Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ



Дата02.01.2022
өлшемі238.18 Kb.
#453610
Арнайы кужаттар



УМКД

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейдегі СМЖ құжаты ПОӘК

ПОӘК 042–18-9.1.19/03-2014


ПОӘК
«Стандарттар мен нормативтік 11.09.2014 ж.
құжаттаманы № 2 басылым
жасау технологиясы» пәнінен
оқу-әдістемелік материалдар
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология


(салалар бойынша)» мамандығы бойынша

«Стандарттар мен нормативтік құжаттаманы
жасау технологиясы» пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2014

Мазмұны


1 Глоссарий 3
2 Дәрістер 3
3 Тәжірибелік сабақтар 49
4 Білім алушылардың өздік жұмысы 62

1 ДӘРІСТЕР


№ 1 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Кіріспе
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Пәннің негізгі мақсаттары мен қарастыратын мәселелері
2 Нормативтік құжаттардың түрлеріне қысқаша шолу
1 Бұл пәнді оқу барысында студенттер келесі мәселелерді қарастырады:
Техникалық реттеу саласындағы негізгі түсініктер. Техникалық реттеудің
мақсаттары, принциптері. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің
құрылымы.Стандарттаудың әдістемелік негіздері. Стандарттау жөніндегі
нормативтік құжаттардың сипаттамасы. Техникалық регламенттерді,
стандарттарды және нормативтік құжаттарды жасау және бекіту тәртібі.
Техникалық реттеу саласындағы орнатылған нормативтік құқықтық актілердің
талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау және қадағалау. Нормативтік
құжаттаманы нормабақылау.
Осы пәннің басты мақсаты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің
нормативтік-құқықтық негіздері және стандарттар мен нормативтік
құжаттамаларды жасау технологиясы бойынша студенттерге теориялық білім
және тәжірибелік дағдылар кешенін беру.
Осы курсты оқудың негізгі мәселесі - техникалық реттеу саласындағы
негізге алынатын стандарттарды меңгеру және олардың талаптарын тәжірибе
жүзінде қолдануды үйрену.
Пәнді оқу нәтижесінде студент келесілерді:
• құқықтық нормаларды, заңнамалық актілерді (заңдарды) және
техникалық регламенттер мен стандарттардың заңды негізін білуі керек;
• стандарттарды және басқа да нормативтік құжаттамаларды жасау,
бекіту, сараптау жөніндегі тәжірибелік дағдыларға ие болуы керек;
• нормативтік құжаттар мен стандарттардың жіктелуін, оларды жасау
принциптері мен әдістерін, қолдану ережелерін; жасау және бекіту тәртібін
меңгеру керек;
• тәжірибелік қызметте құқықтық нормаларды, заңнамалық актілерді;
стандарттар мен нормативтік құжаттарды жасау принциптері мен әдістерін
қолдана алуы керек;
• техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттарын түсіне білуі керек;
• техникалық реттеу саласындағы халықаралық, ұлттық, өңірлік және
салалық қызметтері; нормативтік өндірістік құжаттардың номенклатурасы
жөніндегі түсініктері болуы керек;
• өнімді, қызметті және процестерді әзірлеушілеріне,
дайындаушыларына және тұтынушыларына арналған нормативтік құжаттардың
әртүрлі формаларын құрастыру; қателіктер жіктеуіштерін қолданып,
нормативтік-техникалық құжаттамаларға нормабақылауды жүргізуді; стандарттау
жөніндегі кәсіпорынның жұмысын жоспарлау; стандарттар мен нормативтік
құжаттардың өмірлік циклы технологиясын іске асыру бойынша дағдыларға ие
болуы керек.
2 Нормативтік құжат - әртүрлі қызмет түрлері немесе олардың нәтижесіне
де қатысты ережелер, жалпы принциптер немесе сипаттамалары бар қүжат.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат — стандарттау жөніндегі
қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды,
ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат.
Стандарт - белгілі бір ауқымда қолайлы дәрежедегі тәртіпке (реттілікке)
жетуге бағытталған, танымал орган бекіткен, консенсус негізінде әзірленген
нормативтік құжат.
Ережелер, біріншіден - стандарттау, метрология, сертификаттау және
аккредиттеу сферасында өндірістік процестердің белгілі бір түрін
орындағанда сақтау міндетті болатын типтік ұйымдастыру-техникалық және
(немесе) жалпы техникалық ережелер, жалпы принциптер, сипаттамалар,
нормалар, екіншіден - осы жұмыстар нәтижелерін рәсімдеуге міндетті талаптар
болатын Мемстандартпен қабылданған стандарттау жөніндегі нормативтік құжат.
Стандарттау жөніндегі ережелер еш уақытта өнім мен көрсетілетін
қызметтердің өзіне әзірленбейді, тек қана мына жағдайларда ғана болмаса:
- сәйкес негіз қалаушы ұйымдастыру-техникалық және (немесе) жалпы
техникалық стандарттардың міндетті талаптары жеке нақты болу
қажеттілігінде;
- ондай стандарттар болмағанда (белгілі бір ұйымдастыру-техникалық және
(немесе) жалпы техникалық қатынастарды жедел реттестіру үшін);
- сәйкес ұйымдастыру-техникалық және (немесе) жалпы техникалық
стандарттар дәлелденген жағдайларда әзірлеу мен қабылдау дұрыс болатынында.
Мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар, техникалық регламенттер
міндетті талаптарын орындауды мемлекеттік бақылау мен қадағалау,
лицензиялау, аккредиттеу, сертификаттау, метрология, стандарттау бойынша
жұмыстарды ұйымдастыру мен басқару міндеттерін шешуге байланысты нақты
өндірістік процестер мен олардың элементтеріне әзірленеді. Стандарттау
жөніндегі ережелерді Қазақстан Мемстандарты мен Мемқұрылысы қабылдайды.
Егер олар Қазақстан Әділет министрлігінде тіркеуден өткен болса, ондағы
талаптар міндетті болады.
Стандарттау жөніндегі ережелерді құрастыру, баяндау, рәсімдеу мен
олардың мазмұны 1.5 ҚР СТ бойынша іске асырылады
Ережелер - хабарлау, нұсқаулар, ұсыныстар немесе талаптар нысаны бар
нормативтік құжаттың мазмұнының логикалық бірлігі.
Ережелер әдістемелік немесе сипаттамалық болып келеді.
Әдістемелік ереже - нормативтік құжаттар талаптары сәйкестігіне жету
тәсілдерін көрсетеді. Осындай ережесі бар нормативтік қүжатты «әдістемелік
стандарт» - деуге болады.
Сипаттамалық ереже - өнім, процесс (жұмыс) және көрсетілетін қызмет
сипаттамаларына қатысты мақсат сәйкестігі туралы ережелер. Одан басқа
нормативтік құжатта стандарттау нысанын пайдаланғандағы, оның «тәртібі»
сипатталатын пайдалану (эксплуатация) ережесі болады.
Ережелер жинагы алдыңғы нормативтік құжат сияқты, жеке өзінше стандарт
немесе құжат және сондай-ақ стандарттың бөлігі болуы да мүмкін.
Әдетте ережелер жинағы жобалау, жабдықтар мен конструкцияларды
құрастыру, нысандар, конструкциялар, бұйымдарға техникалық қызмет көрсету
немесе пайдалану процестері үшін әзірленеді. Құжаттағы техникалық ережелер
ұсыныс сипатында болады.
Жоғарыдағы барлық аталған нормативтік құжаттар ұсыныс түрінде болып
келеді.
Регламент - міндетті құқықтық нормалары болатын қүжат. Регламентті
басқа нормативтік құжаттар сияқты стандарттау жөніндегі орган емес, билік
органы қабылдайды.
Регламенттердің түрі - техникалық регламентте стандарттау нысандарына
техникалық талаптар болады. Олар құжаттың тікелей өзінде беріледі, немесе
басқа нормативтік құжатқа (стандарт, техникалық шарттар қүжаты, ережелер
жинағы) сілтеу жолымен көрсетіледі.
Кейбір жағдайларда техникалық регламент толық нормативтік құжатқа
енгізіледі. Техникалық регламенттер, әдетте әдістемелік құжаттармен, тәртіп
бойынша регламент талаптарына өнімнің (көрсетілетін қызмет, процесс)
сәйкестігін тексеру немесе бақылау әдістері жөніндегі нұсқауларымен то-
лықтырылады. Қазақстанда Техникалық регламенттер ретінде ҚР техникалық
заңнамалары, техникалық сипаттағы талаптар болатын ҚР Президенті Жарлығы
мен Үкімет қаулылары, міндетті талаптар болатын стандарттар, сондай-ақ
техникалық нормалар мен арнаулы мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының
ережелері қаралады.
Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші - техникалық-
экономикалық акпарат нысандарының жіктеу топтарының кодтары мен атауларының
жүйеленген жиынтығын білдіретін қүжат.
Ұсынымдар - жұмыстар орындаудың ұйымдастыру-техникалық және (немесе)
жалпы техникалық қағидаларының тәртіптеріне, әдістеріне арналған қолдануға
ерікті мәндегі құжат.
Ұсынымдар - стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша
жүмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және іске асыру міндеттерін шешумен
байланысты нақты өндірістік процестер мен олардың элементтеріне әзірленеді.
Ұсынымдардағы болатын қагидалар ерікті болып келеді.
Ұсынымдар стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қандай
да бір болмасын қызметтің түрін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін
және кеңесті немесе нұсқауды қамтитын ережені белгілейді.
Ұсынымдарды құруға, рәсімдеуге, мазмұнына, жазуға, оларды әзірлеудің,
келісудің, бекітудің, тіркеу мен қолданудың тәртібіне қойылатын талаптарды
техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
белгілейді
ҚР стандарттау жүйесі халықаралық тәжірибелер нәтижелерін жинақтай
келе, олардың стандарттау ережелері, нормалары және тәжірибелеріне
сәйкестене түсті, бірақ оның да халықаралықтардың талаптарына қайшы
келмейтін отандық мол тәжірибесі мен ерекшеліктері де бар.
Еліміздің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары ҚР «Техникалық
реттеу туралы» Заңымен белгіленген және оларға мыналар жатады:
1) халықаралық стандарттар;
2) аймақтық стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат
жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-
экономикалық ақпарат жіктеуіштері;
4) ұйымдар стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;
6) шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары,
техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі
ережелері, нормалары мен ұсынымдары.
Қазір біздің елімізде ҚР заңнамаларына қайшы келмейтін бұрынғы КСРО
стандарттарының барлығы қолданыста.
Өнімнің нормативтік құжаттарына ерекше талаптар қойылады және олар
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес міндетті сертификаттауға жатады.
Нормативтік құжатта сертификаттау арқылы расталатын өнімнің талаптары және
де өнімнің таңбалау тәртіптері, сәйкестігін белгілеу үшін пайдаланатын
бақылау (сынау) әдістері көрсетілуі қажет.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Пәннің мақсаттары мен қарастыратын мәселелерін атаңыз?
2 Қазақстанда қолданылатын қандай нормативтік құжаттарды білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. –
224 б.
3 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11
(05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

№ 2 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Сәйкестендіру
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Нысандардың сәйкестендіруі жөніндегі түсінік
2 Нысандарды сәйкестендіру әдістері

1 Сәйкестендіру дегеніміз нысанға оны басқа нысандардан


ерекшелендіретін өзгеше атау, нөмір, белгі, шартты белгіленулер, қасиет
беруді айтады.
2 Нысандарды сәйкестендірудің жиі қолданылатын әдістеріне мыналар
жатады:
1 өзгеше атаулар;
2 сандық нөмірлер;
3 шартты белгіленулер;
4 жіктеуші;
5 сілтемелік;
6 сипаттаушы;
7 сипатаушы-сілтемелік.
Өзгеше атаулар әдісі ең ежелгі әдістерге жатады. Тауарлардың,
өзендердің атаулары, өзгеше болып келеді, сондықтан олар «нысан-атау»
немесе «атау-нысан» болып байланыста жүреді. Мысалы, Қара теңіз, Ертіс
өзені, т.с.с.
Сандық нөмірлер әдісі жиі қолданылатын (пайдаланатын) әдістерге
жатады. Нысанның атауымен бірге оның нөмірі жүрген кезде нысанды
сәйкестендіру оңай болып келеді. Тәжірибелік қолдануда нөмірлік
сәйкестендірудің 2 негізгі тәсілі қолданылады: реттік және сериялы-реттік.
Шартты белгіленулер әдісін өнімді және құжаттарды сәйкестендіру
кезінде көп қолданады.
Көбінесе шартты белгіленулер әдісінің 3 тәсілін қолдануға болады:
мнемоникалық, жіктеуші және мнеможіктеуші.
Жіктеуші әдісті көбінесе есептелінетін мәселелерге керек біртекті
нысандардың топтарын сәйкестендіру қажет болған жағдайларда қолданылады.
Бұл әдістің ерекшелігі оның кө ақпарат беруінде, яғни көптеген нысандардан
белгілі қасиетерге ие болатын нысандарды бөліп алуға болады.
Осы әдісті қызметтің көптеген салаларында қолданылады, өйткені
нысандардың жүйелілігін қамтамасыз етеді. Әсіресе бұл әдісті мәліметерді
(деректерді) өңдеуде қолдану тиімді. Мысалы, бала-бақшалар, қызметтердің
түрлері немесе зиянды өндірістер туралы ақпараттарды жинауда қолдану жөн
деп есептелінеді. Жіктеуші топ берген код, оның белгілі жіктеушінің шегінде
толық сәйкестендіруін жүргізуді қамтамасыз етеді.
Сілтемелік әдісті нысандарды сәйкестендіру кезінде мынандай
жағдайларда қолданылады: егер нақты сипаттамалар нормативтік немесе
техникалық құжаттарда берілсе, соларға сілтемелер беру қажет.
Сәйкестендіруге бұйымдардың атаулары, олардың шартты белгіленулері және осы
бұйымға барлық талаптары бар құжатқа сілтемелер жатады.
Сипаттаушы әдісті нақты нысанды оның сипаттамалары арқылы сипаттау
жүргізіп, сәйкестендіру жасау керек болған жағдайда қолданылады. Мұнда
бірдей атаулары, қолдану саласы және көрсеткіштердің жақын номенклатурасы
бар біртекті нысандар бір-бірінен осы көрсеткіштердің мәндерімен
ерекшелінеді.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Сәйкестендіру дегенді қалай түсінесіз?
2 Сәйкестендіруші деген не?
3 Сәйкестендіру нысандарын атаңыз?
4 Сәйкестендіру әдісінің ең ежелгі әдісі қандай?
5 Нөмірлік сәйкестендірудің қанша тәсілі бар және олардың бір-бірінен
айырмашылықтары неде?
6 Біртекті нысандардың топтарын сәйкестендіру қажет болған жағдайда қандай
әдіс қолданады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под
ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

№ 3 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Жіктеу

Дәріс сабағының мазмұны:


1 Нысандарды жіктеу
2 Нысандарды жіктеу әдістері

1 Жіктеу дегеніміз нысандарды жіктеу топтарына олардың бір-бірімен


ұқсастығына және айырмашылығына қарайорнатылған ережелерге сай белгілі
қасиеттердің негізінде бөлінуін айтады. Жіктеудің 2 әдісі болады:
иерархиялық және фасеттік.
2 Иерархиялық жіктеу – нысандардың көптеген түрлерінің жіктеу
топшаларына тізбектес бөлінуін айтады. Иерархиялық жіктеудің негізінде
белгілі мәселелерді шешуде қажетті қасиеттер жатады. Мұнда қасиеттердің
тізбектілігі келесі принцип бойынша анықталады: «жалпыдан жекеге».
Иерархиялық жіктеудің негізгі артықшылықтарына оның логикалықтылығы,
тізбектілігі және ақпаратты қолмен өңдеуге бейімделуі жатады. Ал кемшілігі
құрылымның аз мөлшерде
Фасеттік жіктеу деп көптеген нысандарды бір-бірінен тәуелсіз жіктеу
топшаларына қатар бөлінуін айтады.
Фасеттік жіктеуді құру тізбектілігі иерархиялық әдісті құру
тізбектілігіне ұқсас, яғни нысандардың көптеген түрлері анықталады, негізгі
қасиеттері мен осы қасиеттерінің топтары бөлініп алынады және қасиеттер
сипаттамаларының құрылуы тәртібі таңдалады.
Көптеген нысандардан белгілі қасиеттері бар негізгі қасиеттер –
сипаттамаларды бөліп алуы керек, яғни бұл қасиеттер нысанды жан-жағынан
сипаттап, оның сәйкестендіруін қамтамасыз ету керек, біртектілік принципі
бойынша топшаларға бөліп, оларға код беру, көптеген түрлерін шығаруға
қажетті фасеттік формулалар анықтап алу керек.
Сонымен фасеттік әдістің ерекшелігі мынада: көптеген түрлері «жекеден
жалпыға» принципі бойынша қалыптасады, яғни нысанның әртүрлі нақты
сипаттамалардың негізінде нақты түрлері қалыптасады.
Мұнда жіктеудің объектілеріне статистикалық ақпарат жатады, оларға
макроэкономикалық, қаржылық және құқықтықорғау қызметтерін, банктік істі,
бухгалтерлік есепті, стандарттауды, сертификаттауды, өнімді өндіру,
қызметтерді беру, кедендік іс, сауда және сыртқы экономикалық қызметтерді
жатқызуға болады.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Нысандардың жіктелуін қалай түсінесіз?
2 Жіктелудің нысандарын атаңыз?
3 Жіктелу не үшін қажет?
4 Жіктелу әдістерінің қанша түрін білесіз?
5 Жіктелудің иерархиялық әдісі немен сипатталады?
6 Иерархиялық жіктелу әдісін құру тәртібі қандай?
7 Фасеттік жіктелу әдісі немен сипатталады?
8 Фасеттік жіктелу әдісін құрастыру кезінде қандай ережелерді білу қажет?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под
ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

№ 4 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Нысандарды кодтау
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Нысандарды кодтау

1 Кодтау дегеніміз белгілі ережелер бойынша нысанға немесе нысандардың


тобына кодтарды құру және оларды орнатуды айтады, бұл кодтар осы
нысандардың атауларын бірнеше белгілермен алмастыруға мүмкіндік береді.
Кодтардың көмегімен өте қысқа тәсілмен нысандардың сәйкестендіруі
жүргізіледі, яғни белгілердің өте аз санымен.
Кодтық белгіленуі:
1 кодтың алфавитімен;
2 кодтың құрылымымен;
3 белгілердің санымен – кодтың ұзындығымен;
4 кодтау әдісімен сипатталады.
Кодтың алфавиті белгілі тәртіпте құрастырылған белгілердің жүйесін
құрайды, оған сандар, әріптер және тағы басқа белгіленулер кіру мүмкін.
Осыған байланысты кодтар сандық, әріптік және әріптік сандық болады.
Отандық, шетелдік және халықаралық тәжірибеде ақпаратты кодтаудың
кеңінен таралған әдісіне сандық кодтар жатады.
Кодтың құрылымы бұл кодтың белгілерінің біртекті орналасуының график
түріндегі бейнелеуі. Кодтағы білгілердің саны оның құрылымымен анықталады
және ол бөлінудің әрбір деңгейінде түзілетін түрлердің құрамына кіретін
нысандардың санына байланысты болады.
Кодтау әдістері түрлердің түр астындағы түрлерге бөліну әдістерімен
байланыста болады.
Жоғарыда аталғандай, нысандарға реттік сандық нөмірлерді орнату әдісі
нысандардың толық сәйкестендіруін қамтамасыз етеді, бірақ ақпаратты беру
жағынан тиімсіз болып келеді, себебі олар түрлерге сай келетін қасиеттерді
көрсетеді. Бұл әдіске қарағанда кодтаудың сәйкестендіру әдістері кодтар
арқылы нысандардың сәйкестендіруін қамтамасыз етеді, бұл кодтар белгілі
ережелер бойынша құрастырылған және олар осы нысандарды сипаттайтын бөлек
қасиеттердің белгілі кодтар жиынынан тұрады.
Кодтар келесі негізгі талаптарды қанағаттандыру керек:
нысандарды немесе нысандардың топтарын бірмәнді сәйкестендіру керек,
яғни сәйкестендіруші болуы қажет;
белгілердің минималды саны (минималды ұзындығы) болуы және бұл сан
берілген түрлердің барлық нысандарын кодтау үшін жеткілікті болуы керек;
кодталатын түрлердің пайда болатын нысандарын кодтау үшін жеткілікті
резервісі болуы қажет;
адамға қолдануға және кодталған ақпаратты компьютермен өңдеу үшін
ыңғайлы болуы шарт;
компьютерлік жүйелерге енгізу кезінде қателіктерді автомат түрінде
бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Кодтаудың жіктеу әдістері екі типке бөлінеді: тізбектес және қатарлас.
Тізбектес әдіс жіктеудің иерархиялық әдісі кезінде қолданылады. Бұл
әдіс бойынша көптеген түрлер түр астындағы түрлерге керекті тізбекте
бөлінеді, мұндағы кодтық белгіленуі берілген құрылым бойынша құрылады. Осы
әдістің басты кемшілігі орнатылған құру ережелерінен кодтың байланысы,
қасиеттердің құрамы мен санын өзгерпеу мүмкіндігі.
Қатарынан (тәуелсіз) әдісі көбінесе нысандарды фасеттік жіктеу
кезінде қолданылады, мұнда кодтар фасеттрге және қасиеттерге орнатылады.
Осындай жағдайда кодтық белгіленудің құрылымы фасеттік формуласымен
анықталады. Мұнда атап кететін жағдай бар, екі әдіс бойынша кодтауды
жүргізу кезінде реттік нөмірлерді орнату арқылы жүргізіледі. Қатарынан әдіс
жіктеудің иерархиялық әдісі кезінде қолданыла алады, яғни бірдей кодтармен
бөліну деңгейі бір, бірақ әртүрлі түр астындағы түрлерде оаналасқан бірдей
нысандар (қасиеттер) кодталады.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Кодтау дегеніміз не?
2 Нысандарды кодтау не үшін жүргізіледі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под
ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

№ 5 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Мемлекеттік жіктеуіштер

Дәріс сабағының мазмұны:


1 Жіктеуіштердің түрлері
2 Мемлекеттік жіктеуіштерді жасау тәртібі

1 Технико-экономикалық және әлеуметік ақпараттардың жіктеуіштері


бекіту деңгейі мен қолдану аймақтарына қарай келесі категорияларға
бөлінеді:
а) мемлекеттік жіктеуіштер – МЖ;
б) салалық (ведомстволық) жіктеуіштер – СЖ;
в) бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың жіктеуіштері (ары қарай
– кәсіпорын жіктеуіштері).
Технико-экономикалық және әлеуметік ақпараттардың мемлекеттік
жіктеуіштері техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен
бекітіледі және тіркеледі.
Мемлекеттік жіктеуіштер құжаттамалардың бірыңғайланған жүйеге кіретін
мемлекеттік маңызы бар салааралық (ведомстволық) құжаттардың формаларында
тұратын ақпараттар кіреді.
Салалық (ведомстволық) жіктеуіштер ҚР министрліктері мен
ведомстволарымен бекітіледі және тіркеледі.
Салалық жіктеуіштерде мемлекеттік жіктеуштерге кіргізілмеген
ақпараттар немесе мемлекеттік жіктеуіштерден жіктеу нысандарымен немесе
белгілі салаларға тән қасиеттермен толтырылған іріктемелер болады.
Осы категориядағы жіктеуіштер министрліктің, ведомствоның
кәсіпорындары мен ұйымдары арасында ақпараттармен алмасу үшін қолданады.
Кәсіпорын жіктеуіштері кәсіпорын басқарушыларымен бекітіледі және
оларды кәсіпорын ішінде ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру кезінде
қолданылады.
Кәсіпорын жіктеуіштерінде мемлекеттік және салалық жіктеуіштеріне
енгізілмеген ақпарат немесе жіктеу нысандарымен және осы кәсіпорынға тән
қасиеттермен толтырылған басқа категориялы жіктеуіштерден іріктемелер
кіреді.
Қазақстанда қолданылатын мемлекеттік жіктеуіштердің тізімі:
1 ҚР МЖ 01-99 Сабақтар (пәндер) жіктеуіштері
2 ҚР МЖ 02-99 Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіштері (ҚҰЖЖ)
3 ҚР МЖ 03-99 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштері (ЭҚЖЖ)
4 ҚР МЖ 04-99 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіштері
(ЭҚТӨЖ)
5 ҚР МЖ 05-2000 Бастапқы және орта кәсіптік білім мамандықтарының
жіктеуіштері
6 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.0-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық
бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 1 бөлім.
Мемлекеттердің коды
7 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.2-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық
бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 2 бөлім. Мемлекеттің
әкімшілік-аймақтық бөлімшелерінің кодтары
8 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.3-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық
бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 3 бөлім. Бұрын
қолданған мемлекеттердің атауларын белгілені кодтары
9 ҚР МЖ 07 (ИСО 4217-2001) Валюталар мен қорларды белгіленуге арналған
кодтар
10 ҚР МЖ 08-2001 ҚР жоғары кәсіптік білім мамандықтарының және оларды
дайындау бағыттарының жіктеуіштері
11 ҚР МЖ 09-2002 Төлемдерді тағайындаудың бірыңғай жіктеуіштері
12 ҚР МЖ 10-2002 ҚР білім деңгейлерінің мемлекеттік жіктеуіштері
2 Жіктеуіштерді жасау тәртібі:
Мемлекеттік жіктеуіштерді жасау кезінде жұмыстарды координациялау және
бақылау мақсатымен және оларды енгізуге дайындау үшін жұмыстарды орындаудың
келесі кезеңдері болады.
-жіктеуіштерді жасауды ұйымдастыру;
-жіктеуіштерді жасау әдістемелерін құру және бекіту;
-жіктеуіштердің жобасының бірінші редакциясын жасау;
-жіктеуіштердің жобасының соңғы редакциясын жасау;
-жіктеуіштерді бекіту және мемлекеттік тіркеу;
-жіктеуіштерді басып шығару;
-жіктеуіштерді енгізуді ұйымдастыру.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Қазақстанда қандай жіктеуіштер қолданылады?
2 Әртүрлі категориялы жіктеуіштерді сипаттаңыз?
3 Жіктеуіштерді жасау тәртібін атаңыз?
4 Жіктеуіштерді жасау мен бекітуді қандай органдар жүргізеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. –
224 б.
2 ҚР МЖ 01-99 Сабақтар (пәндер) жіктеуіштері
3 ҚР МЖ 02-99 Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіштері (ҚҰЖЖ)
4 ҚР МЖ 03-99 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштері (ЭҚЖЖ)
5 ҚР МЖ 04-99 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіштері
(ЭҚТӨЖ)
6 ҚР МЖ 05-2000 Бастапқы және орта кәсіптік білім мамандықтарының
жіктеуіштері
7 ҚР МЖ 08-2001 ҚР жоғары кәсіптік білім мамандықтарының және оларды
дайындау бағыттарының жіктеуіштері
8 ҚР МЖ 10-2002 ҚР білім деңгейлерінің мемлекеттік жіктеуіштері
9 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.0-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің
атауларын белгіленуге арналған кодтар. 1 бөлім. Мемлекеттердің коды
10ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.2-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің
атауларын белгіленуге арналған кодтар. 2 бөлім. Мемлекеттің әкімшілік-
аймақтық бөлімшелерінің кодтары
№ 6 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Жалпытехникалық және ұйымдастырушылық-техникалық жүйелер мен
стандарттардың кешендері

Дәріс сабағының мазмұны:


1 Жалпытехникалық жүйелер: КҚБЖ, ТҚБЖ, ӨТДБЖ.

1 Конструкторлық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) –


конструкторлық құжаттамаларды құрастыру, ресімдеу және қолданысқа енгізу
бойынша бірыңғай, өзарабайланысқан ережелер орнататын мемлекеттік
стандарттардың кешені, олар ТМЛ мемлекеттерінің өндірістік, ғылыми-зерттеу
және жобалы-конструкторлы ұйымдар мен кәсіпорындарымен жасалады және
қолданылады.
КҚБЖ стандарттарында сызбалар мен сызба жүйесінің бұрын қолданысқа
болған стандарттардың ережелері, конструкторлық құжаттамалардың салалық
жүйелерді қолданудың оң тәжірибесін, графикалық құжаттардың (сызбалардың
және сұлбалардың) ресімделу ережелерінің халықаралық ұйымдардың (ИСО, ХЭК)
ұсыныстарымен келісілуі қамтамасыз етілуі керек.
КҚБЖ ақпараттық тілдің бірлігін құруда, конструкторлық құжаттаманы
ресімделуін оңайлатуында, оның сапасын жақсартуда, конструкторлардың
еңбектерінің өнімділігін жағарлатуда үлкен оң рөл ойнайды және
автоматтандырылған жүйелердің ақпаратпен қамтамасыз етудің негізі болып
табылады. КҚБЖ стандарттардың талаптары ұлттық және халықаралық тәжірибеде
графиктік, мәтіндік, сұлбалық, басқа конструкторлық құжаттарды орындаудың
негізгі талаптарына сай болуы керек және оларда символдар, шартты графиктік
және әріптік-сандық белгіленулер қолданылуы қажет.
КҚБЖ әмбебап жүйе болғандықтан шетел мемлекеттерімен техникалық
құжаттамаларды кеңінен алмастыруға, халықаралық нарыққа тауарларды,
лицензияларды сатып шығуға, соңғы өнімді дайындау бойынша кәсіпорындарды
шетел фирмаларымен бірлесіп ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Технологиялық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (ТҚБЖ) – технологиялық
құжаттама ғылыми-техникалық прогрестің жеделдетуін, қоғамдық өндірістің
тиімділігінің өсуін және шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылауын қамтамасыз
ететін маңызды факторлар. Ол екі негізгі мәселені шешеді: ақпараттық және
ұйымдастырушылық. Технологиялық құжаттаманың негізінде өндірістің технико-
экономикалық және жоспарлы-нормативтік есептерді, жоспарлау мен реттеуді
жүргізуге қолданылатын, оның дұрыс ұйымдастыруын, дайындауын, басқаруы мен
қызмет етуіне қажетті көптеген ақпараттар жасалады.
Технологиялық құжаттама негізгі мен қосалқы өндіріс арасында
қатынастарды ұйымдастырады. Әсіресе автоматтандырылған басқару жүйелері
үшін технологиялық құжаттаманың рөлі зор. ТҚБЖ қамтитын мемлекеттік
стандарттар жинағының негізгі белгіленуі – барлық ұйымдар мен
кәсіпорындарда бірыңғай өзарабайланысқан ережелер, нормалар мен
технологиялық құжаттаманы орындау, ресімдеу, жинақтау, унификаттау мен
стандарттау ережелерін орнату.
Технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі келесіні қамтамасыз етеді:
машинажасау және аспапжасау детальдарының технологиялық жіктеуішіне
негізделген типтік технологиялық процестерді кеңінен енгізу; дайындалатын
технологиялық құжаттаманың көлемін қысқарту; технологтардың еңбектерінің
өнімділігін жоғарлату, жалпы белгіленуі бар құжаттамалар формаларының
(технологиялық процестің карталары, специализациялар) мазмұны мен
номенклатурасын ретке келтіру; ыстық, суық, механикалық және термохимиялық
өңдеу әдістерімен детальдарды өндіру үшін технологиялық процестерді
(құжаттамалардың формаларын) ресімдеу ережелерін орнату; негізгі өндірістің
нормативтерінің жүйелерін жасап шығару; өндірістік техникалық құжаттаманың,
оларға өзгерістерді енгізу мен ресімдеуді дайындау.
ӨТДБЖ дегеніміз өндірістің технологиялық дайындаудың басқару
процестері мен ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік стандарттардың орнатылған
жүйесі болып табылады.
ӨТДБЖ негізгі мақсаты әртүрлі өндіріс типтерінің (сериялы, салмақтық)
толық дайындығына қажетті шаралар құру және еңбекті, қаржыны көп жұмсамай
аз уақытта сапасы жағынан жоғары категориялы өнімдерді шығару.
Жабдықтарды агрегаттау арқылы типтік және стандартталған технологиялық
процестердің жабдықталуын жеделдетуге, өндірістің технологиялық дайындығына
жұмсалатын қаржыларды азайтуға, өнімнің сапасын жоғарлатуға мүмкіндік
береді.
ӨТДБЖ типтік технологиялық процестердің қолдану деңгейін 14-60 %,
агрегатты жабдықтардың қолдану деңгейін – 1-10 %, өндірістік процестердің
және инженерлі-техникалық жұмыстардың автоматтандыру құралдарының қолдану
деңгейін – 5-15 % дейін көбейтеді.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Қандай ұйымдастырушылық-техникалық жүйелер мен стандарттар жинақтары
сізге белгілі?
2 Қандай жалпытехникалық жүйелер мен стандарттар жинақтарын білесіз?
3 КҚБЖ сипаттаңыз, бұл жүйенің стандарттарын енгізу мемлекеттің экономикасы
үшін не береді?
4 КҚБЖ жіктеуіші дегеніміз не?
5 ТҚБЖ туралы не білесіз?
6 ӨТДБЖ негізгі мақсаты неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Единая система конструкторской документации: Справ. пособие -М.: Изд-во
стандартов,1986 г.
2 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. –
224 б.

№ 7 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Техникалық регламенттерді жасау технологиясы
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Техникалық регламенттерді қолданудың мақсаттары мен қарастыратын
мәселелері
2 Техникалық регламенттердің түрлері
3 Техникалық регламенттердің мазмұны, жасау тәртібі мен қолданылуы

1 Техникалық регламент стандарт пен ережелерге сілтемелер жасап, немесе


осы құжаттардың мазмұнын қосу арқылы жасалған міндетті талаптарды орнататын
құжат.
Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады,
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және
техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге
өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.
Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан
Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген
өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған
санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда,
өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең
дәрежеде белгiленедi және қолданылады.
Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары
мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның
нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.
Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-
техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн
жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою
немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.
Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi
кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде
техникалық регламентті қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық
құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ
өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.
Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса,
техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.
Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар
мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де
стандарттарды пайдалануға болады.
2 Техникалық регламенттерге нормативтік-құқықтық және нормативтік
актілер және құжаттар жатады, оның ішінде ҚР президенті және Үкіметі
қабылдаған Заңдар, Үкімдер, бұйрықтар өнімдерге, процестерге техникалық
нормалар кіреді.
- фармокопейлік мақалалар (оның ішінде мемлекеттік, уақытша),
нормативтік құжаттар мен ТМД мемлекеттерінде және шетелде жасалған
дәрілерге ҚР денсаулықсақтау саласындағы мемлекеттік басқару органымен
бекітілген және танылған спецификациялар;
- малдәрігерлік, санитарлық, фитосанитарлық, гигиеналық және санитарлы-
гигиеналық ережелер мен нормалар;
- құрылыстағы нормалар мен ережелер, оның ішінде мемлекеттік және
мемлекетаралық;
- экология, энергетика, тасымалдау және автомобиль жолдары
салаларындағы нормалар мен ережелер;
- өнеркәсіптік, радиациялық және атомдық қауіпсіздік бойынша нормалар
мен ережелер;
- еңбекті қорғау бойынша ережелер мен нормалар;
- ҚР заңнамасымен орнатылған тәртіпте бекітілген мемлекеттік басқару
органдарының ведомстволық нормативтік актілер мен құжаттар;
- ҚР аймағында қолдануға рұқсаты бар шетелдердің мемлекеттік,
мемлекетаралық, халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттары;
- мемлекеттік жалпығаміндетті білім стандарты;
- стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу салаларындағы
нормалар, ережелер мен рәсімдер;
- заңнамамен орнатылған тәртіпте бекітілген белгілі салада міндетті
талаптарды орнататын басқа құжаттар.
Техникалық регламенттердің нысандары өнім және онымен байланыстағы
процестер және өндіріс әдістері (жобалау, тұтыну, сақтау, тасымалдау, жою),
жұмыстар мен қызметтер.
Техникалық регламенттер категориясы мен статусына байланысты ҚР
Үкіметімен және өз құзыреті шегінде өнімнің, процестер мен қызметтердің
қауіпсіздігін нормалау мен қадағалауға уәкілетті мемлекеттік басқару
органдарымен бекітіледі.
3 Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере
отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi
қажеттi талаптарды белгiлейдi.
Техникалық регламентте:
1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған
тiзбесi;
2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз
ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға
тиiс.
Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан
өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның
iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-
түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне
қойылатын талаптар болуы мүмкiн.
Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға
мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге
қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық
регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты
факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.
Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере
отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:
1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi
әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз
ететiн;
2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық
ерекшелiктерге байланысты Техникалық реттеу заңының көзделген мақсаттарға
жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;
3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен
денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес
мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi
өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.
Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар
техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.
Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе)
толықтырулар Техникалық реттеу Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген
тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.
Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн
жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды
белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық
комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды
және уәкiлеттi органға ұсынады.
Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың
жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін
ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар
бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген
техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты
есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.
Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны,
нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн
жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға
және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын
әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның
күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.
Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық
стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық
стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар
өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан
Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық
регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:
1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық
акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi
туралы хабарлайды;
2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық
акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық
стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның
көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша
табыс етедi.
Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған
кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi
болуға тиiс.
Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:
1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;
2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны
уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық
жүйеге орналастырады;
3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi
тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.
Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу
туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны
туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн
болуға тиiс.
Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы
хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын
ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған
ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын
әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-
жайы туралы ақпарат болуға тиiс.
Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.

Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн


жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-
шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.
Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен
денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп
төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған
кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.
Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның
ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға,
сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Техникалық регламенттерді қолданудың негізгі мақсаттары мен қарастыратын
мәселелерін атаңыз?
2 Техникалық регламенттердің қандай түрлерін білесіз?
3 Техникалық регламенттердің мазмұны қандай?
4 Техникалық регламенттердің жасау тәртібінің кезеңдерін және олардың
қолданылуын атаңыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. –
224 б.
2 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11
(05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

№ 8 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы Мемлекеттік стандарттар

Дәріс сабағының мазмұны:


1 Мемлекеттік стандарттар, олардың сипаттамалары
2 Мемлекеттік стандарттарды жасау, қайта-қарау, жою тәртібі
1 Мемлекеттік стандарттар міндетті болып есептеледі, егер олар туралы
мәліметтер Қазақстан Республикасының заңдары мен техникалық
регламенттерінде берілсе.
Мемлекеттік стандарттар:
- мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк
ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;
- өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда
нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн
өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;
- процестерге арналған стандарттар;
- өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне
арналған стандарттар болып бөлiнедi.
Мемлекеттік стандарттарда:
- техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын
қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгі жөнiндегi қажеттi
талаптар;
- өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi жiктеуге қойылатын талаптар;
- өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық
көрсеткiштерi;
- терминдер мен анықтамалар;
- өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын
қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;
- қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және
жою ережелерi;
- сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi;
- ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға
қойылатын талаптар;
- менеджмент жүйесін енгiзудi қамтамасыз ететiн, өндiрiстi
ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
- белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк
сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер
белгiленуi мүмкiн.
2 Мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу,
өзгерту және оның күшiн жою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкілетті органның
кәсіпорындары әзірлейді.
Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезінде негіз
ретінде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкін.
Мемлекеттік стандарттар өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған
жеріне қарамастан, ерікті негізде тең дәрежеде қолданылады.
Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттарды
ескере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, стандарттау
жөніндегі техникалық комитеттерінің, жеке және заңды тұлғаларының
ұсыныстары негізіндегі стандарттау жөніндегі жұмыстардың жоспарлары мен
бағдарламалары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бекітіледі.
Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардың жоспарлары мен
бағдарламаларын әзірлеген кезде Қазақстан Республикасының Президенті мен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік - құқықтық актілерінде
белгіленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және эконо-
микалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, жылдық және ұзақ
мерзімді мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар
ескеріледі.
Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардың бекітілген бағдарламалары
мен жоспарлары уәкілетті органның ресми баспа басылымдарында және ортақ
пайдаланылатын ақпараттық жүйесінде жарияланады.
Мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін
уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік стандарттарды қажеттілігі салааралық сипаттағы өнім, жұмыс
және көрсетілетін қызметтерге әзірлейді. Стандарттың бұл категориясын
Қазақстан Мемстандарты, ал егер олар құрылыс, сәулет, құрылыс материалдары
өнеркәсібі салаларына жатса - Қазақстан Мемқұрылысы қабылдайды.
Мемлекеттік стандарттарда стандарттау нысаны талаптарын орындауға
арналған міндетті және ұсынылатын талаптар болады.
Міндетті талаптарға мыналар кіреді:
- адам денсаулығы үшін өнім, көрсетілетін қызмет, процесс, қоршаған
орта, мүлік қауіпсіздігі және де өндірістік қауіпсіздік және санитарлық
нормалар;
- бұйымның техникалық және ақпараттық сыйысымдылығы мен өзара
алмасушылығы;
- бақылау әдістерінің бірлігі және маркілеу бірліктері.
Қауіпсіздікталаптары ерекше маңызды бола бастады, олай болатыны өнім
қауіпсіздігі - сертификаттау сәйкестігінің басты аспектісі. Міндетті
сипаттағы талаптарды, мемлекеттік басқару органдары мен меншік формасына
қарамай, барлық шаруашылық қызметті субъектілері сақтауы қажет.
Стандарттардағы қауіпсіздік талаптарына мыналар жатады:
- электр, өрт, жарылыс және радиация қауіпсіздіктері;
- химиялық және ластайтын заттар концентрациясының жіберілу шегі;
- машина мен жабдықтарға көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігі;
- қорғау құралдары мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету (қоршау,
машинақозғалысын шектеуіштер, апаттықсигнализация және тағы сол сияқтылар)
шаралары.
Ал, өнімнің жеке түрлерінің стандарттарында мыналар келтірілуі мүмкін:
- қауіптілік класы;
- жабдықтар жүмысында болатын өндірістің қауіпті және зиянды
факторларының жіберілу деңгейі;
- заттың адамға әсері және тағы сол сияқтылардың сипаттамалары.

Стандарттар нақты онім немесе біркелкі онім топтарының жіберілу


қауіпінің барлық түрі мен нормасын корсетеді. Олар стандарттау нысаны
қауіпсіздігін, оның барлық пайдалану кезеңін есепке алып әзірленген.
Тапсырыс беруші мен орындаушы, мемлекеттік стандарттардың міндетті
талаптарына келісім затының сәйкестігі туралы жағдайларын келісім-шартқа
қосуға міндетті.
Мемлекеттік стандарттардың басқа талаптары, өнімді дай-ындаушының
(жеткізушінің) немесе көрсетілетін қызметті аткарушының техникалық
құжаттамасында сәйкес нұсқау болса ғана келісім жағдайында міндеттіліктің
мойындалуы мүмкін және ол талаптарға мыналар жатады:
- өнімнің негізгі тұтыну (эксплуатациялық) сипаттамалары және оларды
бақылау әдістері;
- өнімді буып-түю, тасымалдау, сақтау және кәдеге жарату талаптары;
- өндіріс пен эксплуатацияны әзірлеуге қатысты ережелер мен нормалар;
- техникалық құжаттама толтыру тәртіптері;
- метрологиялық ережелер мен нормалар және сол сияқтылар.
Міндетті талаптарға сәйкестілік міндетті сертификаттау ережелері мен
тәртіптері бойынша жүргізілетін сынаулармен мақұлданса, өнімнің
(көрсетілетін қызметтің) басқа талаптарға сәйкестігі ерікті сертификаттау
туралы заңнамалық ережеге лайық мақұлданады.
Стандарттарды әзірлеу
Өнімге, процестерге (жұмыстарга) және қызметтерге мемлекеттік
стандарттьар әзірленеді.
Стандарттарды әзірлеуді мемлекеттік стандарттау жоспарларына
(бағдарламаларына) сәйкес немесе өзінің ынтасы бойынша стандарттау
жөніндегі мемлекеттік және мемлекетаралық техникалық комитеттер,
республиканың басқа мүдделі тұлғалары жүзеге асырады.
Стандарттарды әзірлеудің тапсырушылары мемлекеттік басқару органдары,
дайындаушылар мен өнімді тұтынушылар, қоғамдык мекемелер мен бірлестіктер,
республиканың баска мүдделі тұлгалары болуы мүмкін.
Стандарттарды әзірлеушілер оларды әзірлеуге шарт жасайды.
Республикада қолданыстагы және әзірленетін стандарттарды көшіруге жол
бермеу мақсатымен мемлекеттік стандарттау жоспарына кірмеген стандарттарды
әзірлеу туралы ақпарат жүргізілген жұмыстарды үйлестіру үшін стандарттау,
метрология және сертификатгау саласында уәкілетті мемлекеттік басқару
органдарына жіберіледі.
Стандарттарда белгіленген талаптар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік
конструкторлық және жобалық жұмыстардың нәтижелерінде,
патенттік зерттеулерге, отандық және шетелдік ғылым, техника және
технологияның қазіргі замандағы жетістіктері туралы басқа ресми ақпаратқа
негізделуі тиіс.
Стандарттарды әзірлеген кезде халықаралық, техникалык реттемелер немесе
олардың аяқтау сатысындагы жобалары, Қазақстан Республикасын қызықтыратын
шетелдердің ұлттық стандарттары қолданылады, адамдардың денсаулығын,
өмірін, мүлігіп, қоршаған ортаны қорғаудың қауіпсіздік талаптарыпа және
Қазақстан Республикасында қабылданған міндетті техникалық мөлшерлерге
сәйкес емес жағдайлардан басқаларды қоспаганда.
Қазақстан Республикасында халықаралык стандарттарды
қолдану тәртібі ҚР СТ 1.9 сәйкес болу тиіс.
Әзірленстіи стандарттар ережелері өзара байланысты заңды, басқа
нормативтік-құқықтық актілер мен техникалык реттемелер ережелеріне, сонымен
қатар сілтеме берілген стандарттар мен құжаттарға қайшы болмау тиіс.
ТК (әзірлеуші-мекеме) стандарт жобасының заңды және басқа нормативтік
құқыктық актілеріне, техникалық реттемелерге, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарына, келісім шарттарына және
(немесе) стандартты әзірлеудің техникалық тапсырмасына сәйкестігін
тексереді және оны түсіндірме жазбахатымен ТК және мүдделі мекемелерге
жібереді.
ТК мүшелері және мүдделі мекемелер стандарт жобасын қарайды және
ескертулер мен ұсыныстарды дайындайды.
Стандарт жобасын жіберуді электрондық поштаны пайдаланып жүзеге
асырады.
Алынған ескертулерді ескеріп ТК (әзірлеуші-мекеме) бірінші редакция
ретінде стандарт жобасын дайындайды.
Стандарт жобасын стандартгау объектісіне байланысты келісуге:
- әзірлеуші тапсырушысына (бар болса);
- құзыретіне стандартталған өнімдер қауіпсіздігіне мөлшерлеу және
қадағалауға кіретін мемлекеттік басқару органдарына;
- балалардың, арнайы жәнс алдын алу тағамы өнімдерінің Қазак тамақ
академиясына; тамақтың биологиялық белсенді коспаларына;
- колданыстағы және әзірленетін техниқалык реттемелер әзірлеушілеріне
мекемелерге, әзірленгендерді толықтыру және дамыту.
Қарауға:
- бақылау әдістеріне әзірлеген кезде «Қазақстан стандарттау және
сертификаттау институтына» РМК (сынаулар, талдау, өлшеу),
- «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтына» РМК;
- стандарт жобасын әзірлеумен байланысты қайта қарауга, өзгертуге
немесе жоюға жататын стандарттау жөніндегі өзара байланысты нормативтік
құжаттар әзірлеушілеріне;
- әлеуетті өнімді әзірлеушілерге және тұтынушыларга, мүдделі ғылыми-
зерттеу институттары мен мекемелерге, қогамдық бірлестіктерге, оқу
орындарына, республика ғылымдарына, тәуелсіз сарапшыларга (болса) жібереді;
Стандарттар жобасын әзірлеуді және келісуді қабылдау комиссияларында
(дегустациялық және көркем-техникалык кеңестерде) жүргізуге болады, егер
өнімді қосымша сынау немесе зерттеу талап етілмесе.
Стандарттар жобасын қарау және республика аумағында орналасқан
мекемелер пікірлерін дайындау мерзімі оларды алган сәттен 1 айдан аспауы
тиіс.
Көрсетілген мерзім ішінде түсініктемелер мен пікірлер ұсынылмаган
жағдайда стандарт жобасы келісілген деп саналады.
Стандарт жобасы бойынша үсыныстар мен ескертулерді тізбектеп баяндау
ұсынылады;
- тұтас жоба бойынша;
- бөлім, бөлімше тармақ, тармақша, атап өту, қосымшалар бойынша
стандартты баяндау тәртібінде.
Стандарт жобасына барлық ескертулер негізделу және нақты сипатты болу
тиіс.
Белгіленген қарау мерзімінен кейін мүдделі тұлғалардан түсетін
ескертулер мен ұсыныстарға әзірлеушілер назар аудармаса да болады,
болашақта стандартты кезекті қараған кезде немесе өзгертулерді енгізген
кезде ескерілуі мүмкін.
Стандарт жобасын бекітуге дайындау кезеңінде пікірлер жиынтыгын
стандарттау және сертификаттау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК)
және, қажет болса, метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссия қарайды.
Стандарт жобасының негізделген ескертулері болса аяқтап бітіруге
қайтарылады немесе әзірлеуден алынады.
Аяқтан бітіруге стандарт жобасының қайтарылу себебі: келісетін
мекемелерден алынған тұжырымдар жоқтығы, міндетті талаптар бөлігінде заңды
және басқа нормативтік-құқықтық актілер, өзара байланысты техникалык
реттемелер, халықаралық, мемлекеттік және мемлекет аралық стандарттар
талаптарына сәйкессіздігі; мүдделі ТК мүшелері мен мекемелердің
қабылданбаған ескертулері негізделмеуі.
Стандарт жобасын түзетіп және аяқтап бітірген соң қоса жіберілетін
құжаттар жинағымен, ҒТК хаттамасы және ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттар
жобасымен Мемстандартка бекітуге жіберіледі.
Мемлекеттік стандарттар Мемстандарттың ұйымдастыру-
өкімгерлік құжаттарымен бекітіледі және күшіне енгізіледі.
Негізге алынатын (ұйымдастыру-әдістемелік) және жалпы техникалық
стандарттар, қабылдау ережелері, сынамаларды іріктеу, бақылау әдістері,
буып-түю, таңбалау, тасымалдау және сақтау стандарттары күшінің мерзімі
шектелмей бекітіледі.
Өнімнің мемлекеттік стандарттары, технологиялық процестер мен қызметтер
өнім мен технологияның жанару мерзімін ескеріп, шектелген мерзімге
бекітіледі, бірақ 5 жылдан көп емес.
Бекітілген стандарттардың күшіне енгізілген күні стандарттарды енгізуді
қамтамасыз ететін қажетті шаралардың іске асырылуын ескеріп, бірақ
бекітілген сәтінен 1 жылдан ерте емес белгіленеді.
Стандартпен белгіленген талаптарды сақтауга қажетті жағдай болса
кәсіпорындар мен мекемелердің оларды күшіне енгізу шегінде кез келген
күннен стандарттарды алдын ала енгізуге құқығы бар, бірақ оларды бекіткен
және мемлекеттік тіркеген күннен ерте емес.
Бекітілген стандарттар Қазакстан Республикасының мемлекеттік
стандарттау жүйесінің Мемлекеттік тізіліміне Мемстандарт белгіленген
тәртіпте енгізіледі, Стандарттарға белгі беру тәртібі ҚР СТ 1.5 сәйкес.
ҚР СТ 1.22 белгіленген тәртіпте әр бекітілгеп стандарт бойынша Стандарт
ісі қалыптастырылады.
Әзірленетін сгандарттар деңгейіне әзірлеуші мен бекіткен мекеме
жауапты.
Стандарттарды жаңарту және жою
Стандарттарға тексеру жүргізу тәртібі
Стандарттарды жаңарту оларга өзгертулерді енгізу немесе мүдделі
мемлекеттік басқару органдарынан, заңды және жеке тұлғалардан,
стандарттарға немесе ұсыныстарға тексеру жүргізу негізінде қайта қарау
жолымен жүзеге асырылады.
Стандарттарды тексеруді қолданыстағы стандарттар мөлшерін ғылым,
техника және технологияның даму деңгейіне, экономика және тұтынушы
қажеттілігіне және Қазакстан Республикасының қорғау қабілеті сәйкестігін
анықтау, мемлекеттік стандарттаудың мақсатына толық жету үшін жүргізіледі.
Тексерген кезде стандарттардың қолданыстағы және енгізілетін мөлшерлер
мен ережелерге сәйкесіп белгіленуі тиіс:
- заңды және басқа нормативтік-құқыктық актілерге, техникалық
реттемелерге;
- Мемлекет аралык және халықаралык стандарттарына;
- стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсыныстарға;
- қабылданған мемлекет аралық және халықаралык келісімдер мен
конвенсияларға;
Стандарттарды тексеруді түскен ұсыныстарды және жоғарыда көрсетілген
мәселелерді ескеріп әзірлеуші ұйымдастырады және жүргізеді.
Ұсыныстар ретінде өзгерту жобасы, қайта қаралган стандарттар жобасы
немесе әлемнің жетекші елдерінің қолданыстағы халықаралық, аумактық және
ұлттык стандарттары ұсынылуы тиіс.
Тексеру нәтижесі бойынша әзірлеуші-мекеме Мемстандартқа стапдарт
жобасын (стандартқа өзгертулерді) немесе оны қайта қарау немесе жою
ұсыныстарын дайындайды және жібереді.
Тексеретін объекттің деңгейі экономика және тұтынушы қажеттілігіне
сәйкес болса және оларға стандарттың талаптары мен мөлшерлеріне қатысты
өзгертулерді және толықтыруларды енгізу, оның күшінің мерзімін ұзарту және
шектеу мерзімі қажет болмаса және де стандарт күшінің қалпына келуі
Мемстандарттың ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарымен ресімделеді.
Стандартқа өзгертулерді әзірлеу, бекіту және күшіне енгізу тәртібі
Стандарттарға өзгертулерді стандарттардың жеке талаптарын ауыстырған,
толықтырған немесе жойған, оның күшін ұзартқан, шектеген және қалпына
келтірген кезде әзірлейді. Егер өзгерту мәтінінің көлемі қолданыстағы
стандарттар көлемінен 50 % асқан кезде, онда қолданыстағы стандарт
бекітілгеннен кейін бір ай ішінде өзгертуімен бірге қайта басылып шығарылу
керек.
Стандарттарға өзгертулер қолданыстағы стапдарт бойынша дайындалған
өніммен жаңа өнімнің өзара алмасуы мен үйлесушілігі талаптарын бұзбайтын
халықаралық талаптармен және мөлшерлермен үйлестірген және оларга жаңа және
ілгері талаптарды енгізген кезде әзірленеді.
Редакциялык және (немесе) сілтеме сипатты өзгертулерді өнім сапасына
талаптарды ауыстыруға (қосуға, шеттен шығаруға) немесе халықаралық
стандарттар талаптарымен үйлестіруге негізделген өзгертулерді енгізген
кезде ескереді.
Қолданыстағы стандарттарға өзгертулерді әзірлеген кезде өзара
байланысты стандарттарга және құжаттарга өзгергулерді енгізу жөніндегі
ұсыныстар дайындалады.
Стандартқа өзгертулер жобасын мемлекеттік стандарттарды келіскен
мекемелермен келіспеседе болады, егер өзгертулер олардың құзырына жататын
талаптарға тимесе.
Стандарттың өзгертулер жобасын Мемстандартқа бекітуге екі данада
(мемлекеттік және орыс тілдерінде) ұсынады.
Стандарттың өзгертулер жобасымен бірге өзгертулер жобасын қарауды және
келісуді растайтын түпнұскалық құжаттар, пікірлер жиынтығы мен түсіндірме
жазбахат ұсынылуы тиіс.
Өзгертулер бекітіледі және Мемстандарттың ұйымдастыру-өкімгерлік
құжаттарымен күшіне енгізіледі. Бекітілген өзгертулер Қазақстан
Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің Мемлекеттік тізіліміне
енгізіледі.
Әр өзгертуге бөлшек арқылы өзгертулер нөмірі көрсетіп, стандартқа
берілген реттік тіркеу нөмірі беріледі және бірақ оны бекіткен күннен 6
айдан ерте емес күшіне енгізілген күні белгіленеді.
Стандарттың күшін ұзарту, шектеу жөніндегі ұсыныстар, стандарт күшінің
мерзімі біткенге дейін 6 аптадан кешіктірілмей Мемстандартқа жіберіледі.
Бекітілген өзгертулер мәтіні және олармен біргс бекітуге ұсынылған
құжаттар ҚР СТ 1.22 сәйкес Стандарт ісіне кіргізіледі.
Күшінің мерзімі дер кезінде ұзартылмаған стандарттар Қазақстан
Республикасы аумағында күші жоқ деп саналады.
Стандартты қайта қарау
Өнім стандартын қайта қарауды жаңа ілгері талаптарды белгілеген кезде
жүзеге асырады, егер олар қолданыстағы стандарттар бойынша дайындалған
өнімнің жаңа өніммен өзара алмасуы бұзылуына және (немесе) сапасының
негізгі көрсеткіштері өзгеруі келтірілмесе.
Стандартты қайта қараған кезде қолданыстағының орнына жаңа стандарт
әзірленеді. Ондайда, бұрын қолданыста болған стандарт жойылады, ал жаңа
стандартқа қай стандарт орнына әзірленетіні көрсетіледі. Жаңа стандартқа
бекіту жылының соңғы екі цифрларын ауыстырып ескі стандарт белгісін береді.
Қайта қаралған стандарт жобасы, егер оның қолдануы техникалық
реттемемен ескерілсе міндетті түрде көрсетілген техникалық реттеме
әзірлеушісіне келісуге ұсынылады.
Нақты өнімге стандартты қайта қараған кезде, қосалқы бөлшектерді
дайындау және пайдалануға жататын өнімді жөндеу қажет болса, ал негізгі
өнімдерді шығару тоқтатылса әзірлеуші қолданыстағы стандартқа өзгертулер
жобасын дайындайды.
Өзгертуде оны тарату саласының шектелуін керсетеді «Бұл стандартты тек
қосалқы бөлшектерді дайындау және пайдалануга жататын бұйымдарды жөндеу
үшін қолдану керек». Ондайда стандарттың тіркеу нөмірін сақтайды, егер ол
шектелген болса стандарттың қолданыстагы мерзімі шектелуін алып тастайды.
Болашақта стандарт өзгертуге жатпайды.
Бір мезгілде стандартты қайта қараумен бірге стандарттау жөніндегі
өзара байланысты нормативтік құжаттарды жою немесе жаңарту жұмыстарын
жүзеге асырады.
Стандарттарды қолдану
Бекітілгсн стандарттарды жұмыстарды орындаған және кызмет көрсеткен
кезде өнімді әзірлеу, өндіріске дайындау, істен шығару, іске асыру, қолдану
(пайдалану), сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату сатысында Қазақстан
Республикасы аумағында қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар
қолданылады.
Стандарттар тікелей немесе оларға заңды актілерде, басқа нормативтік
құжаттар актілерінде, техникалық реттемелерде, келісім шарттарда, басқа
құжаттарда сілтеу жолымен қолданылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүддесін қорғауды,
тұтынушыны алдаудан қоргауды, үйлестірушілік, өзара алмасушылық жоне
халықтың денсаулығына, өміріне, қоршаған ортага өнімнің, процестің
(жұмыстардың), қызметтің қауіпсіздігін және мүлігін сақтауды қамтамасыз
ететін талаптары бар стандарттар техникалық реттемелерге жатады.
Көрсетілген талаптары бар стандарттар тиісті заңды және басқа
нормативтік құқықтық актілер, техникалық реттемелер мен өнімге міндетті
техникалық талаптарды реттемелейтін басқа нормативтік құжаттарды бекітуге
дейін сақтауға және қолдануга міндетті болып табылады.
Стандарттар техникалық реттемелерді әзірлеу үшін негіз ретінде
пайдалануы мүмкін. Техникалық реттемелер мәтінінде стандарттарға сілтемелер
және де стандарттар мәтіні толық немесе жартылай келтірілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы аумақтарында өнімді өндіру және сату туралы
шешім қабылдаған кезде дайындаушы өнімнің каталогтық парағын толтырады және
ҚР СТ 1.11 сәйкес уәкілетті мекемеге ұсынады.
Стандарттарды жою
Стандарттарды жоюды осы стандарт бойынша өндірілетін
өнімді шығарған (жұмыстарды орындаган, қызметтерді көрсеткен)
кезде, осы стандарт орнына басқа стандарттау жөніндегі нормативтік құжат
әзірлеген кезде, Қазақстан Республикасы аумағында осы объектіге техникалық
реттемелерді немесе халықаралық стандарты енгізген жағдайда жүзеге асырады.
Стандартты жою қажет болса Мемстандартқа: жою туралы ұсыныстарды, оны
ауыстыратын құжат туралы немесе ауыстырусыз стандартты жою туралы
ақпаратты, егер онда сақтауға және қолдануға міндетті мөлшерлері болса өнім
қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалау органдары стандартын жоюға келісімді
растайтын түпнұсқалық құжаттарды жібереді.
Қолданыстағы стандарттарды жою туралы ұсыныстар өзгертулер түрінде
ресімделеді. Стандарттарды жою Мемстандартың бұйрығымен жүзеге
асырылады.
Стандарттарға түзетулерді енгізу
Стандарттарды бекіткен, тіркелген және техникалық редакциялаған кезде
жіберілген қателерді түзету қажет болса, әзірлеуші-мекеме немесе басқа
мүдделі мекеме әзірлеуші-мекемемен келісім бойынша стандартка түзетулерді
ресімдейді, егер жіберілген қателер құжатты дәлелделсе.
Түзету стандарттың өзгертулері сипатты болмау тиіс және түзету мәтінін
жариялау немесе жариялаусыз ресімделеді. Стандартқа жаңа тармақтарды түзету
ретінде енгізуге болмайды.
Жарилаусыз түзетулерді стандарт басып шығарылмаған жағдайда енгізу
тиіс.
Түзетулермен техникалық қателерді (сөзді, формуладаға белгіні т.б);
стандарттардың талаптары мен мөлшерлерін өзгертетін редакциялық сипатты
қателерді түзетуге; өнімге қажетті талаптар мен мөлшерлерді белгілейтін
құжаттарға сілтемелерді ауыстыруға болады, егер стандартта келтірілген сапа
мен қауіпсіздік мөлшерлері өзгерілмесе.
Стандартқа түзетілерді енгізу үшін мүдделі мекеме Мемстандартқа:
жолдама хатты, түсіндірме жазбахатты, енгізілген түзетулердің құқықтылығын
растайтын құжаттарды және түзетудің үш данасын жібереді.
Қажетті сараптау жүргізілгеннен кейін Мемстапдарт немесе ол уәкілеткен
мекеме ресімделген түзетулерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік
стандарттарының кезекті ақпараттық сілтемелерінде жариялау үшін жібереді.
Жариялау алдында түзету техникалық редакциялаудан өтеді.
Стандартқа жарияланган түзетулердің құқықтылығына жариялауға жіберген
мекеме жауапты.
Стандартқа жарияланған түзетулер ҚР СТ 1.22 сәйкес Стандарт ісі
құрамына кіргізіледі.
Стандарттарды басып шығару, ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ету
Мемстандарт уәкілеткен мекеме бекігілген стандарттар және оларға
өзгертулер туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
стандарты» ай сайынғы ақпараттық сілтемелерінде жариялайды.
Стандарттарды басып шығару тәртібі және олардан көшірмесін алу,
бекітілген стандарттар мен өзгертулерінің мәтіні туралы ақпаратты жариялау,
ақпаратпен және мүдделі мекемелердің басып шығарылған стандарттарымен
қамтамасыз ету ҚР СТ 1.8 белгіленген.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Мемлекеттік стандарт деп қандай стандартты айтады ?
2 Мемлекеттік стандарттың қандай түрлері бар?
3 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу және қарау тәртібі қалай
жүргізіледі?
4 Мемлекеттік стандарттарды жаңарту және жоюды қалай жүргізеді?
5 Мемлекеттік стандартқа өзгертулерді әзірлеу, бекіту және күшіне енгізу
тәртібі қалай жүргізіледі?
6 Мемлекеттік стандарттарға түзетулерді қалай енгізеді?
7 Мемлекеттік стандарттарды басып шығару, ақпараттық және нормативтік
қамтамасыз ету қалай жүргізіледі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11
(05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
2 ҚР СТ 1.2 – 2002 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі.
3 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне
және мазмұнына қойылатын талаптар

№ 9 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Ұйым стандарттары

Дәріс сабағының мазмұны:


1 Ұйым стандарттарын әзірлеудің негізгі мақсаттары мен принциптері
2 Ұйым стандарттарының нысандары мен әзірленетін стандарттардың түрлері
3 Ұйым стандарттарын әзірлеу тәртібі

1 Ұйым стандарттарының түрлері мен әзірлеу тәртібі ҚР СТ 1.14 сәйкес


орнатылады. Бұл стандарт ұйым стандарттарын әзірлеу, келісу, бекіту,
тіркеу, жаңарту (өзгерту, қайта қарау) қолдану және жою тәртібін
белгілейді.
Стандарт ережелері ұйым стандарттарын әзірлеуді және (немесе) қолдануды
жүзеге асыратын, ұйымдастыру-құқықтық нысандарынан тәуелсіз, Қазақстан
Республикасы аумағында орналасқан жеке және занды тұлғалармен қолданылады.
ҚР СТ 1.4 сәйкес кәсіпорындармен (ұйымдармен) әзірленген және
бекітілген фирмалық стандарттар олардық күшінің мерзімі өткенге немесе
бекітетін ұйымның оларды қайта қарау туралы шешім қабылдағанға дейін
қолданылады.
Стандарттарды әзірлеудің негізгі мақсаттары: - азаматтардың өмірі
және денсаулығы, заңды және жеке тұлғалардың мүліктері, малдар мен
өсімдіктердің өмірі, қоршаған орта үшін өнім, процесс, қызметтер (ары қарай
өнім) қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату;
- техникалық реттемелер талаптарын сақтауға көмектесу;
- табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлар пайда болу
тәуекелдігін есепке алып объектілер қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату;
- ғылыми-техниқалық прогреске көмектесу;
- өнім, процесс және қызметтің бәсекеге жарамдылығын көтеру;
- ресурстарды үнемді пайдалану;
- техникалық және ақпараттық үйлесімдік;
- зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулер, техникалық-статистикалық деректер
нәтижелерін салыстыру;
- өнімнің өзара алмасуы.
Стандарттарды әзірлеудің негізгі принциптері:
- келісу;
- еркіндік;
- қол жететіндік;
- экономикалық мақсатқа сайлық.
2 Стандарттау нысандары
Ұйымдар деңгейінде стандарттау нысандарына ұйымдар ішіндегі
нысандар және жеткізілетін өнімді қоса, соның ішінде іргелі немесе
қолданбалы зерттеулер және әзірлемелер болып табылатын өнім, процесс және
қызметтер жатады:
- жаңа және жаңғыртылған өнім, технология және қызмет түрлері;
ұйымдастыру- әдістемелік және жалпы техникалық нормалар;
- өнімнің құрамдық бөлігі, технологиялық жабдықтау және құрал;
- технологиялық процестер, сонымен қатар жалпы технологиялық
нормалар мен оларға қойылатын талаптар;

- ұйымдастыру процестері және өндірісті басқару, сапа менеджменті


жүйесін, экологиялық менеджмент, еңбек қауіпсіздігі менеджментін қоса;

- терминология, сыныптау және кодтау нысандары;


- технологиялық процестер (тәртіптер, реттемелер);
- бақылау (сынау) әдістері, өлшеу орындау әдістемелері.
Стандарттар ұйымдарды және өндірісті басқаруды жетілдіру, шығарьшатын
өнімнің, процестердің және қызметтердің бәсекеге жарамдылығын, сонымен
қатар ұйымдарда халықаралық, аймақтық және шетелдік мемлекеттердің ұлттық
стандарттарын енгізуді қамтамасыз ету мақсатымен оларды қолдану
қажеттілігіне сүйеніп әзірленеді.
Стандарттар авторлық құқық нысаны болып табылады және тек олардың түп
нұсқаларын ұстаушы-ұйым рұқсатымен таралуы мүмкін. Стандарттардың
түпнұсқа ұстаушылары оларды бекіткен ұйымдар немесе олармен келісім бойынша
басқа ұйымдар болып табылады.
Стандарттарды әзірлеуді мүдделі жеке және заңды тұлғалар жүзеге
асырады: соның ішінде: мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өнімді
дайындаушылар мен тұтынушылар (тапсырушылар), стандарттау жөніндегі
техникалық комитеттер, сертификаттау органдары, ғылыми-зерттеу және жобалық
ұйымдар мен институттар, қоғамдық бірлестіктер (одақтар, қоғамдастықтар),
оқу орындары.
Стандарттар жоспарлық немесе ынтагерлік тәртіпте әзірленеді.
Стандарттар конкурс негізінде әзірленеді. Ондайда конкурс шарттары
әзірлеуші тапсырушысы белгілеген ережелерге сәйкес анықталады, ал
әзірлеушілермен олардың әзірлемесіне шарт жасалады.
Тапсырушы атынан түрлі ұйымдастыру-құқықтық нысандарының жеке немесе
занды тұлғалары атынан шығуы мүмкін.
Стандарттарды әзірлеу кезінде төмендегілерді пайдалану ұсынылады:
- осы ұйым стандартын пайдаланылатын осы және басқа ұйымдардың
құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарын;
- ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, тәжірибелік-
технологиялық және жобалық жұмыстар нәтижелері;
- патенттік зерттеулер нәтижелері;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары, сонымен қатар
халық аралық және мемлекеттік стандарттар ретінде Қазақстан Республикасында
қолданылатын шетел мемлекеттерінің аймақтық стан-дарттары;
- халықаралық және аймақтық стандарттар немесе аяқтау сатысында
олардың жобалары;
- шетел мемлекеттерінің салалық және ұлттық стандарттары;
- отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың техникалық шарттары және
өндірістік тәжірибесі;
- белгілі шет ел компанияларының фирмалық (корпоративтік) стандарттары;
- қоғамдық бірлестіктер стандарттары, соның ішінде шетелдік;
- отандық және шетелдік ғылым, техника және ақпараттық қазіргі заманы
жетістіктері туралы басқа ақпарат;
- ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттар мен мемлекеттік басқару ор-
гандарының ұсыныстары.
Республикада міндетті түрде сәйкестікті растауға жататын қажетті өнім
стандарттары техникалық реттемелер жоқ болса, осы талаптарға сәйкестігіне
сәйкестікті растау, бақылау (сынау) әдістері жүзеге асырылатын талаптар,
өнімді таңбалау және буып-түю ережелері болу тиіс.
Стандарттарды әзірлеу кезінде халықаралық аймақтық, ұлттық, салалық
және шетелдік мемлекеттер мен ұйымдардың фирмалық стандарттары қолданылады,
оларды қолдану Қазақстан Республикасында қабылданған адамдардың, малдардың,
өсімдіктердің өмірі, денсаулығы және қоршаған орта үшін өнім
қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етпейтін жағдайларды
қоспағанда.
Стандарттар мен құжаттарды қолдану шарттары мен тәртібі ҚР СТ 1.9
сәйкес. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен Қазақстан
Республикасы мүшесі болып табылмайтын халықаралық және аймақтық ұйымдары
стандарттарын қолдану шарттарда және келісімдерде көрсетілген стандарттарға
сілтеме болған кезде жүзеге асырылады.
Әзірленетін стандарттардың нормалары мен талаптары адам-дардың,
малдардың, өсімдіктердің өмірі, денсаулығы, жеке және заңды тұлғалардың
мүлігі мен қоршаған орта үшін өнім қауіпсіздігі бойынша міндетті талаптар
бөлігінде республика аумағында қолданыстағы техникалық реттеу және
стандарттар саласында өзара байланысты занды, нормативтік құқықтық актілер
ережелеріне қайшы болмау керек және өнім, процесс, қызмет қауіпсіздігіне
қатысты тұтынушыларды адастырмау керек.
Өнімді жеткізуде қолданылатын ұйымдар стандарттары, процестерді орындау
немесе қызмет көрсету жасалған келісім-шарттар талаптары көлемінде міндетті
сақтауға жатады.
Стаңдарттарды әзірлеуде жұмыстарды жүргізудің келесі көлемдері
ұсынылады:
- әзірлемені ұйымдастыру;
- стандарт жобасын (алғашқы редакциясын) әзірлеу және мүдделі
тұлғалардың оларды қарауы;
- стандарт жобасын аяқтап бітіру (сонғы редакциясы), оны келісу және
сараптау;
- стандартты бекіту, оны тіркеу, тарату және іске қосу.
Стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, жаңарту (өзгертулерді енгізу,
қайта қарау), құрастыру, баяндау, ресімдеу, мазмұны, күшіне енгізу,
қолдану, жою, басып шығару және тарату ерекшелігі бекітетін мекемемен
анықталады.
Стандарттарды әзірлеу кезінде езара түсінушілікті және бір келкілігін
қамтамасыз ету мақсатымен, соның ішінде халықаралық, аймақтық және шетелдік
мемлекеттердің ұлттық стандарттары негізінде әзірленген стандарттарды
ресімдеу кезінде ҚР СТ 1.5 ережелерін қолдану керек.
Стандарттарды бекіту алдында сараптау жүргізу қажеттілігі, сонымен
қатар оны жүргізу тәртібі, бөтен ұйымдардағы сараптауды қоса бекітетін
ұйыммен анықталады.
Сараптау жүргізу кезінде ҚР СТ 1.33 ережелерін пайдалану ұсы-нылады.
Әзірленетін стандарттар туралы әлуетгі серіктестер мен мүделлі
тұлғаларды хабарлау мақсатымен олар туралы ақпарат бекітетін ұйым
басылымдарында және құралдарында немесе ИНТЕРНЕТ-ті жалпы пайдалану
желісінде электрондық-цифрлық пішінде орналасуы керек.
Келісілген жағдайларда әзірленетін стандарттар туралы ақпарат оларды
әзірлеуге тартылған немесе мүдделі тұлғалардық кең тобы қолдануға тартылған
стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның
баспа немесе электрондық құралдарында орналасады.
Әзірленетін стандарттар тұрлері
Ұйымдар деңгейінде келесі түрлі стандарттар әзірленуі мүмкін:
- ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық;
- өнім, процесс және қызмет стандарттары;
- қабылдау ережелері, сынамаларды іріктеу, бақылау (сынау, өл-шеу)
әдістері, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау.
3 Стандарттарды әзірлеу тәртібі
3.1 Стандарттарды әзірлеуді ұйымдастыру
Әзірлеу үшін негіздеме әзірлеуші-ұйым немесе тапсырушы жоспарына,
немесе оларды әзірлеу қажеттілігі мақсаты және негіздемесі көрсетілген
бөтен мекемелер әзірлемесі өтініміне кіретін, стандартарды әзірлеу
тапсырмалары болуы мүмкін. Өніммен бірге стандарт жобасы, оны әзірлеуге
техникалық тапсырмалар немесе қолданыстағы халықаралық, аймақтық, салалық,
шетел мемлекеттерінің ұлттық стандарттары қоса жіберілуі тиіс.
Техникалық тапсырмада (оны дайындау қажеттілігінде) көрсетіледі:
стандарттарды әзірлеу сатылары және оларды орындау мерзімі, стандарттар
бөлімдері; стандарттауға белгіленген негізгі сипаттамалар мен нысан
көрсеткіштері; стандарттармен бірге ұсынылатын құжаттар, келісілетін
ұйымдар, олардың нормаларымен әзірленетін стандарттар талаптарын,
тапсырушының басқа талаптарын үйлестіруге ұсынылатын-халықаралық
стандарттар тізбелері.
Әзірлеуші стандарт жобасын әзірлеуді ұйымдастырады:
- қажет болса, мүдделі (осы ұйым, бөтен) тұлғалар санынан стандарт
жобасын әзірлеу үшін жұмыс тобы құрамын анықтайды (ЖТ);
- бекітілген бағдарлрмалар, жоспарлар және шарттарға сәйкес
стандартты әзірлеу сатысы бойынша жұмыстарды орындау мерзімін белгілейді.
3.2 Стандарт жобасын әзірлеу (бірінші редакциясын)
Жұмыс тобы стандарт жобасын және оларға түсіндірме жазбасын дайындайды.
Түсіндірме жазбасында келтіріледі:
- стандартты әзірлеудің техника-экономикалық негіздемесі;
- тиісті құжат тапсырмасын көрсетіп стандартты әзірлеу үшін негіздеме;
- стандартты әзірлеудің мақсатқа сайлығы негіздемесін;
- стандарттау объектісі сипаттамасын;
- стандарт жобасының Қазақстан Республикасы заңдарына, техникалық
реттемелерге, халықаралық стандарттарға, қазіргі заманның ғылыми-техникалық
деңгейіне сәйкестігі;
- стандарт жобасының басқа нормативтік құжаттарымен өзара байланысы
туралы мәліметтері;
- стандарт жобасын қарауға және келісуге тарату туралы мәліметтер;
- ақпарат көздері;
- әзірлеуші және жұмысты қосарлас орындаушы, стандарттарды әзірлеу
мерзімдері туралы деректер (мекенжайы, электрондық; қатынасу
телефоны/факсы);
- стандартты әзірлеуден және қолданудан экономикалық тиімділігінің
есебі;
- стандарттау нысанының патенттік тазалығы туралы мәліметтер.
Әзірлеуші-мекеме стандарт жобасын занды және басқа нормативтік құқықтық
актілер, техникалық реттемелер, келісім шарттар және (немесе) стандартты
әзірлеуге техникалық тапсырмалар (бар болса) талаптарына сәйкестігіне
тексереді және оны түсіндірме жазбахатпен мүдделі ұйымдарға жібереді.
Мүдделі мекемелер стандарт жобасын (отырыстарда, хат жазысу жолымен,
соның ішінде электрондық пошта каналы, сөйлесу бойынша) қарайды және оларға
ұсыныстар мен ескертулерді дайындайды.
Стандарт жобасын электрондық поштаны пайдаланып жіберу ұсынылады.
Алынған ескертулерді есепке алып бірінші редакция ретінде
стандарт жобасы дайындалады.
Стандарттау объектісіне байланысты стандарт жобасын келісуге таратады:
- әзірлеме тапсырушысына (болса);
- егер әзірлеу сәтіне мемлекетте стандартталатын нысанға сактау үшін
міндетті белгілейтін талаптарға сәйкес әзірленген техникалық реттеу
(техникалық реттеме) саласында тиісті нормативтік құқықтық акгілер жоқ
болса, құзырына нормалау және стандартталатын өнім қауіпсіздігіне қадағалау
кіретін мемлекеттік басқару органдарына. Стандарттары келісуге жататын
нысандар тізбесі қауіпсідік нормаларын нормалауға және қадағалауға
уәкілетті тиісті мемлекеттік қадағалау органдарымен анықталады;
- балалар жөне арнайы тамақ өнімдеріне Қазақ тамақ академиясы, тамақ
және тамақа биологиялық белсенді қоспалар.
Қарауға стандарт жобасын тарату жоспарланатын ұйымдар тізбесі, сонымен
қатар стандарт жобасын мүдделі түлғалар қарау мерзімі бекітетін ұйыммен
анықталады. Дағдыдағыдай, қарау мерзімі стандарт жобасы алынган сәтінен бір
айдан аспау керек.
Бақылау (сынау) әдістеріне және елшеу орьіндау әдістемелеріне
талаітгарды реттемелейтін стандарттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік
өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жүйесі белгілеген тәртіпте метрологиялык
сараптауға жатады.
Стандарт жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар нақты және негізделген
болу тиіс. Баяндаудың ұсынылатын тізбектілігі:
- тұтас стандарт жобасы бойынша;
- стандартты баяндау тәртібінде бөлімдер, бөлімшелер, тармақтар,
тармақшалар, атап өтулер, қосымшалар.

Стандарт жобасының соңғы редакциясын әзірлеу және оны бекітуге ұсыну;


Әзірлеуші-ұйым алынған ұсыныстар мен ескертулерді есепке алып стандарт
жобасының соңғы редакциясын дайындайды.
Есепке алынған және есепке алынбаған ескертулер мен ұсыныстарды
ресімдеу тәртібін (хаттама, сын-пікір жиынтығы), стандарт
жобасын қайта келісу және қарау қажеттілігін, оны бекіту шарттарын
(дауыстар консенсусы, басқалар) бекітетін ұйым анықтайды.
3.3 Стандартты бекіту, тіркеу және басып шығару

Стандартты стандарт түпнүсқасын ұстаушы - ұйымның бірінші басшысы


(басшы орынбасары) бекітеді. Стандарт түпнұскасы иесі ретінде әзірлеуші-
ұйым немесе олармен келісілген шарттарда басқа ұйымдар болуы мүмкін.
Стандарт жобасының соңғы редакциясымен бекітуге ұсынылған құжаттар
тізбесі: түсіндірме жазба хат, суреттер, электрондық версиясы, сын-пікір
жиынтығы, қарауды және келісуді растайтын құжаттар; стандартты қарау
бойынша әзірлеуші-ұйым отырысы жаттамасы, қабылдау комиссиясының отырыс
хаттамасы (дегустациялық немесе көркем-техникалық Кеңестің),
өнімді сынау актілері.
Стандарттарды оларды ұсынған сәттен 15 күннен аспайтын мерзімде бекіту
ұсынылады.

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен (ТР


НҚА) үйлестіріліп пайдаланылатын ұйым стандарттары, сондай-ақ сарапталуға
тиіс жеткізілетін өнімдерге арнап әзірленген стандарттар стандарттау,
метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен аныкталған
ұйымдарда есептік тіркелуі және ресми ақпарат көздерінде жариялануы керек.
Есептік тіркелуге ұсынылатын құжаттар жинағының құрамында өнімнің
қауіпсіздігіне жауап беретін мемлекеттік органдардың келісімі және
сараптамалық қорытындысының болуы міндетті.
Тіркеуге және басып шығаруға жататын стандарт мемлекеттік жане орыс
тілеріяде орындалуы тиіс. Тіркеу жүргізу кезінде бірден басталатын (мысалы,
тіркеу нөмірі: 0001-ден 10.03.2004 ж.) стандартқа реттік төрт мәнді тіркеу
нөмірі беріледі. Тіркеу нөмірі мөр түсіру жолымен немесе қолмен стандарттың
бірінші бетінде төменгі оң жағында койылады.
Стандартты басып шыгаруды оларды бекіткен ұйым немесе келісім бойынша
басқа ұйым жүзеге асырады. Басып шығарылатын стандартқа қойылатын талаптар
ҚР СТ 1.5, ГОСТ 7.4 сәйкес.
Стандарт 5 жылға дейінгі мерзімге тіркеледі және өндіріс, технологиясын
жаңарту, сілтеме берілген стандарттар мен үйлестірілген; стандартардың
техникалық реттеу (техникалық реттеме) саласында өзара байланысты
нормативтік күқықтық актілер талаптары, заң өзгеру кезінде көкейкесті етуге
жатады.
Стандарт күшіне енгізілген күні бекітетін ұйыммен стандартты енгізуді
қамтамасыз ететін қажетті шараларды жүзеге асыруды есепке алып белгіленеді.
Стандарт тың күшіне енгізілген күні оны тіркеу күнінен аспау керек.
Стандарттарды енгізу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде пайдалану ұсынылады.
Әр стандартқа бекітетін ұйым төмендегілерден тұратын белгі береді:
- аббревиатуралар - СТ;
- заңды тұлғаны тіркеу кезінде берілген бекітетін ұйыммен ұйымдастыру-
құқықтық пішінді қысқа атауы - ААҚ, ҒӨБ, ҒТБ, Қаз ҒЗИ, ОО.
• ұйымның статистикалық коды ҚР МС 02 сәйкес;
- жүйенің шартты цифрлық белгілері (ұйымдастыру-әдістемелік, жалпы-
техникалық) ҚР СТ 1.41 сәйкес, егер стандарттар республикада қолданыстагы
жүйелердің кез келгеніне жататын объектілерге әзірленсе;
- реттік нөмір. Нөмірдегі цифрлар саны 2-ден алтыға дейін болуы
мүмкін, әзірленетін және бекітетін стандарттар санына байланысты;
- бекітетін жылы.
Мысалдар:
1 ААҚ СТ 23459876-01-2004;
2ААҚСТ 23459876-01-04.
Егер әзірленетін құжаттың «ұйымдастыру-әдістемелік» немесе «жалпы
техникалық» түрі болса және стандарттардың мемлекетгік немесе жалпы
техникалық жүйелерінің біріне кірсе, онда стандарт белгісі жүйенің шарттық
цифрлық белгілеріне енгізіледі.
Мысалдар:
1 ААҚ СТ 23459876-1.01-2004;
2ААҚСТ 23459876-12.06-2004.
Әзірленетін стандарттардың деңгейіне және олардың Қазақстан
Республикасында қолданыстағы техникалық реттеу (техникалық реттеме)
саласында нормативтік құқықтық актілердің міндетті талаптарына сәйкестігіне
әзірлеуші-ұйымдар мен стандартты бекіткен ұйымдар жауапты.
3.4 Стандарттарды жаңарту және жою
Стандарттарға тексеру жүргізу тәртібі
Стандарттарды жаңарту мүдделі жеке және (немесе) заңды тұлғалардан
алынған ұсыныстарға немесе стандартқа тексеру жүргізу негізінде қайта қарау
немесе өзгертулер мен толықтыруларды енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Стандарт жобасын тексеруді олардың нормалары ғылым, техника және
технология деңгейіне, халықаралық стандарттар, заңдар, техникалық
реттемелер және олармен үйлестірілген стандарттар, тұтынушылар
(тапсырушылар), өндірушілер талаптарына сәйкестігін анықтау үшін
жүргізіледі.
Стандарттарды тексеруді түскен ұсыныстарды және жоғарыда көрсетілген
мәселелерді есепке алып әзірлеуші-ұйым ұйымдастырады және жүргізеді.
Ұсыныстар ретінде өзгертулер жобасы, қайта қаралған стандарттар жобасы,
қолданыстағы халықаралық стандарттар немесе аяқталу сәтінде олардың
жобалары ұсынылуы мүмкін.
Тексеру нәтижесі бойынша әзірлеуші-ұйым стандартты жаңарту қажеттілігін
анықтайды.
Стандарттарға өзгертулерді енгізу, соның ішінде ұзарту, шектеу немесе
стандарттардың күшінің мерзімін шектеуді алу, сонымен қатар стандарттар
күшін қалпына келтіру немесе оларды жою дағдыдағыдай өзгертулер түрінде
ресімделеді.
Тексерілетін стандарттар деңгейі экономика және тұтынушылар
қажеттілігіне сәйкес болса және стандарттар нормаларына және талаптарына
қатысты өзгертулер мен толықтырмаларды оларға енгізу қажеттілігі жоқ болса,
олардың күшінің мерзімін шектеу және ұзарту, сонымен қатар стандарттар
күшін қалпына келтіру бекітетін ұйымның ұйымдастыру-өкімгерлік құжатымен
ресімделеді.
3.5 Стандартқа өзгертулерді әзірлеу, бекіту және күшіне енгізу тәртібі
Стандартқа өзгертулерді стандарттың жеке талаптарын ауыстыру, толықтыру
немесе жою кезінде әзірлейді.
Егер өзгерту мәтінінің көлемі қолданыстағы стандарт көлемінен 50% асса,
онда қолданыстағы стандартты оны бекіткеннен кейін бір айлық мерзімде
өзгертумен бірге қайта шығару ұсынылады.
Стандартқа өзгертулерді оларға жаңа, ілгері талаптарды енгізген және
қолданыстағы стандарттар бойынша дайындалған өніммен жаңа өнім үйлесушілігі
және өзара алмасушылығы талаптарын бұзбайтын халық аралық стандарттармен
үйлестірген кезде әзірлейді.
Редакциялық және (және) сілтеме сипатты өзгертулерді өнім сапасына
талаптарды ауыстырумен (қосумен, жоюмен) немесе халықаралық стандарттары
талаптарымен үйлестірумен негізделген өзгертулерді әзірлеу кезінде
ескереді.
Стандартқа өзгертулерді әзірлеуді стандарттарды әзірлеу үшін 5 бөлімде
белгіленген тәртіпте және осы стандарт талаптарын есепке алып жүргізеді.
Өзгертулер стандарт әзірлеушісі болып табылмайтын, бірақ олармен міндетті
келіскен кезде ұйымдармен дайындалуы тиіс.
Егер өзгертулердің олардың құзырына жатпайтын талаптарға қатысы
болмаса, стандарт өзгертулерінің жобасын стандартты келіскен ұйыммен
келіспесе де болады.
Егер бекітетін ұйым құжатгарымен басқа ескерілмесе, стандарт
өзгертулерінің жобасын бекітуге бір данада ұсынады.
Стандарт өзгертулері жобасымен бірге өзгертулер жобасын келісуді және
қарауды растайтын түпнұсқа құжаттар, пікірлер жиынтығы және түсіндірме
жазбахат ұсынылу керек. Түсіндірме жазбахатында енгізілетін (енгізілген)
өзгерту (өзгертулер) болуы керек.
Өзгертулер стандартты бекіткен ұйымның ұйымдастыру-өкімгерлік құжатымен
бекітіледі және күшіне енгізіледі. Бекітілген өзгертулер стандарттарға
белгіленген тәртіпте тіркеуге жатады.
Өзгертулер тіркеуге жатады. Тіркеу кезінде әр өзгертуге бөлшек арқьшы
тіркеу нөмірі көрсетіліп, стандартқа берілген реттік тіркеу нөмірі беріледі
және оның күшіне енгізілген күнін белгілейді, бірақ оның тіркелген күнінен
бұрын емес.
Стандартқа өзгертулерді тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу тізіліміне
стандарттың тіркеу нөмірі енгізіледі және бөлшек арқылы өзгертудің реттік
нөмірі көрсетіледі (мысалы, тіркеу нөмірі: 0001/01 02.08.2004 ж.).
Стандарттың күшінің мерзімін ұзарту, шектеу немесе шектеуден алу
ұсыныстары стандартты бекіткен ұйымға жіберіледі.
Бекітілген өзгертулер мәтіндері және олармен бірге бекітуге ұсынылған
құжаттар Стандарт ісіне кіргізіледі, егер ол стандартқа ескерілсе.
Күшінің мерзімі дер кезінде ұзартылмаған стандарттар шынайы емес болып
саналады және жұмыста қолданылмауы да мүмкін. Стандарт күшінің мерзімі
қалпына келтірілуі мүмкін, егер оның мерзімі өткеннен кейін алты айдан көп
болса.
3.6 Стандартты қайта қарау
Стандартты қайта қарауды технологияларды жаңарту және жаңаларды, одан
ары ілгері талаптарды белгілеу кезінде жүзеге асырады, егер олар
қолданыстағы стандарттар бойынша дайындалған өніммен бірге жаңа өнімнің
өзара алмасушьшығын бұзуға және (немесе) өнім сапасының негізгі
көрсеткіштерін өзгертуге әкелмесе.
Стандартты қайта қарау кезінде қолданыстағының орнына жаңа стандарт
әзірленеді. Ондайда, бұрын қолданыстағы стандарт жойылады, ал жаңа
стандартта қай стандарт орнына әзірленгені көрсетіледі. Жаңа стандартқа
бекітілген жылының соңғы екі цифрын ауыстырып, ескі стандарт цифры
беріледі.
Нақты өнімге стандартты қайта қарау кезінде бөлшек бөліктерін дайындау
және пайдалануға жататын өнімді жөндеу қажет болса, ал негізгі бұйымдарды
шығару тоқтатылса, әзірлеуші-ұйым қолданыстағы стандартқа өзгертулер
жобасын дайындайды.
Өзгертуде оның таралу саласы шектелуін көрсетеді «Осы стандартты тек
пайдаланудағы бұйымдарды жөндеу және бөлшек бөліктерін дайындау үшін
қолдану керек». Ондайда стандарттың тіркеу нөмірін сақтайды, егер ол
шектелген болса, стандарт күшінің мерзімі шектелуін жояды.
3.7 Стандартты қолдану
Бекітілген стандарттар еркін болып табылады және мүдделі жеке және
заңды тұлғалармен қолданылады.
Қазақстан Республикасы аумағында өндіру және жүзеге асыру туралы шешім
қабылдау кезінде әзірленген стандарт бойынша дайындаушы өнімнің каталогтық
парақтарын толтырады және ҚР СТ 1.11 сәйкес уәкілетті органға ұсынады.
3.8 Стандартты жою
Стандартты жоюды техникалық реттеу (техникалық реттеме) немесе осы
объектіге халықаралық стандарттар саласында нормативтік құқықтық актілерді
енгізген және өзгерткен кезде осы стандарт бойынша жасалатын өнімді
(жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) шығаруды тоқтатқан кезде жүзеге
асырады.
Қолданыстағы стандартты жою жөніндегі ұсыныстарды оларды бекіткен
ұйымға жібереді.
3.9 Түзетулерді енгізу
Стандарттарға түзетулерді енгізуді және ресімдеуді, қажет болса,
бекітетін ұйым анықтайды. ҚР СТ 1.2 ережелерін пайдалануы мүмкін.
Стандарттарға жарияланған түзетулер құқықтылығына оларды жариялауға
берген ұйым жауапты.
Стандарттарға жарияланған түзетулер олар болған кезде Стандарттар ісіне
енгізіледі.
3.10 Ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ету
Бекітілген стандарттар туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға дейін
жеткізуді және есепке алуды түпнұсқаларды ұстаушы-ұйымдар жүзеге асырады.
Стандарттар түпнұсқаларын ұстаушы-ұйымдар ақпаратты меншікті ақпараттық
басылымдарында және каталогтарында немесе ИНТЕРНЕТ желісінде орналастырып,
бекітілген стандаттар және оларға өзгертулер туралы, олардың күшінің
мерзімі ұзартылуы немесе шектелуі, стандарттардың жойылуы және (немесе)
қайта қарау туралы ақпаратты жариялауды ұйымдастырады.
Бекітілген стандарттар туралы және олардың өзгертулер мәтіндері туралы
ақпартты жариялау тәртібі, ақпаратпен, басып шығарылған стандарттармен және
олардың көшірмелерімен мүдделі тұлғаларды қамтамасыз етуді бекітетін ұйым
белгілейді.
Жеткізілетін өнімге әзірленген стандарттар бойынша ақпарат тоқсанында
бір реттен сирек емес техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті
органдармен анықталған ұйымға ҚР СТ 1.8 сәйкес «Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік стандарты» (ҚР СТ АС) ай сайынғы ақпараттық сілтемесінде
жариялау үшін жіберіледі.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Ұйым стандарттарын әзірлеудің негізгі мақсаттары мен принциптерін
атаңыз.
2 Ұйым стандарттарының нысандары мен әзірленетін стандарттардың түрлері
қандай?
3 Ұйым стандарттарын әзірлеу тәртібі қандай кезеңдерден тұрады?
4 Стандартқа өзгертулерді әзірлеу, бекіту және күшіне енгізу тәртібі қалай
жүргізіледі?
5 Стандартты қайта қарау, қолдану, жою және оларға түзетулер енгізу қандай
тәртіпте жүреді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11
(05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.
3 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне
және мазмұнына қойылатын талаптар
4 ҚР СТ 1.14-2000 ҚР МСЖ Ұйым стандарттары. Түрлері мен жасау тәртібі

№ 10 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Мәтіндік өндірістік құжаттар

Дәріс сабағының мазмұны:


1 Мәтіндік өндірістік құжаттардың түрлері мен олардың қысқаша сипаттамалары
2 Құжаттарды жасау және бекіту тәртібі

1 Тағам саласында мәтіндік өндірістік құжаттарға технологиялық нұсқау


мен рецептура жатады.
Технологиялық нұсқау: Біртекті өнім топтарын немесе белгілі түрін
өндіру процесін қамтамасыз ететін технологиялық операцияларды орындау
тізбектілігі мен параметрлерді реттейтін технологиялық құжат.
Рецептура: Шикізат пен материалдар шығындарының нормаларын анықтау мен
олардың қажеттіліктерін есептеуі бар өнімнің құрамын орнататын
технологиялық құжат.
Технологиялық нұсқау (ТН) мен рецептура (РЦ) тағам өнімдеріне талаптар
орнататын техникалық регламенттердің, стандарттардың немесе техникалық
шарттардың негізінде дайындалады.
Стандарт жоқ болған кезде өнімге ТН мен РЦ бөлек құжаттар түрінде
жасалады. Қажет болған жағдайда, мұндай құжаттарға өнімнің сапа және
қауіпсіздік көрсеткіштері кіреді немесе сол құжаттарға сілтемелер жасалады.
Технологиялық нұсқау дайындалу технологиясы жағынан жақын біртүрлі
тағам өнімдерінің бір немесе бірнеше нақты атауларына дайындалады.
ТН және РЦ бөлек технологиялық құжаттар түрінде жасалады. Егер өнімнің
бір түріне, дайындалу технологиясы жағынан жақын тағам өнімдерінің бірнеше
нақты атауларына ТН жасалса, онда РЦ тағам өнімінің бір нақты атауына
жасалады.
ТН және РЦ орнатылатын сипаттамалар мен көрсеткіштер нақты тағам
өнімінің сәйкестендіруін қамтамасыз етеді.
Технологиялық нұсқауда тағам өнімдерін дайындаудың технологиялық
процесс шикізатты және жартылай фабрикаттарды қабылдау мен өндіріске
жіберуден бастап дайын өнімдерді шығаруға дейін жазылады.
ТН және РЦ талаптары мен ережелері міндетті болып есептеледі.
ТН және РЦ атауы бір өнімге бір уақытта енгізіледі.
ТН және РЦ енгізу уақытын дайындаушы орнатады, бірақ бекіту күнінен
ерте болуы керек, ал тіркеу жүйесі бар болғанда – тіркеу күнінен ерте болуы
қажет.
2 Технологиялық нұсқау мен рецептураны дайындау тәртібі
ТН және РЦ заңды және жеке тұлғалар, яғни тағам өнімдерін өндірушілер
жасайды. Сонымен қатар басқа тұлғалар да ТН мен РЦ дайындай алады, ол үшін
өндірушілермен келісілген түрде жасалу керек, оның ішінде ғылыми-зерттеу
институттары мен ұйымдар да жасайды.
ТН мен РЦ кіретін дайын өнімнің нақты көрсеткіштері мен шығу нормалары
зерттеулер жүргізу негізінде ҚР СТ 4.4 сәйкес орнатылады.
Рецептурада келесі мәліметтер болуы керек:
- өнімдердің органолептикалық және физико-химиялық қасиеттерінің
қысқаша сипаттамалары;
- өнімді өндіруге қолданылатын шикізаттардың, жартылай фабрикаттар мен
материалдарының тізімі, өндіру кезінде алмастыруға келетін қолданылатын
шикізат пен жартылай фабрикаттар;
- дайын өнімді өндіруге қажетті шикізат, жартылай фабрикаттар мен
материалдарын жұмсау нормалары;
- өндіру кезінде шығындардың нормалары;
- салмақ және басқа да негізгі физико-химиялық көрсеткіштер бойынша
ауытқулар шектері мен сақтау мерзімі.
ТН бөлек құжаттар түрінде Республикада қолданыста бар техникалық
регламенттер мен тағам өнімдеріне қауіпсіздік нормаларын орнататын, оның
радиология, микробиология нормалары мен тұтынушыларға арналған ақпараты бар
стандарттар.
ТН және РЦ орнатылатын тағам өнімдерінің атаулары ҚР СТ 1010 сай
болуы керек.
ТН келесі бөлімдерден тұруы қажет:
- кіріспе бөлімі;
- дайын өнімнің сипаттамасы, оның ішінде өнімнің тағам және
энергетикалық құндылығы жөніндегі мәліметтер;
- рецептура (егер ол болуы керек болса, бірақ бөлек құжат түрінде
жасалмаса);
- технологиялық процестің және қажет болған жағдайда технологиялық
сұлбаның сипаттамасы;
- негізгі технологиялық жабдықталуға қойылатын талаптар;
- шикізатты, жартылай фабрикатты, дайын өнімді қабылдау ережелері;
- шикізатты, жартылай фабрикатты, дайын өнімнің технологиялық
процесінде бақылау әдістері мен құралдардың қысқаша сипаттамасы;
- өнімді өндіруге талаптар реттейтін басқару, нормативтік және
технологиялық құжаттамалардың тізімі.
Керек болған жағдайда бөлек бөлімдерді біріктіруге және баяндалу
тәртібін өзгертуге болады.
Технологиялық нұсқау мен рецептураны құру, баяндау және ресімдеу
Рецептураны баяндау және ресімдеу ҚР СТ 1.5 сай орындалуы қажет.
ТН мен РЦ кіретін бөлімдердің құрылымын дайындаушы-кәсіпорын
анықтайды. ТН мен РЦ түпнұсқаны ұстаушы ұйымның басшысы бекітеді.
ТН, РЦ дайындауға басқа ұйым қатысқан кезде өтінім беруші мен
дайындаушы арасында келісім-шарт жасалады. ТН мен РЦ бекіту алдында
дайындаушы қызметтермен келісулер жүргізіледі, егер мұндай рәсім орнатылса.
Өнім жұмысшы және (немесе) Республикалық дегустациялық комиссиялармен
бағаланады, егер олар кәсіпорындарда немесе салаларда міндетті ретінде
қарастырылса.
Емдәмдік (емдік, сауықтандыру) маңызы бар тағам өнімдеріне бөлек
құжаттар түрінде жасалған ТН мен РЦ Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау органдарымен және Тағамтанудың Қазақ Академиясымен келісуге жатады.
Рецептураларды басқа ұйымдармен келісу қажеттілігін сол құжатты
бекіткен ұйым анықтайды.
ТН және РЦ жинақтарға енгізген кезде оларды келісу және бекіту
жөніндегі мәліметтер жинақтың екінші бетіне жазылады, егер жинаққа кіретін
барлық құжаттарға жатқызуға болса.
ТН мен РЦ жинағы қосымша компоненттерді және өзараалмастыратын
шикізаттарды енгізудің жалпы ережелеріне және басқа да қажетті жалпы
мәліметтерге сілтемелер жасау арқылы толтырылады. ТНғ РЦ жобаларының келісу
мерзімі 15 күннен аспау керек.
Бөлек құжаттар түрінде ресімделген бекітілген технологиялық нұсқау мен
рецептураларға белгіленулер қойылады және олардың құрылымы мынандай:
- құжаттың (ТН, РЦ) индексі;
- аймақтың немесе қаланың, ұйымның орналасқан жерінің (ТН, РЦ
түпнұсқасын ұстаушы кәсіпорынның) коды;
- реттік нөмірі.
Реттік нөмірді түпнұсқаны ұстаушы кәсіпорын орнатады.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Мәтіндік өндірістік құжаттар дегенді қаалй түсінесіздер?
2 Рецептуралар мен технологиялық нұсқауларды қандай органдар дайындайды?
3 Технологиялық нұсқау мен рецептураны жасау және бекіту тәртібі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.
2 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне
және мазмұнына қойылатын талаптар
3 ҚР СТ 1081-2002 Тағам өнімдеріне технологиялық нұсқау мен рецептураны
жасау тәртібі

№ 11 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Ұйымдастырушылық-өкімгерлік құжаттарды
жасау әдістемесі мен түрлері

Дәріс сабағының мазмұны:


1 Ұйымдастырушылық-өкімгерлік құжаттардың түрлері
2 Ұйымдастырушылық-өкімгерлік құжаттарды жасау әдістемесі

1 Ұйымдастырушылық-өкімгерлік құжаттардың түрлері:


- келісімдер (жеке еңбектік: материалды-техникалық жабдықтарға; өндіріс
жөнінде; жалдау; тапсыру; халықаралық ынтымақтастық; материалды жауаптылық;
шаруашылық, тағы басқа жөніндегі);
- жоғарыда тұратын ұйымдардың тапсырмалары;
- нұсқаулар (лауазымдық, лауазымдық міндеттерді тарату, іс қағаздарын
жасау жөнінде);
- номенклатуралар (ұйымдардың, лауазымдардың істері, т.б.);
- есептер (ұйымның өндірістік қызметі жөнінде, жоспарларды дайындау
бойынша);
- ережелер (құжаттарды жасау мен құжаттамаларды басқару, ұйымның жұмыс
жүргізуі жөнінде);
- бағдарламалар (даму, стратегиялық, қысқамерзімдік, өндірістік-
техникалық, жұмыстар мен шараларды жүргізу жөнінде, т.б.);
- регламенттер (халықаралық кездесулер; ұйымдардың жұмыстары бойынша);
- ұсыныстар (әдістемелік, ғылыми-әдістемелік);
- қорытындылар (комиссиялардың, кеңестердің);
- құрылымдар (салалық, ведомстволық, ұйымдық);
- талаптар (әдістемелік; нормативтік-әдістемелік; құжаттарды ресімдеу
бойынша);
- бірыңғайланған құжаттардың түрлері, т.с.с.
2 Құжаттардың деректемелерінің құрамы
Құжаттарды дайындау мен ресімдеуде келесі деректемелер
қолданылады:
01 - Қазакстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы;
02 - ұйым нышаны немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі);
03 - жоғары тұрған органның ресми атауы;
04 - ұйымның ресми атауы;
05 - ұйым туралы анықтамалык деректер;
06 - құжаттың түрінің атауы;
07 - құжаттың күні;
08 - құжаттың тіркеу нөмірі;
09 - кіріс кұжатының тіркеу нөмірі мен күніне сілтеме;
10 - құжаттың қүрылған немесе басылып шығарылған жері;
11 - құжатқа қолжеткізуді шектеу белгісі;
12 - хат алушы;
13 - құжатты бекіту белгісі;
14 - бұрыштама;
15 - мәтіннің тақырыбы;
16 - бақылау туралы белгі;
17 - құжаттың мәтіні;
18 - қосымшасы бары туралы бслгі;
19 - қойылған қол;
20 - құжаттың келісілу белгісі;
21 - құжаттың келісілу рұксатнамасы;
22 – мөр;
23 - көшірменің куәландырылғаны туралы белгі;
24 - орындаушы туралы белгі;
25 - құжаттың орындалуы және іске бағытталуы туралы белгі;
26 - құжаттың ұйымға келіп түскені туралы белгі;
27 - құжаттың электронды көшірмесін сәйкестендіргіш.
Құжаттар бланкілерде әзірленеді.
Құжаттардың бланкілерінін екі негізгі форматы - А4 (210Х297мм) және А5
(148Х210мм) МЕМСТ 9327-60 бойынша белгіленеді; А6 форматты (105X148)
бланкілерді пайдалануға рұқсат етіледі.
Құжаттардың бланкілерінің жиектері:
сол жагынан - 20 мм;
оң жағынан - 10 мм;
жоғарғы жағынан - 10 мм;
төменгі жағынан - 10 мм;
болуы қажет.
Құжаттардың бланкілерін ақ қағаздан немесе ашық түсті қағаздан жасаған
жөн.
Бланкілерді жедел полиграфиялық кұралдардың көмегімен баспаха-налық
әдіспен немесе нақты құжатты дайыңдау кезінде есептеу техникасы
құралдарының көмегімен жаңғыртуға рұқсат етіледі. Мемлекеттік ұйымдардың
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкілері ерекше
болып табылады.
Бланкілерде деректемелердің орналасуының екі түрі орнатылады: бұрышта
және ұзына бойына.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкілер тек
мемлекеттік органдар мен ұйымдар, олардың лауазымдық тұлғалары мен
құрылымдык бөлімдері үшін полиграфиялық әдіспен жасалады және қатаң есепке
алуға жатады.
Қатаң есеп беруге жататын бланкілерді жасау, пайдалану, есепке алу мен
сактау тәртібі Қазакстан Республикасы нормативтік құкыктық актілерімен
анықталады.
Елтанбалы бланкілерді жасауға құкығы бар полиграфиялык кәсіпорындар
Қазақстан Республикасы сәйкес өкілетті органымен анықталады.
Елтаңбалы бланкілерді жасау мемлекеттік органдар мнп ұйымдардың
тапсырыстары бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер туралы
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Елтаңбалы бланкілердің жобалары сәйкес
мемлекеттік мұрағаттық мекемемен келісіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы екі түсті алтын (сары)
және көкшіл-көгілдір түстерді пайдаланумен түрлі-түсті бейнеде ҚР 989 СТ
талаптарына сәйкес жаңғыртылуы тиіс.
Елтаңбалы бланкілердің оң жак төменгі бұрышында мәтін жиегінен тыс
баспаханалык әдіспен немесе нөмірлегішпен реттік нөмірлері, қажет болғанда
сол нөмірлердің сериялары қойылады. Елтаңбалы бланкілерді есепке алу
бланкілердің түрлері бойынша бөлек тіркеу-есепке алу нысанында (карточкада,
журналда) жургпіледі, сонымен бірге келесі деректемелер колданылады:
бланкілер келіп түскенде:
- елтаңбалы бланкі түрінің атауы;
- келіп түскен күні;
- ілеспе құжаттың нөмірі:
- ұйымның - елтаңбалы бланкілерді жеткітушінің (жасаушының) атауы;
- даналар саны;
- елтаңбалы бланкілердің сериялары мен нөмірлері;
бланкілерді беруде:
- елтаңбалы бланкі түрінің атауы;
- берілген күні;
- даналар саны;
- елтаңбалы бланкілердің сериялары мен нөмірлері;
- ұйымның құрылымдық бөлімдерінің атауы, лауазымды тұлғаның -елтаңбалы
бланкілерді алушының аты-жөні мен фамилиясы;
- алуы туралы қолхат;
- ескерту (жою туралы белгі және т.б.).
Елтаңбалы бланкілер сенімді жабылатын және мөрленетін шкафтарда
сақталады.
Елтаңбалы бланкілерді жою акт бойынша есепке алу-тіркеу ны-сандарда
белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
Елтаңбалы бланкілерді жасау, есепке алу, пайдалану мен сақтауды бақылау
мемлекеттік органның немесе ұйымның іс жүргізуге жауапты бөліміне
жүктеледі. Бланкілерді есепке алу, пайдалану мен сақтауға жауапты жеке
тұлғалар мемлекеттік органның немесе ұйымның жетекшісінің өкімдік құжатымен
тағайындалады.
Тіркеу-есепке алу нысандары мемлекеттік органның немесе ұйымның іс
номенклатурасына кіргізіледі.
Елтаңбалы бланкілердің барын, пайдалану және сактау тәртібін тексеру
жылына бір реттен сирек емес мемлекеттік органның немесе ұйымның
жетекшісінің өкімдік құжатымен тағайындалатын комиссиямен жүзеге асырылады.
Жүргізілген тексерулер туралы есепке алу-тіркеу нысандарында соңғы жазбадан
кейін белгі қойылады. Елтаңбалы бланкілерді жасау, есепке алу, сақтау мен
пайдалануда тәртіп бұзушылық анықталғанда комиссия нәтижелері акт ретінде
ресімделетін және мемлекеттік органның немесе ұйымның жетекшісінің назарына
жеткізілетін қызметтік тексеру жүргізеді.
Құжаттың әрбір көшірмесі мемлекеттік органмен немесе ұйымның мөрімен
куәландырылуы және дананың нөмірі қойылуы шартымен жедел полиграфия
құралдарымен жөнелтуге арналған құжаттарды елтаңбалы бланкіде көбейтуге
рұқсат етіледі.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Қандай ұйымдастырушылық-өкімгерлік құжаттар сізге белгілі?
2 Құжаттарды ресімдеуге бланктердің қандай форматтары қолданылады?
3 Қандай құжаттарды елтаңбалы бланктерде ресімдейді?
4 Құжаттамаларды ресімдеу кезінде қандай деректер қолданылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 ҚР СТ 1042-2001 Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттардың
ресімделуіне қойылатын талаптар

№ 12 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Техникалық комитеттер

Дәріс сабағының мазмұны:


1 Техникалық комитеттердің құрылымы, құрамы және құру тәртібі
2 Техникалық комитеттердің қызметтері

1 Техникалық комитеттерді құру және әрекет ету тәртібі ҚР СТ 1.15


сәйкес орнатылады. Бұл стандарт Қазақстан Республикасы аумағындағы
стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, халықаралық стандарттау
жөніндегі техникалық комитеттердің және халықаралық техникалық
комитеттердің мүшесі болып келетін стандарттау жөніндегі техникалық
комитеттердің құрылу тәртібін және жұмысын белгілейді.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдар мен
мүдделі жақтардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау
жөніндегі жұмыстарды өткізу үшін құрылады.
ТК техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органның
бұйрығымен бекітіледі.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің қызметін үйлестіру
техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органмен анықталған
кәсіпорын жүзеге асырады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер орындалатын жұмыс деңгейіне
байланысты Қазақстан Республикасының техникалық комитеттеріне (ТК),
мемлекетаралық техникалық комитеттерге (МТК) және ИСО Халықаралық ұйымының
техникалық комитеттеріне (ИСО ТК) бөлінеді.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің атауы «Стандарттау жө-
ніндегі техникалық комитет» сөздерінен және қызмет саласының атынан
(стандартау объектісінен) тұруы керек.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің қысқартылған аты «ТК»,
«МТК» немесе «ИСО ТК» әріптерінен және бір, екі немесе үш мәнді тіркеу
нөмірінен тұрады, мысалы: ТК 48, МТК 504, ИСО ТК 67.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемле-кеттік
органдардың және мүдделі жақтардың өкілдері қосылады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитет ТК мүше заңды және жеке
тұлғалардың (стандарттау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың) қауымдастығы
(одағы) түрінде құрыла алады.
Мұндай нысанда Төрағадан, жауапты хатшыдан, қауымдастыққа кіретін ТК
мүше өкілетті өкілдерден және қосымша комитеттердің өкілетті өкілдерінен
тұратын Кеңес құрылуы мүмкін.
Хатшылықты жүргізу үшін техникалық комитеттің құрамына енетін ТК
қызметін үйлестіру, хат алысуды жүргізу, Техникалық комитет Кеңесінің
мәжілісі құжаттарын дайындау және ресімдеу мақсатымен техникалық хатшылықты
жүргізуге тілек білдірген ұйымдардың бірі таңдалады. Техникалық хатшылықтың
құрамы және Төраганың кандидатурасы стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі техникалық комитетке мүше барлық ұйымдармен
келісіледі. Техникалық хатшылық хат жазысуды осы ұйымның бланкінде қажетті
деректеме жинақталымымен жүргізеді.
Қауымдастық мүшелері өзінің дербестігін және заңды тұлға құқығын
сақтайды. Қауымдастық өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қауымдастық мүшелері (ТК мүшелері) оның міндеттемелері бойынша сәйкес
қауымдастықтың құрылтайшылық құжаттарымен қарастырылған көлемде және
тәртіпте субсидиарлық жауап береді.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитет ғылыми-зерттеу, жобалық-
құрастырушылық және технологиялық институттардың, құрастырушылық
бюролардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың өкілдерінен сәйкес қызмет
салаларында ең жоғары ғылыми-техникалық әлуеті және жұмыс тәжірибесі бар
мемлекеттік басқару органдарының қатысуымен құрылады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитет заңды тұлға негізінде құ-рыла
алады. Бұл жағдайда техникалық хатшылықтың құрылуы міндетті емес, ал
қызметтік тұлғалар (стандарттау жөніндегі комитеттің төрағасы және жау-апты
хатшы) осы ұйымның қызметкерлерінің ішінен тағайындалады. Стан-дарттау
жөніндегі техникалық комитеттің хат жазысуын жүргізу үшін заңды тұлғаның
бланкі пайдаланылады.
Осындай стандарттау жөніндегі техникалық комитетке тапсырушылыр
(тұтынушылар) және өнімді шығарушылар, қызметтерді орындаушылар,
стандарттау және сертификаттау жөніндегі ұйымдардың, оқу орындарының,
ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық ұйымдардың ішінен
заңды тұлғалар, сондай-ақ стандарттау жөніндегі техникалық комитеттінің
стандарттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мүше бола алады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің құзіретіне мыналар жа-тады:
- бекітілген объектілер мен қызмет бағыттары жөніндегі техникалық рет-
теудің мемлекеттік жүйесінің негізгі бағыттарын анықтау жөніндегі ұсыныс-
тарын дайындау;
- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді, мем-
лекетаралық және мемлекеттік стандарттарды және шетел мемлекеттерінің
техника-экономикалық ақпараттарының жіктеуіштерін және оларға енгізілген
өзгертулерді ҚР СТ 1.2, ҚР СТ 1.23 , ҚР СТ 5.1, ҚР СТ 1.9 сәйкес әзірлеуге
және сараптауға қатысу;
- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді және
мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндегі техникалық реттеудің мемлекет-
тік жүйесінің даму бағдарламаларына ұсыныстарды дайындау;
- мемлекетаралық және халықаралық стандарттау жөніндегі техникалық
комитеттердің жұмыстарына қатысу;
- бекітілген объектілер мен қызмет бағыттары жөніндегі ұйымдардың
стандарттарының келісімшарттық негізінде әзірлеу және сараптау өткізу.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитет өзінің қызметінде Қазақс-тан
Республикасында қолданыстағы заңдарды және нормативтік құжаттарды, сәйкес
мемлекеттік, мемелекетаралық және халықаралық деңгейлерде қа-былданған
стандарттау жөніндегі Келісімдерді, сондай-ақ стандарттау жөнін-дегі нақты
техникалық комитеттер туралы ережелерді жетекшілікке алады.
Дауыс құқығы және өз функцияларын мүшелер стандарттау жөніндегі
техникалық комитеттің Кеңесінің мәжілістерінде немесе өзінің өкілдері
арқылы стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің тапсырысы бойынша
жұмыстарды орындау процестерінде іске асырады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің ұйымдастырушылық және
жұмыс мәжілістері сырттай, жазбаша (почталық немесе электрондық) талқылау
және пікір алысу жолымен өткізіле алады. Осындай мәжілістердің
қорытындыларын қарастырудан кейін (құжаттарды бекітуге немесе оларды әрі
қарай қарастыру мен әзірлеуден алып тастау туралы) ақырғы шешім стандарттау
жөніндегі техникалық комитеттің Кеңесімен қабылданады. Шешімдер дауыстардың
көпшілігімен қабылданады. Шешім қабылданғаннан кейін Техникалық хатшылықпен
ақпарат стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің барлық мүшелеріне бір
апталық мерзімде жетткізіледі.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің жұмысына қатысудан жүйелі
бас тарту кезінде мүшелер немесе олардың өкілдері стандарттау жөніндегі
техникалық комитеттің қүрамынан алынып тасталуы жөне басқа мүдделі
өкілдермен алмастырылуы мүмкін.
Кез келген заңды және жеке тұлғалар стандарттау жөніндегі техни-калық
комитеттің қүрамына стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің төрағасына
берілген жазбаша өтініш негізінде кіруі немесе шығуы мүмкін. Өтінішті
қарастыру мерзімі берілген күннен бастап бір айдан аспауы керек. Шешім
стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің төрағасымен қабылда-нады.
Техникалық хатшылықты жүргізу функциялары жүктелген ұйым хат-тар мен
құжаттарды дәл уақытында алу және жүмыста жедел байланысты (телефонмен,
факспен, электрондық почтамен) қамтамасыз ету үшін оның жұмысын қаржы
қүралдарымен және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етуі керек.
МАС стандарттары жөніндегі Бюромен хат жазысу және ИСО өзара
әрекеттесуді стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті
органмен анықталған кәсіпорын жүргізеді.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің құрылымында мемле-кеттік,
мемлекетаралық және халықаралық стандарттаудың (қызмет салалары) жеке
объектілері бойынша жұмыстардың анықталған бөлігін өткізу үшін стандарттау
жөніндегі техникалық комитетке бекітілген, құзыреті сәйкес шектелген
қосымша комитеттер қүрыла алады.
Қосымша комитеттер стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің
мәжілістерінде қалыптасады. ҚК құрылымы мен құрамы, олардың жетек-шілері
(орынбасарлары) және жауапты хатшылары стандарттау жөніндегі техникалық
комитетінің мәжілістерінде бекітіледі.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің жұмысы үшін стан-дарттау
жөніндегі техникалық комитетке мүше ұйымдар тұрақты өкілетті өкілдер
ретінде жоғарғы біліктілікті мамандарды бөледі және оларға жүктелген
міндеттерді орындауға арналған қажетті жағдайлар жасайды.
Өкілетті өкілдер стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің жұмысына
дауыс беру құқығымен қатысады және стандарттау жөніндегі техникалық
комитеттің мәжілістерінде мүшелердің жалпы санының 2/3 кем болмайтын кворум
болған жағдайда өзінің функцияларын іске асырады.
ТК құру және жұмыс істеу тәртібі
ТК құру туралы негіздемесі бар ұсыныс өкілетті органға негізінде тех-
никалық комитет құруға негіз болатын ұйыммен жіберіледі.
Ұсыныс мыналардан тұрады:
- ТК хатшылығын жүргізуге келісім берген ТК құруға негіз болатын заңды
тұлғаның, оның қызметі және ТК жұмысыңа жағдайлар жасау мүмкіндіктері
туралы толық ақпараты бар толық және қысқартылған аты. Келісім еркін ны-
санда жазбаша ресімделеді;
- ТК бекітілген стандарттау объектілерінің тізімі немесе ТК қызметінің
са-ласы;
- Ағымдағы жылдағы және(немесе) болашақтағы болжалданған жұмыс
бағдарламасы;
- ТК жұмысына қатысуға жазбаша келіскен ТК мүше ұйымдардың бол-жалды
тізімі.
¥сынылған материалдарды қарастырудан кейін техникалық реттеу және
метрология жөніндегі өкілетті орган ТК бекіту немесе ұсынылған ұсыныстан
бас тарту туралы шешім қабылдайды.
ТК «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттері» мемлекеттік
стандарттау жүйесінің тізіліміне енгізіледі.
Төрағаның, оның орынбасарының және жауапты хатшының кандидатуралары
техникалық реттеу және метрология жөніндегі органның бұйрығымен бекітіледі.
ТК төрағасы мынадай функцияларды орындайды:
- ТК қызметінің техникалық саясатын мемлекеттік стандарттау мақсаттары
мен мәселелерімен сәйкес әзірлеу;
- ТК жұмыстарын ұйымдастыру және басқару;
- ТК жұмыс мәжілістерін жүргізу;
- ТК қызметі туралы құжаттар мен материалдарды Кеңеспен қарастырылу
үшін дайындау;
- стандарттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және басқа ұйымдардан
келген мамандарды ТК жұмыс істеуге тарту.
ТК төрағасының орынбасары төрағаның функцияларын ол жоқ болған жағдайда
орындайды.
ТК хатшылығы мынадай функцияларды орындайды:
- ҒТК мәжілістерін дайындау және өтуін қамтамасыз ету;
- ТК кіретін қосымша комитеттердің және жұмыс топтарының жұмысын
үйлестіру;
- ТК және оның жұмыс органдарының (қосымша комитеттерінің және жұ-мыс
топтарының) жұмыстарының жоспарларын дайындау;
- жоспарлар мен жұмыстар жоспарын орындауды бақылау;
- ТК шешімдерін және НҚ жобаларын ресімдеу;
- ТК құжаттарын мүдделі ұйымдармен қарастыруды ұйымдастыру;
- сыртқы ұйымдармен хат жазысу жүргізу, құжаттарды тіркеу және есепке
алу;
- ТК орындалатын жұмыстардың нақты шығындарын есепке алу.
Төраға, төраға орынбасары, жауапты хатшы, өкілетті өкілдер өздерінің
құзіреттерінің және ТК қызмет саласының шеңберінде жауапты деп саналады.
Көрсетілген қызмет тұлғалардың кандидатуралары техникалық реттеу және
метрология жөніндегі өкілетті органмен және ТК құрылуына негіз болған
ұйымның өкілетті органымен ұсыныла алады.
ТК құру туралы бұйрықты бекіту күнінен бастап екі ай ішінде ТК жауапты
хатшысы құрылымы мен ТК туралы ережені келісу және «Стандарт-тау жөніндегі
техникалық комитеттер» мемлекеттік стандарттау жүйесінің тізіліміне енгізу
үшін дайындайды және техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті
мемлекеттік органға жібереді.
ТК құрылымы ерікті формада мынадай құжаттармен бірге ұсынылады:
- мүшелердің тізімі және төрағаны, төрағаның орынбасарын, жауапты хат-
шыны және ТК мүше өкілетті өкілдерді қосатын ТК тізімдік құрамы;
- стандарттау объектілері (қызмет салалары), әр қосымша комитетті, оның
құрамы және хатшылықтың мекен-жайы көрсетілген қосымша комитеттердің (бар
болса) тізімі.
2 ТК қызметі мемлекеттік стандарттардың сапалық деңгейін жоғарыла-туға,
оны отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсеке қабілеттілігін
жоғарылату үшін, сондай-ақ шет елдермен өніммен (технологиямен, қызмет-
термен) саудалық айырбас жасасу кезінде техникалық кедергілерді жою үшін
халықаралық стандарттармен үйлестіруге бағытталуы тиіс.
Мемлекеттік стандарттау саласында ТК мынадай жұмыстарды ұйым-дастырады
және жүргізеді:
- ТК бекітілген объектілер бойынша мемлекеттік стандарттаудың негізгі
даму бағыттарын анықтау және техникалық реттеу және метрология жөніндегі
өкілетті органға ұсыныстар беру;
- мемлекеттік стандарттардың жобаларын (ҚР СТ), техника-экономикалық
ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін, стандарттау жөніндегі ережелер мен
ұсыныстарды және ТК бекітілген объектілер бойынша техникалық реттеу са-
ласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу, қарастыру, келісу және
бекітуге дайындау;
- ұйымдардың стандарттарын, ТК бекітілген объектілер бойынша Қазақстан
Республикасын стандарттау жөніндегі ұсыныстарын әзірлеу, қарастыру, келісу;
- стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға
өзгертулерді қайта қарау және дайындау;
- ТК бекітілген объектілер бойынша стандарттау жөніндегі республикада
қолданыстағы нормативтік құжаттарды жою туралы ұсыныстарды дайындау;
- республикада қолданылатын нормативтік құжаттарды мемлекетаралық,
халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттары мен шет елдердің
құжаттарымен сәйкестендіру және үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау
және жұмыстарды жүргізу;
- техникалық деңгейді және ТК бекітілген объектілер бойынша стандарт-
таудың қол жеткізілген деңгейін бағалау;
- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің жо-
баларын, мемлекеттік стандарттарды және нарықтық экономикасы дамыған
елдердің техника-экономикалық ақпаратының сыныптауыштарын баламалы және
(немесе) өзара байланысты стандарттау объектілерін Қазақстан Респуб-
ликасында қолдану мақсатымен әзірлеуге және(немесе) қарастыруға қатысу;
- Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттау жөніндегі стан-
дарттар мен құжаттарды қайта қарау және өзгертулер енгізу, жаңадан әзірлеу
жөніндегі мемелекеттік стандарттау бағдарламаларына және жоспарларына
ұсыныстарды дайындау және қажеттілікті анықтау;
- техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органға ТК
ағымдағы және болашақтағы жұмыс жоспарларын және оның жасаған жұмысы туралы
жыл сайынғы есебін ұсыну.
ТК жұмыс жоспары жоспарланатын жұмыстардың орындалу жылының алдындағы
жылдың 1 шілдесіне дейін республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ұсынылады.
МТК құрылу және жұмыс жасау тәртібі
МТК құру немесе стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық
комитетінің жұмысына қатысу туралы негізделген ұсыныстар ұйымдар мен
кәсіпорындармен өкілетті органға жіберіледі. Ұсыныс мыналардан тұрады:
- МТК құрылуына негіз болуға немесе оның жұмысы туралы толық ақ-
паратпен МТК хатшылығын жүргізуге келіскен және МТК жұмысына жағ-дайлар
жасауға арналған мүмкіндіктер туралы жұмыс істеп жатқан МТК жұмысына
қатысуға ұсынылатын заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы. Келісім
еркін түрде жазбаша ресімделеді (келісім ретінде МТК құру жөніндегі
Бұйрыққа қол қойылу санала алады);
- МТК бекітілген стандарттау объектілерінің тізімі немесе МТК
қызметінің саласы;
- ағымдағы жылдағы және (немесе) болашақтағы жұмыстардың болжалды
бағдарламасы;
- МТК жұмысына қатысуға жазбаша келісімімен МТК мүше ұйымдардың
болжалды тізімі;
- МТК құрылымының және ережелерінің жобасы.
Ұсынылған құжаттар өкілетті органмен қарастырылады, оң шешім қа-
былданған жағдайда Мемлекетаралық кеңеспен (МАК) белгіленген тәртіпте
өкілетті органмен МАК стандарттар бюросына ұсынылады, теріс шешім жағ-
дайында мәлімдеме пен құжаттама ұйымға аяқталуға қайтарылады немесе
ауытқылады.
Қандай да бір техникалық салада стандарттау жөніндегі жұмыстарды
өткізуге мәлімдеме бір немесе бірнеше ұйымдармен және/немесе ТК ұсынылуы
мүмкін.
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті орган МТК құрылуға
негіз болған ұйымның қызметтік тұлғаларын ұсына алады.
Ұйымның мәлімденген саланың мемлекетаралық техникалық комитетке мүше
болуы туралы соңғы шешімі және мемлекетаралық тізілімде тіркеу МАЕ 02
сәйкес белгіленген тәртіпте қабылданады.
Мемлекетаралық стандарттау саласында МТК МАЕ 02 сәйкес жұмыс-тарды
жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу, келісу,
қабылдау, қолдану, жаңарту және жою тәртібі ҚР СТ 1.23 сәйкес жү-зеге
асырылады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің техникалық комитеттің
мүшелерімен, республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен және техникалық реттеу
және метрология жөніндегі өкілетті органмен хат жазысуын жүргізу және
сақтауды стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің бланкінде техникалық
хатшылық жүзеге асырады. МАС стандарттары жөніндегі Бюромен хат жазысуды
жүргізу және сақтауды техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті
органмен анықталған кәсіпорын жүргізеді.
МТК жұмыстарының жоспарлары өкілетті республикалық мемлекеттік
кәсіпорынға жұмыстардың орындалу жылының алдындағы жылдың 1 шілде-сіне
дейін ұсынылады, жыл сайынғы жұмыстар туралы есеп беру есепті жыл-дың 15
желтоқсанына дейін.
ИСО ТК құрылу және жұмыс істеу тәртібі
Халықаралық техникалық комитеттің құрамына кіруге тілек білдірген
стандарттау жөніндегі техникалық комитет өкілетті органға ұсынылған жұ-
мыстардың көлемі мен болжалды қатысу мәртебесі баяндалған осы техникалық
комитеттің жұмыстарына белсенді қатысу немесе құрамына оның жұмыстарын
сырттан бақылаушылар ретінде кіру тілегі бар түсіндірме жазбасы бар
мәлімдеме жібереді.
Көрсетілген құжаттар өкілетті органмен қарастырылады, мақұлданған және
оң шешім қабылданған жағдайда құжаттар ИСО белгіленген тәртіпте өкілетті
органмен ИСО стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымға ұсыны-лады, теріс
шешім қабылданған жағдайда мәлімдеме толықтырылуға қайта-рылапды немесе
қабылданбайды.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің мүшелігі туралы ақырғы
шешімі, мәлімденген саласы және халықаралық тізілімде тіркелу ИСО белгі-
ленген тәртіпте қабылданады.
ИСО ТК өзінің қызметін Жарғыға, ТББ белгіленген процедуралардың
ережелеріне немесе директиваларға және осы стандарттың талаптарына сәйкес
жүзеге асырады.
Бірде бір ИСО ТК оның ТББ кеңеюге берген рұқсатынсыз мақұлданған
қызметтің шегінен тыс шықпайды.
Мүше комитеттердің бірі ТББ ТК хатшылығын жүргізуге тағайындалады. ИСО
хатшылығының міндеттерін орындау кезінде мүше комитет толық бейтараптықты
сақтауы және хатшылық ретінде ұсынылатын ұсыныстарды нақты шектеуі керек.
ИСО ТК хатшылығы ТББ алдында өзінің жұмысы ғана емес, хат жазысу үшін де
жауапты.
ИСО ТК нақты Халықаралық стандартқа қатысты консенсусқа қол жеткізсе,
ол өзінің ұсыныстарын Бас хатшыға мүше комитеттермен келісілу үшін береді.
Кез келген мүше комитет кез келген әрекет немесе әрекетсіздік жөнінде
бұл Жарғыға, ТББ белгіленген процедура ережелеріне немесе директиваларына
немесе халықаралық сауда талаптарына, қауіпсіздікке, денсаулыққа және
қоршаған ортаны қорғауға сәйкес келмейді деп санағанда аппеляция беруі
мүмкін. Апелляциялар қабылданады және олар бойынша ТК жұмысы жөніндегі
директиваларда белгіленген процедураларға сәйкес шешімдер шығарылады.
ИСО ТК-нің техникалық комитет мүшелерімен, республикалық мем-лекеттік
кәсіпорынмен және техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті
органмен хат жазысуды жүргізу және сақтауды техникалық хатшылық ИСО ТК
бланкінде техникалық басқару бюросымен және ИСО техникалық хатшылығымен
және республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен ҚР СТ 1.29 сәйкес жүзеге
асырады.
ТК жұмыстарын қаржыландыру
ТК жұмыстарын қаржыландыру мүдделі ұйымдармен келісім-шарттық негізде
жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бағдарламалар құрамында орындалатын жұмыстар рес-публика
бюджетінен қаржыландырылады.
Келісім-шарттар жасасу кезінде стандарттау жөніндегі жұмыстардың
нормативтері ҚР СТ 1.40 сәйкес пайдаланылады.
ТК тарату
ТК техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органның
шешімімен стандарттау жөніндегі техникалық комитетіне бекітілген жұмыстарды
орындағаннан кейін таратыла алады.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті ор-ганның
шешімімен таратылған басқа жаңадан құрылатын стандарттау жөнін-дегі
техникалық комитетке берілмеуі керек.
Қажет болса, стандарттау жөніндегі техникалық комитет техникалық реттеу
және метрология жөніндегі өкілетті органның бұйрығымен орнына бұрынғы
реттік нөмірін берумен келтіріле алады.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Техникалық комитеттерді құру және әрекет ету тәртібі қандай стандартқа
сәйкес орнатылады?
2 Техникалық комитеттерді құру және жұмыс істеу тәртібі қандай?
3 Техникалық комитеттердің құрылымы қандай?
4 Техникалық комитеттердің қызметтерін атаңыз.
5 Техникалық комитеттердің жұмыстарын қаржыландыру қалай жүргізіледі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 ҚР СТ 1.15 – 2004 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер.
Құру және әрекет ету тәртібі
2 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11
(05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

№ 13 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Нормативтік құжаттар бойынша сараптау жүргізу және оларға
сараптық қорытындыларды беру тәртібі

Дәріс сабағының мазмұны:


1 Сараптаудың мақсаттары, қарастыратын мәселелері мен түрлері
2 Стандарттарға сараптау жүргізу тәртібі
3 Сараптаудың нәтижелерін ресімдеу

1 Сараптаудың мақсаттары мен қарастыратын мәселелері:


- дайындалатын құжаттардың заңнамалық және басқа да нормативтік
құқықтық актілер мен құжаттардың, техникалық регламенттердің, негізге
алынатын стандарттардың және Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің
құжаттарының міндетті талаптары мен ережелеріне сәйкестігін орнату;
- стандарттауға жататын нысандарды метрологиялық қамтамасыз ету;
- күші бар немесе бұрын дайындалған нормативтік құжаттарды қайта қарау,
жаңарту және бірыңғайландыруды жүргізу қажеттілігін табу;
- күші бар техникалық регламенттер мен стандарттардың талаптарының
қайталануын жою;
- функционалдық және сәйкестендіруші көрсеткіштерінің және бәсекелестік
көрсеткіштерінің бар болуын орнату;
- күші бар нормативтік құжаттамалар туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз
ету.
Нормативтік құжаттардың жобаларын сараптауды жасау және бекітуге,
мемлекеттік немесе есептік тіркеуге дайындау кезеңдерінде жүргізіледі.
Нормативтік құжаттың нысанына байланысты сараптауды техникалық реттеу
және метрология жөніндегі органмен уәкілетті деп танылған ұйымдарда
жүргізеді.
Сараптаудың түрлері. Ұлттық стандарттардың жобаларын
сараптаудың келесі түрлері бар: ғылыми-техникалық, терминологиялық,
метрологиялық, құқықтық, патенттік және арнайы.
Сараптауды келесі мамандар жүргізеді:
орнатылған тәртіпте стандарттау, метрология, сертификаттау және
аккредиттеу жөнінде аттестатталған сарапшы-аудиторлар;
белгілі қызмет аймағында жұмыс тәжірибесі 5 жылдан аз емес мамандар;
стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу салаларында
кәсіптік дәрежесін жоғарлатуын және дайындығын өткен, стандарттау,
метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен берілген
орнатылған үлгідегі куәлігі бар мамандар.
2 Сараптауды жүргізу тәртібі мен негізгі кезеңдері
Сараптауды 2 кезеңде жүргізеді:
Бірінші кезеңде ішкі бақылау, ал екінші кезеңде – құжаттың мазмұны,
ондағы орнатылған талаптардың, нормалар мен көрсеткіштердің деңгейі мен
негізделуі тексеріледі.
Бірінші кезеңде мынандай мәліметтер тексерілуі керек:
нормативтік құжаттың категориясына стандарттау нысанының сәйкестігін,
бекітудің деңгейі мен құқықтылығын жасау негізділігі;
ұсынылатын материалдардың жинақтылығы;
қызықтыратын ұйымдармен келісудің толықтығы;
белгіленудің дұрыстығы;
ресімделу, баяндалу мен құрудың дұрыстығы;
басып шығаруға және таратуға жарамды нормативтік құжаттың данасының бар
болуы.
Екінші кезеңде мыналар тексеріледі:
күші бар заңнаманың талаптарына сәйкестігі;
Қазақстан Республикасында күші бар техникалық регламенттердің
сәйкестігі;
Қазақстан Республикасы үшін қызығушылығы бар халықаралық, өңірлік және
шет елдердің ұлттық стандарттарына сәйкестігі;
стандарттауға жататын функционалдық белгіленуі және сәйкестендірудің
қажетті көрсеткіштердің бар болуы;
міндетті нормаларды баяндау, оларды ресімдеу және мазмұнының дұрыстығы;
негізге алынатын және жалпытехникалық стандарттардың, оның ішінде
негізгі тұтынушының (тапсырушының), лицензиар мен тұтынуды жүргізетін
ұйымның (бар болса) талаптарына сәйкестігі;
метрологиялық қамтамасыз ету;
терминологиялық қамтаамсыз ету.

3 Нормативтік құжаттарға сараптауды жүргізу нәтижелері бекітілген түрде


сараптамалық қорытындыда ресімделеді.
Нормативтік құжаттардың жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстарды
келесі түрде баяндайды:
толық жоба бойынша;
нормативтік құжаттардың баяндалу тәртібіне байланысты бөлімдері,
бөлімшелері, пунктері, қосымшалары бойынша.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Сараптауға қандай нормативтік құжаттар жатады?
2 Сараптаудың қандай түрлері сізге белгілі?
3 Сараптаудың мақсаттары мен қарастыратын мәселелерін атаңыз?
4 Сараптаудың жүргізу тәртібі қандай?
5 Сараптаудың нәтижелері қандай құжатпен ресімделеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.:
Юрайт, 2000 г. - 465 с.
3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. –
224 б.

№ 14 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Техникалық регламенттерде орнатылған талаптарды сақтауға
мемлекеттік бақылау
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Техникалық регламенттер жөнінде жалпы мәліметтер
2 Техникалық регламенттердің мазмұны

1 Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып


табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады
және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге
өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.
Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан
Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген
өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған
санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда,
өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең
дәрежеде белгiленедi және қолданылады.
Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары
мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның
нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.
Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар
Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын
жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн
Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден
артық кедергі тудырмауға тиiс.
Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-
техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн
жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою
немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.
Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi
кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде
техникалық регламентті қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық
құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ
өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.
Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса,
техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.
Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар
мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де
стандарттарды пайдалануға болады.
2 Техникалық регламенттердің мазмұны
Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере
отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi
қажеттi талаптарды белгiлейдi.
Техникалық регламентте:
1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған
тiзбесi;
2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз
ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға
тиiс.
Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан
өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның
iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-
түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне
қойылатын талаптар болуы мүмкiн.
Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн,
өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы
салдарынан Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз
етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына
қойылатын талаптар болмауға тиiс.
Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары
мен стандарттары Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарға сәйкес
келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық
немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.
Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға
мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге
қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық
регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты
факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.
Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере
отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:
1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi
әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз
ететiн;
2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық
ерекшелiктерге байланысты Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарға
жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;
3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен
денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес
мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi
өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.
Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар
техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.
Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның
күшiн жою ерекшелiктерi
Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе)
толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен
әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.
Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн
жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды
белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық
комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды
және уәкiлеттi органға ұсынады.
Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың
жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін
ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар
бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген
техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты
есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.
Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны,
нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн
жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға
және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын
әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның
күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.
Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық
стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық
стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар
өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан
Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық
регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:
1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық
акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi
туралы хабарлайды;
2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық
акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық
стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның
көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша
табыс етедi.
Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған
кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi
болуға тиiс.
Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:
1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;
2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны
уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық
жүйеге орналастырады;
3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi
тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.
Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу
туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны
туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн
болуға тиiс.
Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы
хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын
ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған
ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын
әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-
жайы туралы ақпарат болуға тиiс.
Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.

Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн


жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-
шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.
Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен
денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп
төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған
кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.
Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның
ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға,
сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Техникалық регламенттер дегеніміз не?
2 Техникалық регламенттердің мазмұны қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11
(05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
2 ҚР СТ 1.16-2000 ҚР МСЖ. Стандартау жөніндегі нормативтік құжаттардың,
сертификаттау ережелерінің міндетті талаптарын сақтауға және
сертификатталған өнімдерге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау
мен бақылауды жүргізу тәртібі
3 ҚР СТ 1.25-2001 ҚР МСЖ. Өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезеңдерінде
мемлекеттік қадағалауды жүргізу әдістемесі

№ 15 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Нормативтік-техникалық құжаттамаларға
нормабақылау жасау

Дәріс сабағының мазмұны:


1 Нормалық бақылаудың мақсаты, мәні мен маңызы.
2 Нормалық бақылауды жүргізу ережесі

1 Нормалық бақылаудың мақсаты, мәні мен маңызы.


Нормалық бақылау - нормалық бақылаушылармен бірге құжаттардың сапасын
бақылау үшін орындалатын жұмыстардың жиынтығы, оның мақсаты:
- қолданыстағы және қолданылуға рұқсат етілген стандарттардағы және
басқа да құжаттардағы сәйкессіздіктерді жою және алдын алу;
- өндірістердегі негізгі және қосымша бұйымдардың конструкторлық
нормаларын (диаметр, бұранда, әртүрлі қосылыстар, қондырмалар және басқа да
элементтер) типтік өлшем бірліктерінің сандарын оңтайландыру немесе азайту;
- жетілдірілетін бұйымның және бұрын жасалған, өндірісте қолданылатын
бұйымдардың стандартталуының оңтайлы дәрежесіне қол жеткізу.
Нормалық бақылау құжаттарды жетілдірудің соңғы кезеңі болып табылады
және нормалық-техникалық құжаттарды дайындауға қатысатын басқа да
орындаушылармен бірге жобалануы тиіс.
Нормалық-техникалық құжаттың нормалық бақылауы алдағы жылға немесе
тоқсанға жоспарланған жұмыстарға сәйкес жүргізіледі.
Кәсіпорындарда нормалық бақылауды арнайы құжаттардың жеке түрлерін
тексеруге арналған стандарттау инженерлері жүргізеді.
Стандарттау бюросының бастығына бағынбайтын институт қызметкерлері
нормалық бақылау жүргізуге қатыспайды.
Нормалық бақылаушының ҚР стандарттары талаптарының және басқа да
нормалық-техникалық және басшылық құжаттар негізіндегі барлық нұсқаулары
құжаттарды дайындаушылар үшін міндетті түрде орындалуы қажет.
Нормалық бақылауға жататын нормативті-техникалық құжат нормалық
бақылаушының қолынсыз /мөрі/ техникалық құжаттар бюросына қабылданбайды
және көбейтілмейді.
Нормалық бақылауға құжаттар комплект түрінде көрсетілуі керек:
- спецификацияға және спецификациялық ведомостарға сәйкес келетін
конструкторлық құжаттар;
- технологиялық спецификацияға және маршуттық картаға сәйкес
технологиялық құжаттар;
- басқа да нормалық бақылауға жататын құжаттар - мазмұнына сәйкес
барлық құжаттар, оларға сұлбалар, сызулар, қосымшада көрсетілген құжаттар
жатады.
Нормалық бақылауға жататын барлық құжаттарда стандарт бойынша
тағайындалған қолдардың барлығы қойылуы керек, тек кәсіпорын жетекшісі және
тапсырыс беруші ұйымның қолдарынан басқа.
Нормалық бақылауға түсетін құжаттардың саны «Нормалық бақылауға түсетін
құжаттардың саны мен сапасын есептеу журналына» жазылады.
2 Нормалық бақылау жүргізу ережесі МЕСТ 2.111-68 (1 бөлім) сәйкес
бөлімде көрсетілген толықтыруларға сай жүргізілуі керек.
Құжаттарды нормалық бақылау екі кезең бойынша жүргізіледі:
1 кезең - құжаттың түпнұсқасын дайындауға текстік және графикалық
құжаттарды тексеру және негізгі жазуларын жазып көбейту. Бұл құжаттар
нормалық бақылаушыға «Жетілд.», «Тексер.», «А. бақ» графалары жазылып
беріледі.
2 кезең - түпнұсқа құжаттарындағы барлық құжаттың мазмұнына және
орындалуына міндетті адамдардың қолдарын тексеру, тек бекітетін кәсіпорын
жетекшісінің қолынан басқа. Құжаттың тігілетіп жеріне, ал текстік құжатта -
титульді беттің тігілетін жиегіне нормалық бақылаушы қол қояды.
Құжаттың түп нұсқасы бекітілгеннен кейін негізгі жазуының «Н.бақ»
графасына нормалық бақылаушы қол кояды. Нормалық бақылаушы қол қоятын арнай
графасы жоқ құжаттардың соңғы бетінің бос сызығына нормалық бақылаушы өз
қолын қояды. Мысалы, «Нормалық бақылаушы (қолы, күні, фамилиясы)».
Нормалық бақылаушының ескертпелері және ұсыныстары келесі
анықтамалармен бірге МЕСТ 2.111- 68 сәйкес дайындалуы тиіс;
- ескертулердің тізімі В қосымшасына сәйкес дайындалуы керек;
- нормалық бақылаушының табылған қателер бойынша ескерпелерді жазуга
жұмсалатын уақыттын үнемдеу мақсатында, Е қосымшасында көрсетілген қателер
топтастырылып шифрлармен сәйкес болатындай етіп тіркеу керек.
Нормалық бақылаудың мазмұны МЕСТ 2.111-68 і талабына сай болуы керек.
Нормалық бақылауды жүргізген кезде тексеріледі : а) бұрын жобаланған
және игерілген өндіріс бұйымдарын қолдану мүмкіншілігі;
б ) қажетті қолдарды қою барысы және қол қою күндері;
в) негізгі параметрлердің , мөлшерлердің, техникалық талаптардың ,
нормалардың , зерттеу әдістерінің стандарттарға сәйкестігі;
г) конструктурлық элементтердің, қондырмалардың, материалдардың
маркаларының және тағайындалған шектік номенклатуралардың сақталуы;
д) құжаттарды дайындау және тұрғызу сонымен қатар олардың графаларының
түрлерін дұрыс таңдау және толтыру стандартқа сәйкес болуы керек;
е ) нормативті құжаттаманың, сілтемелердің дұрыстығы ;
ж ) қолданылған терминдердің және қысқартулардың дұрыстығы;
и) құжаттарды дайындау сапасы - қателіктердің, дақтардың, басқа
зақымдардың болмауы;
к) мәндік құжаттардың жазылу қателігі
Нормалық бақылаудың нормативті базасы Нормалық бақылау басшылыққа
алады:
- ҚР мемлекеттік стандарттарын, ағымдағы жыл көрсеткішінде жұмыс
істейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары
- мемлекет аралық стандарттарын, ағымдағы жыл көрсеткішінде жұмыс
істейтін мемлекет аралық стандарттар;
- Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңын;
- жүйеге келтіру және бірыңғайлау кестелерін.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Нормабақылаудың нысандарын атаңыз?
2 Нормабақылауда көрсетілетін құжаттар тізімі жөнінде не білесіз?
3 Нормабақылаудың мазмұны мен жүргізу тәртібін сипаттаңыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 МЕСТ 2.111-68 «КҚБЖ. Нормабақылау»

2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

№1 тәжірибелік сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Стандарттаудың заңнамалық негізі
Сабақтың мақсаты: Стандарттаудың заңнамалық негізі бойынша теориялық
білімді тереңдету
Мазмұны
1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының бөлімдерімен танысу
2 Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптерін оқып меңгеру
3 Бақылау сұрақтарына жауап беру
Бақылау сұрақтары:
1 Стандарттау саласындағы қандай заңдарды білесіз?
2 «Стандарттау туралы» заң қандай себептермен «Техникалық реттеу туралы»
заңына ауысты?
3 Осы екі заң арасындағы айырмашылықтар неде?
Техникалық реттеу заңына өзгерістер қашан енгізілді және олар неге
негізделген?
Әдістемелік ұсыныстар:
1 1 тәжірибелік сабаққа дайындалған кезде «Техникалық реттеу туралы»
заңының соңғы нұсқасы болу керек (05.07.2008 ж. өзгерістерімен)
2 Заңды толық оқып, заңның бөлімдерінің атауларын дәптерге жазу
3 Заңның 1 бөлімінің 4 бабын оқып, техникалық реттеудің мақсаттары мен
принциптерін меңгеру
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы (05.07.2008 ж. өзгерістерімен)
2 Дәріс конспектілері.

№2 тәжірибелік сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы
Сабақтың мақсаты: ҚР МТРЖ құрылымы бойынша теориялық білімді бекіту
Мазмұны
1 ҚР МТРЖ құрылымын меңгеру
2 ҚР Үкіметінің құзыреттілігін қарастыру
Әдістемелік ұсыныстар:
1 2 тәжірибелік сабаққа дайындалған кезде «Техникалық реттеу туралы»
заңының соңғы нұсқасы болу керек (05.07.2008 ж. өзгерістерімен)
2 Заңның 1 бөлімінің 5 бабын оқып меңгеріп, МТРЖ құрылымына қандай органдар
кіретінін анықтау
3 Заңның 1 бөлімінің 6 бабын мұқият оқып, техникалық реттеу саласындағы ҚР
Үкіметінің құзыреттілігін дәптерге жазу
Бақылау сұрақтары:
1 ҚР МТРЖ кіретін органдарды атаңыз?
2 Техникалық реттеу саласындағы Үкіметтің құзыреттілігі қандай?
3 Ақпараттық орталық қашан және қандай себептермен құрылды және оның
міндеттері неде?
4 Өнімдердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен қандай
орган сарапшылық кеңестерді құрады?
5 ҚР МТРЖ қандай органы техникалық регламенттерді бекітеді?
6 Қандай органдардың құзыреттілігіне техникалық регламенттерді дайындау
бойынша жоспарды бекіту кіреді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы (05.07.2008 ж. өзгерістерімен).
2 Дәріс конспектілері.

№3 тәжірибелік сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің уәкілетті органы
Сабақтың мақсаты: ҚР МТРЖ уәкілетті органның қызметі мен құрылымы
жөніндегі теориялық білімді бекіту
Мазмұны
1 Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреттілігін оқып
меңгеру
2 Стандарттау саласындағы уәкілетті органның құзыреттілігін қарастыру
Әдістемелік ұсыныстар:
1 3 тәжірибелік сабаққа дайындалған кезде «Техникалық реттеу туралы»
заңының соңғы нұсқасы болу керек (05.07.2008 ж. өзгерістерімен)
2 Заңның 1 бөлімінің 7 бабын оқып, уәкілетті орган өз қызметтерін қандай
бағыттарда жүргізетінін анықтаңыз
3 Заңның 1 бөлімінің 7 бабын өте мұқият оқып, уәкілетті орган техникалық
реттеу, стандарттау және сәйкестікті растау салаларында қандай қызметтік
міндеттерді атқаратындығын нақты ұғыну керек
Бақылау сұрақтары:
1 Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет туралы қандай
мәліметтеріңіз бар?
2 Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдар мен олардың
құзыреттілігі жөнінде не білесіз?
3 Техникалық реттеу саласындағы сарапшы кеңестер қайда және қандай
мақсатпен құрылады?
4 Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық,
өңірлік ұйымдарда Қазақстанды қандай орган ұсынады және халықаралық,
өңірлік стандарттау жұмыстарына қатысады?
5 ҚР МТРЖ тізілімін жүргізуді қандай орган ұйымдастырады?
6 Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын
қандай орган ұйымдастырады және үйлестіреді?
7 Ақпараттық орталықтың жұмыс істеуін қандай орган қамтамасыз етеді?
8 Техникалық комитеттер және олардың функциялары жөнінде не білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы (05.07.2008 ж. өзгерістерімен)
2 Дәріс конспектілері

№4 тәжірибелік сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Нысандарды сәйкестендіру
Сабақтың мақсаты: Нысандарды сәйкестендіру бойынша теориялық білімді
тереңдету және тәжірибелік дағдылар алу
Мазмұны
1 Сәйкестендіру әдістерінің жіктелуін оқып меңгеру.
2 Оқытушы берген тапсырма бойынша нысанға сай келетін сәйкестендіру
әдістерінің біреуін сипаттау.
Әдістемелік ұсыныстар:
Өнім сәйкестендіруді ықылассыз дайындаушыдан (жеткізушіден, сатушыдан)
тұтынушыны қорғау мақсатымен; қоршаган орта, адамдардың өмірі, денсаулығы,
және оның мүлігі үшін өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұсынылған
талаптарға өнім сәйкестігін растау мақсатымен жүргізеді.
Нақты өнім туралы ақпаратқа өнімнің толық сипаттамасы ұсынылған,
немесе оның сипаттамасына нақты өнімнің сәйкестігін растау қажет болған
жағдайда сәйкестендіру жүргізіледі.
Нақты өнімнің сәйкестендіру нәтижелерін стандарттау, метрология,
сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттамасымен, сәйкестендіру жөніндегі
нормативтік құжаттамасымен ескерілген тәртіпте, ал олар жоқ кезде
тұжырымдама түрінде ресімделеді.
Тұжырымды дайындау кезде:
- құжаттаманы сараптау;
- аспаптық, органолептикалық және көзбен шолу тексерулерін, үлгілерді
немесе өнімді сынау нәтижелерін пайдаланылады.
Тұжырымдамаға сәйкестендіру жүргізетін сарапшы немесе органның
(мекеменің) уәкілетті тұлғасы қол қойады, және осы органның мөртаңбасымен
расталады.
Бақылау сұрақтары:
1 Сәйкестендіру дегенді қалай түсінесіз?
2 Сәйкестендіруші деген не?
3 Сәйкестендіру нысандарын атаңыз?
4 Сәйкестендіру әдісінің ең ежелгі әдісі қандай?
5 Нөмірлік сәйкестендірудің қанша тәсілі бар және олардың бір-бірінен
айырмашылықтары неде?
6 Біртекті нысандардың топтарын сәйкестендіру қажет болған жағдайда қандай
әдіс қолданады?
7 Сілтемелік әдістің ерекшелігі неде және бұл әдіс қайда қолданылады?
8 Сипаттаушы әдіс қайда қолданылады?
9 Сипаттаушы-сілтеуші әдістің сипаттаушы әдістен айырмашылығы неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А.
Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. –
М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.
2 ҚР СТ 1014-2000 Өнімді сәйкестендіру. Жалпы ережелер

№5 тәжірибелік сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Нысандарды жіктеу
Сабақтың мақсаты: Теориялық білімді тереңдету және нысандардың жіктелуі
бойынша тәжірибелік даңдыларға ие болу
Мазмұны:
1 Жіктелу әдістерін оқу
2 Оқытушы берген вариант бойынша нысанға сай келетін жіктелу әдісін
сипаттау
Бақылау сұрақтары:
1 Нысандардың жіктелуін қалай түсінесіз?
2 Жіктелудің нысандарын атаңыз?
3 Жіктелу не үшін қажет?
4 Жіктелу әдістерінің қанша түрін білесіз?
5 Жіктелудің иерархиялық әдісі немен сипатталады?
6 Иерархиялық жіктелу әдісін құру тәртібі қандай?
7 Фасеттік жіктелу әдісі немен сипатталады?
8 Фасеттік жіктелу әдісін құрастыру кезінде қандай ережелерді білу қажет?
Әдістемелік ұсыныстар:
Әртүрлі нысандарды, құбылыстарды және қасиеттерді жіктеу, отандық және
әлемдік тәжірибедегі мәліметтерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін кең
қолданылады. Сонымен, жіктеу деп нысандарды жүйелеуді айтады, яғни ол
унификаттау және стандарттау жұмыстарының бірінші, ең негізгі кезеңі болып
саналады. Нысандарды жіктеу ең алдымен көптеген нысандардың ішінен нақты
өзіне керек нысанды алу үшін мәліметтерді өңдеу кезінде қажет. Мысалы,
барлық өнім атаулары ондаған миллионнан асады: ұшақ және бидай, сораптар
мен маталар, аяқ киімдер, лампочкалар. Өнімдер туралы мәліметтерді
көптеген автоматтандырылған жүйелерде өңделеді.
Өнімдер туралы мәліметтерді мүмкіндігінше жіктеп, әрбір тұтынушы тек
өзіне қажеттісін алуға жеңіл және оңай болу керек. Ең көп тараған
нысандарға: тұрғындар туралы, кәсіпорындар мен ұйымдар туралы, тұрғындарға
көрсетілетін қызмет туралы ақпараттар мен мәліметтер жатады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А.
Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. –
М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.

№6 тәжірибелік сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Каталогтау жүйесі
Сабақтың мақсаты: Өнімді каталогтау бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру
және теориялық білімді тереңдету
Мазмұны:
1 Каталогтау жүйесін меңгеру
2 Оқытушының тапсырмасы бойынша өнімнің бір түріне каталогтық парақты
рәсімдеу
Әдістемелік ұсыныстар:
Өнімді каталогтау жүйесі өнімді және оны дайындаушы жөніндегі
сипаттамаларды ақпараттық анықталған тәртіпте қамтамасыз ететін
ұйымдастырушылық техникалық жүйе болып табылады. Ол стандарттаудың
мемлекеттік қорының құрамдас бөлігі. Сонымен қатар өнімді дайындаушы,
тұтынушы және мемлекеттің қызығушылығымен құралады.
Каталогтауға ҚР шекарасында шығарылатын өнім ғана жатады. Әрбір өнімге
атауы бойынша каталогтық парақ толтырылады, яғни оның мазмұнында нақты өнім
туралы мәлімет; оның атауы; мәні; дайындаушысы; техникалық құжаттар немесе
стандарттау бойынша нормативтік құжаттар, сонымен қатар ең негізгі өнімнің
тұтынушылық сипаттамалары жөнінде біртекті реквизиттер жиыны келтіріледі.
Каталогтау жүйені құрудың және енгізілуінің негізгі мақсаты
Қазақстанда өндірілетін өнім жөніндегі құқықтық және физикалық ақпарат
түрлерін және оның нормативтік құжаттарда қолданылатын сипаттамалары мен
дайындаушылар мемлекеттік басқару органдарының қызығушылығын қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының каталогтау жүйесін функциялау қолданушыларды
келесі шешімдерді қабылдау кезінде ақпаратпен қамтамасыз етеді: нарық
конъюктурасын зерттеуде; өнімнің нормативтік, техникалық құжаттар
талаптарына сәйкестігін бағалау және сәйкестендіруде.
Өнімді каталогтаудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі Қазақстанда
өндірілетін өнімнің мәліметтер қорын құрастыруды және қолданушыларға қызмет
көрсетуді қарастырады. РГКП «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау
институты» Мемстандартпен өнім каталогін; өндірістен алынған өнім жөнінде
ақпараттық бюллетенін; ҚР өнімді дайындаушылар каталогін құрастыруға және
шығаруға уәкілетті.
Бақылау сұрақтары:
1 Өнімді каталогтаудың негізгі мақсаттары мен қарастыратын мәселелері
қандай?
2 Каталогтау өнімді өндірушілер үшін не береді?
3 Тұтынушылар үшін каталогтау не береді?
4 Өнімдер жөніндегі мәліметтер банктерін құру және олардың өзараәрекеттесуі
бойынша жұмыс қалай ұйымдастырылады?
5 Өнімнің каталогтық парағының құрылымы мен мазмұны қандай?
6 Біртекті өнімдердің көрсеткіштер номенклатурасын унификаттау не үшін
қажет?
7 Каталогтау жүйесінде ақпаратты ұсынудың түрлері мен формаларын атаңыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А.
Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. –
М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.
2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.

№7-8 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)


Тақырыбы: Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнім жіктеуіштері
Сабақтың мақсаты: ҚР МЖ 04-99 жіктеуіштермен жұмыс істеуде тәжірибелік
дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 Жіктеуіштердің түрлерін оқу
2 ҚР МЖ 04-99 жіктеуіштердің құрылымын оқып меңгеру
3 Оқытушының тапсырмасы бойынша біртекті өнімдер топтарының жіктелуімен
танысу
Әдістемелік ұсыныстар:
ЭҚТӨЖ жіктеуінің негізгі принципі өндірістік тектес принципі болып
табылады. ЭҚТЖЖ қызмет түрі анықтап келісілген негізінде өнім сипаттамасын
жасау үшін әрбір тауар қызмет түрі бойынша жіктеледі. Қызмет түрі бойынша
жіктеудің мұндай толық қатынасы ЭҚТӨЖ жіктеуішінде ЭҚТЖЖ қарағанда үлкен
кодтау жүйесі туындайды.
Жіктеуіштерді енгізу эталонды және жіктеуішінің бақылаушы данасын
құруды, сенімділігін растау мақсатында және ондағы мәліметтердің толық болу
үшін оларға өзгертулер енгізу, жаңа өнімдерді жіктеу және кодтау
қарастырады. Жіктеу данасының эталонын Статистика бойынша ҚР Агенттілігі
жүргізеді.
Бақылаушы данасын ҚР Мемстандарты жүргізеді. Өзгерістерді дайындау
статистика бойынша ҚР Агенттілігімен ҚР Мемстандарт қызметтеріне сәйкес
келісісімен жүзеге асырылады.
Статистика бойынша ҚР Агенттілігі жіктеуіштің эталонды данасына
өзгерістер енгізуді және қолданушыны енгізілген өзгерістер, тәртіптер және
олардың күшіне енген мерзімімен таныстыруды жүргізеді.
Бақылаушы данасына өзгерістер енгізу ҚР Мемстандартымен жүзеге
асырылады.
Экономикалық қызметтердің түрлері бойынша өнім жіктеуіші (КПВЭД)
статистика жөніндегі ҚР Агенттілігімен енгізілген.
Бақылау сұрақтары:
1 Жіктеуіштердің қандай категориялары сізге белгілі?
2 Қазақстанда қолданылатын мемлекеттік жіктеуіштерін атаңыз?
3 Жіктеуіш неше құрылымдық блоктардан тұрады?
4 Кодтау үшін неше белгі қолданылады?
5 Жіктеуіштің тарауы дегеніміз не және ол қалай белгіленеді?
6 Бөлімше дегеніміз не және ол қалай белгіленеді?
7 Бөлім дегеніміз не және ол қалай белгіленеді?
8 Класс дегеніміз не және ол қалай белгіленеді?
9 Түрі дегеніміз не және ол қалай белгіленеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А.
Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. –
М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.
2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.
3 ҚР МЖ 04-99 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің мемлекеттік
жіктеуіші.

№9-10 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)


Тақырыбы: КҰЖЖ жіктеуіші
Сабақтың мақсаты: ҚР МЖ 02-99 жіктеуіштермен жұмыс істеуде тәжірибелік
дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 Кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуішін оқып меңгеру
2 Оқытушының тапсырмасы бойынша бір саладағы кәсіпорындардың сәйкестендіру
кодтарын анықтау
Әдістемелік ұсыныстар:
Ұйымдар мен кәсіпорындардың жалпы жіктеуіштері заңды тұлғаларды және
ҚР аймағында тіркелген олардың филиалдары мен әкімшіліктерін кодтауға
арналған. КҰЖЖ жіктеуіші ҚР аймағында тіркелген, әрбір бірлік үшін ерекше
кодты қолдану негізінде бірдей ақпараттық кеңістіктің құрылуын қамтамасыз
етеді.
Бақылау сұрақтары:
1 ҚР МЖ 02-99 жіктеуішінің нысаны болып не табылады?
2 ҚР МЖ 02-99 жіктеуішінің құрылымы қандай?
3 Жіктеуіштің құрылымына қандай блоктар кіреді?
4 Сәйкестендіру коды неше белгіден тұрады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 ҚР СТ 5.0-2005 Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және
кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелері
2 ҚР СТ 5.1-2005 Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және
кодтаудың бірыңғай жүйесі. Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың
мемлекеттік жіктеуіштерді жасау тәртібі
3 ҚР МЖ 02-99 Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші

№ 11 тәжірибелік сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Техникалық құжаттамаларды стандарттау
Сабақтың мақсаты: КҚБЖ және ТҚБЖ стандарттар жүйелерімен жұмыс істеуде
тәжірибелік дағдыларға ие болу.
Мазмұны:
1 Кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуішін оқып меңгеру
2 Оқытушының тапсырмасы бойынша бір саладағы кәсіпорындардың сәйкестендіру
кодтарын анықтау
Әдістемелік ұсыныстар:
Техникалық құжаттамалар – бұйымдардың немесе жабдықтардың өмірлік
циклының негізгі сипаттамаларын сипаттайтын құжаттар жиыны. Техникалық
құжаттамалар адамдардың өндірістік қызметін регламенттейді және бір
уақытта, адамзаттың басқару әдісінде, алдыңғы қатарлы технологияда,
техникалық даму саласында жеткен жетістіктерін анықтап көрсетеді.
Техникалық құжаттамаларды нысандарға сәйкес, олар конструкторлық
құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (нысаны - конструкция), технологиялық
құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (нысаны технология) болып бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
1 Қандай құжаттамалар техникалық құжаттамаларға жатады?
2 Қандай көрсеткіш бойынша техникалық құжаттаманы жүйелерге бөледі?
3 КҚБЖ стандарттардың класын қалай белгілейді?
4 ТҚБЖ стандарттардың класын қалай белгілейді?
5 КҚБЖ стандарттары неше және қандай топтарға бөлінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Кокорев В.И. Основы стандартизации в информационных системах. М.:
Издательство стандартов, 1988. – 240 c.

№ 12 тәжірибелік сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Құжаттың библиографиялық сипаттамасы
Сабақтың мақсаты: СИБиД стандарттар жүйелерімен жұмыс істеуде тәжірибелік
дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 МЕСТ 7.1-84 оқып меңгеру
Әдістемелік ұсыныстар:
Библиографиялық сипаттама деп құжаттардың сәйкестендіруі және жалпы
сипаттамалары жөнінде жазылған құжаттар топтары немесе оның негізгі
бөліктері туралы библиографиялық мәліметтер үйлесімділігін айтады.
Бақылау сұрақтары:
1 СИБиД жүйесінің негізгі нысандары болып не табылады?
2 Ақпарат көзінің библиографиялық сипаттамасы дегенді қалай түсінесіз?
3 Кітапты сипаттау ережелері қандай?
4 Журналдан алынған мақалаларды сипаттау ережелері қандай?
5 Нормативтік құжаттарды сипаттаудың ерекшеліктері неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 МЕСТ 7.1-84 Құжаттың библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптары мен
құрылу ережелері

№ 13 тәжірибелік сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Техникалық регламент. «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР
заңы
Сабақтың мақсаты: «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңымен жұмыс
істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің
мақсаттары мен принциптерін оқып меңгеру
2 Субъектілердің құқықтары мен міндеттерін оқып меңгеру
Әдістемелік ұсыныстар:
2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР
заңы күшіне енді. Бұл заңда Қазақстанда жасалатын тағам өнімінің оны жасау,
өндіру, буып-түю, таңбалау, сақтау, тасымалдау және тұтыну кезінде
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар келтірілген. Заң сыртқысауда қызметіндегі
интеграциялық процестер негізінде және Қазақстаннның ДСҰ кіру жағдайына
байланысты жасалған. ҚР барлық заңдары, оның ішінде «Техникалық реттеу
туралы» заңы және белгілі стандарттар түрінде шығарылатын регламенттер
«Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңына сай болуы қажет.
Бақылау сұрақтары:
1 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңы қашан қабылданды?
2 Бұл заң күшіне қашан енді?
3 Бұл заң қандай заңның жетілдіруі үшін жасалды?
4 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңы неше бөлімнен тұрады?
5 Заңның мақсаттары мен принциптерін атаңыз?
6 Үкіметтің құзыретіне жататын қандай функцияларды білесіз?
7 Жергілікті орындаушы органдар қандай функциялар атқарады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңы (2007 жылдың 31
шілдесінен)

№ 14 тәжірибелік сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Техникалық регламент. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалпығаміндетті білім стандарты (МЖМБС)
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік жалпығаміндетті білім стандарты техникалық
регламентімен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 Оқытушының тапсырмасы бойынша мемлекеттік жалпығаміндетті білім
стандартының мазмұнын оқып меңгеру
2 Бітірушілердің білімділік деңгейіне қойылатын талаптарды оқып меңгеру
Әдістемелік ұсыныстар:
ҚР МЖМБС 5.03.001 «Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер»
негізінде мамандық бойынша стандарт жасалады және бұл стандарт 050732 –
«Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша
бакалаврларды дайындау деңгейі мен білім алуына талаптар орнатады.
Бақылау сұрақтары:
1 МЖМБС қандай құрылымдық элементтерден тұрады?
2 Берілген мамандықты бітірушілердің қызмет шегін атаңыз?
3 Бітірушінің кәсіптік қызмет аймағы дегенді қалай түсінесіз?
4 Ұйымдастырушылық-басқару қызметі дегенді қалай түсінесіз?
5 Өндірістік-технологиялық қызмет дегенді қалай түсінесіз?
6 Есептік-жобалық қызмет дегенді қалай түсінесіз?
7 Тәжірибелік-зерттеу қызметі дегенді қалай түсінесіз?
8 Инспекциялық қызмет дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 ҚР МЖМБС 3.08.107-2004 Жоғары кәсіптік қызмет

№ 15 тәжірибелік сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығына
қойылатын гигиеналық талаптар» санитарлық ережелер мен нормалар
Сабақтың мақсаты: Санитарлық ережелер мен нормалар техникалық регламентімен
жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығына қойылатын
гигиеналық талаптар» санитарлық ережелер мен нормалардың мазмұнын оқып
меңгеру
2 Оқытушының тапсырмасы бойынша біртекті өнім топтарының гигиеналық
көрсеткіштерін оқып меңгеру
Әдістемелік ұсыныстар:
«Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығына қойылатын
гигиеналық талаптар» санитарлық ережелер мен нормалар адамға тамақ
өнімдеріне қауіпсіздікті және тағамдық құндылығына гигиеналық нормативтерді
бекітеді, сонымен қатар тамақ өнімдері үшін дайындағанда, енгізу және
айналымға салуда нормативтік талаптардың орындалуын қадағалайды.
Санитарлық ережелер: азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге, заңды
тұлғаларға, қызметтері тамақ өнімдерін дайындау, енгізу және айналымға
салумен байланысты адамдарға, тамақ өндірісі саласындағы, сонымен қатар
органдарға және ҚР Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге
арналған.
Тамақ өнімімен тығыз байланысты материалдарға және заттарға гигиеналық
талап арнайы санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормативтермен
бекітіледі.
Тағам өнімдері адамдардың физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру
қажет және барлық органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштерге,
сонымен қатар химиялық, радиологиялық, биологиялық, тағы басқа заттар
нормативтік құжатқа сәйкес болу керек.
Жаңа өнімдерді, жаңа технологиялық үрдістер және олардың дайындалуы,
буып-түю, сақтау, тасымалдау кезінде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар
сапасына және қауіпсіздігіне міндетті түрде дәлелдемелер болу қажет.
Техникалық құжат жобалары санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға
белгіленген тәртіппен жатады.
Бақылау сұрақтары:
1 Қандай заңға сәйкес санитарлық ережелер мен нормалар бекітілген?
2 Санитарлық ережелер мен нормалардың құрылымы қандай?
3 Санитарлық ережелер мен нормаларда қандай көрсеткіштер келтіріледі?
4 Қандай уытты элементтерді білесіздер?
5 Микробиологиялық көрсеткіштер дегеніміз не?
6 Санитарлық ережелер мен нормаларда қандай радионуклидтер регламенттелген?
7 Радионуклидтердің өлшеу бірліктерін атаңыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңы
2 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығына қойылатын
гигиеналық талаптар» санитарлық ережелер мен нормалар № 4.01.071.03 ҚР
денсаулық сақтау Министрлігі бұйрығымен бекітілген (11.07.2003 №447)

№ 16-17 тәжірибелік сабақ (2 сағат)


Тақырыбы: ҚР мемлекеттік стандарттар
Сабақтың мақсаты: ҚР мемлекеттік стандарттармен жұмыс істеуде тәжірибелік
дағдыларға ие болу.
Мазмұны:
1 Өнімге, процестерге, бақылау әдістерге жасалатын ҚР мемлекеттік
стандарттардың құрылымы мен мазмұнымен танысу
2 ҚР СТ 1.2 және 1.5 негізге алынатын стандарттарды оқып меңгеру
Әдістемелік ұсыныстар:
Мемлекеттік стандарттарды жасау, келісу, қабылдау, есептеу,
өзгерістерді енгізу және оларды жоюды уәкілетті орган орнатады.
Мемлекеттік стандарттар міндетті болып есептеледі, егер оларға ҚР
заңдарында және техникалық регламенттерде сілтемелер жасалса.
Мемлекеттік стандарттарда мыналар орнатылады:
- техникалық регламенттермен орнатылған талаптардың орындалуын
қамтамасыз ететін өнімнің, процестердің қауіпсіздігіне қойылатын
қажетті талаптар;
- өнімді, қызметтерді жіктеуге қойылатын талаптар;
- өнімнің бірыңғайландыру, өзара ауыстырымдылық көрсеткіштері;
- терминдер мен анықтамалар;
- өнімнің, қызметтің тұтынушылық қасиеттері мен сипаттамаларын
қосқандағы функционалдық белгілену көрсеткіштері;
- қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, жою ережелері;
- сапаны сынау жәе қауіпсіздік әдістері;
- барлық ресурстарды тиімді қолдану және сақтауға қойылатын талаптар;
- менеджмент жүйелерін енгізуді қамтамасыз ететін өндірісті
ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
- белгілі қызмет саласына байланысты ұйымдастырушылық-әдістемелік
сипаттағы ережелер.
Бақылау сұрақтары:
1 Мемлекеттік стандарттар деп қандай стандарттарды айтады?
2 Мемлекеттік стандарттардың нысандары болып не табылады?
3 Қандай органдар мемлекеттік стандарттарды жасайды?
4 Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі қандай?
5 Мемлекеттік стандарттарды қандай орган бекітеді?
6 Мемлекеттік стандарттардың жобалары қандай органдармен келісіледі?
7 Мемлекеттік стандарттарды қандай орган басып шығарады?
8 Тұтынушы жаңадан бекітілген стандарттар жөнінде ақпаратты қайдан алады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А.
Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. –
М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.
2 ҚР СТ 1.2-2002 ҚР МСЖ Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі
3 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне
және мазмұнына қойылатын талаптар

№ 18-19 тәжірибелік сабақ (2 сағат)


Тақырыбы: Стандарттарға өзгерістер
Сабақтың мақсаты: Стандарттарға өзгерістерді дайындау бойынша және
стандарттардың ақпараттық көрсеткіштерімен жұмыс істеуде тәжірибелік
дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 ҚР СТ 1.2 стандартымен танысу
2 Оқытушының тапсырмасы бойынша стандарттарға өзгерістер дайындап шығару
3 Стандарттардың ақпараттық көрсеткіштерімен жұмыс жасау
Әдістемелік ұсыныстар:
Тексеретін нысанның деңгейі экономика және тұтынушы қажеттілігіне
сәйкес болса және оларға стандарттың талаптары мен мөлшерлеріне қатысты
өзгертулерді және толықтыруларды енгізу, оның күшінің мерзімін ұзарту жіне
шектеу мерзімі қажет болмаса және де стандарт күшінің қалпына келуі
Мемстандарттың ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарымен ресімделеді.
Стандартгарға өзгертулерді стандарттардың жеке талаптарын ауыстырган,
толықтырған немесе жойған, оның күшін ұзартқан, шектеген және қалпына
келтірген кезде әзірлейді. Егер өзгерту мәтінінің көлемі қолданыстағы
стандарттар келемінен 50 % асқан кезде, онда қолданыстағы стандарт
бекітілгеннен кейін бір ай ішінде өзгертуімен бірге кайта басылып шығарылу
керек.
Стандарттарга өзгертулер қолданыстағы стандарт бойынша дайындалған
өніммен жаңа өнімнің өзара алмасуы мен үйлесушілігі талаптарын бұзбайтын
халықаралық талаптармен және мөлшерлермен үйлестірген жөне оларға жаңа және
ілгері талаптарды енгізген кезде әзірленеді.
Редакциялык және сілтеме сипатты өзгертулерді өнім сапасына талаптарды
ауыстыруға (қосуға, шеттен шығаруға) немесе халықаралық стандарттар
талаптарымен үйлестіруге негізделген өзгертулерді енгізген кезде ескереді.
Қолданыстағы стандарттарға өзгертулерді әзірлеген кезде өзара
байланысты стандарттарға жәпе құжаттарга өзгертулерді енгізу жөніндегі
ұсыныстар дайындалады.
Стандартқа өзгертулер жобасын мемлекеттік стандарттарды
келіскен мекемелермен келіспесе де болады, егер өзгертулер олардың құзырына
жататын талаптарға тимесе.
Стандарттың өзгертулер жобасын Мемстандартқа бекітуге екі данада
(мемлекеттік және орыс тілдерінде) ұсынады.
Стандарттың өзгертулер жобасымен бірге өзгертулер жобасын қарауды және
келісуді растайтын түпнұсқалық құжаттар, пікірлер жиынтығы мен түсіндірме
жазбахат ұсынылуы тиіс.
Өзгертулер бекітіледі және Мемстандарттың ұйымдастыру-өкімгерлік
құжаттарымен күшіне енгізіледі. Бекітілген өзгертулер Қазақстан
Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің Мемлекеттік тізіліміне
енгізіледі.
Әр өзгертуге бөлшек арқылы өзгертулер нөмірі көрсетіліп, стандартка
берілген реттік тіркеу нөмірі беріледі және бірақ оны бекіткен күннен 6
айдан ерте емес күшіне енгізілген күні белгіленеді.
Бекітілген өзгертулер мәтіні және олармен бірге бекітуге ұсынылған
құжаттар ҚР СТ 1.22 сәйкес Стандарт ісіне кіргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1 Стандартқа өзгертулерді қалай әзірлейді?
2 Стандартқа өзгертулерді бекіту және күшіне енгізу тәртібі қандай?
3 Стандартқа түзетулерді енгізу тәртібі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А.
Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. –
М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.
2 ҚР СТ 1.2-2002 ҚР МСЖ Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі
3 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне
және мазмұнына қойылатын талаптар

№ 20-23 тәжірибелік сабақ (4 сағат)


Тақырыбы: Мәтіндік өндірістік құжаттар
Сабақтың мақсаты: Мәтіндік өндірістік құжаттарды дайындауда тәжірибелік
дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 ҚР СТ 1081 стандартымен танысу
2 Оқытушының тапсырмасы бойынша нысанға рецептура таңдау
3 Оқытушының тапсырмасы бойынша нақты нысанға патенттік-лицензиялық
зерттеулер жүргізу
4 Жетілдірілген тағам өніміне рецептура жасау
5 Нысанның дәстүрлі өндіріс технологиясын оқып меңгеру
6 Жетілдірілген тағам өнімінің өндіріс технологиясын дайындау
7 Нормативтік құжаттың талаптарына сай мәтіндік құжатты ресімдеу
Әдістемелік ұсыныстар:
Егер қоғамдық тағамтану кәсіпорындарында белгіленген стандарттар
болмаса, онда технологиялық нұсқаулар, рецептуралар өз бетінше құжат
ретінде қоғамдық орындарында тағамтану кәсіпорындар өнімдеріне арнайы
жасалады. Керек болған жағдайда мұндай құжаттарға өнімнің сапа және
қауіпсіздік көрсеткіштері көрсететін немесе құжаттарға белгіленген
сілтемелер енуі мүмкін. Рецептурада бекітілген сипаттамалар мен
көрсеткіштер нақты тағам өнімінің сәйкестендіруін қамтамасыз ету керек.
Технологиялық нұсқауда тамақ өнімінің дайындалуының технологиялық
процестері шикізатты және жартылай фабрикатты қабылдап, оны өндіруден
бастап дайын өнімнің шығарылу жолына дейін іс-әрекет кезекпен сипатталады.
Технологиялық нұсқау мен рецептураның талаптары мен ережелерін сақтау
міндетті болып саналады.
Бақылау сұрақтары:
1 Қандай мәтіндік құжаттар өндірістік құжаттарға жатады?
2 Қандай нормативтік құжатта мәтіндік өндірістік құжаттарды жасау тәртібі
жазылған?
3 Қандай өндірістік құжаттар бойынша тағам өнімдері жасалады?
4 Мәтіндік өндірістік құжаттарды ресімдеу кезінде қандай мемлекеттік
стандарттарға негізделу керек?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.
2 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне
және мазмұнына қойылатын талаптар
3 ҚР СТ 1081-2002 Тағам өнімдеріне технологиялық нұсқау мен рецептураны
жасау тәртібі

№ 24-27 тәжірибелік сабақ (4 сағат)


Тақырыбы: Ұйым стандарттары
Сабақтың мақсаты: Ұйым стандарттарын жасауда тәжірибелік дағдыларды меңгеру
Мазмұны:
1 ҚР СТ 1.14 стандартымен танысу
2 Оқытушының тапсырмасы бойынша нақты нысанға патенттік ізденіс жасау
3 Берілген нысан бойынша ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау
4 Нақты нысанға ұйым стандартының құрылымын құрастыру
5 Ұйым стандартының жобасын дайындау
Әдістемелік ұсыныстар:
Ұйым стандарттарын ұйымдардың өздері әзірлеп, бекітеді. Ұйым
стандарттарының жасау, бекіту, есептеу, өзгерту, жою, тіркеу, белгілеу және
басып шығару тәртібін уәкілетті орган орнатады. Ұйым стандарттарын қолдану
ерікті сипатта жүреді және олар техникалық регламенттердің талаптарына
қайшы келмеу керек.
Бақылау сұрақтары:
1 Ұйым стандарттары қандай нысандарға жасалады?
2 Ұйым стандарттарын жасаудың ережелері қандай?
3 Ұйым стандарттарын әзірлеушісі болып кім табылады?
4 Ұйым стандарттарын қандай орган бекітеді?
5 Ұйым стандарттарының құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар қандай?
6 Қандай стандартта ұйым стандартының мазмұнын ресімдеу және баяндау
ережелері жазылған?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.
2 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне
және мазмұнына қойылатын талаптар
3 ҚР СТ 1.14-2000 ҚР МСЖ Ұйым стандарттары. Түрлері мен жасау тәртібі
№ 28-29 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар
Сабақтың мақсаты: Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды дайындауда
тәжірибелік дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 ҚР СТ 1042 стандартын меңгеру
2 Келесі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың біреуін әзірлеу:
- құрылымдық бөлімше (студенттік топ) жөнінде ереже немесе лауазымды
нұсқаулар;
- ішкі тәртіп жөнінде ереже;
- келісу хаттамасын.
Әдістемелік ұсыныстар:
Құжаттар бланктерде әзірленеді. МЕСТ 9327-60 бойынша құжаттарға екі
негізгі бланк форматтары бекітіледі – А4 және А5, А6 форматты бланкіні
қолдануға рұқсат етіледі.
Құжаттар бланкісінің жолдары келесіден кем болмауы тиіс:
20 мм – сол жағы
10 мм – оң жағы
10 мм – жоғары жағы
10 мм – төменгі жағы
Құжаттар бланкін ақ қағазға немесе ақ ашық түсті қағаздарда дайындау
керек. Бланкілерді әзірлеу типографиялық әдіспен, яғни нақты құжатты
орындау кезінде есептеуіш техника әдістері көмегімен жүзеге асыру немесе
полиграфия әдісінің көмегімен әзірлеу рұқсат етіледі.
Рұқсат берілгендер бұл – мемлекеттік органдар немесе ұйымдардың ҚР
мемлекеттік туы көрсетілген бланкілер.
Бланкте реквизиттің орналастырудың екі нұсқауы бекітіледі: бұрыштық
және көлденең.
Реквизиттің көлденең орналасқан мемлекеттік ұйымның А4 форматты
бланкіде орындалған ҚР мемлекеттік туының суреттелуі – 26 мм артық емес
диаметрге ие болады, А5 форматты бланкіде және А4 форматты бланкіде
реквизиттердің бұрыштық орналасуы – 15 мм артық емес.
Электронды көшірменің сәйкестендіруші болып әрбір құжаттың бетінің оң
жақ төменгі бұрышындағы белгі болып табылады, ол файлдың атауын, оператор
кодын? Сонымен қатар басқа да ұйымда бекітілетін ізденіс мәліметтерін
көрсетеді.
Кез-келген ұйым бланктерінде, ведомстволық бағыныштылыққа, өзіндік
жеке-меншік түрлерге және ұйымдасқан-құқықтық түрлерге қарамай
реквизиттер мемлекеттік және орыс тілінде де бірдей шрифпен басылады.
Екі немесе одан да көп бетте әзірленген құжаттарда екінші және одан
кейінгі беттер нөмірленуі керек және әрбір бет жеке нөмірленеді. Беттердің
нөмірлері араб сандарымен нүкте белгісін және тағы басқа белгілерді
қолданбай көрсетіледі.
Бақылау сұрақтары:
1 Қандай ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар сізге мәлім?
2 Құжаттардың реквизиттерінің құрамын атаңыз?
3 Құжаттар бланктерінің қандай форматтары сізге белгілі?
4 Құжаттардың жолдары қандай болуы керек?
5 Қандай ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар бекітуге жатады?
6 Қандай ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар мемлекеттік туы бар бланктерде
ресімделеді?
7 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы бар бланктерді есептеу, сақтау
және қолдану ережелері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:


1 ҚР СТ 1042-2001 Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттардың
ресімделуіне қойылатын талаптар

№ 30 тәжірибелік сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Нормативтік құжаттамаларға нормабақылау
Сабақтың мақсаты: Нормативтік құжаттамалардың сапасын бағалау бойынша
тәжірибелік дағдыларды меңгеру
Мазмұны:
1 МЕСТ 2.111-68 стандартын меңгеру
2 Нормативтік құжаттамалардың сапасына бағалау жүргізу
Әдістемелік ұсыныстар:
КҚБЖ стандарттар кешені 1971 жылдан бекітіліп енгізілді. МЕСТ 2.111-68
«КҚБЖ. Нормабақылау» ұйымдық-әдістемеге қатысты бұл стандарт келесіні
бекітті: бақылау нормасының мақсаты мен тапсырмасын, мазмұнын, бақылау
нормасының жүргізу тәртібін және бақылау нормасының ескертулерін өңдеуді,
сонымен қатар бақылау нормасының міндеттерін, құқығын және жауаптылығын.
Нормабақылаудың негізгі мақсаты – техникалық құжаттамаларда әзірленген
нормативтік техникалық құжаттардың талаптарының кез-келгенін орындалмау
немесе бұзылғаны жөнінде ескерту және оны тоқтату болып табылады.
Нормабақылаудың мақсаты және қарастыратын мәселелері келесіні бағытталуы
керек: әзірленген бұйымдардың нормативтік-техникалық құжаттарда бекітілген
нормалары мен талаптарын қадағалау; КҚБЖ стандартының талабымен сәйкесінше
конструкторлы құжаттардың орындалу дұрыстығы; әзірленіп жатқан бұйымдарға
стандарттаудың жоғары деңгейіне жету.
Қателіктердің жіктелуі. Нормабақылауда табылған жұмысшылармен жіберілетін
көптүрлі техникалық құжаттамалардағы қателіктерді, олардың мәндері мен
сипатталуы бойынша келесідей категорияларға жіктеуге болады:
1 Ары қарай нормабақылауды жүргізбей қайтарылатын құжаттамаларда табылған
қателіктер
2 Түзетілмейтін жарамдылықты шақыратын қателіктер
3 Түзетілетін жарамдылықты шақыратын қателіктер
4 Өндірісте кешіктіруді шақыратын қателіктер
5 Құжаттамаларда сәйкесінше түзетулерді жүргізуге және өзгерту жөніндегі
хабарламаның шығарылуын талап ететін қателіктер
Қателіктердің жіктелуін техникалық құжаттамалардың сапасын бағалау және
орындаушылар еңбегін бағалау үшін қолданады. Сипаттамалары мен мазмұнына
қарай қателіктердің әрбір категориясы сәйкесінше балдармен бағаланады.
Бақылау сұрақтары:
1 Нормабақылаудың нысандарын атаңыз?
2 Нормабақылауда көрсетілетін құжаттар тізімі жөнінде не білесіз?
3 Нормабақылаудың мазмұны мен жүргізу тәртібін сипаттаңыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 МЕСТ 2.111-68 «КҚБЖ. Нормабақылау»

3 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ


3.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет.
Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп
тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін
белгілеу керек.
Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық
ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады.
Курсты оқу барысында студент БАОӨЖ мен БАӨЖ реферат немесе үй
тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық
меңгеру үшін.
Білім алушылардың өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі:
1 Қоғамдағы стандарттаудың рөлі
2 Стандарттау және өнімнің сапасы
3 Қазақстан Республикасындағы нормативтік құжаттарды жіктеу
4 Стандарттардың құрылымдық элементтері
5 Ақпаратты штрих кодтау
6 Конструкторлық құжаттардың бірегей жүйесі
7 Қазақстан Республикасында қабылданған техникалық регламенттер
8 Құжаттамалардың унификатталған жүйесі
9 Мемлекеттік стандарттау жұмыстарын жоспарлау
10 Өнімді тіркеу тәртібі
11 Каталогтық парақтар
12 Стандарттарды енгізу
13 Кәсіпорындарда стандарттарды енгізудің тиімділігі
14 Стандарттар мен нормативтік құжаттарды жасау кезінде стандарттау
принциптері мен әдістерін қолдану
15 Әзірлеушілерге арналған құжаттама
16 Дайындаушыларға арналған құжаттардың формалары
17 Тұтынушыларға арналған құжаттардың формалары
18 Стандарттау және өндірістің тиімділігі
19 Стандарттаудың деңгейін талдау мен өнімді унификаттау әдістері
20 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды кешенді түрде пайдалану
21 Құқықтық нормалар, заңнамалық актілер, стандарттардың заңдық күші
22 Өнімнің сапасын басқарудың құқықтық қамтамасыз етілуі
23 ТР МЖ құрылымы
24 Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры
25 Мемлекеттік органдардың қызметтері
26 Аккредиттелген сертификаттау органдары мен сынақ орталықтарының
қызметтеріне мемлекеттік бақылау жүргізу
27 Құжаттамалардағы қателіктер жіктеуіші
28 Нормативтік құжаттамалардың сапасын бағалау
3.2 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента
качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.:
Юрайт, 2000 г. - 465 с.
3 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под
ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.
4 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. –
224 б.
5 ҚР СТ 1.0-2000 ҚР МСЖ. Негізгі ережелер
6 ҚР СТ 1.1-2000 ҚР МСЖ. Стандарттау және шектес қызмет түрлері.
Терминдер мен анықтамалар
7 ҚР СТ 1.2 – 2002 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі.
8 ҚР СТ 1.5 – 2000 ҚР МСЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына,
ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар
9 ҚР СТ 1.7 – 1998 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау
тәртібі
10 СТ РК 1.8-98 ГСС РК Порядок издания и обеспечения нормативными
документами и информацией Государственного фонда стандартов РК
11 ҚР СТ 1.9 – 2003 ҚР МСЖ. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды
және стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі нормативтік
құжаттарды қолдану тәртібі
12 ҚР СТ 1.15 – 2004 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер.
Құру және әрекет ету тәртібі
13 ҚР СТ 1.16-2000 ҚР МСЖ. Стандартау жөніндегі нормативтік құжаттардың,
сертификаттау ережелерінің міндетті талаптарын сақтауға және
сертификатталған өнімдерге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау
мен бақылауды жүргізу тәртібі
14 ҚР СТ 1.25-2001 ҚР МСЖ. Өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезеңдерінде
мемлекеттік қадағалауды жүргізу әдістемесі
15 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11
(05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
16 Единая система конструкторской документации: Справ. пособие -М.: Изд-во
стандартов,1986 г.
17 Управление качеством: Учебник для вузов/ С.Д. Ильенкова, В.С. Мхитарян и
др.; под ред. С.Д.Ильенковой, - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999 г.-199 с.
18 В.В. Окрепилов Управление качеством: Учебник для вузов/ 3-е., изд.,
доп. и перераб.- СПб.: Наука, 2000 г. - 911с.
19 ҚР МЖ 01-99 Сабақтар (пәндер) жіктеуіштері
20 ҚР МЖ 02-99 Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіштері (ҚҰЖЖ)
21 ҚР МЖ 03-99 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштері (ЭҚЖЖ)
22 ҚР МЖ 04-99 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіштері
(ЭҚТӨЖ)
23 ҚР МЖ 05-2000 Бастапқы және орта кәсіптік білім мамандықтарының
жіктеуіштері
24 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.0-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық
бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 1 бөлім.
Мемлекеттердің коды
25 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.2-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық
бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 2 бөлім. Мемлекеттің
әкімшілік-аймақтық бөлімшелерінің кодтары
26 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.3-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық
бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 3 бөлім. Бұрын
қолданған мемлекеттердің атауларын белгілені кодтары
27 ҚР МЖ 07 (ИСО 4217-2001) Валюталар мен қорларды белгіленуге арналған
кодтар
28ҚР МЖ 08-2001 ҚР жоғары кәсіптік білім мамандықтарының және оларды
дайындау бағыттарының жіктеуіштері
29 ҚР МЖ 09-2002 Төлемдерді тағайындаудың бірыңғай жіктеуіштері
30 ҚР МЖ 10-2002 ҚР білім деңгейлерінің мемлекеттік жіктеуіштері
31 ҚР СТ 1.14-2000 ҚР МСЖ Ұйым стандарттары. Түрлері мен жасау тәртібі
32 ҚР СТ 1081-2002 Тағам өнімдеріне технологиялық нұсқау мен рецептураны
жасау тәртібі
33 ҚР СТ 1042-2001 Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттардың
ресімделуіне қойылатын талаптар

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет