Шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін пациенттерді
стационарға жеткізу үшін айғақтардың
тізбесі
1. Стационарға жеткізуге:
ауруханалық режимді, стационарлық диагностикалық және емдік технологияларды және тәулік бойы медициналық бақылауды қолданып емдеуді қажет ететін науқастар мен зардап шеккендер;
өміріне қауіп туындаған жай-күйдің айқын белгілері бар науқастар мен зардап шеккендер;
өміріне қауіпті асқынулардың даму қаупі бар науқастар мен зардап шеккендер;
қауіпті жағдайлар мен асқынулардың дамуына жол беретін оларда жасырын өтетін патологиялық процестерді болдырмау мүмкін болмаған кезде науқастар мен зардап шеккендер;
инфекциялық-эпидемиялық және психопатологиялық критерийлер бойынша оларды қоршаған адамдарға қауіп төндіретін науқастар мен зардап шеккендер;
көшелерден және қоғамдық орындардан әкелінген науқастар мен зардап шеккендер жатады.
2. Амбулаториялық-емханалық ұйымдарға (травмпунктке) жеткізуге өміріне қауіп төндіретін жай-күйінің белгілері, өмірге қауіп төндіретін асқынулардың дамуының болжамы болмаған жағдайда және немесе шұғыл стационарлық диагностикалық және емдеу іс-шараларын өткізуді талап етпейтін өз бетінше қозғалуға қабілеті бар науқастар мен зардап шеккендер жатады.
3. Стационарға жеткізуге жататын адамдардың терапиялық бейінінің шұғыл жағдайлары:
1) реанимацияны табысты бастан өткергеннен кейін кенеттен болған өлім (тосыннан болған өлім);
2) тұрақсыз стенокардия;
Алғашқы рет анықталған: туындаған жүрек қыспасының ширығуы:
жүрек қыспасының ширығуының өршуі.
Принцметалл жүрек қыспасы.
3) ауырған уақыттан, не оларға бұрыннан белгісіз МИ басталғаннан бастап 10 тәулікке дейінгі мерзімдегі миокард инфаркты (МИ);
4) түзетуге келмейтін, сондай-ақ алғаш рет анықталған және тұрақсыз гемодинамикасы бар жүректің пароксизма ритмінің және өткізгіштігінің бұзылуы;
5) миокардтың, эндокардтың, перикардтың жіті аурулары және зақымдануы;
6) аурудың беті қайтарылмайтын гипертоникалық криз, сондай-ақ өмірге қауіп төндіретін бұзылу белгілері бар оның асқынуы;
7) өкпе артериясының және оның тарамдарының тромбоэмболиясы;
8) реттелген қант диабеті, комалар;
9) бүйрекбезі қабығының жетіспеушілігі кезіндегі кома;
10) түсініксіз этиологиядағы кома;
11) Лайелл синдромы;
12) жіті есекжем (Квинке ісігі);
13) анафилактикалық шок (кезек күттірмейтін іс-шараларды өткізгеннен кейін);
14) бронх демікпесі, ұзаққа беті қайтарылмайтын ұстама;
15) демікпелі жағдай;
16) беті қайтарылмайтын бронхоспазм;
17) крупозды пневмония;
18) тыныс алу жетіспеушілігінің дамуымен ошақ пневмониясы;
19) жіті тыныс алу жетіспеушілігінің дамуымен экссудивті плеврит;
20) кенеттен болған пневмоторакс және көкірек ортасының эмфиземасы;
21) іріңді-септикалық процестердің дамуымен асқынған кеуде ағзаларының аурулары (абсцесстер, флемондар, эмипия және т.б.).
4. Стационарға жеткізуге жататын неврологиялық бейіннің шұғыл жағдайлары:
1) ми және жұлынның қан айналымының жіті бұзылуы (ауыспалы, ишемиялық, гемморагиялық, жанамаласқан);
2) ми және жұлын-миының нейроинфекциялық аурулары;
3) жіті жайылған бұзылулары бар әртүрлі генезді күшейген ми гипертензиясының синдромы;
4) алғашқы рет туындаған құрысқақ ұстамасы;
5) құрысқақ ұстамаларының сериясы;
6) эпилепсия статусы;
7) науқастың жанындағы адамдардың сөзінен (қоғамдық орындарда, көшелерде) құрысқақ талмасынан кейінгі жай-күйі;
8) түсініксіз генездің естен тану жай-күйі;
9) миастениялық криз;
10) алғашқы рет анықталған алкогольсіз этиологияның полирадикулоневриті;
11) өмірге қауіпті синдромдарын немесе неврологиялық патологияларын айқындаумен алғашқы рет диагностикаланған бас миының ісігі.
5. Стационарға жеткізуге жататын жіті улану:
1) тұрмыстық химиялық және дәрі-дәрмекпен улану;
2) есірткі және алкогольдік улану;
3) алкоголь суррогаттарымен улану;
4) реанимациялық іс-шараларды немесе белсенді уытсыздануды талап ететін өндірістік улану.
Ескертпе. Алкогольмен созылмалы немесе жіті улану немесе өзге генез аясында соматикалық, нервтік психикалық аурулары бар науқастар мен зардап шеккендер өмірге қауіпті синдром бейіні бойынша емдеуге жатқызылады.
6. Стационарға жеткізуге жататын инфекциялық аурулар:
1) генезге байланысты емес барлық кезеңдердегі гиповолемиялық шок;
2) генезге байланысты емес барлық кезеңдердегі инфекциялық-улану шок;
3) аса қауіпті инфекциялар;
4) гиповолемиялық шокпен асқынған жіті ішек инфекциясы және тамақтың уытты инфекциялары;
5) токсикоз, тыныс алу жетіспеушілігі, гемморагиялық синдром, ауыр ілеспелі патология, жүктілік белгілерімен (әсіресе токсикозы бар), өкпе асқынумен (жүрек, бүйрек) тұмау;
6) жіті вирусты гепатит;
7) безгек;
8) дифтерия;
9) стационарлық емді қажет ететін қолайсыз өтетін және асқынуларының дамуымен жіті инфекциялық аурулар;
10) менингит және менингоэнцефалит (барлық түрлері), менингококкцемия;
11) туберкулез инфекциясының асқынуы:
өздігінен болған пневмоторакс;
көп қан кету;
газды эмболия;
туберкулезді менингит;
айқындалған туберкулезді улану (қызба, кахексия және т.б.).
12) әр түрлі асқынулары бар балалар инфекциялық аурулары;
13) ботулизм;
14) өмірге қауіпті жай-күйі немесе олардың дамуының қаупі бар кезіндегі түсініксіз этиология қызбасы;
Ескертпе.
1) инфекциялық аурулары бар науқастарды өміріне қауіп төндіретін жай-күйінің және өміріне қауіпті асқынудың дамуы туындаған жағдайда ЖМК бригадалары емдеуге жатқызады;
2) АИТВ-жұқтырған науқастар мен зардап шеккендер негізгі диагнозына сәйкес бейінді стационарларға емдеуге жатқызады (соның ішінде перзентханаларға);
3) емханаға актив шақыртуды берумен үйде қалдырылған науқастар мен зардап шеккендер:
емдеуге жатқызудан бас тартқан және эпидемиологиялық қарсы айғақтары болмаған жағдайда ЖІИ жатпайтын, өмірге қауіпті бұзылу және өміріне қауіпті асқынудың дамуының туындау белгілері жоқ, жіті инфекциялық аурулары бар науқастар.
7. Стационарға жеткізуге жататын хирургиялық және урологиялық аурулар:
1) жалпы ірің инфекциясы (сепсис, септикалық шок);
2) анаэробты инфекция;
3) сіреспе;
4) әр түрлі жердегі жалпы уыттанудан пайда болған абсцесстер, флегмондар, суланатын гангрена және құрғақ гангрена;
5) тірек-қимыл аппаратының жіті остеомиелиті;
6) тілмелі қабынуы, беттегі шиқандар және көршиқандар;
7) тілмелі қабыну (буллездік формасы);
8) асқынған сепсис жай-күйі, тыныс алу және қан айналымының бұзылуымен мойынның тері асты талшықтарының, қалқаншабез, сілекей бездерінің және көкірекортасының жіті қабынған аурулары;
9) «іш теспесі» тобындағы барлық аурулар (соның ішінде бауырдың түйілуінің беті қайтарылмайтын ұстамасы);
10) қолқаның қатпарлану аневризмасы, магистральды тамырларының тромбоздары және эмболиялары;
11) бүйрек түйілуінің беті қайтарылмайтын ұстамасы, жіті пиелонефрит;
12) әртүрлі генезде жіті зәрдің шықпауы, жіті бүйрек функциясының жетіспеушілігі (этиопатогенезге сәйкес стационарды таңдау);
13) макрогематурия;
14) жалпы уыттанудан пайда болған сыртқы еркектік азғаның жіті қабынуы және іріңді-қабыну аурулары (жіті орхоэпидидимит, ұма флегмоны, парафимоз, приапизм, баланопостит және т.б.);
15) жіті тікішектен қан қету;
16) жіті ішек-қарыннан қан кету;
17) жіті парапроктит;
18) үрпінің бөтен денелері;
19) асқынған геморрой;
20) өкпеден қан кету, қан түкіру;
21) терең тамырлардың флеботромбозы;
22) тікішектің тілінуі;
8. Стационарға жеткізуге жататын жазатайым оқиғалар:
1) физиологиялық тесіктерден түскен бөтен денелер;
2) стационарда алып тастауға жататын жұмсақ тіндердегі бөтен денелер;
3) электрден жарақаттану, найзағайдан жарақаттану;
4) суға батқаннан кейінгі жай-күйі;
5) асылып қалу, буынып қалу;
7) барометриялық жарақат;
8) күн тию және ыстық өтіп кету;
9. Стационарға жеткізуге жататын ашық зақымдар (жарақаттар):
1) травматикалық шок;
2) геморрагиялық шок;
3) стационарда хирургиялық араласу тәсілімен аяқтау түрінде тоқтатылатын сыртқы қан кету;
4) ашық зақымдар (жарақат):
ашық бас сүйек-ми зақымы, алкогольден мас жай-күйінде естен танумен бас және бет жабындыларының жарақаты;
анатомиялық қуыстарды тесіп өткен жарақат;
мойын жарақаты;
нерв діңгектерінің зақымдануымен артериалды қан кету жарақаты;
алақан және саусақ тұсындағы жұмылу сіңірлерінің зақымдануы арқылы қолының және саусақтарының функцияларының бұзылуымен жарақаттар;
табан жарақаттары;
ірі буындардың жарақаты;
бас сүйегі және тері жабындыларының кең көлемдегі ақауымен кез-келген жердегі терісінің сыпырылуы;
ұзын түтікше тәріздес сүйектерінің ашық сынуы;
реимплантацияға жататын аяқ-қолдардың сегментінің үзілуі;
Ескертпе. Тері, құлақ қалқаншасының сәтті реимплантациясы үшін уақыт бойынша, экспозиция 6 сағатқа дейін, саусақтар үшін - 10-15 сағат.
әр түрлі жердегі оқ дәріден болған жарақат;
әр түрлі сипаттағы және тереңдігін сараптауды мүмкіндігі жоқ орналасуымен жарақат;
қол терісінің сыпырылуы және жұлынған саусағының мылжалануы.
10. Стационарға жеткізуге жататын жабық зақымдар (жарақаттар):
1) жабық бас сүйек-ми жарақаты;
2) кеңейген, ширыққан, күшейген, тамыры соғып тұрған жұмсақ тіннің гематомасы;
3) әр түрлі дене бөліктерінің, (дененің әр түрлі жерінің соғылуы) ішкі ағзалардың зақымдануымен (зақымданды деген күдік бар) жабық жарақат;
4) ұзақ қысылу синдромы;
5) тірескен белгі;
6) гемартроздар;
7) ұзын түтікшелі сүйектердің жабық сынуы;
8) ішкі буынның сынуы;
9) омыртқаның түрлі сынулары;
10) жамбас сүйектерінің сынуы;
11) дене және иек асты тарамдарының сынуы;
12) бет-сүйек доғасының алдыңғы бөлігінің сынуы;
13) қабырғаның көптеген сынулары (2-ден көп);
14) бұғананың сынуы;
15) ашық сынықтар;
16) мұрынның сынуы;
17) өкше сүйегінің сынуы;
18) буын-байланысу аппараты шығуы және басқа да зақымдар;
19) ішкі буын сынуымен асқынған ірі буындардың шығып кетуі;
20) омыртқа бөлігіндегі мойын сіңірлерінің шығуы және омыртқаның мойын бөлігінің жарақатына күмән бар шығып кету және зақымдану;
21) кеуденің және бұғана ұшының акромиалды шығып кетулері;
22) гемартроз болған жағдайда тізе буындары сіңірлерінің және менискілерінің зақымдануы және қозғалысының немесе патологиялық жанымен қозғалуы болған жағдайда шектелуі;
23) иығының және алақан үстінің саусақтың бүгілетін сіңірлерінің оқшауланған замқымдануы;
24) жамбас буынының шығып кетуі;
25) тобық буының шығып кетуі;
26) сәтті жасалмаған түзетулерден кейін асқынулармен аяқ-қолдардың ұшындағы буындарындағы шығып кетулер;
27) иық сүйегінің хирургиялық мойнының қазықталған сыну;
28) табанның шығып кетуінсіз екі жіліншіктің жабық сынуы;
29) диастассыз шынтақ өскінінің жабық сынуы;
30) ығысусыз және гемартрозсыз тізе үстінің жабық сынуы;
31) хирургиялық емді қажет етпейтін қылқанды және көлденең өсідінің сынуы;
32) Термикалық жарақаттар, соның ішінде:
1) күйікті шок;
2) термикалық күю:
а) дененің IIIб 5% жоғары күйіктері және IV дәрежелі 1% дене үстінің күйігі немесе IIIб және IV дәрежелі бет, қол ұштарының, табанның, ірі буындар аумағында орналасумен кез-келген жерде күйіктер;
б) жоғарғы жақтағы тыныс алу жолдарымен кез-келген көлемді және қатты күйіктер;
в) біріктірілген күйік жарақаты (күйіктер+механикалық зақымдар және т.б.);
г) қабыну және уланудың жалпы белгілері бар жұқпалы күйіктер.
электр күюлер;
дененің үстіңгі қабатының 5% астамының немесе бет, қол ұштарының, табанның, ірі буындар аумағында орналасумен кез-келген жерде химиялық күйіктер;
Ерін, мұрын, ауыз, көз шырышысының немесе уыттану резорбациясының көрнекті жердегі зақымданумен кез-келген жердегі химиялық күйіктер.
жалпы мұздау (тоңу).
кез-келген жердегі III-IV дәрежелі үсік немесе суық өткен жарақат алғаннан кейінгі ерте кездегі, әсіресе демаркация болмаған жағдайда қол-аяғының сегмент шегіндегі І-II дәрежелі үсік.
11. Бейінді стационарға жеткізуге жататын жүкті, босанатын, босанған және гинекологиялық аурулармен ауыратын науқастар жатады:
1) әйелдер консультациясында жүктілікті үзу, уақытынан бұрын босанудың басталуымен, перзентханада жүктіліктің 22 аптасында уақытынан бұрын қағанақ суының кетуі, жүктіліктің 25 аптасына дейін антенатальді нәрестенің шетінеп кетуімен есепте тұрған жүкті әйелдер - көп бейінді ауруханалардың гинекологиялық бөлімшелеріне жатқызылады.
2) емдеу мекемесінен тыс болған босану;
3) жүктілік және босану кезіндегі қауіпті, басталған немесе болған жатырдың жыртылуы;
4) ұрықтың гипоксиясымен басталған жүктілік;
5) жүктілік және босану кезінде ұрық кіндігінің немесе ұсақ бөліктерінің түсіп қалуы;
6) жүктілік және босану кезінде жолдасының алдыңғы жақта жатуы, жолдасының ерте түсуі;
7) қосарласқан патологиясы бар жүктілік:
а) компенсацияланбайтын эндокрин патологиясы бар;
б) құрсақ қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар;
в) айқындалған уыттану, АИТВ тұмау мен ЖРВИ қоса алғанда, жіті инфекциялық аурулары бар;
8) жүктілік және босану кезіндегі преэклампсия және эклампсия;
9) босанғаннан кейінгі;
10) босанғаннан кейінгі эндометрит;
11) босанғаннан кейінгі кезеңде қан кету;
12) басталған және толық емес түсік;
13) қылмыстық араласудан кейінгі ауруханадан тыс жердегі түсік;
14) жатырдан тыс жүктілік, аналық бездің апоплексиясы;
15) медициналық аборттан кейінгі асқыну;
16) түрлі этиологиядағы жатырдан қан кету;
17) іншектіктен қан кету;
18) құқыққа қайшы әрекеттерден кейінгі, қорлау және зорлаудан кейінгі жыныс ағзаларының және бұтарасының жарақаттануы;
19) «жіті гинекологиялық құрсақ»:
а) кез-келген жіті сальпингоофорит;
б) асқынғұ, уыттану сатысындағы және пельвиоперитонитпен созылмалы сальпингоофорит;
20) аналық бездің жылауығының бұратылуы;
21) гинекологиялық перитонит;
22) жіті бартолинит;
12. Кейінгі тактиканы анықтау үшін көз травматология пунктінде жеткізуге жататын көз ағзаларының зақымдануы және аурулары:
1) көз алмасының ойық жарақаты немесе соған күдіктің болуы;
2) көз алмасының жаңа контузиясы;
3) ІІІ дәрежелі термиялық күйігі және жалғыз көздің кез-келген күйігі;
4) II-IV дәрежелі химиялық күйіктер;
5) жіті глаукоманың талмасы;
6) мөлдір қабықтың іріңді ойықжарасы;
7) эндофтальмит және панофтальмит;
8) көзұяның флегмонасы;
9) қабақтың жаңадан жарақаттануы;
10) жалғыз көздің жіті қабыну аурулары;
11) көз алмасының флегмонасы;
12) торқабық тамырларының жіті өтпеуі (үш тәулікке дейін);
13) көздің, көз ұяшығының және бет сүйегінің жанамаласқан жарақаты;
14) электроофтальмия;
15) көз алмасының бөтен денелері;
16) кенеттен болған соқырлық.
13. Стационарға жеткізуге жататын ЛОР-ағзалардың зақымдануы және аурулары:
1) мұрын жолдары және мұрын шымылдығының сыздауықтары және көршиқандары;
2) созылмалы мұрыннан қан кету;
3) паратонзилярлық абсцесс;
4) кенеттен болған есту мүкістігі;
5) Меньер ауруы;
6) ЛОР-ағзаларының жарақаттануы;
7) түрлі генезді көмейдің жіті стенозы;
8) жұту абсцесстері, көмей баспасы, көмей үсті абсцессі;
9) кеңірдектегі бөтен денелер;
10) жіті мастоидиттер және отогендік менингиттер;
11) тұншығу белгілері жоқ көмейдегі бөтен денелер;
12) сыртқы есту жолындағы бөтен денелер.
14. Стационарға жеткізуге жататын қан және қан өндіретін жүйелердің аурулары:
1) гемофолияның геморрагиялық асқынуы, Виллебранд, жүйелі васкулит, тромбоцитопатия аурулары, Верльгоф ауруы;
2) жіті лейкоз-алғашқы белсенді фаза және созылмалы лейкоз кезіндегі бласттық криз;
3) ауыр формадағы белгісіз генез анемиясы;
4) лейкоз кезіндегі көкбауыр инфаркттері;
5) жіті агранулоцитоз;
6) балаларда кездесетін аурулар мен жазатайым оқиғалар;
7) басқа бөлімдерде айтылғандардан басқа нозологиялық түрлері бойынша стационарға жеткізуге жататындар:
инфекциялық аурулар:
бітелу синдромы, ларинготрахеиті, фебрильді құрысқақпен пневмониясы бар ЖРВИ;
менингококк инфекция;
нейроинфекция;
ішек инфекциясы, соның ішінде ІІ-ІІІ дәрежелі токсикоз, эксикоз және 3 жасқа дейінгі барлық балалар;
тамақтан улану;
8) соматикалық аурулар:
жіті тыныс алу жетіспеушілік белгілері бар пневмония;
қояншық (әдеттегідегі емес ұстама, жағдайы);
ронх демікпесі (алғаш рет, аурудың бетін қайтаруға болмайтын);
жүрек жетіспеушілігімен жүрек аурулары;
жүрек ырғағының бұзылуы;
9) улану;
10) хирургиялық араласуды қажет ететін дамудың туа біткен кемістіктері (перзентханадан ауыстырғаннан кейін);
11) жазатайым оқиғалар, соның ішінде электрожарақаттану, суға бату, жыланның шағуы, табиғи тесіктер арқылы түскен бөтен денелер.
12) хирургиялық аурулар және жарақаттар:
а) жіті бронх-өкпе аурулары кезінде өкпеқаптың асқынуы;
б) беттің, қолдардың 5% астамының І-ІІ дәрежелі сыртқы күйіктері, кез-келген көлемдегі және жердегі терең күйіктер;
в) «жіті іш ауру» тобындағы аурулар, іріңді-септикалық инфекциялар, урологиялық аурулар;
13) стационарға синдромдар бойынша жеткізуге жататындар:
түзетуге көнбейтін гипертермия;
тексеріп-қарау кезіндегі құрысқақ;
14) комадағы жай-күйі;
15) жіті аллергиялық реакциялар: Квинке ісігі, анафилактикалық шок, ларинготрахеит.
15. Стационарға жеткізуге жататын психикалық аурулар:
1) агрессиялық немесе аутоагрессивті қауіп және аутоагрессиялық әрекеттерде көрінетін кез келген этиологиядағы қоғамға қауіпті әрекеттер;
2) мінез-құлықтың өрескел бұзумен жіті психологиялық жай-күйі және әр түрлі этиологиялық қоғамға қауіпті іс-әрекеттер, соның ішінде уыттандыру және реанимациялық көмекті қажет етпейтін уыттану және алкогольді іс-әрекеттің жіті пситотикалық жай-күйі:
галлюцинация, сандырақтау симптомдары;
жүйелі сандырақтау синдромы;
сананың бұзылуы;
суицид бейінділігі бар депрессиялық жай-күйі;
желікпелі және гипожелікпелі жай-күйі;
дисфориялық жай-күйі;
3) психикалық ортаның бұзылуы, өзінің айқындылық деңгейі бойынша психотикалыққа теңестірілуі мүмкін:
жағдайға негізделген, сондай-ақ психикалық күйзеліске түскен тұлғалардағы, олигофрендердегі, бас миының органикалық зақымы бар науқастарда жіті аффекті бұзылулар;
психологиялық-неврологиялық диспансерде есепте тұрған және алкогольді мас болу жай-күйіндегі психикалық аурулары бар науқастардың қоғамға қауіпті іс-әрекеті;
психологиялық-неврологиялық диспансерде есепте тұрған және есепте жоқ, бірақ соматикалық көмекті қажет ететін адамдардың суицидке әрекет жасауы;
психикалық дәрменсіздігіне, гигиеналық және әлеуметтік қараусыз қалған, қаңғыбастыққа негізделген терең психикалық ақау жағдайы.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 26 маусымдағы
№ 365 бұйрығымен бекітілген
Стандартқа 5-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |