәуіріндегі жиһазды үйлердің құрылысы жайлы Помпеи мен Геркуланумның жұртын қаз- ғанда ашылған ғимараттар айқын түсінік бере алады. Бұл шағын қа- лалар 79 жылы Везувийдің кенеттен атқылауы кезінде опат болды. ХВЫЫЫ ғасырдан бері жүргізіп келе жат- қан қазба жұмыстары Помпеидің үштен екі бөлігін ашты. Көлденең қиылысатын оқтай түзу көшелер қаланы шаршы кварталдарға бөліп жатқан. Тіпті, сауда дүкендері сығылысқан ең бай көшенің ені 10 метрден аспайтын, ал қаптал көшелердегі үйлердің арасы 3 метрден 6 метрге жететін.
Өткел жолдарға тас тақталар, ал олардың тоғысатын тораптарына жаңбыр кезінде жүргіншілердің аяқтары суға тимеу үшін биіктігі тротуармен бірдей жалпақ тастар төселген. Тротуар астынан су құбырының трубалары тартылған. Археологтар қаланың сауда алаңын, әкімшілік ғимараттарын, храмдарды, қолөнершілер шеберханаларын, гладиаторлық мектеп пен байлардың қыруар үйлерін ашты. Үйлер жоспары тап-тұйнақтай симметриясымен көзге түседі, бөлмелер үйдің орталық кіндігінің жан-жағына орналасқан. Үй қонақтар шақырылатын ресми және семья тіршілік ететін жеке бөлмелер болып екі бөлікке бөлінетін. Бірінші жартысының орталығы атриум — салтанатты қабылдау бөлмесі. Онда төрт бұрышты бассейн басты орын алатын, дәл үстінен төбеден жарық түсуі үшін формасы осындай тесік қалдырылған. Сол ашықтан мәрмәрмен көмкерілген бассейнге жаңбыр суы құйылатын. Бассейннің шетінде шатырды көтеретін колонналар, ал бассейннің ішінде фонтан қызметін атқаратын мүсін тұрды. Бір үйде бұл — қолына қабыршақ ұстап, күліп тұрған мәрмәр бала, екінші үйде — билеп жүрген қола сатир. Атриумға үйдің екінші жеке семьялық бөлігі жанай салынған: үй иесінің жұмыс кабинеті мен архив сақталатын орын — таблин, сондай-ақ ұзынша, жалпақ, ашық ішкі аула — перистиль болатын.
Мұндай аулашалар грек үйлерінде кең тараған еді, б. э. бұрынғы ғасырдан бастап римдіктер соларды бай үйлердің міндетті түрдегі бір құрамдас бөлігі ретінде пайдаланды. Перистиль сүйікті демалыс орнына айналды. Оның айналасынан үш жерден, кейде екі жақтан жабылған колоннада өтетін, ал орталығында шағын бақ болатын. Сырланған немесе мәрмәр түсті сылақпен сыланған колонналар, сылдырап аққан фонтандар, мозаика не қабыршақтармен көмкерілген қуыс текшелер, жасанды сарқырамалар, тамаша мүсіндер — осының бәрі перистильді сәнге бөлеп, оған таңғажайып сипат беретін. Атриум мен перистиль айналасында асханалар, ұйықтайтын бөлмелер, ас үйлер, моншалар мен басқа да орындар болған.
Үйлердің сәндік жиһаздар өнері Рим республикасының тек соңғы ғасырында кемелденді. Помпеи үйлерінде еден мозаикамен әшекейленді. Сол жерден кезбе актерлерді, теңіздің түсін, таласып жатқан әтештерді, аузына бұлдырық тістеген мысықтарды бейнелейтін мозаикалар табылды. Б. э. бұрынғы 100 жыл шамасында жасалған ең қызық мозаика Фавн үйінен табылды. Ол билеп жүрген сатирдың немесе фавнның атриумнан табылған қола мүсініне орай осылай аталған. Мозаика 15 шаршы метр аумақты алып жатыр, 1,5 миллион табиғи қиыршық тастардан құрастырылған. Мозаикашыға суретші Филоксеннің ( б. э. бұрынғы ЫВ ғасырдың аяғы) Александр Македонскийдің парсы патшасы Дариймен шайқасын бейнелейтін картинасы түпнұсқа болған. Шебер қырғын соғыстың шешуші сәтін таңғажайып өнерпаздықпен сипаттаған. Оң жақта парсы атты әскерлері дүрліге қашып барады. Ортадағы күймеде шошақ бас киімді, сол қолына садақ ұстаған Дарий бейнеленген. Оның көшірі жаралылар мен өліктерді баса-көктеген аттарды қамшылап барады. Парсы патшасына қарсы ұмтылған Александрдың дулығасы айқас қызуымен жерге ұшып түсіп, шаштары ұйпаланып қалған. Сақалы өскен, жүдеу, ажарсыз жүзі қайсар-қайратқа толы. Патшаны қорғамақ болып, екі парсы шонжары жеңімпазға тап берген. Суретші соғыстың алмағайып қауырт кезін, қару-жарақтың жарқылын, сарбаздардың әсерлі бет әлпетін келісті жеткізген. Композиция шеберлігі, реалистік дәлдік, қара, ақ, сары және қызыл реңдер қоспасынан жасалған түр-түстер әсемдігі, бейнелер даралығы — осының бәрі шебердің зор дарынын танытып, оның шығармасын антик мозаикасының аса көрнекті туындыларының қатарына қосады.
Бай үйлердің қабырғалары фрескалық өрнектермен сәнделген. Үстіне сыр жағылатын сылақ бірнеше қабаттан тұратын, әр қабат барған сайын бірте-бірте жұқарып, қабажақтала беретін. Б. э. бұрынғы ЫЫ ғасырда римдіктер гректерден түрлі түсті мәрмәрден қаланғандай әрленген қабырғаға өрнек салуды үйренді. Қызыл, сары, қара және ақ фрескалар бояу-реңінің құнарымен, тазалық-мөлдірлігімен көзге түсетін. Б. э. бұрынғы Ы ғасырда қабырғалық өрнек едәуір күрделіленді. Суретшілер қабырғаларда сәулет бөлшектерін — колонналарды, кенерелерді, пилястрлер мен капительдерді бейнеледі. Көп пішінді аумақты композициялар да пайда болды. Б. э. бұрынғы Ы ғасырдағы таңдаулы кескіндеме үлгілерінің бірі фреска сюжетіне қарай Зікір салу вилласы деп аталған Помпеиге таяу қала сыртындағы вилланың бай өрнектері .Қабырғаға жайыла орналастырылған композицияда шарап құдайы Диониске табынуға байланысты тылсым оқиғалар бейнеленген. Суретші тұрқы тірі тұрпатымен шамалас дерлік жиырма тоғыз пішінді кескіндеген, олар қабырғаның нарт қызыл фонында айқын сүлде түрінде көрінетін жекелеген топтарға біріктірілген. Мифологиялық кейіпкерлер — Дионис, оның зайыбы Ариадна, сатирлар мен силендерден басқа да зікірге қатысушылар бейнелері қөрерменнің көз алдынан тізілім етеді. Әсіресе, айбарлы қанатты тәңірияның тізе бүккен қызға ұзын қамшысын үйіріп, дүре соққалы ұмсынған қалпын кейіптейтін көрініс аса әсерлі. Қыз бетін қолымен көлегейлеп, отырған әйелдің тізесіне құлай кеткен. Оңьің қара қоңыр сулығы нәзік тәнінің алтын сары реңін айқындап көрсетеді. Осы топтың іргесінде қолына соқпалы аспаптар ұстаған жалаңаш биші, оның ар жағында күлгін кү- рең сулық киген қыз тұр. Сол сулықтың фонында бишінің қайратты да әсем пішіні тұлғалана көрінеді. Суретші бишінің күрделі қимыл-қозғалысын, үлбіреген, майысқан ару сымбатын таңғажайып шеберлікпен бере білген. Алтын реңдес сары шарқаты қыздың ал қызыл алау тәніне жарасып-ақ тұр. Фреска бояуынан кескіндемешінің терең талғамы сезіледі: сары, жасыл рең күлгін, қан қызыл және қара күрең реңдермен етене қабысады. Қабырға фоны бояулардың шайдай шаңқай үндестігін аша түседі. Б. э. Ы ғасырында, Рим империясының дәуірінде, бай үйлердің қабырғаларында суретші қиялынан туған фантастикалық ғимараттар мен таңғажайып аркалар пайда болды. Бұлдырап тым әріден көрінген колоннадалар, галереялар мен портиктер бөлме кеңістігін одан әрі кеңейте түсіп, көрерменнің көз алдынан шексіз жазықтық ашады. Фрескалар көбінесе атақты грек суретшілерінің мифологиялық тақырып? арналған картиналарын қайталайтын, шеберлер тапсырма берушілер өтініші бойынша бүкіл сурет галереяларын қайта көшіріп шығатьн.
Қабырғалық өрнектерде бақтар мен баулардың, қалалар мен айлақтардың, храмдар мен өзендердің бейнелері кездеседі. Бұлардан қала мәдениетіне тән пейзажға құштарлық байқалады. Суретшілер құстар мен хайуанаттарды, жанрлық оқиғаларды асқан шеберлікпен бере білген. Геркуланумдағы үйдің қабырғасына салынған жемістер мен ыдыстардың суреттері жете ойластырылған композициялық сұлулығымен назар аударады. Ағаш сөрелерге орналастырылған шабдалылар мен шыны құмыраға көз қарықтырмайтын жұмсақ жарық төніп тұр. Құмыраға епті қондырылған сәуле шынының жұқалығы мен мөлдірлігін айқындай түседі. Қызыл қоңыр фонда суретші әсем иіліп, сарғыштау жасыл жемістері мен күлгін жасыл жапырақтары жайқалған бұтақты көрсеткен. Бояуы еркін сүйкей жағылған фреска реңдік бейнелерінің жарасымды үндестігімен көз қуантады. Помпеидегі бай үйлердің жиһаздары — Империя дәуірінде сәндік қолөнердің керемет жетілгендігінің айқын көрінісі. Римдіктердің бұл шығармаларға көзқарасын ақындардың бірі жақсы құрастырылған мозаиканы шебер жүйеленген шешен сөзге теңеу арқылы білдіргені қызық-ақ. Ғажайып фрескалар мен орындалуы жағынан кәміл кемелдікке жеткен мозаикалар тек Италия қалаларынан ғана емес, сонымен қатар Кіші Азиядағы, Сириядағы, Мысырдағы, Солтүстік Африкадағы, Испаниядағы, Галлиядағы, Грекиядағы, Солтүстік Қара теңіз өңіріндегі барлық римдік провинциялардың көптеген қоғамдық ғимараттары мен құл иеленушілер виллаларынан табылды. ғасырларда «мәңгі қаланың»— әлем астанасының ұлылығын баса көрсетуге тиісті сәулет өнерінің тамаша ескерткіштерін жасаған Рим сәулетшілерінің жетістіктері де бұдан кем емес еді. Мұндай құрылыстар қатарына, ең алдымен, императорлық Рим алаңдары жататын. Олар көрікті республикалық форум композициясынан симметриялық жоспарымен ерекшеленеді. Империя дәуірінің форумы ұзыншалау, түкпірінде төрт бұрышты храмы бар, портиктермен қоршалған сопақшалау алаң еді. Әрі жаңа император өз форумын бұрынғы форумдарға жанай салып, байлығы мен сәулетін одан асыра түсуге тырысатын. Алаңдарда қыруар қола, мәрмәр мүсіндер тұратын: ЫВ ғасырда олардың саны он мыңға жетті, ал екі ғасыр өткен соң жазушы Кассиодор: «Римнің ішінде мүсіндерден тұратын тағы бір халық өмір сүретін сияқты»,— деген болатын. Императорлық Рим алаңдарының ішінде 109—113 жылдары Римнің ұлы сәулетшілерінің бірі Аполлодор салған император Траянның фо- румы орасан зор аумағымен тұлғаланып тұрады. Форум төрт бұрышты алаңды (116Х95 м) алып жатыр. Алаң ортасында атқа мінген Траянның қоладан құйылып, алтынмен апталған мүсіні бар. Форумды үш тарапынан портиктер қоршаған, колонналар арасында — атақты сардарлар мен шешендердің мүсіндері. Төртінші тарапында айбынды базилика ғимараты болған. Оның ар жағында латын және грек қолжазбалары сақталатын екі кітапхана, Траян колоннасы мен императорға арналған храм орналасқан. Бүкіл сәулет ансамблі бір кіндіктің бойында. Оның жоспары ой-өріс батылдығымен, ерекше бітімімен көзге түседі. Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин бұл құрылыс — дүниедегі құдайлар таңырқайтын бірден- бір ғимарат деген. Уақыттан көп зардап шеккен форум ескерткіштерінің ішінде императорды мадақтайтын Римнің типтік монументі — тек Траян колоннасы ғана бүтін сақталған.
Дорлық капительге тірелетін отыз метрлік колонна каррар мәрмәрінің он жеті барабанынан құрастырылған. Оның тұғыры — биіктігі 5,5 м мәрмәр текше колоннаның ішінен жүз сексен бес мәрмәр басқышы бар айналмалы баспалдақ өтеді. Колоннаның ұшар басында алғаш бүркіт бейнесі болған, ал Тра- ян өлген соң оған императордың қола мүсіні орнатылған, бірақ орта ғасырлар дәуірінде опат болған ( ғасырда мұның орнына Римнің пірі әулие Петрдің мүсіні қойылған.). Колоннаның мүсінмен қосқандағы жалпы биіктігі 38 м. Траян колоннасы форум құрылысы жүрген кездегі жұмыстардың орасан зор ауқымын көрсетеді. Бұл үшін Квиринал шоқысының бір бұрышы ойып алынып, құрылысшылар 850 мың текше метр топырақ шығарған. Колоннаның қола есігіндегі жазуда монумент «қандай биік тау қопарылып, мұндай құрылыс үшін қанша жер тазартылғанын әйгілеу мақсатында» салынғаны айтылған.Айбарлы монумент императордың Дунай өзені бойын мекендеген дак тайпаларына жорықтарындағы жеңісін де дәріптейді. Колонна беті тұғыр тасынан капителіне дейін айналдыра оралған жемелек-басқұр тәрізді бедерлі парос мәрмәрінің тақталарымен көмкерілген. Екі жүз метрлік айшықта Траян жорықтарының басты оқиғалары тарихи дәйектілікпен бейнеленген: Дунайдың үстіне көпір салынуы, әскерлердің өтуі, дактармен соғыс және олардың көсемінің өзін-өзі өлтіруі, өрт алған дак мекендері, жеңілгендер шұбырындысы және Траянның Римге салтанатпен қайтуы. Бұл көріністер дәуір туралы, соғыс ісі, киім-кешек туралы сыр шертетін аса құнды мәліметтер береді. Бейнелер Рим әскерінің құдіретін баса көрсетеді. Эпизодтардың бірінде дактардың Рим қорғандарын қоршағаны көрсетілген. Тас блоктардан құрастырылған биік дуалдың ар жағында басына дулыға киіп, қолына ұзынша қалқан ұстаған римдік легионерлер тұр. Олардың бір ырғақпен қайталанатын пішіндері сарбаздардың мызғымас бірлігін байқатады. Төменде дактардың үймелеген тобыры бекіністі алуға босқа әуреленіп жатыр. Шабуылдаушылар да, Рим сарбаздары да бір мөлшерде бейнеленген, бедерде тереңдік жоқ, таяз, кеңістік мүлдем көрінбейді. Сондықтан римдіктер жауларын тас төбесінен соғып жатқан сияқты әсер қалдырады. Мүсіншілер бейненің жатағандығын баса көрсетіп, бедерді көрнекілік әсерге, сұлба желілерінің әр түрлі ырғағына құраған. Көркем тілдің мұндай шарттылығы бедер жасаушы таңдаған хикаяның эпикалық байсалды мәніне сай келеді. Алыстан қарағанда Траян колоннасын әшекейлеген бедер кесте өрнегі сияқты. Бедер көріністерінде — алуан түрлі 2500 пішін бар. Олардың арасына колоннаның ішкі басқыштарына жарық түсіретін жасырын терезелер қойылған. Мүсіншілер ең маңызды соғыс оқиғаларының бәрінде де Траянның аса көрнекті роль атқарғанын баса көрсеткен: император бейнесі тоқсан рет қайталанады. Траян колоннасының бедері — Рим мүсін өнерінің бірегей ескерткіші.Кейбір ғалымдардың ойынша, римдік сәулет өнерінің екінші бір аса көрнекті үлгісі —120—125 жылдары салынған император Адрианның Пантеоны Траян форумын жасаған сәулетші Аполлодор есімімен байланысты. Бұл ғимараттың аты грек тілінен аударғанда «барлық құдайлар храмы» деген мағынаны аңғартады. Пантеон — төбесі күмбез тәрізді дөңгелек ғимарат. Мұнда Рим сәулет өнерінің жетілген шеберлігі мен көркемдік сымбаты айқын көрінді. Күмбез құрылысы қадым заманғы инженерлік өнердің аса ірі жетістігі еді.Ғимараттың қалыңдығы 6,2 м дөңгелек қабырғасы кірпіш пен бетоннан жасалған қомақты іргетасқа орнатылған. Қабырғаның салмағын жеңілдету үшін ішінен қуыс қалдырған. Күмбезді жете ойластырылып, бір-бірімен кірпіш аркалар арқылы жалғастырылған қомақты сегіз тірек — пилондар көтеріп тұр. Ол, қабырға сияқты, көлбеу бетон қабаттардан құралған. Күмбез конструкциясы берік болуы үшін ол тірелетін сыртқы қабырға ішкісінен бір қабат биіктеу етілген. Қалың қабырға ғимараттың ішкі сыртынан тақта таспен көмкерілген. Ғимарат сырты ақ сылақпен әктеліп күмбез алтынмен апталған, қола сырмен жалтыратылған. Пантеон композициясының қарапайымдылығы таңғажайып. Алып қызыл гранит тастардан қашалған келісті колонналы портик оның қасбетіне сән беріп тұр. Портиктер колоннадасы монументтік айбынымен көзге түседі.Ғимараттың биіктігі 42,7 метрге жетеді, ал орасан зор күмбезінің диаметрі 43,2 м. Пантеон еденіне мәрмәр тақта тас төселген, қабырғасы екі ярусқа бөлінген: төменгісін коринфтік колонналы лоджиялар мен ертеде мүсіндер қойылған құжыра-қуыстар әшекейлесе, жоғарғысы ХВЫЫЫ ғасырда жаңа заман айшықтарымен орын алмасқан түрлі түсті асыл мәрмәр пилястрлармен бөлінген.Сәулетші Пантеонның ішкі кеңістігін қалай етуді асқан кемеңгерлікпен шешкен. Оның таңғажайып тұтастығы мен әсем сымбаты қайран қалдырады. Бұл сапалардың бәріне сәулетшілік ақыл-ойдың айқын логикасы мен тамаша табылған пропорциялар сәйкестігі арқылы қол жеткен. Ғимарат диаметрі оның биіктігіне тең, ал күмбезді көтеріп тұрған биіктігі пантеон биіктігінің тең жартысындай. Күмбез ішкі жағынан аумаған дәл жарты шар, бес қатар кессондармен айшықталған. Сәулетші бұл арқылы күмбезге едәуір жеңілдік дарытқан. Алыстаған сайын кішірейе беретін кессондар күмбезді шектен тыс биіктетіп, оның ішкі кеңістігінің тұтастығын айқындап тұрады. Күмбездің ортасындағы тоғыз метрлік тесіктен храмға саулап жарық түседі. ғасырдың аяғына дейін күмбез өзінің аумағы жағынан теңдесі жоқ ғимарат, ал Пантеонның өзі ғасырлар бойы күмбезді ғимараттардың қайталанбас үлгісі болып келеді. ғасырда Рим өз құдіретінің шырқау шыңына жетті. Рим легиондары Британияда және Евфрат жағаларында, Солтүстік өңірі мен Ніл сағасында тұрды. Мәшһүр ғалым Аға Плиний Римде бүкіл әлем товарларын: Испания жүні мен Қытай жібегін, Александрияның түрлі түсті шынысы мен арабтардың тәтті тағамдарын, грек аралдарының шарабы мен Африканың шипалы шөбін, Альпі ірімшігі мен Қара теңіз балығын, Оралдың асыл тастары мен римдік провинциялар мәрмәрін көруге болады деп жазды. Құл иеленудің дамуы мен сауда провинциялардың қаулай өркендеуіне жол ашты. Оларда Рим сәулет өнеріне тән айқын жоспармен салынған жаңа қалалар пайда болды. ғасырдың жақсы сақталған қалаларыньщ бірі — Тимгад Алжирдің шұрайлы жазығында орналасқан. Император Траянның бұйрығы бойынша сауда жолдарының тоғысқан торабында салынған қала тез өсті. Оның жоспары Римнің әскери лагері негізінде жасалды. Тимгадтың жалпы түрі шаршы тәрізді, аумағы 330Х360 м. Басты екі көшесі дәл ортадан қиылысады да, қаланы тепе-тең төрт бөлікке бөледі. Көшелердің екі қапталында жаяуларды ыстық күннің қызуынан қорғайтын портиктер салынған. Қаланың ортасында колоннадалармен қоршалған форум, оған таяу жерде театр, кітапхана мен қалалық моншалар болған. Басты бір көшенің аяғында Траянның монументтік аркасы тұлғаланып тұрған. Байлардың виллалары қала сыртында орналасқан. Тимгад — рим империясындағы қала құрылысының типтік үлгісі. Рим империясындағы қала өмірінің ажырамас бөлігі қоғамдық моншалар — термдер еді. ғасыр қарсаңында Римде он екі үлкен императорлық терм мен жүздеген жеке меншік моншалар болды. Олар демалыс және көңіл көтеретін орындар міндетін атқарды. Термге бару римдіктердің күнделікті өмір салтына айналды.
Император Каракалла тұсында 211—216 жылдары салынған термдердің орасан зор үйінділері біздің заманымызға дейін сақталған. Олар он бір гектарлық алаңды алып жатыр. Бас ғимарат жасанды кең террасада тұрған. Оны жан-жағынан аллеялы, гүлзары саялы бақ қоршаған. Мұнда көрермендерге арналған мінбелері бар стадион мен кітапханалар, музыкалық және әдеби концерттер үшін жекелеген ғимараттар салынған. Термдердің бас ғимаратында дәл кіндік тұсын бойлай суық сулы ашық бассейн, алаңы 2700 шаршы метр сәулетті кең зал, ыстық монша мен шабынатын дөңгелек сәкі орналасқан. Бас бөлмелер "кіндігінің оң жағында, сол жағында вестибюльдер, шешінетін залдар, терең бассейндер мен гимнастикалық жаттығуларға арналған жайлы ашық аулалар болған. Үлкен бөлмелердің төбесін жабу үшін құрылысшылар итарқа шатырды пайдаланған. Алтын жалатылған және мәрмәр мүсіндермен, мозаикамен мол айшықталған алдыңғы сәулетті зал сегіз жуан бағанаға тірелетін үш қуатты ашамайлы итарқамен көмкерілген. Итарқамен жабылған кең залдар бірінен соң бірі ауысып, іштей тұтас бір кеңістік құрайды. Бұл проблеманың итарқа шатырлар арқылы шешілуі — римдіктердің инженерлік талантының аса көрнекті бір көрінісі.
Термдердің сәулетті алдыңғы залына күн жарығы жоғарыдағы дөңгелек тесіктер мен биікке орнатылған әйнекті терезелер арқылы түседі. Зал қабырғалары түрлі түсті мәрмәр тақта тастармен айшықталған. Термдерге бірден 1600 адам сыятын.Термдерді сумен жабдықтау және жылыту жүйесін жоспарлаудан ерекше бір өнерпаздық танылады. Су арнаулы су құбырлары арқылы жетіп, үлкен цистерналарда тұндырылатын. Канализация кез келген бассейнде суды бірнеше минут ішінде ауыстыруға мүмкіндік беретін. Жер асты пештерінен шығатын ыстық ауа еденге, қабырғалар мен монша бөлмелерінің итарқа төбесіне орнатылған түтіктер мен жылу жолдары арқылы таралатын: бассейндердегі су содан жылынады. Каракалла термдері әділетті түрде Рим ғажайыптарының бірі есептелді. Римнің соңғы ірі ғимараты — император Максенцийдің (310 ж. шамасы) базиликасы да осындай техникалық, көркемдік дәрежеде салынған. Қаланың букіл тіріілік тынысы өтіп жататын осы сот-әкімшілік мекемесі өзінің алып аумағымен, конструкциялық шешімінің мінсіздігімен бұған бұрын тұрғызылған барлық базиликалардан асып түсті. Төрт бұрышты, қырлы ғимараттың ұзындығы 100 м, ені 76 м. Сәулетші аумағы 6000 шаршы метрлік үлкен алаң үстінен арқалық жасау мақсатында итарқа шатырдың сан алуан типін пайдаланған. Базилика ішкі жағынан үш нефке бөлінген, ортаңғысының ені 35 м, биіктігі де осындай, әрі Каракалла термдеріндегідей салмағы 7000 тонналық үш арқалықтан құралған ашамайлы итарқамен көмкерілген. Бұл шатырды сегіз қуатты бағана тіреп тұрған, бірақ сырт көзге итарқаның салмағы осы бағаналармен жалғас жиырма метрлік тұтас колонналарға түсетіндей көрінетін. Орталық зал қапталдағы залдардан едәуір биік, оның қабырғаларының ұзына бойында, дәл шатыр астында терезелер бар. Қапталдағы нефтердің әрқайсысы өзара арқалы кең ойықтармен жалғасқан үш бөлмеден тұрады. Бұл бөлмелер кіндіктері бас залдың кіндігіне перпендикуляр орналасқан, ал олардың биіктігі 24,5 м цилиндр тәрізді итарка төбелері ғимараттың алып аумағын айқындай түсетін кессондармен айшықталған. Қабырғалар мен итарқалар конструкциясы Римге тән тұтас кірпіш-бетоннан құрастырылған.
Максенций базиликасының симметриялы ішкі кеңістігі, оның ұлан-ғайыр сәулеті мен қайран қалдыратын залдары орта ғасырлық христиан базиликаларына үлгі болды. Тіпті тек солтүстік нефі, орталық залдың тіректері мен оның үстіңгі контрфорстары ғана сақталған қазіргі қалпының өзінде ғимарат қадым заманғы Римнің ең алып ескерткіштерінің бірі болып есептеледі. Империя дәуірінде Рим сәулет өнері керемет гүлдену шегіне жетті. Оның техникалық және композициялық-көркемдік жаңалықтары дүниежүзілік сәулет өнерінің тарихында орасан зор роль атқарды. Рим құрылысшыларының тәжірибесін Европа сәулетшілері ХЫХ ғасырға дейін пайдаланды.
Рим империясы дәуіріндегі бейнелеу өнерінің аса көрнекті жетістігі — мүсіндік портрет. Рим шеберлері —Ы—ЫВ ғасырлар бойы сомдаған портреттік бейнелерде римдіктердің эстетикалық талғамдары, мұраттары, әсіресе, олардың дүниетанымы көрініс тапты. Дүниежүзілік өнер тарихындағы римдік портреттің ролі шынайы өмір мен адамның қайталанбас даралығын бейнелеуде реалистік әдісті орнықтырумен айқындалады. Портреттік пластиканың одан әрі дамуы көп жағдайда Рим шеберлерінің творчестволық мұрасына негізделді.
Император Каракалланың Римдегі термдері. Б. э. 211—216 жж. Жаңғыртпа Империяның орнатылуы Римнің буырқанған, қауырт саяси өмірін тоқтатты. Билеушілердің зорлығы мен қаталдығына қарсылықтың бәрі аяусыз басып тасталды. Сөз жүзінде жоғарғы өкімет билігі правосын сақтаған сенат императорларға жалбақтай жағымпазданып, олардың алдында құлдарша бас иді. Рим ақсүйектерінің ұрпақтары қоғамдық қызметке қызығуды қойып, сәулетті сарайларда сайран салды, тойлар мен асыл бұйымдарға қыруар қаржы жұмсалды. Олардың төңірегінде өз мырзасының қалағанын құрақ ұша орындайтын құлдар топырласып жүретін. Рим дүниежүзілік державасында құлдықтың кең таралғаны туралы Аға Плиний былай деп тамаша айтқан: «Біз өзгенің аяғымен жүріп, өзгенің көзімен көреміз, кездескен адамдарды өзгелер арқылы танып, құптап, өзгенің еңбегімен күн көреміз. Табиғи нәрсенің бәрі құнсызданды, ал өмір мәнін жойды. Бізге қалғаны тек қана ләззат». Ұшан-теңіз ысырап пен думанды бейқам тіршілік императорлық Римді оңдырмай тұралатқан сорақы азғындыққа әкеп соқты. «Сән-салтанат бізді соғыстан да сұмдық титықтатты»,— деп өкінді атақты сықақшы Ювенал. Азғындай бастаған ақсүйек қауымның көркемдік мүдделері көбінесе грек шеберлерінің шығармаларын жинаумен ғана шектелді. Портреттік өнерде Республиканың соңғы шағы мен Империяның бастапқы кезіндегі грек мүсін өнері ықпалымен қалыптасқан дәріптеу бағыты сақталып қала берді. Алайда Ы ғасырдың екінші жартысында үстем тап арасындағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты жаңа қоғамдық талғамдар қалыптасты. Құлдыраған ескі ақсүйектердің орнына провинциялық құл иеленушілердің байыған топтары келді. Олар Рим армияларының бірінің тірегіне айналды. Ол билік жүргізген тұста әскери және азаматтық әкімшіліктегі жетекші лауазымды орындарды провинциялық ақсүйектер мен еркіндік алған басыбайлылардан шыққан байлар өкілдері алды. Олардың текті Рим ақсүйектерінен айырмасы шаруақорлығы мен тұрпайылау қарапайымдылығында еді. Бұлардың ұғымдары мен талғамдарына Август дәуірінің дәріптеушілік бағытынан гөрі республикалық портреттің реалистік дәстүрлері жақынырақ болатын. Қоғамдық талғамның қалыптасуына қоғамдық моральдің құлдырау картинасын айшықты суреттеген римдік сатира да пәрменді ықпал жасады. Адам басындағы кемшіліктердің тұтас бір галереясын сомдаған ақындар Марциал мен Ювенал ақсүйектердің іріп-шіруін керемет құдірет-күшпен ызалана әшкереледі. Қоғамның білімді топтары арасында сатираның кең таралуы сол замандағы римдік мәдениетке тән жеке адам тұлғасын терең тануға, адам сезімі мен мінезінің сыр-сыпатын ұғуға деген құштарлықпен тікелей байланысты еді. Римдік сатираның әшкерелеуші пафосы Ы ғасырдың екінші жартысындағы мүсіндік портреттің сұсты реализмімен мейлінше туыс. Олардың ұқсастығы — ең алдымен, бейнелердің шынайылығында, адамның дара, нақты ерекшеліктерін түбегейлі назар аударғандығында.
Флавийлер билеген дәуірде (б. э. 70—90 жж.) жасалған портреттер айрықша әсерлілігімен көзге түседі. Мүсіншілер адамның қайталанбас өзгеше келбетінен өмір тәжірибесі мен қоршаған орта ықпалы қалыптастырған мінездің негізгі сапасын, мағына-мәнісін ашты.
Император Веспасианның келбеті шынайы шыншылдықпен бейнеленген. Мүсінші императордың ірі, салмақты басын, әжім басқан маңдайын, өңменіңнен өтер сығырайған шүңірек көзін, қалқиған құлағын, аузыеың өзгеше суретін, қомақты иегі мен сіңірлі мойнын қаз-қалпында жеткізген. Веспасиан бет әлпетінің қапысыз бейнеленген белгілерінен императордың тұлғалық даралығы мен мінез ерекшелігі айқын көрінеді. Бет құбылысындағы қайтпас қайсарлық, табандылық, іскерлік нышаны ақылды қожаның пысықтығымен, әккілігімен ұштастық тапқан. Салық жинаушы, сатып алушы семьясынан шыққан Веспасиан өзінің өткен өмірін үнсіз, елеусіз қалдыруды немесе әсірелеуді ойлаған жоқ. Рим қазынасы сарқылар шақта өкімет басына келген император провинцияларды басқаруды тәртіпке келтіріп, сарай шығындарын кемітті. Веспасиан лауазым сатумен айналысты, сот үкіметінің өзін де ақшаға сатты, «Ақшаның иісі шықпайды»,— деген пасық қанатты сөз оның ұранына айналды. Ол өткір де тапқыр еді: өзіне ажал таянғанын сезген Веспасиан маңындағылардың есіне императорлардың өлгеннен кейін құдайға айналатын дәстүрін сала отырып: «Апыр-ай, мен осы тәңіріге айналып бара жатқан сияқтымын»,— деген. Тарихшылар мәліметтері талантты шебердің Веспасианның мүсіндік портретінде императорға берген терең де дәл мінездемесін растайды.
Өмір шындығын іздеуде Флавийлер дәуірінің мүсіншілері адам тұлғасындағы ең жексұрын қасиеттердің өзін әшкерелеуден тайынған жоқ. Тегі еркіне жіберілген құлдан шыққан Помпеидегі Луций Цецилий Юкундтың (б. э. 70 ж.) қола бюсінде шебер тайқы маңдай, салпы ұрт, көзінің асты күлкілдеген егде кісінің тыржық бетін бажайлап көрсеткен. Тарамданған шашы шекесіне жабысып қалған сияқты, ашқарақ өткір көзі бақырайып, ернінде кекесін күлкі табы тұр. Бұжыр, болбыр терісі, жағындағы сүйел мен жұқа қалқан құлағының ажарсыздығы қайран қаларлық. Портрет әсері ажуалау, әсіре- леу дәрежесіне жеткен. Юкундтың үйінен қарыз алғандардың көптеген тіл хаттары табылған екен, ол процентке ақша өндіріп алатын өсім-қорлықпен айналысқан. Бұл адам- ның жүзіне өмірдің өзі өшпестей таңба салған, жазушы Петронийдің сөзімен айтқанда, «тақыр кедейден шыққан», тек өз қайратымен биік мансапқа қолы жетіп, жұрт құрметтеген адам. Сергек есеп пен дүние қоңыздық оның бүкіл өмірлік көзқарасының негізіне айналған. Сықақшы Ювеналдың сөзімен айтқанда, мұндай адамға «бәрінен қасиетті — ақша құдіреті». Еркіндік алып байыған құлдың ұсқынындағы мінез сырын ашу арқылы мүсінші шынайы да әсерлі көркем бейне сомдаған.
Цецилий Юкунд портреті. Қола. Б. э. 70-ші жж. Неаполь. Ұлттық археологиялық музей
Ханым портреті. Мәрмәр. Б. э. 80—90 жж. Рим. Капитолий музейі Портретте өмір шындығының орнығуы жаңа көркемдік тәсілдерді, мәрмәрді өңдеудің пластикалық әсемдік мәнерін игерумен сабақтас болады. Римдіктер бұл мәнерді эллиндік мүсіншілерден алып пайдаланды. Портреттердің бірінен біз атақты римдік әйел бейнесін көреміз. Паңдана мойын бұрғаны мен сәндей қоқырайтып қойған шашы портретке салтанатты сипат береді. Бұйра шашындағы жарық пен көлеңке әсерлі дірілі жүзінің байсалдылығын, сезімтал ерні мен самарқау салқын назарын айқындай түседі. Тапсырма иесінің талғамынан табылу үшін мүсінші әйел мінезін сипаттауда жаза баспай, шындықты дәл беруге тырысқан. Ханым келбетінен өзінің өзгелерден артықтығын, сүйкімділігін көңілі тоя сезінетін, әрі кісіге ұдайы бұйыра сөйлейтін дағдысы аңғарылады. Портреттік кескіндеме ерекше гүлденген еді. Римде оның үлгілері сақталмаса да, Мысырдағы Фаюм алқабы зираттарынан табылған атақты портреттерге қарап пікір түюге болады. Олар мумиялардың бетінен табылған. ғасырларда жасалған бұл портреттер ежелгі дүниенің бізге жеткен станоктық кескіндемесінің некен-саяқ туындылары. Олар өлгендердің көзі тірісінде тұп-тура қарап отырып салынған. Портреттер ағаш тақтайларға, кейде кенепке тампера мен балауыз кесіндемесі тәсілімен салынған. Суретшілер сан қилы жастағы, ата тегі алуан түрлі адамдарды бейнелейтін, олардың арасында римдіктер де, гректер де, мысырлықтар да болатын. Бір егде кісінің, шамасы, римдік болуы керек, Ы ғасырда салынған портреті зор көркемдік қасиеттерімен көзге түседі. Суретші ажарсыз бетті, қалың әжім тілгілеген жақты, имек мұрынды, қисықтау ауыз бен өжеттене ұмсынған иекті дәл береді. Сәулелі көлеңке мен бояу жағудың сан алуан мәнерін шебер қолдана отырып, ол кәдімгі мүсін сомдағандай қайратты да қайсар адамның кескініне сәйкес келетін табиғи тұлға шығарады. Ер кісінің қадала қараған жанарынан да, сыртқы сұсынан да сезіліп қалатын бір қобалжу, мазасыздану аңғарылады. Ол өткен өмірге күйініп булықтырған өкініш-мұң сияқты қабылданады.
Ы ғасырдың еқінші жартысындағы портреттерде шеберлерді мінез сырын ашу проблемасы қызықтырса, бұдан кейінгі ғасырда мүсіншілердің көркемдік ізденістері мен портреттік бейне құрылымы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Бұл өзгерістер ең алдымен, Рим қоғамының санасындағы соны серпінмен сабақтас.
ғасырда, Империя өз құдіретінің шегіне жеткен тұста, Римнің портреттік өнеріндегі адам бейнесінде жаңа белгілер пайда болды. Император Траянның көптеген соғыс жорықтары оның замандастарына зор әсер етті. Қол жеткен жеңістердің құрметіне мадақ сөздер сөйленіп, монументтер орнатылды. Мүсіншілер Траянды римдік қолбасшы киімін киген қайратты да ақылды мемлекет қайраткері кескінінде бейнеледі. Кейін Рим әміршілері таққа көтерілерде жұрт: «Августтан бақыттырақ, Траяннан артығырақ бол»,— деп бата беретін болған. Император Траянның мұрагерлері мемлекет шекарасын нығайтуға тырысып, зор шапқыншылық жорықтар жасаған жоқ. Провинциялардың гүлденуі оларда Рим мәдениетінің таралуымен сабақтас жүрді. Бұрынғыша халықты Рим азаматтары және провинция тұрғындары деп бөлу жойылды: «...римдік дейтін есім қалаға ғана тиісті болудан қалды да, бүкіл мәдениетті азаматтың игілігіне айналды»,— деген ғасыр шешендерінің бірі. Грек цивилизациясына қызығушылықтың қайта жандануына орай, мәдениет те мейлінше сәндене түсті. Грек өнеріне жүгіну, көбінесе, осы дәуірдегі императорлардың жеке талғамына байланысты еді. Портрет өнеріндегі кесек мінез шындығын енді адамның көңіл күйін жеткізу талпынысы алмастырды. Мүсін өнерінде де жаңа тәсілдер пайда болды: бұрын бояумен көрсетілетін көз қарашығы пластикалық белгілермен бейнеленіп, мәрмәрдің беті әрленді, бұрғы кең пайдаланылды.
Император Траян мүсіні. Бір бөлшегі. Мәрмәр: Б. э. ғ. басы. Остиядағы (Италия) музей
Балғын жігіттің ЫЫ ғасырдың орта шенінде жасалған тамаша портретінде мүсінші гректердің сұлулық мұратына жақын сымбатты, келбетті, табиғи, қаз-қалпында жеткізген. Әсем бұйра шашы биік ай маңдайына түсіп тұр. Үңіле қадалған жанары ойлы да сезімтал көрінеді. Асқан шеберлікпен өңделген мәрмәр сәулелі көлеңкенің мөп-мөлдір нәзік әсерін туғызып, бетте тіршілік тынысы мен ерекше шабыт ойнайды. Албыраған жүзде сырғыған сәуле мен үлбіреген жеңіл көлеңке әлдебір мамық мұнармен перделеп тұрған сияқты. Бабымен әрленген мәрмәр жігіттің балғын өңіне сүйкімді бір романтикалық мұң дарытады. ЫЫ ғасырдың екінші жартысында жасалған портреттерде мүсіншілер адамның ішкі жан-сезімін ашуда ғажайып бір кемелдікке жетті. «Сирия аруы» портретінде мүсінші тегі шығыстан шыққан жас келіншектің сыртқы келбетін табиғи да келісті сипаттаған: жұқалтаң сопақша бет, қиықтау бадам көз, қаңқақтау мұрын, үлкен аузының көнтектеу ерні мен иірімді кішкене иек. Сәл еңкіштеу басы мен сәнді шашының үлпілдеген жұмсақ толқындары, тас төбесінде қайырып ораған әдемі бұрымы бейнеге сыпайы бір сымбат береді. Қушықтау бет әлпетінің соншалық нәзіктігі мен әйелге тән биязылығы еріксіз назар аудартады. Керілген қиғаш қасы, көз ұшындағы мөлдір дағы мен албыраған жанары жас келіншектің рухани жан серпілісін айқындай түседі. Оның жүзін нұрландырған болмашы мұңлы жымиыс бейнеге арманшылдық пен әлсіздік нышанын дарытады. Мәрмәр бетінің іштен жарқырап тұрғандай жұмсақ та жайлы үлгіленуінен, сәл томпиған бет сүйегінен жақ-ұртына, иегі- не дейін бір қалыпты әрленген алау өңнен сырғыған сәуле дірілінен талантты мүсіншінің кемел шебер- лігі аңғарылады.
Осы дәуірдің таңдаулы шығармаларының қатарына император Марк Аврелийдің атақты атты мүсіні де жатады. Ол 170 жыл шамасында қоладан құйылған. ғасырда ұлы итальян шебері Микеланджело бұл мүсінді Римдегі Капитолий шоқысында өзі жасаған алаңның қақ ортасына қойды. Соның үлгісі бойынша бұдан әрі Европаның көптеген елдерінде атты монументтер жасалды.
Мүсінші Марк Аврелийді императорлық белгілерін тақпаған, жұпыны сулық киген қалпында бейнелеген. Тарихшылар «таққа отырған философ» деп атаған императордың парасат-мәдениетінің жоғарылығы аңғартылатын ойлы жүзін бұйра шашы көмкеріп тұр. Сәнді шашта құбылып ойнаған сәулелі көлеңке Марк Аврелийдің сырттай сабырлылығын, өзімен-өзі ойға берілген тұңғиық бір сәтін айқындай түседі. Оның осы бір қалпы мен алға созылған қолының жылы ишарасы Қарапайым да табиғи-ақ. Мүсінде бұрынғы Рим билеушілері бейнелерінің, мәселен, император Август мүсінінің дәріптей көрсетілген салтанаты мен әсіре қызыл айбыны жоқ. Марк Аврелий портретінде шебер айналадағы өмір шындығының қайшылықтарын айқын сезініп, олардан әрменірек кетуге, арман- қиял мен өзінің ой толғаныстары дүниесіне шомуға тырысқан адамның көңіл күйін ашады. Император «өзіммен-өзім оңаша» деп әдемі ат қойған күнделігінде: «Адам өмірі — қас қағым сәт, оның мәні — мәңгілік ағыс, түйсігі — бұлдыр, бүкіл тәні — опасыз, жаны — тұрлаусыз, тағдыры — жұмбақ, даңқы — дүдәмал»,— деп жазды.
«Сирия аруы». Мәрмәр. Б. э. 170 ж. шамасы. Ленинград. Мемлекеттік Эрмитаж
Адам жан дүниесінің ең нәзік қырларына дәйекті назар аудару — ғасырдың екінші жартысындағы Рим қоғамында қара бастық, дарашылдық көзқарас пен тіршілік мәнінен түңілу етек алған тұстағы портрет өнеріне тән қасиет. Сондықтан да Марк Аврелийдің көңіл күйі, ой толғанысы тек оның өз басының дара тұлғалық көрінісі ғана емес, бүкіл дәуірге көзқарастың ең ортақ айқындаушы белгісі ретінде қабылданады. Адам табиғатын тануда жаңа қадам басқан ЫЫ ғасырдағы Рим шеберлері мүсіндік портреттің мүмкіндіктерін молайтты. Олар дүниежүзілік өнер тарихында тұңғыш рет адам жан дүниесінің күрделілігі мен қайшылықтарын түсінуге жақындады.
ЫЫ ғасырдың екінші жартысындағы портреттік өнерде, сол заманның философиялық ойы сияқты, осы кезеңде Рим империясы аяқ басқан экономикалық және саяси-әлеуметтік терең дағдарыстан туған жеке адам мен қоғам арасындағы тартыс ерекше көрінісін тапты. Жерорта теңізі өңірінің бүкіл территориясын қамтыған өндірістің құл иеленушілік тәсілі одан әрі өркендеуге барша мүмкіндіктерін сарқып, қоғамдық прогресс жолындағы бөгетке айналды. ЫЫЫ ғасырда провинциялардың көбісінде жер бос қалып, қолөнерлік кәсіп пен құрылыс құлдырады, қалалық жер иелері күйзеліске ұшырады. Сонымен қатар ірі иеліктер өсе берді, қожа- лары ерікті арендаторларға — колондарға жер учаскелерін жалға беретін болды. Олардың саны кедейленген шаруалар, құлдар мен еркіндік алғандар есебінен көбейе түсті. Ұланғайыр иеліктер томаға-тұйық шаруашылық жағдайында өмір сүріп, өз қажетін өзі өтеді. Бұларда езгінің феодализмнен кем түспейтін жаңа түрлерінің нышандары жинақтала бастады, алайда олар құл иеленушілік қатынастар үстемдік етіп тұрған тұста толық өркен жая алмады.
Аттылы император. Марк Аврелийдің мусіні. Қола. Б. э. 170 ж. шамасы. Рим. Капитолийдегі алаң
Бұрын императорлық өкіметтің басты тірегі болған ұсақ және орташа қалалық құл иеленушілер кедейленіп, ірі меншік иелерінің жемтігіне айналды да, олар енді жер иеленуші шонжарлардың байлығы мен құдіретін шектеу үшін күресті. Екінші жақтан провинциялық жер иеленуші ақсүйектердің сенатты құрайтын өкілдері жерді көбірек иемденуге және Империяны билеуге өздерінің мүдделерін қорғайтын әкімдерді қоюға тырысты. Құл иеленуші таптың алуан түрлі әлеуметтік топтарының арасындағы қайшылықтар өкіметті қолға алу жолында «сенаттық» және «солдаттық» императорлар арасындағы болған күрестен айқын көрінді.
ЫЫЫ ғасырдағы Рим империясының саяси тарихи — қанды азамат соғыстары, қыру мен тонау, жазалау мен езілгендердің үздіксіз көтерілістері. Императорлардың жиі алмасуы мемлекеттің сыртқы қуатын тұралатты. Әсіресе, ауыр, шиеленіскен дағдарыс кезеңі ғасырдың орта шенінде, Империяға шын мағынасында біржола құлау, опат болу қаупі төнген тұста туды. Оның шекаралары қорғаныссыз болып шықты да, варварлардың қаптаған қалың қолы провинциялар территориясына лап қойды, ал шығыстан парсылар шабуылға шықты. Соғыс сұмдықтарына бұрын болып көрмеген оба індеті мен тұтас қалаларды құртып жіберген алапат жер сілкіністері қосылды. Көптеген провинциялар тәуелсіздік жариялап.Бұл оқиғалар сол кездегі адамдардың санасында ақыр заман туралы ой туғызды. Ол заманның қаһарлы оқиғаларының бейнесін біз ғасырдағы римдік тас табыттарды сәндеген бедерлерден кездестіреміз. Олардың бірінде римдіктер мен варварлар шайқасын сипаттайтын көрініс бейнеленген. Тас табыттың бүкіл қабырғасы соғысып жатқандардың пішіндеріне, ажал азуында жанталасып сапырылысқан үйме-жүйме денелерге толы. Сарбаздар мен жылқылар пішіндері қуатты пластикалық аумағымен берілген, өлгелі жатқан варварлардың тұрпайы ажарсыз ұсқыны мен жеңіске жеткен римдіктердің ызалы салтанаты баса көрсетілген, олардың ортасында аттылы сардар тұлғалана көзге түседі. Сәулелі көлеңкенің құбылысы мен соғысып жатқандардың шым-шытырық қимылы кескілескен, аласапыран шайқас әсерін одан сайын күшейтеді.
ғасырдағы Римнің Саяси өмірінде императорлық өкімтін бірден-бір тірегіне айналған армия шешуші роль атқарды. Императордьщ әскерге осы тәуелділігі Рим әміршілерінің бірі Септимий Севердің балаларына айтқан: «Бір-біріңмен ұрыспай, солдаттардың көңілін аулаңдар — олардан басқалардың бәрін жек көрулеріңе болады»,— деген сөзінде тамаша сипатталған. Солдаттар таққа көтерген императорлар өздерінің өкімет басында болған қысқа мерзімін, әдетте, жорықтарда өткізген, олардың өз ажалынан өлгендері санаулы. Римнің даңқты тарихшысы Корнелий Тацит ғасыр басында жазған «император құдіретінің әлемді таңырқатқан шұғыласы» сөнуге айналды.
Бай қоныс. Карфагеннен табылған мозаика. Б. э. ғ. аяғы — ғ. басы. Тунис. Ұлттық Бардо музейі Римдіктер мен варварлар шайқасын бейнелеген тас табыт. Мәрмәр. Б. э. ғ. бірінші жартысы. Рим. Ұлттық Терм музейі
Осы тұстағы портреттерде жаңа тарихи дәуір бейнелері — Рим әміршілерінің дәріптеуден арылған дөрекі, мейірімсіз ұсқыны пайда болды. Билікке құштарлық пен ұдайы қауіп-қатер үстінде жүру олардың сыртқы кескінінде өшпес із қалдырған. Адамның өн бойынан оның сезімдері мен көңіл күй дүниесін ашқан ғасыр шеберлерінің тәжірибесін пайдалана отырып, мүсіншілер тағы да тұлғаны тап өмірдің өзіндегідей қалпында барынша бадырайтып бейнелеуге бет бұрды. Император Каракалланың (211 —217 жж.) мәрмәр бюсінде ғасырлардағы Рим билеушілерінің байсалды айбыны мен ұстамдылығы жоқ. Каракалланың басы мойнын оқыс бұрған қалпында бейнеленген. Дәл табылған композициялық шешім мүсіншіге император мінезінің ерекшеліктерін қалтқысыз жеткізуге көмектескен. Қимылының шұғылдығы мен тырсиып шиыршық атқан алапат күшін бірден аңғартады. Қатты бұйра шашы мен ширатылған сақалы жүзінің қапысыз пластикасын айқындап тұр. Қабағын түйе тыжырынған қасы, сыздана ызғар шашқан уытты жанары, қайсарлана жымқырылған ерні мен шомбал иегі Қаракалланың қаныпезер қаталдығын, ызақор долылығын еріксіз ұқтырады. Сол заман тарихшыларының сипат- тамаларында да император осылай көрінеді. Каракалланың азғыруымен солдаттар оның туған ағасын өлтірген кезде, император дереу оны құдайдай арулап құрметтеуге бұйрық береді де: «Мейлі, құдайдай құдіретке айнала берсін, әйтеуір тірі жүрмесе болды»,— дейді жауыздықпен. Каракалла таққа таласқысы келетін бәсекелестерін сезген бойда көзін жою үшін көптеген атақты римдіктерді сотсыз жазаға тартты. Ақырында императордың өзі де қасындағы сақшыларының қолынан қаза тапты. Портретте тиран әрі жауыз Каракалла кескіні қапысыз бейнеленген. Оның тұлғасында римдік портретті әрқашан оқшауландырып тұратын ерекше даралық қасиет мінез шындығымен бояуы қанық драматизммен табиғи ұштасады.
ғасыр мүсіншілерін мінездің сан қилы құбылыстарын мейлінше терең, алуан қырымен ашуға мүмкіндік беретін адамның қоршаған дүниемен байланыс мәселесі баурады.
Тас табыт. Бір бөлшегі
«Одиссей мен сиреналар». Мозаика. Б. э. ғ. Тунис. Ұлттық Бардо музейі
Император Максимин Фракийец (234—238 жж.) мәрмәр бюсінде кең иығы мен мығым тұлғасын тоғасы күлтелеп, басы байыпты бұрылған қалпында бейнеленген.Ажарсыз беті, үлкен басы, түксиген қалың қасы, қыр мұрны, жігерлі жымқырылған ерні, салмақты салпы иегі қара бұқарадан шықса да, амалын тауып, жоғары өрлеп, солдаттарға сүйеніп, өкімет басына жеткен император мінезінің мойымас өжеттігі мен қайсарлығын көрсетеді. Егже жүзін үлкен өмір тәжірибесін сездірер терең әжім айғыздаған. Сәл шаршағандығы білінсе де, қадала, сақтана қараған шүңірек көзінде іштей бір күдік пен үрейдің қатерлі табы жатыр. Мінездің таңғажайып өміршеңдігі мен тереңдігін түйсінуге соны шеберлік тәсілдерімен қол жеткен. Қысқа да қатты шашы мен сақалы тықырлай кертіп қашалған. Шебер бетті түгел тәптіштей тегістеп, жылмита өңдеуден бас тартады. Үлгілеудің қарапайымдылығымен екшеліп, жете қорытылғандығы көзге түседі, бет әлпет асимметриясын айқындауда жарық пен көлеңке таңдақтарының құбылуы керемет келісті пайдаланылған, тегістелмеген сұр мәрмәр күн қақтаған бұжырлау теріні айнытпай жеткізеді. Мүсіндік пішіннің жұпынылығы император сырт кескінінің дөрекілеу сымбатын баса көрсетеді.
Өнердегі драмалық дүниетаным қалыптасатын себептерді дәуір әдебиетімен танысу арқылы жете түсінуге болады. Мемлекет жағдайының сорақы көрінісін христиан епископы Киприан былай суреттеген: «Дүниенің өзі барша болмысымен азып бара жатқандығының куәсы болып отыр, оның үдей түскен апаттары ақыр заман таяп қалғандығының айғағы. Қыстың өсімдіктерді қоректендіруге қары мен жауыны жеткіліксіз, жаздың астықтың пісуіне жылуы тапшы, көктемнің қуанышы, күздің жемісі жоқ... алқапта егінші, теңізде теңізші, лагерьде солдат, форумда адалдық, сотта әділет, бауырлар арасында татулық, өнерде талант, тәрбиеде қаталдық жетіспейді. Титықтап тозығы жеткен дүние бұрынғы ғасырлардағы мықты қалпына қайта оралады деп ойлайсың ба?— дейді Киприан өзінің сырласына,— Құлдырай бастағанның бәрі де сөзсіз тұралауға тиіс». ғасыр мүсіншілері жасаған бейнелер адамдардың көзқарасы мен ойларын, олардың дүниеге қатынасын өз бойына барынша жинақтаған сияқты. Олардан көркемдік көрегендіктің ғажайып мөлдірлігі, тарихи деректердің дәлдігі, сонымен қатар өршіл экспрессия аңғарылады. Мәселен, император Деций Траянның (250 ж. шамасы) портретінде мүсінші оның келбеті арқылы өз заманы адамдарының көңіл күйін көрсетеді. Республикалық дәуірдегі портреттер сияқты қарт кісінің ажарсыз беті, божыраған жақ те- рісі, істиген имек мұрны мен сіңірлі мойны реалистік тұрғыдан дәл бейнеленген. Маңдайдағы терең әжім, кеңсірікте шабдарланған соқталар, көзінің астындағы қатпар мен қасіреттен кемсеңдеп қисайған аузы қатты қиналғандықты жазбай танытады. Алысқа тіксіне қадалған жанарь мен оған түскен қою кірбіңде үрей мен дәрменсіздік ұялаған, ал жымқырған ерні іштегі булыққан өксік айқайды әрең бөгеп тұрған сияқты. Децийдің жан күйзелісі тыржитқан бет әлпетінен құрып бара жатқан ескі дүние трагедиялық қайшылықтарының таңбасы танылады.
Империя өмір сүрген соңғы ғасырдағы Римнің рухани өміріне тән жұрттың болашаққа жаппай сенімсіздігі мен адамның өзіне дұшпан дүние алдында әлсіздігін сезуі — шектен шыққан торығушылық пен барлық әрекет атаулыдан бас тарту о дүниедегі өмірге құштарлықпен ұштасатын жаңа көзқарастардың қалыптасуына ықпал жасады. Барлық провинцияларда мистикалық шығысқа табыну, сондай-ақ жер бетіндегі пенделік өмір жауыздық пен күнәқарлықтың түйіні деп есептейтін күрделі діни-философиялық ілімдер кең тарады. Бұл ойларды І ғасырда дүниеге келген жаңа дін — христиан діні де уағыздады. Қадым заманның соңғы кезі адамдарының санасында әлем оқшау екі дүниеге — сезім мен рухқа бөлінеді. Философтар адамның сезімтал табиғатына жанаса қалсаң, оның мәңгі өлмейтін жаны қор болады деп түсіндірді. Олар өмірдің мұрат-мақсатына тән қауашағынан құтылып, жанның қақ-тағаламен табысуында деп есептеді. Жер бетіндегі өмір мен адам тәнін мансұқтау, құтқарушы тәңірінің келуін күту мен о дүниедегі ләззатты көксеу адам тұлғасының сұлулығы мен асылдығына деген сенімге толы қадым заманғы мәдениеттен бір-жола қол үзгендік еді. Ежелгі Грекияның ойшылдары адамды барлық заттың өлшемі деп есептесе, республикалық дәуірдегі Рим ақындарының бірі: «Мен адаммын, сондықтан адамға тән нәрсенің ешқайсысы да маған жат емес»,— деп жар салды. Ал ЫЫЫ ғасырдың философтары дүниені адам тани алмайтындықтан, өмірдің мәні «құдайдан бақыт іздеу мен құдайға ұқсап бағуда»,— деп пайымдады. ғасырларда қалыптасқан дүниетаным өнердің дамуына орасан зор ықпал жасады. Мүсін өнерінде дүние мен адамды түйсінуі, қабылдауы антик өнерінің эстетикалық ұғымдарынан мүлдем өзгеше бейнелер пайда болды. Бірте-бірте реалистік бейнелерден бас тарту, аумақты үлгілеудің тым жалпақ жазықтық пішіндермен алмасуы сұлулық адамның өзгермейтін мәнін мойындауда — оның дінге сенімін орнықтыруда деп түсіндіретін дерексіз, шартты портретке алып келді.
Римдік Догмацийдің (ғасырдың 30-шы жж.) мәрмәр портретінде сыртқы белгілер әлі даралығын сақтаған. Мүсінші мықты бас бітімді айқындап көрсететін тықыр шаш пен тікенек сақалдың әр талшығын тәптіштеп, қол батырып керте қашаған. Бет шабдарларын сурет сызғандай соқталап жеткізетін бұдырлау желілер, кенерлеп қырланған қиғаш қас пен жұқалтаң ерін, жұмылған ауыз дөрекілеу жүзге түнеріңкі бір күш-қуат дарытады. Материалдың қарапайымдау тәсілмен өңделуі мүсінші әдейі баса көрсеткен адамның тақуалық келбетіне сай келеді. Тереңде жатқан көзінің шарасы шақшия бақырайып тұр. Бір сәт көңіл сарайы ашылып кеткен сияқты бажырайған қалпында ештеңені бажайлап көрмейтін жанары шексіз қиянға қадалады. Осы назарында булыққан сенім, тән мен жанның арпалысы жатыр. Антик өнері адам табиғатының мұндай екі жақтылығын, дене мен рух арасындағы қайшылықтарды білмейді. Қадым заманының соңғы кезі мүсін шеберінің адам бет әлпетін бейнелеуге қызығу себебі — тән қауашығынан рухи өмір жарығы сәуле шашады, ал сыртқы кейіпті пайымдау тәңірі идеясын жете танытады деген ұғымынан туған. В ғасырда Рим империясы құлап, құл иеленушілік құрылыс күйреген тұста көркемдік ойдың антик өнері тарихының соңғы ғасырларында қалыптасқан осы жаңа белгілері орта ғасырлық өнер негізін қалады.
Этрустар өнері (б. з. д. ғасырлар) Колизей Рим Италия
Этрустар Кіші Азиядан келген, оған дәлел, қолдарынан шыққан өнер туындылары көшпелілердің өнеріне өте ұқсас екен. Олар Италия жеріне, шамамен, б.з.д. ғасырларда қоныс аударған.
Этрустар грек өнерін жоғары бағалады және олардың аңыз-әңгімелеріне жақындау болды. Бұл тайпалар өте еңбек-қорлығымен көзге түсті. Көне тарихи деректердің сипаттауы бойынша, олар егін егуде, жерді суландыруда ірі жетістіктерге жетті. Сонымен қатар сауда жолында және теңіз айдынында шебер теңізшілер болған. Олар өздерінің тұрғызған кемелерімен Мысыр, Финикия, Карфаген, Грекия және Испания елдеріне саяхаттап, қызу сауда жүргізген.
Б.з.д. ВЫ ғасыр шамасында этрус өркениетіне эллин мәдениеті әсерін тигізді, соған байланысты олар қара, қызыл пішінді құмыралар жасаумен айналыса бастады.
Этрустардың көне ескерткіштері б.з.д. ғасырларда дамыды. Олардың ішінде, әсіресе табыт басына қойылатын мүсіндер жасау елеулі орын алды.
Этрустарда қола кұйма әдісі де дамыды. Олар аңдар мен таңғажайып хайуанаттар бейнесін кызыға жасады. Соның бірі — белгісіз шебер жасаған (б.з.д. 480 жылы) Химераныц мүсіні. Этрустардың әйгілі Капитолий өнері ескерткіштеріне қаншық қасқырдың мүсіні жатады. Аңыз бойынша (б.з.д. 754 жылдары), Римнің негізін қалаған егіз екі жігітті сәби кезінде қаншық қасқыр емізген-мыс. Осы окиғаны есте қалдыру мақсатында Римдегі жеті шоқының бірі Капитолийде б.з.д. ғасырдың соңында осы мүсін орнатылған, ал кейінгі кезеңде Римнің символы болып сақталып қалды.
Б.з.д. 474 жылы италиялықтар этрустарға соққы береді, сауда жолдарынан ығыстырып, қуатынан айырады. Сөйтіп, ғасырдың басында этрус мәдениеті құлдырай бастады. Қақтығыстарға қарамай этрус суретшілері грек өнерінің мол мұраттарын өте шебер пайдалана білді және этрустардың өнері Римнің көркем өнерін жоғары деңгейде қалыптастыруға ерекше үлес қосып отырды.
Б.з.д. ғасырлар аралығында Рим күшеюіне байланысты Жерорта теңізі маңайындағы, яғни жан-жағындағы мемлекеттерді жаулап ала бастады, содан б.з.д. Ы ғасырда ірі құл иеленуші күшті мемлекеттердің біріне айналды. Рим мәдениеті, өнері этрустар мен гректердің әсерімен дамыды. Римдіктердің тарихына этрустардың бірнеше ғасыр бойы өсер еткендігінің белгілері әлі де сақталып келеді. Жан-жағындағы елдерді жаулап, өзінің билігін жүргізген римдіктер, оларға тәуелді, яғни тиесілі патшалықтардың ең құнды заттарын, әсем ескерткіштерін өз еліне әкетіп жатты. Сонымен Грекия Римді, бір жағынан, өз сәулетшілігімен жоғары көтерсе, екіншіден, қоғамдық ғимарат алаңдары неше түрлі мүсіндерге толды. Олардың ішінде Фидий, Мирон, Поликлет сияқты ұлы шеберлердің туындылары болды. Римдіктер көп нәрсені грек өнерінен үйренді, олар грек сәулет өнерін жоғары бағалаумен қатар, өте жақсы игерді. Оны сол кезеңдегі құрылыстардан байқауға болады.
Рим шеберлері құрылыстарды қалыпты етіп тұрғызуда гректер мен этрустардың және шығыс елдерінің бай тәжірибесін пайдаланды. Рим сәулет өнерінде бастапқы орында тұрған Рим форумы ерекше аталады. Ең алғашқы форум Помпей атауымен белгілі.
Бейнелеу өнерінде римдіктер портретке көп көңіл бөлді. Олардың портреттік мүсінінде нақтылық пен айқындық бар, онда Рим өнерінің ерекше көркемдігі көріне бастады. Тарихи тұлғаларды мүсіндеу жолға қойылды және ақиқат, шындық бейнелер жасау мақсат етілді.
Рим империясы өнері (б. з. д. ғасырлар)
Біздің жыл санауымыздың басында Италияда республикалық құрылыс құлап, оның орнына Рим империясы орнады. Алғашқы император болып Октавиан Август тағайындалды. Ол басқарған үкімет басқа халықтарға қатысты өте катаң саясат ұстады. Август елдің мемлекеттілігін сақтады және құрылысты жаңартты, императорлық билікті қаз қалпында ұстады. Бұл император үлкен реформаторлық өзгерістер әкелді.
Августың дәуірі өнерді гүлдендіру, яғни гректің классикасын жалғастыру кезеңі болды. Император саясатта да, әдебиетте де, өнердің барлық түрінде римдіктердің басқалардан артықшылығын баса көрсетті. Ең алдымен, Рим қаласын қолға алды, ескі кірпіштен қаланған шаһарды қайта жаңғыртып, жарқыраған ак мәрмәр тастан салдырды. Осындай құрылыстардың ішінен 50—70-жылдары салынған Колизей амфитеатры ерекше аталады. Оның қабырғасы ірі тас кесектерден қаланған және биіктігі 50 м-ге дейін жетті. Амфитеатрға 50 мың адам сыяды. Оның ішінде жүздеген бөлмелер, демалатын, жуынатын, тіпті жабайы аңдарды ұстайтын, бағатын орындар болған. Сонымен қатар қала кең көлемді кітапханаларымен әлемге танылды.
Императорлар өздерінің жеңісі мен айбынын білдіретін ескерткіер соғуда арка тәсілін қолданды. Осындай арканың бірі — император Титидің жеңісіне қойылған ескерткіш. Ескерткіштің жалпы биіктігі 20 м-ге жетеді. Империя дәуірінде өмір сүрген абыз, ақсүйектердің қалай тұрғанына, асем өрнекті құрылыстарының қандай болғанына Геркуланум мен Помпей қалдықтарынан көз жеткізуге болады. Олардың үйлерінің, сарайларының керегелері росписьтермен көмкеріліп, мозаикалармен безендірілген. Сондай әсерлі, әдемі мозаиканың бірі Фавы үйінен табылған еді. Ондағы мозаика көлемді, 15 м2 аумақты алады. Көрікті де көркем шығармада Александр Македонскийдің парсы патшасы Дариймен соғысы әсерлі бейнеленген.
Императорлық Римде бейнелеу өнерімен қатар салтанатты сәулет кешендері, қорымдар салу жоғары деңгейге көтерілді. Траян қорымын көне қорымдардың бірі ретінде қарастыруға болады. Ол орасан зор аумағымен, еңселіліғімен көзге түседі. Жалпы, қорым төртбұрышты алаңды алып жатыр, аумағы 116х95 м-ге дейін. Алаңның дәл ортасында атқа мінген император Траянның коладан кұйылып, алтынмен апталған мүсіні бар. Қазіргі кезде бұл қорымнан тек мүсін мен Траян мұнарасы ғана сақталып қалған. Осы атақты мұнара бедері сол кездегі Рим империясы бейнелеу өнерінің ең көрнекті ескерткіші болып табылады. Императорлар заманында портреттік, аттылы мүсіндер сомдау кеңінен тарады. Олар көбіне қоладан сомдалып, мәрмәр тастармен қапталды. Сондай айтулы салт атты мүсіннің бірі — император Марк Аврелидің салт атты сом бейнесі (180 жыл). Кейінгі ғасырларда өмірге келген мүсіншілер Донателло мен Андреа дель Верроккио осы мүсіннің сомдалу тәсілдерін зерттей отырып, әсем ескерткіштер жасады. ЫВ ғасырдың соңы мен ЫЫЫ ғасырдың басында Рим империясы әлсіреп, солтүстік-шығыстан көптеген тайпалар елді жаулап алып, жаугершілік әрекетпен қоныстана бастады. Олар бірінен соң бірі келіп, Римді басып алып, оны тонап, байлықтарын талан-таражға салды. Осындай қозғалыстан кейін, 476 жылдар шамасында Рим шапқыншы-одақтас тайпалардың колына көшті. Сөйтіп, Рим империясының бір бөлігі — Батыс империя өз өмірін тоқтатты. Екінші бөлігі — Шығыс империясы өз экономикасы мен өнерін дамытып
Дәріс 3
Иран сәулет өнері.
Бүгінде «Әлемнің жеті кереметі» туралы естімеген адам жоқ шығар. Бұл атау ежелгі заманның сәулет және мүсін жасау саласындағы ең керемет жеті туындыға қатысты. Б.з.д 2-ғасырда бір финикиялық бұл жеті керемет жайлы бір кітапқа тіркеп жазыпты. Жеті туынды мыналар: Александрия маягы, Мысыр пирамидалары, Родос алыбы, Артемида ғибадатханасы, Зевс мүсіні, Семирамида аспалы бағы және Галикарнас кесенесі. Қазіргі заманда байланыстар кеңейіп, өнерге, кереметтер мен адам қолынан жасалған туындыларға деген көзқарас өзгерді. Қазір жаңа заман жеті кереметін жасау шаралары басталды. Аталған ежелгі жеті кереметтің ішінде тек Мысыр пирамидалары ғана аман сақталып қалды. Мамандардың пікірінше, жаңа таңдама жасау қажет. ЮНЕСКО-ға қарасты бір ұйым тарапынан өткізілген сауалнамаға 100 млн-нан астам адам қатысып, жаңа таңдамалы туындылар тізімін жасады. Оның ішінде Қытай қабырғасы мен Үндіcтандағы Тәж-махал да бар. Көне археологиялық деректер жеті кереметтің көптеген тарихи сырларын ашып берді. Бұл ғажайып туындылар сәулетшілер үшін дін, мифология, өнер, құдірет пен ғылымның нышандары болып табылады. Ал біз үшін олар адам күш-қабілетінің дәлелді дерегі болып табылады. Көне замандағы адам өз өнерін көрсету арқылы өркениеттің негізін қалады. «Өркениет» сөзінің мағынасы «қала, отырықшылық» дегенді білдіреді және жалпы алғанда әлеуметтік құрылымнан тұрады. Әлеуметтік құрылым мәдени шығармашылықтың пайда болу ықтималдылығын арттырады. «Мәдениет» сөзі де, қалыптасқан ұғым бойынша, поэзия, проза, ауыз әдебиеті, этнология және басқа өнер түрлерінен тұрады. Жалпы алғанда, мәдениет бір азаматтық қоғамның негізін құрайды. Ол экономикалық тәсілдер, діни байланыстар, ұлттық және тарихи салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, сондай-ақ қоғамдық мінез-құлық пен жүріс-тұрыстан тұрады. «Сәулет» өнері - мәдениеттің бір тармағы болып табылады және адам қажеттіліктерін өтеу үшін пайда болған өнер. Кейбіреулер «Сәулет - жақсы өмір сүру өнері» деген екен. Басқалар оны өнер мен материяның қосындысы деп атайды. Бірақ сәулет жайлы ең қарапайым және ең нақты сипаттама мынау: «Сәулет – белгілі бір замандағы бір қоғамның мәдени келбеті». Жақсы сәулет туындысының ерекшелігі де көп. Бұл ерекшеліктер мыналар: шығармашылық сезімнің болуы, климатология, қоғамтану, психология, дінтану, техникалық білім мен математикалық есептерден хабардар болу. Баспана ретіндегі сәулет құрылыстарының тарихы адамзат тарихымен бірге тереңге бойлайды. Бірақ бүгінде сәулет өнері философия, экономиканы жоспарлау және дамыту, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары, атап айтсақ, биологиядан ықпал алған құрылыс салу өнері болып табылады. Сәулет қазіргі заманда адамзаттың ең күшті әлеуметтендірілген өнері ретінде адамды қоршаған ортамен тікелей байланыстырады. Бұрынғыдай кеңістік, құрылыс және қаланың болуы адамдардың күнделікті өмірінде айтарлықтай рөл атқарады. Қалалар ғылым мен математикалық өнерді пайдаланып жобаланған ғимараттарға толы. Сөйтіп, бізді қоршаған орта пайда болды.
Сәулет өнері - кеңістікті тудырушы өнер. Атақты өнертанушы Ламонт Мурдың айтуы бойынша, «сәулет - адамның пайдалануы үшін кеңістікті шектеу өнері».
Ирандағы сәулет өнерінің тарихы оның өз тарихымен замандас. Сәулет өнері – ең ежелгі өнерлердің бірі. Ежелгі Ирандағы сәулет өнерінің дамуы бұл жерде қала салу, бөгет салу және алғашқы инженерлік құрылыстардың пайда болуымен тікелей байланысты. Иранның түкпір-түкпірінде, бұрын Иранның территориясы болып есептелген жерлерде немесе ирандық сәулетшілер өз өнерлерін көрсеткен жерлерде Иран сәулет өнерінің үлгісі болып табылатын жүздеген құрылысты көруге болады. Археологтардың жазбаларында Иран сәулет өнерінің тарихы б.з.д. 6 мың жылдықтан басталады. Ирантанушы Артур Поп былай дейді: «Иранның сәулет өнері өзінің ұзақ тарихы бойында үш тұғырға – беріктік, жанға жайлылық және керек-жарақпен қамтамасыз етуге негізделген. Иран сәулетшілері өз құрылыстарында жобаның бірегейлігі мен қарапайымдылықты әсемдікпен үйлестіре білген». Поптың мақтауы, шындығында, бірнеше рет тарих растаған сөздердің бірі. Персеполистің салтанат залдары мен бағандары, Бағдадтың жанындағы Тисфунде орналасқан Касра тағы, Иран мен Пәкістанның Бәлуджистан облыстарында орналасқан ежелгі өркениет ескерткіштері, Мервтегі ежелгі ғимараттар, Керманшаһтағы ежелгі тақ, Исфаханның тарихи мешіттері, Үндістандағы Тәж-Махал және осыдан басқа мыңдаған құрылыс – осы ежелгі жер сәулетшілеріне тиесілі қымбат туындылар болып табылады. Осы туындыларда қолданылған сәулет өнері көп жағдайда қарапайым болғанымен, өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктерді Иран сәулетшілерінің стилі деп атауға болады. Бұл ерекшеліктер жылдар бойы әртүрлі мәдениеттер тоғысында қалыптасып, Иран сәулет өнерін әлемдік деңгейдегі сәулет өнерінің маңызды мектебіне айналдырды. Маңызды бір мәселе – Иран халқы наным-сенімдерінің сәулет құрылыстарында көрініс табуы. Сол себептен қасиетті де саф туындылар жасалды. Ислам келгеннен кейін Иранның сәулет өнерінде жарқын бетбұрыс болды. Ол асыл туындыларды адамзат өнерінің қорына қосты. Иран стилі негізінде исламдық өрнек және жазумен безендірілген мешіттер мен ғимараттар салу – Ислам дінінің Иран сәулет өнеріне тигізген әсері болып табылады. Ғасырлар бойы өнерлі мұсылман сәулетшілер исламдық құндылықтар негізінде кемеліне жеткен ғимараттар салуға тырысты және осы жолда шынымен-ақ сәттілікке жетті. Иран сәулет өнерінің ежелгі заманнан осы күнге дейінгі тарихына көз салсақ, Иранның ежелгі өркениетінің жүрегіне жол табуға болады. Біз осы аптадан бастап «Иранның мәдениеті және сәулет өнері» атты бағдарламаны сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Ирандағы сәулет өнерін зерттеуде Исламға дейінгі және кейінгі сәулет стильдеріне тоқталып өтеміз және Иранның қазіргі сәулет өнерін бағдарлама шеңберінде таныстырып өтетін боламыз. Сондай-ақ, сіздерді Иран сәулет өнерінің интраверт, жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану, адам қажеттіліктерін өтеуге негізделу, табиғатқа көңіл бөлу және ғимарат ішінің жарық болуына көңіл бөлу сияқты ерекшеліктерімен таныстырамыз. Келесі бағдарламаларда базар, мешіт, медресе, қамал, сарай, монша, көпір, керуенсарай және тұрғын үйлер сияқты әртүрлі сәулет құрылыстарымен таныстырып, олардың өзіндік ерекшеліктерін баян етеміз.
Иран ғимараттары – ирандық сәулет көркем өнерінің көрінісі. Біз оларды қарастыра отырып, Иран ғимараттарын безендіру үлгісіне де көңіл аударамыз. Сіздерді кафельдеу, алебастрмен әсемдеп сылау, шынымен әшекейлеу және суретпен көмкеру өнерімен таныстырамыз.
Ирандағы және дүние жүзіндегі Иранның атақты сәулетшілері мен олардың сәулет саласындағы туындыларымен таныстыру – осы бағдарламамыздың тағы бір мақсаты болып табылады.
Дәріс 4
Қазақстан сәулет өнерінің даму кезеңдері.
Қазақстан аумағында сәулет өнері жоғары палеолит кезеңінде пайда болды. Ол кездегі алғашқы тұрғын үй құрылыстарының іздері сақталып қалған (олар Орталық Қазақстан облысы аумағында табылды). Қола заманындағы темірден жасалған қаруларды пайдалану кең-байтақ дала байлықтарын игеруге жағдай жасады. Қола дәуіріндегі ғимараттар тік бұрышты формада жасалып, олар тұрғын және шаруашылық бөлімдерінен тұрды. Кейінірек дөңгелек формадағы үйлер мен киіз үйлер пайда болды. Сондай-ақ, қабірдің де формалары өзгеріп отырды. Қабір басына 30 метрге жететін күмбездердің салынуы жиі кездеседі. Кейінірек олар тік бұрышты тақталармен қоршалды. Орталық Қазақстан ескерткіштері тобына Жезқазған қаласының маңындағы Аяққамыр, Алаша-хан (11-12 ғғ.) мұражайлары жатады. Алаша хан күмбезі – Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір және Сарыкеңгір өзендері қосылар тұстағы биік жотаның үстінде орналасқан. Ғалымдар күмбезді Қарахан әулетіне, оғыз-қыпшақ заманындағы сәулет өнерінің қатарына қосады. Зерттеушілер түрлі болжамдар айтқанымен, күмбездің уақыт зардабынан мүжіліп тозған түрі мен басқа ешбір ескерткішке ұқсамайтын көркемдеу тәсілі арғы замандарға сілтейді. Алаша хан күмбезі порталды-күмбезді сәулет өнері үлгісіне жатады. Аумағы 9,73х11,9 метр. Биіктігі 10 метр. Төңірегі қалың қорым, неше түрлі бейіттер тұрғызылған. Күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Олардың көлемі 230х14х60 мм, 260х230 мм, 320х320х60 мм, тағы сол сияқты әр түрлі болып келеді. Күмбезге кіреберіс сол жақ бұрышта баспалдақты тар қуыс бар. Сол арқылы жоғары көтеріліп барып, күмбездік айналма екінші қабатқа, одан портал аркасының желке тұсынан кесене үстіне шығуға болады. Жарық кесенеге қабырғада орнатылған терезелер арқылы түседі. Алаша хан күмбезінің шынайы қалпын онымен тұстас сәулеттік үлгілерінің ортақ жәдігерліктермен салыстыру арқылы елестетуге болады. Осы орайда ол, негізінен, Қарахан әулеті дәуірі сәулет үлгілерінің Салжұқ өнері аталатын түрлерімен байланыстырылады. Бұл үлгідегі ескерткіштер көбіне Түркіменстанда кездеседі. Алаша хан күмбезін Қазақстан жеріндегі Айша Бибі, Жошыхан, Қожа Ахмет Яссауи мазарлары үлгілерімен де салыстыруға болады.
Түркістанның таңғажайып көрікті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) енгізілген. Отырар жазықтығында орналасқан бұл кесененің маңында 150 астам кішігірім қалашықтар, қорғандар, қамалдар мен қорғалған мекендер, керуен-сарайлар болған, кейбіреулері б.з.д 2 ғасырға жатады. Кесене Әмір Темірдің бұйрығымен 1399 жылы 233 жыл тұрған ескі құрылыстың орнына салынып, мұсылмандардың қасиетті орындарының біріне айналды.
Оңтүстік Қазақстандағы 802 ескерткіштер ішінде : 528 археология ескерткіштері; 42 тарихи ескерткіштер; 226 сәулет ескерткіштері болып есептеледі. Ең қызық археологиялық ескерткіштер IX -XII ғасырлардағы қараханидтер кезеңіне жатады. Бұл кезең Ұлы Жібек Жолы өркендеп келе жатқан кездегі әйгілі Отырар қаласы, яғни археологиялық қазбалар арқасында, тарихи-мәдени қорық болып, Отырар жазирасына ұласып, атақты туристік нысанға айналды.
Сонымен қатар бұл жерде моңғолдар шапқыншылығынан зардап шеккен тамаша тарихи мұражай нысандар да бар. XII-XX ғасырға жататын ескерткіш Арыстан Баб атақты киелі көріпкелге арнаған. Көптеген тарихи кезендерді бастан кешкен бұл кесененің биіктігі 40 метр. Қазақ хандар резиденциясы сақталған орталық залында арнайы мұражай – пантеон ашылды. Мұражай маржаны болып мұсылман елдері ішіндегі ең үлкен ыдыс –Тай Қазан бар. Ол 7 металл қоспасынан жасалған.
ЮНЕСКО сарапшыларының бағалауынша өн бойы өрнекпен өріліп, айшықпен көмкерілген және 60-тан астам түрлі оюлармен безендірілген терракот кірпіштер сыртқы жапсырма емес, қабырғалық материал болып өрілген әлемдегі жалғыз мұра Айша бибі кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. 12 ғасырда салынған. Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылында орналасқан. Кесене құрылысын 1897 жылы В.Каллаур, 1938-1939 жылдары А.Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан Ғылым академиясының экспедициясы зерттеген. Айша Бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х 7,6 метр, бұрыштары бағана тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3 х 1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір арқалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгерісі өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 биіктікте бағаналарға араб әріпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...» деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Айша бибі кесенесі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілген.
-Кеңес үкіметінің орнауы Қазақстандағы сәулет өнеріне күрделі өзгерістер енгізді. 19 ғасырдың 20 жылдарынан бастап революцияға дейін пайда болған қалаларды көріктендіру шаралары жүргізілді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында Усть-Каменогорск (Л.Маковеев, 1965), Қарағанды (А.Хохлов, 1966), Теміртау (1966), Экібастұз (Ф.Гулнев) қалаларын жобалау шаралары іске асырылды. Осы кездегі құрылысқа тән сипат – бірсарынды жоғары қабатты бұқаралық тұрғын үйлердің салынуы.
Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанның сәулет құрылысы өзгерістерге ұшырап, жаңа элементтердің елеулі алғы шарттары жасалды. Тек Астана қаласында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа қалаларында да көз тартар тұрғын үйлер, офистер, банктер, мәдени ескерткіштер, спорт комплекстері мен басқа да ерекше ғимараттар салынды. Бүгінгі күні Астана еліміздің ең ірі құрылыс алаңдарының бірі. Құрылыстың жоғары жылдамдығын Астанада ашылған жоғары дәрежелі «Интерконтиненталь», «Сұлтан Бейбарыс», «Аққу», «Пекин Палас Soluxe Hotel Astana» қонақ үйлерінен байқауға болады. Сондай-ақ, Ұлттық мұражай, Музыкалық академиясы, Халықаралық әуежай, кино театрлары «Сары-арқа», «Синема сити», «Бәйтерек» сияқты демалыс және қоғамдық кешендері салынған. Министрліктер үйі, “Қаз Мұнай Газ” Ұлттық компаниясы және т.б. Әкімшілік ғимараттары да үлкен әсер қалдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |