Қарағанды медицина университеті
Патология кафедрасы
СРСП
Тақырыбы: Гипертермияның дамуына қандай факторлар әсер етеді.
Орындаған: Талапбек Есил
Мамандығы: Стоматология 3-005 топ студенті
Тексерген: Сулейменова Бахыт Маратовна
Қарағанды 2021
Гипертермия (көне грекше: ὑπερ- — «орасан» және θέρμη — «жылу»)— денедегі жылу алмасу қызметінің бұзылуы салдарынан жиналған жылудан дененің қызып кетуі. Бұл құбылыс аурулардың салдары ретінде де болады, бірақ ауруға жатпайды.
Сыртқы температура жоғары қалпында сақталған жағдайда организмдегі жылу артып, дене температурасы көтеріледі. Организмде метаболизм өнімдері, әсіресе қанда қалдық азот пен мочевина көбейіп кетеді.
Клеткадағы алмасу өнімдерінің шығуы қиындайды.Мұның өзі тұтастай қозуға, қалжырауға, тахикардияға, ұшыратады.
Гипертермияның дамуы 3 кезеңнен тұрады:
1. Бірінші кезең- дене қызуының көтерілуі: жылу өндіру жылу бөлуден басым болады. Жылу бөлу тері тамырларының тарылуы салдарынан бірден төмендейді. Дене температурасының жоғарлауына қарамастан тері суық «Қаз терісіне ұқсас» болады.Мұндай кезде науқасты жылыту, төсекке жатқызу, қымтап жабу,жылытқыштар қою, жылы шай беру.
2. Екінші кезең- салыстырмалы тұрақты кезеңі: жылу өндіру мен жылу бөлу үрдісінің теңесуімен сипатталады. Қалтырау азаяды, Тері тамырларының жиырылуы төмендейді. Бұл кезде ОЖЖ жағынан айқын бұзылыстар болуы мүмкің: бас ауыру, үйқысыздық, галлюцинациялар, сандырақтау.т.бБұл кезде қарсы көрсеткіш болмаса жиі, бөліп-бөліп көп сұйықтық ішкізу ұсынылады.Қатаң төсек тәртібі.
3. Үшінші кезеңі-қызудың төмендеу кезеңі: шеткі қан тамырдың кеңеюі салдарынан жылу берудің жылу бөлуден неғұрлым басымдылығымен сипатталады.Ол әр түрлі өтеді. Дене қызуының біртіндеп, бірнеше күн ішінде түсуі литикалық немесе лизис деп аталады.Тез, 5-8сағ ішінде, жоғары мөлшерден 39-40с қалыпты деңгейге түсуі кризис деп аталады. Дене қызуының критикалық түсуі мед қызыметкерлердің батыл шаралар қолдануды қажет етеді.
Гипертермияның дамуына әсер ететін факторлар:
Негізгі себебіне түрлі жұқпалы індеттер мен қабынбалы аурулар жатады. Әсіресе, вирустар арқылы жұғатын аурулар басым. Кейде бактериялар мен саңырауқұлақтардың әсерінен де дене қызуы көтеріледі. Кейбір екпелерден соң дене қызуы көтеріледі. Оны дененің вакциянаға жауапты белгісі деп түсінуге болады. Егілген дәрінің құрамындағы заттардан да дене қызады.
Достарыңызбен бөлісу: |