Мұнай газ өндіру саласындағы
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына
11 - қосымша
Бұрғылау ерітінділеріндегі күкірт сутегіні және сульфидтерді бақылау әдістері
1. Бақылау өлшемдерінің түрлері және кезеңдігі
1. Бұрғылау жағдайларында күкіртсутегінің түсуі сапалы әдістермен анықтайтын, ерітіндіде суда ерімейтін және суда еритін сульфидтердің пайда болуы бойынша бақыланады.
2. Сапасын талдау әрбір сағат сайын бұрғылау кезінде және ұңғыманы шаю кезінде жүргізіледі.
3. Суда еритін сульфидтердің пайда болуы кезінде экспресс-әдіс бойынша олардың саны анықталады.
4. Үш күнде бір реттен кем емес, кезең сайын бұрғылау ерітіндісінің үлгісі бұрғылау жұмыстарын басқару (БЖБ) экспедициясының зертханасына жіберіледі, онда күкіртсутегі мен сульфидтердің құрамының сандық анықталуы жүргізіледі. Сонымен қатар, экспедиция зертханасында (БЖБ) сіңіру қабілеттілігін анықтау және осы мәліметтер болмайтын, реагенттер үшін кинетикалық көрсеткіштерін бағалау жүргізіледі.
5. Ұңғыманы бұрғылау аяқталғаннан кейін қожды бейтараптандыру бойынша арнайы шараларды жүргізу қажеттілігін анықтау үшін оған сульфидтердің құрамына талдау жүргізеді.
2. Күкіртсутегі мен сульфидтердің жалпы құрамын
бақылаудың сапалы әдістері
6. Аппаратура, реактивтер, материалдар:
1) сыйымдылығы 250 см3 конусты шыны сауыттар (МСТ 1770 - 74Е);
2) реактивтерді сақтауға арналған тығыз қиюластырылған кішкене шыны сауыт;
3) сыйымдылығы 1000 см3;
4) тұзды қышқыл (МСТ 3118), 10 % ерітінді;
5) тазартылған су (МСТ 6709);
6) қорғасынды индикаторлы қағаз;
7) алюмокалий қышқылдары (МСТ 4329);
8) магнитті араластырғыш;
9) ГХ - 4ТИ күкіртсутегіні анықтау үшін индикаторлы түтікшелер.
7. Талдау жүргізу:
1) су негізіндегі бұрғылау ерітінділерінде сульфидтердің жалпы құрамын анықтау үшін сыйымдылығы 250 см3 шыны сауытқа 25 см3 бұрғылау ерітіндісін және 150 см3 тазартылған суды құяды, полиэтиленді қабыршақта магнитті түсіреді және 25 см3 10 – % тұзды қышқыл ерітіндісін құяды. Содан соң шыны сауытты индикаторлы түтікшесімен резеңке тығынмен жабады (немесе қорғасынды қағазбен жабады). Түтік құрамындағының қараңғылануы (немесе қорғасын қағазының) бұрғылау ерітіндісінде сульфидтер мен күкіртсутегілердің болуы туралы куәландырады;
2) мұнай негізінде бұрғылау ерітінділерін 1:1 отынды қатынасында араластырады; алынған қоспаның 10 см3 сыйымдылығы 100 см3 шыны сауытқа алады, 10 см3 деэмульгатор (дисольван) қосады және қатты шайқайды. Содан кейін шыны сауытқа 10 - 20 см3 10 % тұзды қышқыл ерітіндісін қосады және индикаторлы түтікшемен тығынмен тез жабады (немесе қорғасын қағазымен жабады). Түтіктегінің қарауытуы (немесе қағаздың) бұрғылау ерітіндісінде сульфидтердің болуы туралы куәландырады;
3) талдауды тездету үшін шыны сауытты 60 – 70 оC дейін қыздырады және құрамындағыны магнитті араластырғышпен араластырады.
3. Суда еритін сульфидтерді бақылаудың сапалық әдісі
8. Талдау 7 - тармаққа сәйкес жүргізіледі, алайда тұзды қышқылдың орнына 3 - 5 грамм алюмокалий қышқылдарын қосады.
4. Күкіртсутегінің және суда еритін сульфидтерді сапалы анықтаудың экспресс-әдісі
9. Аппаратура, реактивтер, материалдар:
1) сыйымдылығы 200 см3 түбі домалақ шыны сауыт (МСТ 23932);
2) магнитті араластырғыш;
3) вакуумды сорғы;
4) алюмокалий қышқылдары (МСТ 4329);
5) КСК немесе N 3 маркалы силиконды гель;
6) қорғасынның 1-процентті ацетат ерітіндісі.
10. Талдау жүргізу:
1) талдауды күкіртсутегіні және суда еритін сульфидтерді сапалы анықтаудың экспресс-әдісіне арналған қондырғыда жүргізеді;
2) су негізінде бұрғылау ерітіндісі болға кезде цилиндрмен 10см3 үлгі алады, оны 5 – еселік судың көлемімен реакторға жібереді. pH төмендету үшін реакторға 3 - 5 грамм алюмокалий қышқылын қосады;
3) көмірсутегі негізіндегі бұрғылау ерітіндісіне талдау жүргізу кезінде 10 см3 үлгіні 1:1 қатынаста дисольванмен (деэмульгатормен) араластырады және дизельді отынның 5-еселік мөлшерімен шаюмен реакторға жібереді, содан кейін 3 - 5 грамм алюмокалий қышқылын қосады;
4) реакторды барботерымен резеңке тығынмен жабады және индикаторлы түтікшемен біріктіреді. Суда еритін сульфидтері ыдыраған кезде бөлінген азотпен үрлеу есебінен күкіртсутегі индикаторлы түтікше арқылы өтеді және қорғасын ацетанымен сіңірілген, силикон гелін бояуды болдырады;
5) азотпен үрлеу уақыты - 1 сағ;
6) силикон гелінің боялған қабатының биіктігі ерітіндіден бөлініп шыққан, күкіртсутегі санына тең;
7) талдауды тездету үшін реакторды 60 – 70 0C дейін қыздырады және магнитті араластырғышпен араластырады;
8) зерттелетін құбырдағы сульфидтердің күкіртсутегісінің концентрациясы келесі формула бойынша есептеледі:
,
онда: - үлгідегі күкіртсутегі концентрациясы, мг/дм3;
H – силикон гелінің боялған қабатының биіктігі, мм;
К - өлшеу түтігінің ішкі диаметріне байланысты коэффициент;
V – бұрғылау ерітіндісінің үлгісінің көлемі, см3.
__________________________
Достарыңызбен бөлісу: |