ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-31.1.29/01-2014
|
ПОӘК
«Арнайы психология» оқытушыға арналған бағдарлама
|
№2 басылым
11.09.2014 ж.
05.09.2013 жылғы
№1 басылым орнына
|
«АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯ»
ПӘНІНЕН ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В010300 «Педагогика және психология» мамандығы
ПӘННІҢ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
СЕМЕЙ-2015
1ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы: педагогикалық
психология аға кафедрасының оқытушысы __________ Серикбаева Н.Б.
2 КЕЛІСІЛДІ
2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.
Хаттама № « » 20 ж.
Кафедра меңгерушісі, псх.ғ.к. _______________ Джумажанова Г.К.
2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.
Хаттама № « » 20 ж.
Төрайымы, п.ғ.к. _________________ Ахметова Т.Ш.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданып, басуға ұсынылды.
Хаттама № « » 20 ж.
ОӘК төрайымы ________________ Искакова Г.К.
4 БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Мазмұны
1
|
Қолданыс аясы
|
|
2
|
Нормативтік сілтемелер
|
|
3
|
Жалпы ережелер
|
|
4
|
Оқу пәнінің мазмұны (модуль)
|
|
5
|
БӨЖ тақырыптары
|
|
6
|
Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
|
|
7
|
Әдебиеттер
|
|
|
|
|
1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ
«АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯ» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы «АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯ» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:
- Нақты білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты;
- 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының типтік оқу жоспары;
- СТУ 042-ГУ-4-2013 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;
- ДП 042-1.01-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1. Пәннің қысқаша мазмұны
Бүгінгі таңда қоғамымыздағы және білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласына жаңаша қарауды талап етіп отыр. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы талаптарды жүзеге асыруда педагог-психолог мамандарының орны ерекше. Соның ішіндегі тіл кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы болашақ мамандарды дайындауда алдына үлкен міндет қояды. Осы міндетті шешуде Арнайы психология және логопедия пәнінің маңызы зор.
3.2 Пәнді оқытудың мақсаты:
Болашақ мамандарға дамуында тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізудің әдістемесін меңгерту.
3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеті:
-
Тіл кемістігін түзетудегі оқыту, тәрбиелеу процесін ғылыми-теориялық тұрғыдан меңгерту;
-
Арнайы психология және логопедия ғылымы бойынша сөйлеу процесінің анатомия, физиологиялық механизмі, тіл кемістігінің түрлері, оның себептері туралы білімін жетілдіру;
-
сөйлеу ырғағының бұзылу себептерін анықтап, оны түзетудің жолдарын үйрету;
-
тіл кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыра білуге тәрбиелеу;
-
тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізуде студенттерді практикалық кәсіби біліктілікке дайындау;
-
даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктерін меңгерту.
3.4 Оқыту нәтижесі:
Курстың соңында студент
білуі керек:
-
пәннің мақсат- міндеттерін; негізгі ғылыми психологиялық- педагогикалық терминдерді, түсініктерді;
-
жеке тұлғаның аномальды даму жолдарын;
игеруі керек:
-
даму мүмкіндіктері шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу тәжірибесін бақылау, талдау және қорытуға;
-
жағдаяттарды шешу барысында қолданылатын ғылыми- практикалық білімді;
меңгеруі керек:
-
дамуында тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізудің әдістемесін меңгерту.
қолдана білуі керек:
-
нақты түзету-тәрбиелеу міндеттерін шешуде теориялық білімін қолдануды;
-
даму мүмкіндігі шектелген балалармен тәрбие жұмыстарын орынды жүргізе білуі;
-
оқу барысында алған білімін тәжірибеде қолдана білуі;
түсінуі керек:
-
нақты түзету-тәрбиелеу міндеттерін шешуде теориялық білімін қолдануды;
істей алу керек:
-
отбасы және мектепке дейінгі мекемелермен қарым-қатынасты орната білулері тиіс.
-
тіл кемістігін түзетуге арналған сабақ жоспарын құра білуі;
иемденуі керек:
-
адамның табиғи мүмкіндіктерін дамыту туралы білімді.
-
оқу-тәрбие жұмыстарының әдістері мен нысандарын таңдаудың және пайдаланудың жалпы және арнаулы дидактикалық қағидаларын жүзеге асырудың тиімділігін айқындай білуі.
3.5. Курстың пререквизиті
- Психология;
- Физиология;
- Педагогика;
3.6 Курстың постреквизиттері
- Балалар психологиясы;
- Психокоррекция және кеңес беру негіздері;
- Әлеуметтану
3.7. Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:
1 Кесте
Курс |
Семестр
|
Кредит
|
ДС (сағ)
|
СТС (сағ)
|
Зерт. (сағ)
|
БОӨЖ
(сағ)
|
БӨЖ(сағ)
|
Бар
(сағ)
|
Бақылау түрі
|
3
|
5
|
3
|
30
|
15
|
-
|
22,5
|
67,5
|
135
|
емтихан
|
4 ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ
2 Кесте
Тақырыптардың атауы мен мазмұны
|
Сағат саны
|
1
|
2
|
Дәріс сабақтары
|
-
|
Модуль 1. Кіріспе.
Арнайы психология пәніне кіріспе
Арнайы психология педагогика ғылымының саласы ретінде Арнайы психология (латынның Defectus – кемшілік және гректің LOGOS – сөз, ілім ) деген сөздерінен құралған. Арнайы психология дамуында кемістігі бар балаларды зерттейтін ғылым.
Ғылыми танымның саласы ретінде Арнайы психологияның зерттеу пәні болып физикалық және психикалық кемісітігі балаларды тәрбиелеу мен оқыту болып табылады.
Арнайы психология бірқатар дербес салаларды біріктіреді. Мысалы сурдопедагогика – есту кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді зерттейді. Тифлопедагогика – көру кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды зерттейді. Олигофренопедагогика ақыл – есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеуді зерттесе, логопедия сөйлеу кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласын қарастырады. Арнайы психология сондай – ақ дамуында бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияны да қарастырады.
Арнайы психология педагогикалық ғылым ретінде негізгі педагогикалық категориялармен қатар жүреді. Кемтар балаларды жалпы оқыту мен тәрбиелеу үшін құрдастары мен үлкендер тарапынан қарым – қатынас жасау жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Кемтар балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері педагогиканың жалпы принциптері мен анықталады. Мысалы: белсенді қоғамдық пайдалы өмірге даярлау, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, бірақ ол кемістіктің құрылымы мен дәрежесіне сәйкес лайықты көлемдегі әдіс – құралдармен жүзеге асады.
|
2
|
Дамуында кемістігі бар балалар
Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Оның мақсаты осы балаларды өздерінің мүмкіндіктеріне сәйкес өз бетінше белсенді пайдалы өмірге даярлау болып табылады, сонымен қатар өмір мен еңбек жағдайларына икемдеуін қарастырады. Ғылыми зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, ғалым – дефектологтар дамуында кемістігі бар балалардың дамуының объективті заңдылықтарын зерттейді, оларды тәрбиелеу мен оқытудың жүйесін негіздеп жасайды. Осылайша соқыр балаларда кеңістікте бағдар ұстауында көмектесетін естуі, сезім түйсігі, иіс сезу және жылулық сезімі өткірленеді.Мылқау бала музыканы вибрациялық сезіну арқылы естіп, оны жасауға дейін жете алады.
Баланың физикалық және психикалық бұзылу ерекшеліктері бүкіл процеске және ақырғы нәтижесі оның танымдық қызметіне де әсер етеді. Сонымен қатар, кемтар балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу жағдайында олардың биологиялық күрделі кемістіктері де ескеріледі.
Кемтар баланы тәрбиелеу мазмұнында көзқарастарымен белгілі қасиеттер жүйесін қалыптастырумен қатар ақыл – ойы, еңбек, эстетикалық, құқықтық тәрбиелік міндеттерді шешу кіреді. Балаларда оптимизммен сенімділікті тәрбиелеу, қиыншылықтарды жеңе білу бейімділігін қалыптастыру, жақсы қасиеттерді үйретуге, өз қылықтарына сын көзбен қарай білуге дамыту маңызды болып табылады.
Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу – бұл білімді, шеберлікті, икемділікті, іс - әрекет дағдыларын беру мен игерудің мақсаты бағыттағы процесі, өмір мен еңбекке даярлаудың негізгі құралы. Оқыту барысында білім беру мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Арнайы психология арнайы дидактика мәселелерімен айналысады.
Кемтар балаларға арналған оқыту әдістері мен жүйелерін сараптау кезінде сондай – ақ баланың жасы, ақаулығы пайда болу уақыты есепке алынады. Кемтар баланың дамуының дәрежесі қалыпты балаға қарағанда оқытуға көп байланысты. Сондықтан оқыту қалыс қалған немесе уақытында басталмаса кемтар балалардың дамуында түзетілмес зиян әкеледі, олардың психикалық қызметінің қалыптасуы тежеледі. Сонымен қатар дені сау құрдастарынан артта қалуы тереңдей түседі. Сондықтан тәрбиелеу мен оқыту уақытында басталуы тиіс.
|
4
|
Модуль 2. Логопедия негіздері.
Логопедия ғылымы
Логопедия дегеніміз - сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Логопедия - логос (сөз және пайдео) тәрбиелеймін, үйретемін деген грек сөздерінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогиканың бір саласы болып есептелінеді. Логопедияның зерттеу обьектісі - сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.
Қазіргі логопедия мектеп жасына дейінгі, мектептегі логопедия және жеткіншектер, мен ересектер логопедиясы деген бөлімдерден тұрады. Логопедияның мақсаты мен міндеттері.
Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған баланы оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен қатар сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын – ала сактандыру жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады.
|
2
|
Сөйлеу процесінің анатомия, физиологиялық механизмі
Сөйлеу процесі адам баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психикалық қабілет және ол шартты рефлекс заңдарына байланысты. Сөйлеу қабілеті сөйлеу аппараттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы іске асады. Сөйлеу аппараты орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес қабілетті жүйе болып саналады.
Орталық сөйлеу аппараты адамның миында орналасқан. Ол ми қыртысынан (сол жақ мидың), ми қыртысы астындағы ядролардан ми өзегі ядроларының, соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс жолдары дауыс және ауыз сөйлеу процесіне қатысы бар еттер мен сіңірлердің нервтерінен тұрады.
Адам сөйлеу үшін мидің әртүрлі бөлігі қатысады дегенмен де ми қыртысының кейбір боліктері басты рол атқарады. Олар:ми қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктері, әсіресе мидың сол жақ қыртысы. Ми қыртысының шеке бөлігінде орналасқан (төменгі қыртысында) Брок орталығы, адамның дауыс шығару процестері осы орталықтың арқасында іске асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігінде Вернике орталығына басқа адамның сөйлеген сөзін естіп түсіну қабілетін іске асыратын орталық орналасқан. Осыған байланысты адам басқа дамның сөйлеген сөзін естіп, түсінеді.
|
2
|
Модуль 3. Тіл кемістіктері түрлері.
Тіл кемістігін топтастыру
Тіл кемістігі деп - сөйлеу қабілетінің психафизиологиялық механиімің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз.
Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегіше сипатталады:
1. Өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, қайта бекиді;
2. Сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді;
3. Оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялық ықпал жасауды талап етеді.
4. Баланың одан әрі дамуына кері әсерін жиі тигізеді.
5. Тіл білмейтін – диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды.
6.Сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизімінің ақаулықтарымен байлаысты.
Бұл ерекшеліктер тіл кемістіктерінің айырмашылығын көрсетеді.
Баланың сөйлеу тілінің бұзылуының себептері:
1. Сөйлеу тілінің ең ауыркемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының екіқабат кезіндегі таксикоз, вирусты және басқада аурулар әсер етуі мүмкін;
2. Босану кезіндгі жарақаттану және босану кезіндегі балаға ауа жетпеуі;
3. Бала өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;
4. Бала сүйегінің жарақаттануы;
5. Тұқым қуалаушылық факторлар;
6. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайлардың қолайсыздығы.
Осы атап өтілген себептер ерекшеліктеріне қарай табиғи және функциональды болып екіге бөлінеді.
|
2
|
Дислалия және оның себептері
Дислалия гректің Dis – бұзылу, Logos – сөйлеу деген сөздерінен құралған.
Дислалия дегеніміз есту қабілеті дұрыс және сөйлеу аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы.
Этиологиялық себептері бойынша дислалия механикалық (органикалық) және функционалдық дислалия болып екіге бөлінеді.
Механикалық (органикалық) дислалия, оның себептері.
Механикалық (органикалық) дислалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының сыртқы органикалық және оның сүйегі мен бұлшық еттері құрылысы ақаулықтарының салдарынан сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылмауы.
Тіл астындағы сіңірдің қысқалығы механикалық дислалияның біршама жиі кездесетін себептеріне жатады.
Бұл ақаулықта тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Одан басқа, тілдің ауызға зорға сиып тұратын өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бұзылады.
Жақ сүйектері құрылысының ақаулықтары үстіңгі және астыңғы тістердің ауытқуына себеп болады. Үстіңгі тістер астыңғы тістер мен қабысқанда дәлме – дәл тістер қиылысып, тістескенде тістену дұрыс болмай шығады. Тістенудің ауытқуларының бірнеше түрлері болады.
Кемиек (прогнатия) – үстіңгі жақ сүйегі алға қатты шығып тұрады. Осының салдарынан үстіңгі тістер астыңғы тістермен тістенбейді.
Опырауыз (прогения) – астыңғы жақ сүйегі сойдиып алға шығып кетеді де, қабысқанда тістенбей, аралары ашық қалады. Кейбір жағдайларда тістенбей қалу тек тістердің арасында болады. Азу тістердің тістенбеуі сол жақтың және оң жақтың қабыспауынан болады.
|
2
|
Фонемаларды түзету
Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді.
1. Дайындық кезеңі;
2. Дыбыстарды қою кезеңі;
3. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі;
4. Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі.
Дайындық кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: баланы түзету жұмыстарына ынталандыру, саналы түрде берген тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляцияны дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату мақсаты жатады.
Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады.
Дыбыстарды қою кезеңі. Бұл кезеңде негізігі үш тәсіл қолданылады. Бірінші тәсіл еліктеуге негізделген. Бала естіген, көрген дыбыстарын қайталауға талпынады. Екінші тәсіл құралдардың немесе саусақтардың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасайды. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланады, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен баяу түрде қажетті қалыппен қозғалысқа келтіріледі. Үшінші тәсіл аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша түсіндіру арқылы қажетті әріпті мейлінше толық және дәл айтуға көмектеседі.
|
2
|
Дизартрияның түрлері
Дизартрия дегеніміз сөйлеу мүшелерінің инервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тілі дыбыстардың айтылу кемістіктері.
Дизартрия гректің артрон – мүшелену және бөлшек, дис – бұзылу сөздерінен шыққан. Анықтап айқын сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тілі дыбыстардың бұзылуы, дауыстың пайда болуындағы кемістіктері, сонымен бірге сөйлеу шапшаңдығындағы, сарынындағы өзгерістер жатады.
Аталған кемістіктер орталық немесе шеткі нерв жүйелерінің зақымдануының түрліше қисындасып жинақталуына, кемістіктердің ауырлығына, ақаулықтың пайда болған уақытына байланысты дәрежеде көрінеді.
Клиникалық, психологиялық және логопедиялық тексерудің нәтижесі дизартриясы бар балалар сөйлеу тілінің, психикасының қимылдарының бұзылулары жағынан әр алуан екенін көрсетті.
Дизартрияның шығу себебі баланың құрсақтағы және жас кезіндегі жетіліп келе жатқан миына әртүрлі келеңсіз жәйттердің тигізетін зиянының нәтижесінде орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануының әсерінен болады. Бұл көбінесе толғақ қызуының келеңсіз жағдайларына мүмкіндік жасайтын ұзаққа созылған қатты инфекцияның оттектің жетіспеушілігінің, екіқабат кезіндегі токсикоздық және басқа да бірқатар жәйттердің нәтижесінде құрсақтағы зақымданудан болады. Бұндай жағдайлардың көбіне бала туылған кезде асфиксия пайда болады және шала туады.
|
2
|
Ринолалияның түрлері
Ринолалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының анатомо – физиологиялық ақаулығының салдарынаң дауыстың әуезділігімен дыбыстың дұрыс айтылуынын бұзылуы. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дауыс әуезінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалияны дислалия мен ринофониядан ажыратуға мүмкіндік береді.
Ринолалия артикулияда, дыбыс шығару (фонация), дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының ара қатынастарының бұзылуынан болады. Адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстары айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ, пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады.
Бұл қуыстар жұмсақ таңдай мен жұтқыншақ артқы және жанындағы бұлшық еттердің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақ жабысуы арқылы бөлінеді.
Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылымен жұтқыншақтың артқы жағының қалындауы бір уақытта болады және ол сонымен қатар жұмсақ таңдайдың арт жақ үсті жұтқьншақтың артқы жағымен жалғасуына мүмкіндік туғызады.
Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың жақтауларының
жалғасу деңгейі жұмсақ таңдайдың ұзындығына байланысты өзгеруі мүмкін.
|
2
|
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар
Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан басқа жазуы тілдің бұзылуы болады. Қандай бала болмасын ешуақытта бірден дұрыс жазып және оқып кете алмайды. Балалардың барлығы да оқу мен жазуды үйренудің алғашқы сатысында азды - көпті қателерді жіберетіні кімге болса да белгілі Жайт. Сөйлеу тілі дұрыс жетілген балалар мектепке дейінгі жастарында ақ қажетті сөздік қорларын игереді, сөйлеу тілінің грамматикалық түрлерін меңгереді, сөздердің, дыбыстардың әріптерін талдауды меңгере алатындарына дайын екендігі кімге болса да белгілі жайт. Р.Е.Левинаның, Н.А.Никашинаның, Л.Ф.Спированың зерттеулеріне қарағанда мектеп жасына дейінгі тіл мүкістіктері бар балалар дың дыбыстарды талдауға дайындығы дұрыс сөйлейін балаларға қарағанда әлде қайда нашар екен. Сондықтан сөйлеу түрінің түрлі мүкістіктері бар балалар жалпы мектептердегі оқытудың жағдайында жазуды және оқуды толық меңгеріп кетуге шамалары келмейді. Жазуында кемістігі бар балалардың айтылған сөздердің мағыналарын дұрыс түсінбеулерінің жазған жазуларын да түсінуі қиын болады. Оқу мен жазу бір бірімен тығыз байланысты болғандықтан жазуындағы кемістіктер оқуында да қатар жүреді. Өзінің жазғандарын ың дұрыстығын тексеру үшін бала қайталап оқып шығу керек немесе жазғанын басқа білетін біреуге оқытады. Жазудың патологиялары аграфия, дисграфия деген терминмен аталады.
|
2
|
Алалия
Алалия сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі ең ауыр түрі. Алалияға шалдыққан бала тілі шықпаған мылқау болады. Ондай баланың сөйлеу тілі логопедияның жәрдемісіз өздгінен қалыптаспайды. Алалия дегеніміз – гректің а – жоқ деген мағынада қолданылатынның латынның Logos сөйлеу деген ұғымдарын білдіреді. Ол бас ми қабығының сөйлеу тілі аймағындағы іштен немесе баланың жас кезінде болатын органикалық зақымданудың салдарынан сөйлеу тілінің жетілмей қалуы немесе барлық жүйесінің толық дамымауынан болатын кемістік.
Алалия кемістігі бар баланың есту қабілеті мен сөйлеу тілі мүшелерінің шеткі құрылыстарының сақталғандығы және сөйлеу тілінің жеткілікті дамуы үшін ой өрісінің толық мүмкіншілігі бар екендігі байқалады. Баланың мүлдем сөйлей алмауы оның дұрыс жетілуін күрт тежейді және айналасындағылармен қарым – қатынасына нұқсан келтіреді. Сонымен қатар, ақыл ойының дамуын біртіндеп кешеуілдетуге әкеп соғады.
Сөйлеу тілінің қалыптасуындағы бұзылудың шығу себебі орталық нерв жүйелерінің органикалық зақымдануына байланысты. Оған менингиттен, қызылшаның асқынуынан, бас миының жарақаттан зақымдануы, ісіп қызаруы, ауыр және мезгілінен бұрын
босанудың салдарынан миға қан құйылуы, ұрықтың
құрсақтағы даму кезеңіндегі, сондай-ақ баланың бір айлығынан бір жасына дейінгі кездегі зат алмасуының бұзылуы жатады.
Үлкен жарты мидағы сөйлеу тілі аймағының зақымдануына байланысты алалия сенсорлы және моторлы болып екіге бөлінеді.
|
2
|
Афазияның түрлері
Афазия дегеніміз бас миының жайылмаған зақымына байланысты сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы.
Афазия пайда болу себебі мидың қан айналымы бұзылуынан (ишемия,геморрогия) зақымданудан, ісіктен, бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады. Қан тамырларының бұзылу салдарынан болатын афазия көбінесе ересек адамдарда пайда болып қалыптасады. Бас ми қан тамырларының (аневризм) кеңейіп жарылуының, тамырлардағы қанның ұюынан (тромбозмболий) бітеліп қалуының, жүректің бұлшық еттерінің (ревматизм) шаншып ауруынан кеселденуінің (порок) және бас сүйегі мен мидың зақымдануының нәтижесінде афазия жасөспірімдер мен жастарда жиі байқалады. Афазия бас миының қан айналымының шамамен үштен бірі бұзылған жағдайда пайда болады және көбінесе қозғаушы афазиясы жиі байқалады. Балалардың афазиясы тек бас сүйегі мен мидың зақымдануының, ісіктің пайда болуының немесе жұқпалы аурудан кейінгі асқынудың салдарынан ғана болады.
|
2
|
Жалпы тіл кемістігі
Жалпы тіл кемістігі - есту қабілеті мен ой өрісі әдеттегінше дамыған балалардың дыбыстық мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрылымының компоненттердің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістік.
Жалпы тіл кемістігін Арнайы психология ғылымы зерттеу институтының Р.Е. Левина бастаған ғалым қызметкерлер (Н.А. Никашкина, Г.А. Каше, Л.Ф. Спирова, Г.И. Жаренкова және т.б.) 5О - 6О жылдары мектеп жасына дейінгі мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан – жақты зерттеулердің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелденді.
Дыбыстарды бұзып айтуын, фонематикалық есту қабілеттерінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлеу құрылысының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дислалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологияларының түрлерінде байқауы мүмкін.
|
2
|
Есту қабілеті нашар балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы
Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мектеп жасына дейінгі мекемелерде істейтін тәрбиешілер жалпы білім беру міндетінен басқа сезіммен байланысты (сенсорлық), долылық (аффективный) қайсарлығындағы, ой - өрісіндегі, сөйлеу тілі мүкістігіне байланысты кемшіліктерді түзетуге бағытталған бірсыпыра жұмыстарды орындайды. Ол өзінің назарын ақыл – оймен жалпы дамуында ауытқуы бар балалардың кемшіліктерін түзетуге және қоршаған орта туралы түсініктерін байытуға ғана бағытталмайды, сонымен бірге анализаторлардың қызметтерінің сақталуын және одан әрі дамуын жетілдіруге бөледі. Осымен баланың компенсаторлық мүмкіншіліктерін, қолайлы дамуына негіз жасалады да нәтижесінде сөйлеу тілін тиімді меңгеруіне ықпалын тигізеді.
Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған бала – бақшадағы тәрбиешіге сөйлеу тілінің мүкістігі бар баланың мінез – құлқына және жеке басын жан – жақты қалыптастыруға барлық мүмкіншілікті береді. Сөйлеу тілі толық дамымаған баланың компенсациясына оның әлеуметтік адаптациясына және келешекте мектепке оқуға дайындауына көпшілік бала – бақшаға арналған бағдарламадағы құжаттардың кейбір түрлерін меңгеруді қажет екенін ескертеді. Ондай құжаттардың түрлеріне қолөнер еңбегі, ойындар, бейнелеу өнер және басқалар жатады.
|
2
|
Зертханалық сабақтар
|
|
-
|
-
|
Тәжірибелік (семинар) сабақтары
|
|
Арнайы психология негіздері
Жоспары:
-
Арнайы психологияның жеке пән ретіндегі мәні, мақсаты маңызы.
-
Даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшелігі.
-
Қазіргі таңдағы Арнайы психология ғылымын зерттеудің жолдары.
|
1
|
Дамуында кемістігі бар балалар
Жоспары:
-
«Кеміс бала» түсінігі.
-
Дамуында кемістігі бар балалардың негізгі категориялары.
-
Аномалияның этиологиясы.
|
1
|
Логопедия ғылымы
Жоспары:
-
Логопедия пәнінің мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері.
-
Қалыптасу тарихы.
-
Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы.
-
Тіл кемістігін зерттеу, сөйлеу тілінің құрамдық бөліктері және олардың дамуы.
-
Дамуында тіл кемістігі бар балаларды тәрбиелеу және оқытудың жолдары.
|
1
|
Сөйлеу процесінің анатомия, физиологиялық механизмі
Жоспары:
-
Сөйлеу аппараттары.
-
Сөйлеу аппараттарының артикуляциялық бөлімі.
-
Сөйлеу аппараттарының дамуындағы кемшіліктер.
-
Дыбысты айтудағы ауыз қуысы және тыныс алу мүшелерінің орналасу қалпы.
|
1
|
Тіл кемістігін топтастыру
Жоспары:
-
Сөйлеу тілінің бұзылуына сипаттама.
-
Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері.
-
Табиғи және функционалды тіл кемістіктері.
-
Мектепке дейінгі балаларда кемістіктің пайда болу себептері және педагогикалық жұмыстар.
|
1
|
Дислалия және оның себептері
Жоспары:
-
Механикалық дислалия, оның себептері.
-
Кемиек (прогнатия), опырауыз (прогения).
-
Функционалды дислалия, оның шығу себептері.
-
Сигматизм, ротацизм, ламбдацизм.
-
Каппацизм, гаммацизм, хитизм, йотацизм.
-
Мектепке дейінгі балалардың тіл мүкістіктерін түзетудің жорлдары, әсері.
|
1
|
Фонемаларды түзету
Жоспары:
-
Фонема ұғымына түсінік.
-
Дыбыстардың дұрыс айтылуы.
-
Дыбыстарды айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері.
|
1
|
Дизартрияның түрлері
Жоспары:
-
Дизартрия ұғымы, оның пайда болу себептері.
-
Дизартрияның түрлері.
-
Анартрия.
-
Дизартрияға шалдыққан мектепке дейінгі балаларды тексеру жолдары, түзету жұмыстары.
|
1
|
Ринолалияның түрлері
Жоспары:
-
Ринолалия ұғымы.
-
Ринолалияның түрлері.
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың дауысының бұзылуы, оның түрлері.
-
Дауыстың функционалды, органикалық бұзылуы.
-
Дауыстың бұзылуын түзету жолдары.
|
1
|
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар
Жоспары:
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың түрлері.
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың пайда болу себептері.
-
Түзету жолдары.
|
1
|
Алалия
Жоспары:
-
Алалия.
-
Моторлы және сенсорлы алалия.
-
Алалияның пайда болу себептері.
-
Оны түзетудің жолдары.
|
1
|
Афазияның түрлері
Жоспары:
-
Афазия ұғымына түсінік.
-
Акустикогностикалық, сенсорлы акустико-мнестикалы семантикалық афазия.
-
Афференттік моторлы, эфферентті моторлы, динамикалық афазия.
-
Афазияны жою жөніндегі педагогикалық түзету жұмыстарының бағыттары.
|
1
|
Жалпы тіл кемістігі
Жоспары:
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгейі.
-
Баланың тіл кемістігін түзету жұмыстарының басты бағыттары.
-
Сөйлеу тілінің даму жолдары.
-
Балалар бақшасындағы сөйлеу тілі бұзылған балалармен тәрбиешінің жұмыс ерекшелігі.
-
Логопедиялық сабақтардың жүйелілігі.
|
2
|
Есту қабілеті нашар балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы
Жоспары:
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің дамуына есту қабілетінің әсері.
-
Есту қабілеті дамуының кезеңдері.
-
Есту ақаулықтарының жіктелуі, есту қабілетін тексеру, түзету жұмысының негізгі бағыттары.
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың есту қабілетінің бұзылуын алдын-ала сақтандыру.
-
Балалар бақшасындағы сөйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмыс кезіндегі педагог-тәрбиешіге қойылатын талаптар.
|
1
|
5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Арнайы психология пәні, міндеттері, принциптері және әдістері.
5.2 Логопедия ғылымы, мақсаты, міндеттері.
5.3 Логопедия ғылымында қолданылатын тәсілдер.
5.4 Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы.
5.5 Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы.
5.6 Фонемаларды түзету туралы жалпы мәлімет.
5.7 Сөйлеу ырғағының бұзылуы: тұтығу.
5.8 Балалардағы тұтығуды жоюда отбасы мен балабақшаның ролі.
5.9 Ринололияның түрлері. Дауыстың бұзылуы.
5.10 Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған балалар бақшасындағы тәрбиешінің жұмыс ерекшелігі.
5.11 Балалардың жазуы мен оқуының бұзылуы.
5.12 Оқуы мен жазуындағы кемістіктерді анықтау оны түзету жұмыстарының басты бағыттары.
5.13 Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар (алалия).
6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
4-Кесте
Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы
|
Саны
|
Студенттерсаны
|
Қамтамасыз ету пайызы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Өмірбекова, Қ. Логопедия. – Алматы,2006
|
10
|
8
|
100%
|
Намазбаева Ж.,Сулейменова Р Арнайы психологиялық сөздiк.-Алматы,2003
|
4
|
8
|
50%
|
Выготский, Л.С. Собрание сочинений: В 6-ти т. Т.5 Основы дефектологии..-М,2008
|
2
|
8
|
25%
|
Рубинштейн, С.Я. Психология умственно отсталого школьника .-М.,2006
|
5
|
8
|
62%
|
Черногрудова, Е.П. Основы речевой коммуникации .-М.,2008
|
1
|
8
|
12%
|
К вершинам мастерства: (Нестандартные уроки и формы работы, классные часы, занятия психолога, логопеда).-Волгоград, 2005
|
3
|
8
|
37%
|
-
ӘДЕБИЕТТЕР:
№
|
Негізгі әдебиеттер:
| -
|
Өмірбекова, Қ. Логопедия. – Алматы,2006
| -
|
Намазбаева Ж.,Сулейменова Р Арнайы психологиялық сөздiк.-Алматы,2003
| -
|
Выготский, Л.С. Собрание сочинений: В 6-ти т. Т.5 Основы дефектологии..-М,2008
| -
|
Рубинштейн, С.Я. Психология умственно отсталого школьника .-М.,2006
| -
|
Черногрудова, Е.П. Основы речевой коммуникации .-М.,2008
| -
|
К вершинам мастерства: (Нестандартные уроки и формы работы, классные часы, занятия психолога, логопеда).-Волгоград, 2005
| -
|
Коррекционная педагогика/Под ред. В. Кукушина.-М., 2004
| -
|
Мастюкова Е.,Московкина А. Семейное воспитание детей с отклонениями в развитии.-М.,2003
| -
|
Настольная книга педагога-дефектолога /Т.Б. Епифанцева, Т.Е.Киселенко, И.А.Могилева и др. .-Ростов-на-Дону,2008
| -
|
Ушакова, О.С. Теория и практика развития речи дошкольника .-М.:,2008
| -
|
Мещерякова, Н.П. Коррекция речевых и неречевых расстроййств у дошкольников :Диагностика, занятия, упражнения, игры.-Волгоград,2009
| -
|
Ельцова, О.М. Организация полноценной речевой деятельности в детском саду. Методические рекомендации :Из опыта работы по программе "Детство" .-СПб.,2005
|
|
Қосымша әдебиеттер:
| -
|
Выготский Л.С. Основы дефектологии// Собр.соч.В 6-тит.Т.-5.-М., 2003
| -
|
Жигорева, М.В.
Дети с комплексными нарушениями в развитии: педагогическая помощь: учебное пособие /М.В.Жигорева.-2-е изд., испр..-М.:Академия,2008.-240с.
| -
|
Гаврилушкина О.П., Соколова Н.Д. Воспитание и обучение умственно отсталых дошкольников-М.,2003
| -
|
Епифанцева Т.Б., Киселенко Т.Е., Могилева И.А., Соловьева И.Г.,Титкова Т.В. Настольная книга педагога-дефектолога – Ростов-на –Дону, 2005
| -
|
Королева И.В. Диагностика и коррекция нарушений слуховой функции у детей раннего возраста СПб., 2009
| -
|
Зайцева Г.Л. Современные научные подходы к образованию детей с недостатками слуха: основные идеи и перспективы// Арнайы психология .-№5,2011
|
Достарыңызбен бөлісу: |