Қазақстан республикасы білім және ғылым


Шалғынды күңгірт-қоңыр топырақ (ҚҚШ)



Pdf көрінісі
бет67/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Шалғынды күңгірт-қоңыр топырақ (ҚҚШ) күңгірт-
қоңыр топырақтар арасында ойысты және тау аралық аңғар-
ларда кездеседі. Бұл топырақтардың кескіні мына төменгі қабат-
тардан тұрады: Аш – шымды (тың жерлерде), А – гумусты-
аккумулятивті, В
1
– ауыспалы, В
2
– гумус ағындылар қабаты, В
к
– карбонатты және С–аналық жыныс. Гумус қабатының қалың-
дығы (А-В
1
) 45-55 см, түйіртпектілігі кесекті-дәнді. Шалғынды 
күңгірт-қоңыр топырақ типшелерге бөлінеді: шалғынды қою 
күңгірт-қоңыр топырақ, шалғынды күңгірт-қоңыр топырақ, 
шалғынды ашық күңгірт-қоңыр топырақ. Шалғынды күңгірт-
қоңыр топырақтар текке карбонаттылығы, кебірлігі, сортаңдығы 
және солодтығы мен батпақтығы белгілері бойынша, яғни кебір-
ленген күңгірт-қоңыр, сортаңданған күңгірт-қоңыр, солодтанған 
күңгірт-қоңыр, глейленген (батпақтанған) күңгірт-қоңыр, негізі
әлсіз дамыған күңгірт-қоңыр топырақтар болып бөлінеді. 
VI. II Зонааралық (интразоналық) топырақтар 
 
Атынан белгілі болғандай, бұл топырақтар әрбір зоналарда 
түзіліп, солардың арасында таңдақ-таңдақ болып кездеседі. 
Зонааралық топырақтар ішінде негізінен төмендегідей топы-
рақтар типтері кездеседі: 1. Сорланған топырақтар. 2. Сортаң 
топырақтар. 3. Солодтар. 
Сорланған топырақтар. Сорланған топырақтар құрамын-
да суға тез ерігіш тұздар топырақтың беткі қабатынан бастап 
мол болып кездессе, олар сор топырақтар (соланчаки) болып 
саналады. Тұздардың мөлшерден көп кездесуі ондағы өсімдік-
тер дүниесі жоқтың қасы. Мұнда тек тұздың молдығына табиғи 
бейімделген сор шөптер ( галофиттер) өседі, ал тұз мөлшері аса 
көбейіп кетсе жалаңаш сорға айналады. Сорланған топырақтар 
көлемі (сортаң топырақтарды қоса есептегенде) 120 млн гектар-
дай, яғни ТМД елдерінің 5,4%-ы. Ескеретін жай, сорланған то-
пырақтар, оның ішінде әсіресе сортаң топырақтар жеке түзіл-
мей, көбінде зоналы топырақтар арасында комплексті жағдайда 
кездеседі. 
Жалпы сорланған топырақтарды көп зоналарда кездесетін 
зонааралық топырақ дегенімізбен, ол негізінен жауын-шашын аз 


түсетін, жылы, булануы мол аймақтарда кездеседі. Олардың 
пайда болу жолдары әрқалай. 
1) Бұл топырақ астындағы тұзданған ыза суларының жер 
бетіне жақын болып, олар буланған кезде топырақ қабаттарында 
және оның бетінде су құрамындағы тұздардың шоғырлануы-
нынан пайда болады. Сорлану үшін топырақ астындағы ыза су-
лардың жер бетіне жақындағы мен олардың тұздану деңгейі 
едәуір рөл атқарады. 
Сулардың тұздану деңгейі 17-кесте. 
Жер асты суларының тұздану деңгейі 
Судағы тұздар мөлшері л/г 
Тұщы сулар 

Аз тұзданған сулар 
1-3 
Орта тұзданған сулар 
3-10 
Мол тұзданған сулар 
10-50 
Аса мол тұзданған сулар 
50 
Жер асты суы топырақ бетіне неғұрлым жақын әрі оның 
тұздану деңгейі жоғары болса, ауа райы жылы немесе ыстық 
аймақтарда топырақтың тұздану үдерісі соғұрлым жылдамырақ 
болады. 
2) Қалдықты сорланған топырақтар, топырақ түзуші тау 
жыныстарының мол тұздануынан қалыптасады. 
3) Ойпатты жерлерде кездесетін кейбір көл суларының 
ыстық ауа-райы жағдайында түгелдей буланып кетуінен, бұ-
рынғы көлдер түбінде нағыз сор жиналып, онда ештеңе де 
өспейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет