Сабақ № Сабақ жоспары Пән: «Психология негіздері» Сабақ тақырыбы: «Психология ғылымының зерттеу әдістері». Сабақ мақсаты



бет1/3
Дата10.06.2022
өлшемі22.16 Kb.
#459119
түріСабақ
  1   2   3
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ


САБАҚ № ____

Сабақ жоспары


Пән: «Психология негіздері»
Сабақ тақырыбы: «Психология ғылымының зерттеу әдістері».
Сабақ мақсаты:

Психология ғылымының зерттеу әдістері Жоспар:


1. Психология ғылымындағы зерттеу әдістері туралы түсінік


2. Негізгі зерттеу әдістері
3. Қосалқы зерттеу әдістері


1.Психология ғылымындағы зерттеу әдістері туралы түсінік
Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.
1. Ұйымдық әдістер: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); Мысалы, Әр жастағы баланың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтар статистикалық жолмен салыстырылады.немесе бір сұрақты әртүрлі жастағы адамдарға қою. Яғни адамның психо физиологиялық ерекшеліктерін анықтау.-
лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт-жылдар бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).Мысалы: Бұнда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыт(1 жыл немесе 3 жыл, одан да көп жылдар зерттейді). Осы әдісті лонгитюдтік әдіс те атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі. Себебі бір немесе бір топ баланы (10, 20, 30) үздіксіз зерттеу қиын. Семей полигоны аймағының тұрғындыры 1979-1991 жыл аралығында зерттеу объектісі болып табылған
2. Эмпирикалық әдістер. Бақыла-байқау арқылы жүзеге асады (мысалы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері мен темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздері мен сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады немесе белгілі тұрағы жоқ адамдардың тіршілік-болмысын бақылау),
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісіне жатады. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде қарапайым аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелетін объектіні суретке түсіру үшін — фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жанғырту үшін магнитофон, диктофон т.б. пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет