Қазақстан республикасы білім


§ 15.6 Шұңқыр табанын жəне кемерін нивелирлеу



бет104/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   133
Геодезия кітабы

§ 15.6 Шұңқыр табанын жəне кемерін нивелирлеу


Шұңқыр табанын жəне кемерін тазалау кездеріндегі геоде- зиялық жұмыстар келесі реттен тұрады. Үлкен қазаншұңқырдың табанын торға бөледі, олар шұңқырдың ұзынабойлық жəне көлденең осьтерінің қиылысуынан пайда болады. Белгіленген тұстарын қазықшалармен бекітеді. Қазықшаларды қағуда олардың биіктігін (қазықтың жоғарғы беті), шұңқыр табанының жобалық биіктігіне жақын болғанын қадағалайды. Əрі қарай, бір-бірінен 15-20 м орналасқан қазықтардың жоғары беттері- нің жобалық биіктіктерін нивелирлеумен анықтайды. Осы тірек нүктелерінің арасында 3-5 м сайын қазықшалар қағады да, үш көздегіштің көмегімен шұңқыр табанының жобалық биіктігін табады. Екі тұрақты көздегішті жобалық биіктіктері белгілі қазықтардың үстіне орнатады да, үшінші көздегішті осы екі тұ- рақты көздегіш орналасқан нүктелердің арасындағы (қатарын- дағы) қазықтардың үстіне кезегімен қойып, олардың жобалық биіктік деңгейлерін белгілейді. Ортадағы жылжымалы көздегіш- ті қойған қазықты балғамен бірнеше рет ұра қағып, оның төбесі- нің жобалық биіктікке келгенін қадағалайды, яғни қазықты ұрған
сайын көздегішпен тексеріп отырады. Осындай əдіспен барлық қазықтардың биіктіктерін (қазықтың жоғарғы жиегін) жобалық шамаға келтіреді, яғни барлық көздегіштің жоғары жиектері бір сызықтың бойында болғанын қадағалайды.
Шұңқыр түбін түпкілікті тазалап болған соң, орындалған жұмыс нəтижесінің тəсімін салып, оған шұңқыр табанының бар- лық нақтылы биіктіктерін түсіреді. Ол үшін көбінесе, ось- тер арқылы тартылған сымды пайдаланады. Көлденең жəне ұзынабойлық осьтердің қиылысу нүктелеріне тіктеуіш іліп шұңқыр түбіне жеткізеді. Осьтердің қиылысқан нүктелеріне жермен бірдей қылып қазық қағады да, нивелирлеу арқылы дұрыстығына көз жеткізеді.



  1. сурет. Кемерді тазалауға арналған жабдықтар

а – үшбұрыш; ə – лекало; б – бағыттаушы тақтай

Шұңқыр кемерін тазалау кезінде қарапайым жабдықтарды (аспаптарды) қолданады. Олар АВС үшбұрышы, лекало жəне бағыттаушы тақтай іспетті қарапайым жабдықтар. Кемерлік тік бұрышты үшбұрышты (130 а-сурет) ағаштан жасайды, оның катеттерінің біріне деңгей орнатады немесе тіктеуіш іледі, сонда гипотенуза бағыты кемердің жобалық көлбеулігімен дəл келіп тұрады.


Лекало (130 ə-сурет) ұзын шыбық немесе тақтай АВ, оны кемерге параллель орнатады. Лекалоның дұрыс жатқандығын, бір катетіне деңгей орнатылған үшбұрыш арқылы көз жеткізуге болады.
Бағыттаушы тақтай (130 б-суретті қараңыз) қазықтарға қағылған, оның жоғарғы қыры В жобалық көлбеулікке АВ/ дəл келеді. Бағыттаушы тақтайды орнату үшін үшбұрыш пайдаланы- лады.
Жұмыс көлемі үлкен болған жағдайда, шұңқыр кемері арнаулы тегістеуші машиналармен тазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет