Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы Сем


Дәріс 9. Металдардың жалпы қасиеттері



бет4/10
Дата12.06.2016
өлшемі5.72 Mb.
#130142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дәріс 9. Металдардың жалпы қасиеттері.
Мазмұны:

1.Металлдардың жалпы қасиеттері.

2.Сілтілік металдар және сілтілік жер металдар, олардың қосылыстар-биологиялық ролі.

3.Алюминий, қорғасын


1. Бейорганикалық химияны оқығанда элементтердің периодтық жүйедегі сипаттамаларын,жай қосылыстарының құрылысын,олардың алыну жол-дарын,элементтер қосылыстарының қышқылдық-негіздік және тотығу-тотықсыздану қасиеттерін оқумен қатар,элементтердің табиғатта таралу түрлері,қолданылуы,биологиялық ролі қарастырылады.

Металдар периодтық жүйенің 80%-ін құрайды,яғни 85 металл бар.Олар ІА,ІІА,ІІІА

және В топшалардың төменгі жағында орналасқан. f-элементтердің барлығы металл.
Физикалық қасиеттері:

а/ Нg -сұйық

ә/ сілтілік және сілтілік жер металдар жұмысақ,пышақпен кесуге болады

б/ қалғандары қатты,УІ-В топта хром өте қатты

в/ металдық жылтыры болады

г/ электр өткізгіш Аg,Cu –жақсы өткізеді,Рв,Нg–нашар өткізеді,темпетурра артса электрөткізгіштік кемиді,төмендесе артады.

ғ/ жылуы өткізгіш

е/ пластикалық қасиет,тіпті созуға болады,мысалы 1г алтыннан 3км жіңішке жіп созуға болады.

Металдар тығыздығына байланысты жеңіл (p=5г/см),одан артса ауыр болады.Жеңіл металдың балқу температурасы төмен,ауырдыкі жоғары болады. Мысалы: цезий жеңіл,балқу тем.28Со, ал вольфрам ауыр, балқу тем. 3380 Со.

Кейбір металдарға полиморфизм құбылысы тән,ол металдың қатты күйде әртүрлі кристалдық пішінде болу қасиеті.

Магниттік қасиеті бойынша:

а/ димагнитті,яғни мұндай металдар магнит өрісінде тербеледі Аg,Cu,Au, Нg,Zr,Zn

ә/ парамагнитті,яғни магнит өрісіне тартылады Sd ,Ti, W , Y, Mo ,Mn т.б.

б/ ферромагнитті- магниттелу қасиеті өте жоғары Fe,Co ,Ni.


Техникада:

а/ қара металл – темір,оның құймалары

ә/ бағалы металл – алтын,күміс,платина,цирконий

б/ сирек металл – титан,германий, берилий,ванадий т.б.

в/ түсті металл – мырыш,магний,алюминий т.б.

Ең басты қасиеті – сәуле,электромагниттік толқынның әсерінен электрон бөлуі.Оны фотоэлектрлік эффекті деп атайды. Мұндай қасиет ІА-топша элементтеріне тән.Өйткені сыртқы валенттік электрондары ядроға әлсіз байланысқандықтан сәуле әсерінен бөлініп кетеді.



Химиялық қасиеттері:
а/ тотығу – электронды оңай беріп,оң ионға тез айналады – тотықсыздандырғыш

ә/ иондану энергиялары төмен

б/ металл ешқашан электрон қосып алмайды,тотықтырғыш болмайды

в/ металдар оттегімен әрекеттесіп оксидтер түзеді, т.д. тұрақты металл оксидтері негіздік оксид,т.д.әртүрлі болатын металдардың төменгі оксидтері – негіздік, ортаңғылары – екідайлы,жоғарғылары – қышқылдық оксид болады.Мысалы: CrO - негіздік,Cr2O3 - екідайлы, CrO3 - қышқылдық

В топша металдары жоғары тотығу дәрежесін көрсететін оксид түзгенде оларға сәйкес гидроксидтері қышқыл болады.Мысалы: CrOз (УІ) оксидіне Н2CrO4 хром қышқылы сәй кес келеді.

Металдар тотықсыздандырғыш, сондықтан тотықтырғыштармен,бейметалдармен,қышқылдармен,тұздармен әрекеттеседі. Қышқылдармен әрекеттесуі металдардың станартты электродтық потенциалдар қатарындағы орнына,қышқылдардың табиғатына

және концентрациясына тәуелді.



Металдарды кеңнен өндіреді.Активтілігі төмен металдар табиғатта бос күйіндекездеседі. Мысалы: алтын, күміс,платина т.б. Актив металдар кең құрамында әртүрлі қосылыстар түрінде болады. Жеңіл металдар тұздар түрінде,ал ауыр металдар оксид,сульфид,сульфиттер т.б. болады.

Металдар өндірісін металлургия деп атайды,химиялық процестерге сәйкес бірнеше топқа жіктеледі:

а/ пирометаллургия – жоғарғы температурада қыздырып бөлу

ә/ гидрометалургия – еріткіштер әсерімен бөлу

б/ электрометалургия – электр тогы әсерімен бөлу /электролиз/

в/ металлотермия – басқа металмен жоғарғы температурада әсер етіп бөлу

Металдар құймалар түрінде қолданылады.8000 астам құймалар белгілі.

Темір құйма – шойын,болат, мысты құйма – қола,аса жеңіл құйма –дюралюминий,бағалы құйма – құрамында алтын,күміс,платина болатын құймалар.

ІІ. Адам ағзасында преиодтық жүйенің 70-ке жуық элементі табылған.Мына алты элемент: C, O, H ,N, P, S ағза массасының 97,4%-ін құрайды.Тірі заттағы элементтердің мөлшеріне байланысты оларды макро- және микроэлементтер деп бөлуге болады.

Макроэлементтерге C, O, H ,N жатады. Бұлардың үлесіне тірі зат массасының 96% және I, CI, Fe, N, Mo, Cu, Co, Zn (1% массасының) жатады.

Биологиялық неғұрлым керек металдарға ( биометалдарға) мына элемент жатады:K,Na,Ca,Mg,Fe,Cu,Co,Mn,Zn,Mo; металл еместерден O, H, S, C, N, P, CI, I жатады,сондықтан осы элементтердің қасиеттерін зертханалық сабақта оқимыз.Көміртегі мен сутегі органикалық қосылыстардың негізі болғандықтан ,ол элементтерді органикалық химия пәнінде тереңірек оқытылады.


Калий осмостық,биохимиялық процесте,көптеген физиологиялық функцияларға қатысады,сілтілік-қышқылдық теңдікті ұстауға көмектеседі. Калий алмасуы ағзадағы натриймен тығыз байланысты.Калий,натрий,кальций иондарының белгілі ара қатынасы

жүрек жұмысының қалыпты сақталуына әсер етеді


Натрий ағзада осмостық қысымды реттеуге,су,минерал,азот және май алмасуына қатысады.Плазма мен жасуша аралық сұйықтардың барлық катиондарының 90%-тен астамы натрийден тұрады.
Кальций иондары сүт қышқылының түзілуіне,сүттің ұюына,бұлшық еттің және нерв қызметінің жұмысына қатысады.Фосфаттармен және фторидтермен қосылып,кальций сүйек ұлпасы мен тістердің минералдық негізін құрайды.Тамақта кальцийдің жетіспеуі көптеген ауруларға ( рахит,остеопароз,остеомоляция т.с.с.) себеп болады.

Сүт – кальцийдің ең жақсы көзі.Күніне үлкен адам 1г кальций қабылдау керек.

Магний тұздары органикалық қосылыстардың фосфорға айналуына қатысатын

ферменттердің қызметін күшейтеді.Тамақта магний тұздарының жетіспеуі жүйке жүйесінің қалыпты қызметін,бұлшық еттердің жиырылуын бұзады.


Мырыш ағзада бұлшық еттің 65% -ін, сүйектің 20% -ін құрайды.Қан плазмасы,бауыр,эритроцит құрамына,эфирлер және ақуыздың гидролизі кезінде катализатор болатын 40-тан астам метелл-ферменттердің, 260 аминқышқылы қалдығынан тұратын карбоангидраза ферментінің құрамына кіреді. Қандағы қантты реттуге қатысады.
Алюминий қанның сары суында,өкпе,бауыр,сүйек,бүйрек,тырнақ,шаш құрамына және адам миының жүйке қабығының негізгі құрамына кіреді. Адам тәулігіне 47 мг алюминий қабылдауы керек. Алюминий эпителий және байланыстырғыш қабаттардың дамуына,сүйектің қалыптасуына,фосфорың алмасуына әсер етеді. Сонымен бірге ферментативті процестерге,қанның түзілуіне,трансаминирлеу реакциясына катализатор ретінде қатысады.




Периодтық жүйенің ІІІ және ІҮ топтарының р-элементтері (алюминий, қалайы, қорғасын) Al, Sn, Pb- микроэлементтер, олардың ағзадағы мөлшері 0,002- 1∙10-5мг. Тамақ өнеркәсібінде Al, Sn элементтерден консервілік банкалар жасайды. Алюминийден фольга, қақпақтар жасайды. Қорғасын улы зат, ол шынының, қағаз және полиэтилен қапшықтардың құрамына кіреді. Алюминий қанның сары суында,өкпе,бауыр,сүйек,бүйрек,тырнақ,шаш құрамына және адам миының жүйке қабығының негізгі құрамына кіреді. Адам тәулігіне 47 мг алюминий қабылдауы керек. Алюминий эпителий және байланыстырғыш қабаттардың дамуына,сүйектің қалыптасуына,фосфордың алмасуына әсер етеді. Сонымен бірге ферментативті процестерге,қанның түзілуіне,трансаминирлеу реакциясына катализатор етінде қатысады. Fe, Co, Ni – микроэлементтерге жатады. Тәулігіне адам ағзасына 5-25 мг темір қажет. Темірдің көп мөлшері сүтте, сырда, етте, алмада болады. Қан гемоглобинінің негізгі бөлігі темір. Кобальт В12 витаминінің құрамына кіреді, зат алмасуын жақсартады. Егер ағзада кобальт жетпесе, адам анемияға ұшырауы мүмкін.



Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Калий мен натрий атомдарының құрылысының электрондық схемасын жазыңдар. Бұл элементтердің қайсысының тотықсыздандырғыштық күші артық, неге?




  1. І топтың s-элементтерінің +І тотығу дәрежесі не себептен өте тұрақты?




  1. К2О, К, К2О2 қалай сумен әрекеттеседі, химиялық реакциялар теңдеуін жазыңдар.




  1. Калий хлоридінен металл күйінде калийді және калий гидроксидін алу үшін жүретін процестерінің схемаларын жазыңдар.




  1. Натрий сульфатынан көмір мен әктасты жоғарғы температурада балқыту арқылы соды алу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Көмір мен әктас қандай функция атқарады?




  1. Ас содасы, каустикалық сода, кристалдық сода, кальцинирленген сода деп техникада қандай заттарды айтады?




  1. Мына өзгерістерді іске асыратын реакциялар теңдеулерін жазыңдар: NaCl→Na→NaOH→Na2CO3 →NaHCO3 →NaCl→Na→Na2O2→Na2O→NaOH→ NaHSO4→ Na2SO4 → Na




  1. Мына қатарда LiOH –CsOH негіздік қасиеттері қалай және неге олай өзгереді?

9.Алюминийдің, қорғасынның және қалайының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?


10.Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.
11.Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.
12.Алюминий, қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық

ериді.
13.Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Әлсіз тотықсыздандырғыш пен күшті тотықтырғышты көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.


14.Германий топшасының элементтерінің а)негіздік қасиеттері жоғары; б)қышқылдық қасиеттері жоғары гидроксидтерін жазыңдар.
15.Суда ерімейтін PbCl2 және Pb(OH)2 не себептен концентрлі тұз қышқылы мен сілті ерітіндісінің артық мөлшерінде ериді?


Ұсынылған әдебиеттер:

1. Омаров Т.Т.,Танашева М.Р. Бейорганикалық химия (таңдамалы тараулар) Алматы,2008ж,-543 б 2.Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы, «Білім» 2004 ж,-316 б. 3. Ділманов Б.М.,Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Аматы,2009ж, -194 б. 4. Яшкарова М.Г.,Омарова Н.М., Кабдулкаримова К.К., Мусабаева Б.Х. Бейорганикалық хмиядан зертханалық жұмыстар.Семей,2007,-79б. 5. Шоқыбаев Ж.Ә.,Өнербаева З.О. т.б. Бейорганикалық химия практикумы. Алматы,2004 ж,-164 б. 6. Бишімбаева Г.Қ. Жалпы химия.Студенттердің өздік жұмыстарына арналған оқу-әдістемелік құрал.Алматы,2007 ж, -39 б. 7. Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М. Студенттің өздігінен орындауына арналған әдістемелік құрал.Семей, 2007, -39 б. 8.Д.Шрайвер.,П.Эткинс. Неорганическая химия.1,2 том.Москва«Мир» 2009г 9.Лидин Р.А.,Молочко В.А.,Андреева Л.Л. Химические свойства неорганических веществ. Москва, 2000-480с


Дәріс 10. Бейметалдардың жалпы қасиеттері.
Мазмұны:

1.Периодтық жұйедегі орны, электрондық құрылысы.

2.Физикалық қасиеттері.

3.Химиялық қасиеттері.

Күкірт – ағзада негізінен органикалық қосылыстар құрамында және күкірт құрамды амин қышқылдарының құрамында кездеседі. Олар цистин, метионин, инсулин т.б. Егер ағзада күкірт жетпесе ақуыз түзілуі әлсірейді.Оттегі өмірге керек барлық органикалық заттар құрамына кіреді: ақуызда, майларда. Оттегі арқылы тіршіліктің барлық процестері жүреді. Тыныс алу, аммиак қышқылдарының тотығуы, майлардың тотығуы.

Тірі ағзада 6 элемент (көміртегі, сутегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт) ағза массасының 97,4% алады. Оларды органогендер деп атайды. Органоген №1 көміртегі. Себебі көміртегі майдың, көмірсулардың, витаминдердің, органикалық қышқылдардың құрамына кіреді. Бірақ бос көміртегі және оның монооксиді адам үшін өте улы. Натрий гидрокарбонаты, ағзада өтте майдың гидролизіне әсер етеді



Оттегінің химиялық қасиеттері.



Барлық омыртқалылар, адамды қоса, иодсыз тіршілік жасай алмайды. Иод қалқанша безінде жиналады, ол иоды бар гормондар түзеді. Бұл гормондар ағзадағы заттардың алмасуын жүргізеді. Егер ағзада иод болмаса, зоб ауруымен ауырады, сондықтан ас тұзына иод қосылады.Фтор ағзаға судан түседі, фтор шайда көп. Егер фтор жетіспесе, тіс ауруына әкеледі






Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. ҮІІ топтың негізгі топшасының элементтер атомдарының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Бұл элементтердің валенттіліктерін көрсетіңдер.

  2. Галогендердің зертханада және өндірісте алу жолдарын көрсетіңдер.

  3. НГ қышқылының ішінде неге НҒ ең әлсіз қышқыл?

  4. Г- анионын ерітіндіден табу үшін қандай катион қолданылады?

  5. HClO, HClO4, HClO3, HClO4 қышқылдары үшін олардың беріктіліктері, тотықтырғыш қасиеттері және қышқылдық күші қалай өзгереді? Бұл сұраққа жауап беру үшін қандай мәндер керек?

  6. Галогендерді қай жерде қолданады?

  7. Иод қай тотығу дәрежесінде тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді. Бұл қосылыстардың формуласын жазыңдар.

  8. Хлордың +1, +3, +5, +7 тотығу дәрежесіне сәйкес келетін оксидтері мен қышқылдарының формулаларын жазыңдар. Оларды атаңдар.

  9. Хлорлы сутек қышқылы қай металдармен әрекеттеседі? Қышқылдың концентрациясы әсер ете ме?

  10. Элементтердің (оттегі мен күкірттің) электрондық конфигурациясын келтіріңдер. Қай электрондар валентті болып саналады?

  11. Орбитальдардың энергетикалық диаграммасын құрыңдар. Молекуласының негізгі күйі (О2) мен молекулалық иондардың О2+, О2-, О22- электрондық конфигурациясын келтіріңдер.

  12. Мына молекулалардың KClO3, KMnO4, KNO3 термиялық айрылу реакциялары тотығу-тотықсыздану реакциясының қай типіне жатады?

  13. Негіздік, қышқылдық және амфотерлі оксидтерді сипаттайтын оларға тән реакцияларға мысалдар келтіріңдер.

  14. Стандартты потенциал Е0298 мәніне сүйеніп, мына заттардың О3, О2, Н2О2 тотықтырғыш қасиеттерін салыстырыңдар:

О3 + 2Н+ + 2ē → О2 + Н2О Е0 = +2,07В

Н2О2 + 2Н+ + 2ē = 2 Н2О Е0 = +0,68В

О2 + 2Н+ + 2ē → Н2О2 Е0 = +1,78В


  1. Күкірт тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алатын реакцияларға мысалдар келтіріңдер.

  2. а)суда еритін; б)суда ерімейтін, бірақ сұйытылған қышқылда еритін; в)қышқылда ерімейтін сульфидтерді келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.

  3. Күкіртті сутек қышқылының сатылап жүретін диссоциациясын жазыңдар. а)хлорлы сутек қышқылын; б)қорғасын (ІІ) нитратын; в)сілті құйса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

  4. Олеум деген не? Су мен концентрлі күкірт қышқылын қалай араластыру керек? Неге?

  5. Сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылдарымен мырыш әрекеттескенде қандай заттар түзіледі? Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.

  6. Атом құрлысы теориясы тұрғысынан оттегі күкіртке қарағанда күштірек тотықтырғыш екенін түсіндіріңдер.

  7. Күкірт атомының тотығу дәрежесі неге жұп сан болады? Неге оттегінің валенттілігі тұрақты, ал күкірттікі –айнымалы.



Ұсынылған әдебиеттер:

1. Омаров Т.Т.,Танашева М.Р. Бейорганикалық химия (таңдамалы тараулар) Алматы,2008ж,-543 б 2.Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы, «Білім» 2004 ж,-316 б. 3. Ділманов Б.М.,Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Аматы,2009ж, -194 б. 4. Яшкарова М.Г.,Омарова Н.М., Кабдулкаримова К.К., Мусабаева Б.Х. Бейорганикалық хмиядан зертханалық жұмыстар.Семей,2007,-79б. 5. Шоқыбаев Ж.Ә.,Өнербаева З.О. т.б. Бейорганикалық химия практикумы. Алматы,2004 ж,-164 б. 6. Бишімбаева Г.Қ. Жалпы химия.Студенттердің өздік жұмыстарына арналған оқу-әдістемелік құрал.Алматы,2007 ж, -39 б. 7. Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М. Студенттің өздігінен орындауына арналған әдістемелік құрал.Семей, 2007, -39 б. 8.Д.Шрайвер.,П.Эткинс. Неорганическая химия.1,2 том.Москва«Мир» 2009г 9.Лидин Р.А.,Молочко В.А.,Андреева Л.Л. Химические свойства неорганических веществ. Москва, 2000-480с



Дәріс 11. Органикалық химия.Көмірсутектер,олалардың галоген туындылары.
1.Органикалық қосылыстардағы байланыс, реакциялары. 2.Көмірсутектер,номенклатурасы,изомериясы,қасиеттері.
1.Химиялық байланыстардың түрлері. Химиялық байланыстың түрлері өте көп,олар табиғаты бойынша бөлінеді. Молекулалар арасындағы байланыстар электроваленттік және коваленттік болып екіге бөлінеді.

Электрваленттік байланыс қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің арасында пайда болады. Мұнда үш түрлі әрекеттесу болады: иондық байланыс, ион мен диполь, диполь мен диполь арасындағы байланыс. Иондық байланыс деп катион мен анион арасындағы тартылу күшінің әсерінен пайда болатын байланысты атайды. Иондық қосылыстардың балқу температурасы жоғары және олар қатты заттар болып келеді.

Коваленттік байланыс. Екі не одан да көп атомдардың арасында жұп электрондар болса, байланыс пайда болады. Демек, екі атом орбитальдарының бүркесуі арқылы түзілетін байланысты коваленттік байланыс деп атайды.

Сутектік байланыс коваленттік байланысқан сутек атомымен екінші молекуланың бос электроны арқылы түзіледі. Бұл байланыстың энергиясы аз, 3- 10 ккал/ моль, сондықтан мұндай байланыстар тез үзіледі, бірақ заттың физикалық қасиеттеріне әсері болады.

Органикалық қосылыстардың реакциялары төрт топқа бөлінеді:

Орын басу реакциялары. Мұнда атом немесе атомдар топтарының орнын басқа атомдар басады.

Мысалы: С2Н5СI + OH- → C2H5OH + CI-

Хлорэтан гидроксид этанол хлорид

ионы ионы

Қосылу реакциялары. Екі молекула қосылып, бір молекула түзеді.

Мысалы: СН2 = СН2 + Вг2 → ВгСН2СН2Вг

Этилен бром 1,2- дибромэтан

Бөліну (элимирлену) реакциясы. Молекула екі немесе одан да көп басқа молекула түзеді.

Мысалы: С2Н5ОН → СН2 = СН2 + Н2О

Этанол этилен су

Қайта топтасу. Бір молекула екінші молекулаға айналады.

Мысалы: СН3- СН- СН = СН2 → СН3- СН = СН- СН2СI

CI

3- хлорбутен-1 1- хлорбутен – 2



Көптеген органикалық реакциялар екі молекуланың арасында, молекула мен ионның арасында немесе молекула мен радикалдың арасында жүреді. Қандай бөлшектің арасында жүретіндігіне байланысты оларды иондық, радикалдық механизм деп атайды, оны R- деп белгілейді.

Ионның қатынасында жүрген реакцияны иондық механизм деп атайды. Шабуыл жасайтын реагенттің табиғатына байланысты иондық реакция электрофильді және нуклеофильді болып бөлінеді.

Реакцияға қатысатын реагент өзінің электрон жұбын байланыс түзеуге басқа молекулаға берсе, онда нуклеофильді (электродонорлы) реагент деп атайды. Нуклеофильдің қатысында жүретін реакцияларды нуклеофильдік реакциялар деп атайды. Nu деп белгілейді.

Мысалы: Rδ+ → Хδ- + : Nu → R - Nu + : Х- нуклеофильдік орын басу реакциясы.

Нуклеофильдер: Н- : ; NH-2 ; : ОН- ; : ОR

Егер молекула басқа молекуланың жұп электронын қосып алса, оны электрофильді (электронакцепторлы) реагент деп атайды. Электрофильдің қатысында жүретін реакцияларды электрофильдік реакциялар деп атайды, Е деп белгілейді.

Мысалы: R – У – Е+ → R – Е + У+ электрофильдік орын басу реакциясы.

Электрофильдер: Н+ ; Н3О+; NO2+; NO.



2. а/ Қаныққан көмірсутектер (алкандар).

Көміртегі мен сутегіден тұратын және өзара жай байланыспен қосылған қосылыстарды қаныққан көмірсутектер деп атайды. Жалпы формуласы- СnH2n+2.

Ең қарапайым өкілі- СН4- метан. Барлық көмірсутектердің метанмен ұқсас екенін көрсету үшін, олардың барлығының аттарына «ан» деген жалғау жалғанады.

Қаныққан көмірсутектердің бір сутегісін алғанда, қалған қалдықты радикалдар деп атайды. Радикалдарды атау үшін, көмірсутектердің «ан» жалғауын «ил» жалғауына өзгертеді.

СН4 – метан- СН3- метил

С2Н6- этан- С2Н5-этил

С3Н8- пропан- С3Н7- пропил т.б.

Көмірсутектерді жүйелік (ИЮПАК) номенклатура бойынша атау үшін, алдымен ең ұзын тізбекті тауып алады да, тізбекке ең жақын тармақ (радикал) тұрған шетінен бастап нөмірлейді. Затты атағанда алдымен санмен радикалдар тұрған жерін шетінен бастап нөмірлейді. Затты атағанда алдымен

санмен радикалдар тұрған жерін көрсетеді де аттарын атап, содан кейін ең ұзын тізбек атын атайды.

Қаныққан көмірсутектердегі С- С және С- Н байланыстары σ- байланыс болып табылады. Мұндай байланыстар берік және аз поляризацияланған, сондықтан қаныққан көмірсутектердің реакцияласу қабілеттілігі төмен. Олар қосылу реакциясына қатыспайды, тек қана орын басу реакциясына түседі.

а) нитрлеу реакциясы: р, t0

СН4 + НОNO2 → H2O + CH3NO2

нитрометан

ә) галогендеу: СН4 + СI2 → HCI + CH3CI – хлорлы метил

CH3CI + CI2 → HCI + CH2CI2 – хлорлы метилен

СН2CI2 + CI2 → HCI + CHCI3 - хлороформ

CHCI3 + CI2 → HCI + CCI4 – төртхлорлы көміртек

Қаныққан көмірсутектер катализатор қатысында жоғары температурада және қысымда тотығу реакциясына қатысып альдегидтер, спирттер, кетондар, карбон қышқылдарын түзеді. Қаныққан көмірсутектерді өндірісте қанықпаған көмірсутектерінен немесе қаныққан көмірсутектің галоген туындыларын катализатор (платина, палладий) қатынасында тотықсыздандыру арқылы, А. Вюрц реакциясы бойынша (галоген туындыларын металл натриймен әрекеттестіру) немесе жоғары молекулалы қаныққан көмірсутектерді жоғары температурада, қысымда крекингілеу (ыдырау) арқылы алады.

А. Вюрц реакциясы (1855 ж.)

2R – Вг – 2Na → R – R + 2NaВг

3R – Вг + 3R – Вг + 6Na → R – R + R – R + R – R + 6NaВг

Мұндағы: R мен R - әр түрлі алкилдік радикалдар.

Зертханада көбінесе қаныққан көмірсутектеріне сәйкес келетін карбон қышқылдарының тұздарына күдіргіш сілті (натронды ізбес) қосып, қыздыру арқылы алады.

СН3СООNa + NaOH → Na2CO3 + CH4




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет