Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет7/22
Дата09.06.2016
өлшемі1.64 Mb.
#124370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

122. Байланыс жабдығының монтажшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ бөлшектерді (кронштейндерді, бұрыштықтарды, тұтқаларды, штифттік колодкаларды, сынақ жақтауларын, кросстау сақиналарын, кірме гребенкаларын, сымұстатқыштарды, қорғағыш шыныларды, лампаларды, жиектерді) және арматураны орнату. Үстелдерде науалар секцияларын жинақтау. Науалар қаптамаларын және статисттердің қорғағыш қалқандарын орнату. Дайын белгілер бойынша саңылаулар бұрғылау және басу. Метал құрылымдарын түзеу. Мөлшерлер бойынша төсемдер мен аратөсемдер жасау. Түйіспе жерлерді монтаждық бұрандамалармен бекіту. Дюбельдер орнату. Жабдықтың қарапайым бөлшектерін демонтаждау. Жеке бумадан платалар мен аспаптарды босату. Коммутаторларда шнурлар орнату. Жерлендіру шиналарын монтаждау. Шиналарды оқшаулағыш материалдармен орау. Шиналар менқұрылымдарды сырлау. Кабельдер мен шиналарға арналған өтпе жолдарын қабырғалар мен аражабындар арқылы бітеу. Кабельді (май толтырылғандарды қоспағанда) мөлшерлері бойынша кесу, кабельді қабат-қабатымен әуе науалары бойынша тігу. Кабельді пакеттерді уақытша тоқу. Жабдықты тазарту. Станционды кабельдерді жабдықта талшықтар мен вейер түрінде төсеп монтаждау, кросстардың, промщиттер мен коммутаторлардың шрифтік жақтаулары, стативтердің пышақ колодкалары, коммутаторлардың ұялы және лампалық жақтаулары. Кабельдің кестеленген желілерін таспамен орау. Жинақталған кабельді жасау кезінде оқпан мен қайырымдарды тігу (тоқу) және таспамен орау. Кросстың сигналды лампаларының патрондарына, сондай-ақ кросстың қорғағыш жолақтарына, жерлендіру тұйықтағыштарына сымдар өткізіп монтаждау.

Білуге тиіс. Монтаждалатын жабдықтың жалпы құрылғысы мен мақсаты, қолданылатын материалдардың сортаменті, кабельдер мен сымдардың маркалары, жай шаблондардың құрылғысы мен мақсаты, күрделі емес монтаждық жұмыстарды орындау тәсілдері, қарапайым такелаждық құралдардың құрылғысы мен ережелері, қарапайым электрөлшегіш аспаптардың мақсаты мен оларды қолдану ережелері, қолданылатын электрификацияланған аспап пен механизмдердің, телефон аппараттарының және қоректендіру батареяларының құрылғысы, электротехника бойынша жалпы деректер, қарапайым электр және монтаждық схемаларды оқу ережелері.

123. Байланыс жабдығының монтажшысы 4- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер салынған жәшіктерді босату. Науалар, жабдықтар қоршауларын, қабырғалық бұрыштамаларды, швеллерлерді және т.б. орнату. Поршеньдік монтаждық пистолеттің көмегімен конструкциялар мен жабдықты бекіту. Шунттар, аспаптарға, регуляторларға қосымша кедергілер орнату, ауыстырыпқосқыштар, кнопкалар, клеммалық колодкалар, оқшаулау панельдерін, сақтандырғыш электрмен қоректендіру құрылғыларын, өлшегіш электрмен қоректендіру құрылғыларын, өлшеу аспаптарын және сигнализация құрылғыларын, микрофондар, дауыс зорайтқыштарды және т.б. орнату. Кронштейндер, алқалар және т.б. жасау. Ғимарат ішінде экрандалмаған фидерлерді монтаждау. Жоғары жиілікті жерге қосуды монтаждау. Бөлмелерді экрандау. Маймен толтырылған кабельдерді кесу. Кабельдерді таңбалау. Кабельден қаптаманы алу. Тік сызықты учаскелерде кабельдерді төсеу, ретімен салу, түзеу, қалыптау және бекіту. Құрама кабельдерді және кабельді блок-пакеттерді жабдықтарға төсеу. Қимасы 70 мм² дейін (маймен толтырылғандарды қоспағанда) күш кабельдерін, сондай-ақ бақылау және көпжелілі кабельдерді ұштау және жалғау. Желілерді штифтік жақтауларға төсеу және жеке желілер тобынан рет-ретімен іріктеп алу. Станциондық кабельдерді ШИ мен ДШИ-ге монтаждау. Желілердің негізгі оқпандарын тігу (тоқу).

Білуге тиіс. Күрделілігі орташа монтаждық схемаларды оқу ережелері, монтаждалатын бөлшектер мен аспаптардың номенклатурасы мен құрылғысының негіздері, құрылымдарды орнату және бекіту тәсілдері, күрделілігі орташа шаблондардың құрылғысы мен мақсаты, механикаландырылған такелаждық жабдықты пайдалану ережелері, поршеньдік монтаждық пистолеттердің құрылғысы және оларды қолдану ережелері, бөлмелерді экрандау тәсілдері, кабельдердің (камералық кабельдерді қоспағанда) конструкциясы және оларды төсеу тәсілдері, қимасы 70 мм² дейін барлық маркадағы кабельдер мен сымдарды ұштау және жалғау тәсілдері, кабельдерді таңбалау ережелері, электр және радиобайланыс бойынша жалпы деректер.

124. Байланыс жабдығының монтажшысы 5- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Еденге қойылатын (плиталар, тұғырлар, бұрыштамалар, жай жақтаулар және т.б.) және подборлы құрылымдарды орнату. Станцияларды жинақтау және орнату. Платалар, аспаптар, алынбалы және суырмалы блоктарды, трансофрматорларды, конденсаторларды, кедергілерді, реостаттарды, сельсиндерді, пышақты ауыстырыпқосқыштарды және т.б. орнату. Үстелге қойылатын аппаратураны орнату. Ірі жабдықты бумадан босату. Экрандалған әуе фидерлерін, фидерлік толқынжол кірмелерін монтаждау. Центрленген фидерлерді және тік сызықты учаскелердегі сужол кірмелерді монтаждау. Жабдықты диаметрі 20 мм дейін түтікшелермен дөңгелек шиналармен және иілісі жазықтыққа шығатын шиналармен шиналау. Кабельді төмен түсіру және бұрылыстарда төсеу, ретімен төсеу, түзеу, қалыптау және бекіту. Ұштық разделкаларды (маймен толтырылған және камералықтардан басқа) монтаждау және қимасы 70 мм² асатын кабельдер мен сымдарды жалғау. Топтардан жеке желілерін ретсіз іріктеп алып станционды кабельдерді, сигнализация, кроссировка сымдарын монтаждау. Стативтарды (тұрақтарды) және аспаптарды қайта монтаждау.

Білуге тиіс. Күрделі монтаждық схемаларды оқу ережелері: күрделі жабдықтың, бөлшектердің, құрылымдардың және аспаптардың құрылғысы, күрделі шаблондардың құрылғысы мен мақсаты, күрделі монтаждық жұмыстарды орындау және жабдықтарды жинақтау тәсілдері, электр және радиобайланыс негіздері.

125. Байланыс жабдығының монтажшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауыстырыпқосқыштар мен кросстардың шкафтарын, стативтер тіреулерін, аралық қалқандар қаңқаларын, пульттардың релейлік қаңқаларын, арнайы үстелдерді, коммутаторларды және т.б. орнату. Жабдықты және метал құрылымдарын орнату орындарын белгілеу. Жабдық астына күрделі жақтауларды орнату. Антеналық эквиваленттерді, ажыратқыш механикалық блокировканы, ауыстырыпқосқыштарды жинау және орнату. Контурлық орамаларды, генераторлық лампалардың салқындату бактарын, резонаторларды, симметриялайтын құрылғыларды жинау және орнату. Күрделі ауыстырыпқосқыштарды жинау және механикалық реттеу. Қиыстыру және өлшеу учаскелерінде центрленген фидерлер мен толқынжолдарды монтаждау. Жабдықты диаметрі 20 мм астам түтіктермен және иілісі бүйіріне шығатын және бұранда тәрізді жазық шиналармен шиналау. Кабельдер пакеттерін төсеу алдында эскиздер құрастыру. Кабель жасау (оқпан мен отводтардың прошивкасы мен орамасын қоспағанда). Маймен толтырылған және камералық кабельдерді, антенналардың басты фидерлерінің жоғары жиілікті кабельдерін төсеу және монтаждау. Кабельдерді монтаждау үшін шаблондар әзірлеу.

Білуге тиіс. Аса күрделі жабдық пен аппаратураның құрылғысын, ерекше күрделі монтаждық схемаларды оқу ережелерін, механизмдер мен жылжымалы жүйелерді реттеу тәсілдері, жабдықтар орнатылатын жерлерді белгілеу ережесі, монтаждық шаблондарды, маймен толтырылған және камералық кабель төсемдерін жасау ережелері.

126. Байланыс жабдығының монтажшысы 7- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электронды АТС пен цифрлі беріліс жүйелері жабдығына арналған қаңқаларды жинау және орнату. Жұмыс сызбалары бойынша типті емес конструкциялар жасау (әуе науалары, шинаұстағыштар, бекітпе бөлшектері). Электронды АТС пен цифрлі беріліс жүйелерінің стативаралық станционарлық кабельдері мен сымдарын өткізу үшін оптикалық станционды жолдар төсеу. (Разъемдарда) кассетааралық кабельдерді монтаждау. Кросстау колодкаларындағы түйіспелерді монтаждау.

Білуге тиіс. Монтаждау үстіндегі аппаратураның құрамы мен техникалық деректері, электронды жабдықты монтаждаудың ерекшеліктері, стативаралық жалғамалы кабельдерді төсеудің күрделі монтаждық схемаларын оқу ережесі, арнайы элекрификацияланған монтаждық аспаптың құрылғысы мен оны пайдалану ережесі.

Орта арнайы (кәсіби) білімнің болуы талап етіледі.

Автоматика аспаптары мен жүйелерінің монтажшысы


127. Автоматика аспаптары мен жүйелерінің монтажшысы 2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дайын белгілер бойынша құбырлық және электр сымдары үшін бекітпе бөлшектерін орнату. Жауапты емес бөлшектерді бұрандалау. Жабдықты бумадан босату және бума материалдарын жинау. Жабдық пен аппаратураны тазарту және сүрту. Аппараттарда, кабельдерде, құбырлар мен жабдықтар үшін таңбалық биркалар әзірлеу және орнату. Құбырларды, вентильдерді, фасонды бөлшектерді, бекітпе бөлшектерін сұрыптау, қосалқы материалдар әзірлеу. Бөлшектерді егеп кесу және бұранданы қолмен кесу. Құбырлар мен қысым арматурасын монтаждауға дайындау.

Білуге тиіс. Жабдықты бумадан босату тәсілдері, ең қарапайым такелаждық айлабұйымдар түрлері және оларды пайдалану ережелері, бекітпе бөлшектерінің негізгі түрлері, слесарлық аспаптың мақсаты, аспаптар мен аппаратураны монтаждау кезінде қолданылатын құбырлар мен материалдардың түрлері.

128. Автоматика аспаптары мен жүйелерінің монтажшысы 3- разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерге шаблондар бойынша белгі қою. Механикаландырылған аспаппен саңылаулар бұрғылау. Бұрандалық және ернемекті жалғауларды жинау. Төсемдер мен аратөсемдер жасау. Метал құрылымдарын және құбырларды түзету. Түйіспе жерлерін монтаждық бұрандалармен бекіту. Қалқандардың дайын ойықтарында және белгіленген конструкцияларда аспаптарды монтаждау. Құбырлық және электр сымдарын бекіту. Қалқандардың, пульттардың және аспаптардың жерге қосу жүйесін монтаждау.

Білуге тиіс. Қолданылатын материалдардың сортаменті, монтаждалатын жабдықтың мақсатын, күрделі емес монтаждық жұмыстарды орындау тәсілдері, қарапайым такелаждық құралдардың құрылғысы мен оларды пайдалану ережелері, барлық түрдегі аспаптар үшін құбырлар төсеу тәсілдері, механикаландырылған аспапты қолдану ережелері, ток өткізетін және оқшаулау материалдарының электр қасиеттері, технологиялық жүйелердегі қысымды, реттеуші және сақтандырғыш арматураның шартты белгілері.

129. Автоматика аспаптары мен жүйелерінің монтажшысы 4- разряд
Жұмыс сипаттамасы. 1-5 санатты құбыр сымдарын монтаждау және сынау. Қалқандар мен конструкциялардағы аспаптарды полиэтилен, жез, болат және аллюминий құбырларымен орау. Күрделілігі 1 және 2 санаттағы аспаптарды монтаждау: реле-температураның датчигы; пирометрикалық милливольтметрлер мен логометрлер; манометрлік термометрлер; температура өлшеу кешендері; потенциометрлер, көпірлер мен миллиамперметрлер; манометрлер, тягомерлер, напоромерлер, вакуумметрлер; деңгей сигнализаторларының электронды блоктары; қысым индикаторлары мен сигнализаторлары; электрлі, электронды, пневматикалық сілтемелі, көрсетілімдер дистанциядан берілетін өздігімен жазатын; көрсететін электрлі катализаторлары; газанализаторлар құрылғысы; өнеркәсіптік пневмоавтоматика элементтерінің бірегейлендірілген аппаратурасы; электрлі және электрмеханикалық регуляторлар; компенсациялық қорапшалар; трансформаторлар; есепті-импульсты және есепті-қадамдық реле мен дистанциядан басқарудың пневматикалық панельдері; ауа редукторлары мен сүзгілері; күрделілігі 3-санатағы потенциометрлер мен дифманометрлер. Дозиметриялық бақылаудың газ датчиктерін, қысым релелерін, термопарларды, шығынөлшерлерді монтаждау. Құбыр және электр сымдар трассалары үшін құрылымдарды монтаждау. Қабырғалар мен бөгеттер арқылы жеке өтпелер жасау. Металды тармақтар төсеу. (Жарылу қатері бар құбырларды қоспағанда) қорғағыш құбыржолдарын өткізу. Қаңқа мен пульттарға кабельді және құбыр кірмелерін монтаждау. Құбыр сымдарын аспаптар мен іріктегіш құрылғыларға монтаждау.құрылымдарды аспаптар мен атқару механизмдеріне монтаждау. Шкафтық және панель қаңқалары мен пульттарды монтаждау. Кеңейіткіш, ылғалбөлгіш, конденсациялық, бөлгіш және теңгерімдеу сосудтарын монтаждау. Қысым арматурасын техникалық қарау және монтаждау. Батыру, қысым және газды талдау аспаптарының іріктегіш аспаптарын монтаждау. Монтаждалған аспаптар мен аппаратураны сынамалау. Электр шыңжырларды тырсылдату.

Білуге тиіс. Құбыр және электр сымдарын монтаждау кезінде қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, апспаптардың және айлабүұйымдардың номенклатурасын білу, құбыр сымдарын беріктік пен тығыздылыққа сынау ережелері, құбыр және электр сымдарын іріктегіш құрылғыларда монтаждау ережелері, қаңқалар мен пульттардың құрылғысы, үлгілері және оларды монтаждау ережелері, конденсаттты және ауажинақтаушылардың мақсаты, жылу және электр схемалар мен сызбаларды оқу ережелері, рұқсатнамалар мен шөгу жүйесі, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері, күрделілігі 1-2 санаттағы аспаптардың, потенциометрлер мен дифманометрлердің мақсаты, жұмыс істеу принципі және монтаждау ережелері, аспаптар мен автоматтандыру құралдары астына, конструкциялар қою орындарына белгі қою тәсілдері, қаңқалар мен конструкциялардағы аспаптарды құбырлармен ораудың негізгі элементтері, монтаждалған жабдықты тексеру тәсілдері, жүктерді ілмектеу мен жылжыту тәсілдері, механикаландырылған такелаждық жабдықты пайдалану ережелері.


130. Автоматика аспаптары мен жүйелерінің монтажшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Эскиздер құрастырып, құбырлық және электр сымдарын төсеу орындарына белгі қою. 1-2 санаттағы құбыр (жеке немесе блоктағы) сымдарды монтаждау және сынақтан өткізу. Топтық құбыр және электр сымдарының өтпелерінің нығыздамасын монтаждау. Күрделілігі 3-санаттағы аспаптарды монтаждау: «Пуск-ЗП», «ПУСК-ЗС» пневмоавтоматика жүйелері; «Кристалл» электронды-гидравликалық реттеу жүйесі; командалық электрпневматикалық аспаптар; предварение блоктарымен жанасатын көпнүктелі құрылғылар («Центр» жүйесі). Аспаптардың, атқарушы механизмдер менқұрылымдарды блоктап монтаждау. Аспаптарды қаңқалар мен конструкциялар үстінен жез, полиэтилен және болат құбырларымен күрделі орау. Манометриялық термометрлер капиллярларын төсеу. Жарылу және өртену қауіпі бар аумақтарда монтаждау жұмыстарын орындау. Атқарушы механизмдерді монтаждау, оларды рететуші органдармен механикалық мүшеленуін монтаждау. Жылу және атом электр станцияларында технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін монтаждау. Датчиктер мен манометрлер стендтерін жасау және монтаждау. Монтаждалған аспаптар мен аппаратураны сынамалау.

Білуге тиіс. Тірек құрылымдарын орнатуға қойылатын талаптарды және құбырлық пен электр сымдарының трассаларына белгі қоюға қойылатын талаптар, блокталған құбыр сымдарын және 1 мен 2 санаттағы құбыр сымдарын монтаждауға қойылатын талаптар, жарылу және өртену қауіпі бар аймақтарда монтаждау жұмыстарын орындаудың ережелері мен тәсілдері, жеке және топтық құбырлық және электр сымдарының тығыздалған өтпелерін монтаждау тәсілдері, пневматикалық, электронды және гидравликалық регуляторлардың және атқарушы механизмдердің жұмыс істеу принципі, монтаждалған автоматизация жүйелерінің және ең қарапайым баптау жұмыстарын орындаудың ережелері.


131. Автоматика аспаптары мен жүйелерінің монтажшысы 6- разряд


Жұмыс сипаттамасы. Фотоэлектрлік пирометрлер мен калориметрлерді, газ талдаушыларын, хроматографтарды, концентрометрлерді, плотнометрлерді монтаждау. Монтаждалған аспаптар мен аппаратураны сынамалау. Эскиздер құрастырып, күрделі құбыр сымдарының трасса учаскелерін өлшеу. Көп панельді қаңқаларды блоктармен монтаждау. Физикалық-химиялық талдау аспаптарын және сынамалар алу жүйелерін монтаждау. Барлық үлгідегі логика, есептеу техникасын, АСУТП элементтерін монтаждау. Радиациялық бақылау жүйелерін детекциялау құрылғыларын монтаждау.

Білуге тиіс. Физикалық-химиялық талдауға арналған аспаптардың және олардың іріктегіш құрылғыларының жұмыс істеу принципі және оларды монтаждау ерекшеліктері, жоғары қысымды құбыр жолдарын, сондай-ақ оттек құбырларын монтаждауға қойылатын қосымша талаптар, монтаждалған жүйелерге жеке сынамалау жүргізудің және аспаптар мен автоматизация жүйелерін монтаждау кезінде рәсімдеу ережелері.


132. Автоматика аспаптары мен жүйелерінің монтажшысы 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Авторегуляторларды, сұйық заттар мен газдардың автоматты анализаторларын, электронды аппаратураны, оттек өлшегіштерін, электронды деңгейөлшегіштерді, радиациялық бақылау жүйелерінің датчиктерін, құрамында радиобелсенді заттары бар аппаратураны монтаждау. Принципиалды электр схемалары бойынша монтаждық-коммутациялық схемалар мен құбырлық және кабельді жалғаулар схемаларын құрастыру.

Білуге тиіс. Жылу автоматикасының аса күрделі аспаптарының құрылғысы, электрстанцияларында жылу және электр энергиясын алудың технологиялық процесі, жылулық автоматиканың электрлік және импульстік схемалары, оптикалық шынының, металдардың және қосалқы материалдардың, өткізгіштердің, жартылай өткізгіштердің қасиеттері.

Орта арнайы (кәсіби) білімнің болуы талап етіледі.

Санитарлық-техникалық жүйелер мен жабдықтың монтажшысы


133. Санитарлық-техникалық жүйелер мен

жабдықтың монтажшысы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құбырларды, фитингтерді, фасондық бөлшектерді, арматураны және бекітпе құралдарын сұрыптау. Мөлшерлерімен төсемдер дайындау. Бұрандамалар мен сомындардағы бұрандаларды ретке келтіру. Биркалар әзірлеу. Қосалқы материалдар (кендір жібін, сурик, ерітінді және тағы басқа) (бұдан әрі - т.б.) дайындау. Аратөсемдер орнату. Стондарды муфталармен және контргайкалармен, бұрандаларды - сомындармен жинақтау. Құбырлардағы сақтандырғыш тығындамалар мен бітемелерді орнату және алып тастау. Құбыржолдарының бөлшектерін, санитарлық-техникалық аспаптарды және өзге де жүктерді тасымалдау.

Білуге тиіс. Санитарлық-техникалық материалдар мен жабдықтың түрлері мен мақсаты, құбырлар, фитингтер, фасондық бөлшектер, арматура мен бекітпе құралдарының сортаменті, слесарлық құралдардың мақсаты, құбырлардың, фитингтердің, арматура мен төсем материалдардың диаметрін өлшеу тәсілдері.

134. Санитарлық-техникалық жүйелер мен

жабдықтың монтажшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жай тораптарды жинау және жинақтау. Ернемек қосындыларын жинақтау. Құбыржолдарының жеке тораптарын бөлшектеу (монтаждау кезінде) аспаптар мен құбыржолдары астына бекітпелер орнатып бітелеу. Конструкцияларда саңылаулар бұрғылау және басып тесу. Шойын құбыржолдарының тармақтарын бітеу. Құбырларда қолмен бұранда кесу. Тіректердің құбырлары мен фасондық бөліктерін жинақтау. Жүйелерді опрессовкалауға арналған қол пресін орнату. Шойын қазандықтарды құбырлардан ажырату. Жаротрубалық қазандықтардың тігіс жиектерін кейін қайтып пісіру үшін шабу. Шойын қазандықтардың секцияларын сырттан және ішінен жуып-шайып тазарту. Жаротрубалық қазандықтың тойтармаларын шабу және соғып түсіру. Унитаздарға, қол жуғыштарға, шайма бөшкелеріне арматура монтаждау. Унитаздың манжеталарын ауыстыру. Пісірілген жік жерлерін шлифмашинка арқылы тегістеу. Канализациялық тіректер мен отводтарды, крандарды, вентильдерді ауыстыру.

Білуге тиіс. Санитарлық-техникалық жүйелердің, құбырлар қосылыстары мен құбыржол бекітпелерінің негізгі бөлшектері түрлерін, орталық жылыту, сумен жабдықтау, канализация, газбен жабдықтау және суағар жүйесінің құрылғысы және оны монтаждау ерекшеліктері, блоктар, суқұбыры мен канализациялық арматураларға номенклатура мен техникалық жағдайларды, жылыту және сантехникалық панельдер мен блоктарды қалыптау процесінде арматураны қалыптарға салу кезінде оны орналастыру және тіркеу схемасы, оттек пен ацетиленді баллондарды тасымалдау және қолдану ережелері, сызбаларды оқу ережелері.


135. Санитарлық-техникалық жүйелер мен

жабдықтың монтажшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құбыржолдарын және тиектеулі арматураны монтаждау, оның ішінде диаметрі 200 мм дейін фитингтер үстінен монтаждау. Барлық түрдегі батпақжинағыштар мен бактарды орнату. Арматуралы санитарлық аспаптарын (раковиналар, қол жуғыштар, мойкалар, траптар, ванналар, унитаздар) орнату және құбыржолдарына жалғау. Санитарлық-техникалық медициналық жабдықты (видуарлар, инвентарлық шойын мойкалар, астарлы кемелердің, кафедраның мойкаларын және т.б.) орнату; Сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының модульденген жабдығын (жуғыш ванна, балықты дефротациялауға арналған ванна, екі ұялы ванна) монтаждау. Химиялық және физикалық зертханалар үшін зертханалық жабдықтарды (зертханалық үстел, сортаны шкаф, химиялық соратын шкаф, зертханалық раковинасы бар тумба) монтаждау. Жуып-шайғыш бачоктарды реттеу. Шойын радиаторларды монтаждау үстінде топтастыру және қосымша топтастыру. Жылыту панельдерінің құбыржолдарын, санитарлық-техникалық кабиналар мен блоктарды қосу. Су бөлетін, туалеттік крандар мен араластырғыштарды орнату. Бу қазандықтарын жөндеу кезінде жамауларды қиюластыру және орнықтыру. Ыстық құбырлы болат қазандықтардың қақпаларын алу және орнату. Крандарды, араластырғыштарды және вентильдерді ауыстыру. Санитарлық-техникалық жүйелерді ғимараттар мен имараттардың этаждары, тіректері және секциялары бойынша іріктеу және жинақтау. Жылыту аспаптарын орнату және оларды құбыржолдарына қосу. Бұрандалы, пісірілген, кілегейлі және тармақты қосылыстардағы полимерлі құбырлардан суқұбырларын және канализация монтаждау. Соратын құбырларды орнату. Суару және өрт сөндіру крандарын орнату. Монтаждық поршеньдік пистолеттер арқылы бөлшектер мен аспаптарды бекіту. Сумен жабдықтау жолдарын жуып-шаю және хлорлау. Жүйені престеу.

Білуге тиіс. Болат және полимерлі құбырлардан жасалған құбыржолдар жүйелерінің құрылғысын және оларды монтаждау тәсілдері, тіреушіктерден таралатын тармақтар жүйесі, монтаждық поршеньдік пистолеттердің құрылғысы және оларды қолдану ережелері, кілегейлі болат құбырларды қосу тәсілдері, бекітпелер мен аспаптар арматураларын орнату жерлерін белгілеу, санитарлық және жылыту аспаптарын орнату ережелері, аспаптарды орнату кезінде саңылауларды белгілеуге арналған шаблондар, жүйелерді пресстеу ережелері мен тәсілдері.

136. Санитарлық-техникалық жүйелер мен

жабдықтың монтажшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылықты және секциялық су ысытушыларды (бойлерлерді) калориферлерді, ауа-жылыту агрегаттарын, центрден тепкіш сорғыларды және сорғы агрегаттарын, элеваторлық және су өлшегіш тораптарды, калорифер блоктарын және тарақтарды монтаждау. Шойын қазандықтарды, өтпе тесіктерді, қазандық гарнитурасын, шығарылмалы айлабұйымдарды және қазандықтардың қаптамаларын орнату. Диаметрі 200 және 400 мм асатын құбыржоларын және арматураны монтаждау. Шойын құбырлардан және фасондық бөліктерден тіреушіктер мен келтірмелерді төсеу. Диаметрі 200 және 400 мм асатын ысырмалар, манометрлер, су өлшегіш шынылар, ауажинағыштар, үшжүрісті крандарды орнату. Газ аппаратурасын және регуляторларды орнату. Регуляторлардан компенсаторлар орнату. Тіректерін реттеумен қоса компенсаторлар орнату. Үштармақтар, крестовиналар және секциялық қайтармалар орнату. Газ плиталарын, колонкалар мен су ысытқыштарды орнату және қосу. Газ бен су есептеу аспаптарын орнату. Шойын құбырлар учаскелерін ауыстыру. Құбыржолдарын монтаждық схемалар бойынша төсеу орындарын белгілеу. Канализация мен суағар құбыржолдарын сынақтан өткізу. Құбыржолдарын сынау кезінде ақаулы орындарды анықтау.

Білуге тиіс. Санитарлық-техникалық құбыржолдарының жалпы құрылғысын және оларды монтаждау тәсілдері, санитарлық-техникалық жабдықтарды монтаждау мақсаттары мен тәсілдері, диаметрі 200 мм асатын құбырларды тоғыстыру және көмкеру тәсілдері, құбыржолдарын сынақтан өткізу ережелері, санитарлық-техникалық жұмыстарды қабылдау ережелері.

137. Санитарлық-техникалық жүйелер мен

жабдықтың монтажшысы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орталық жылыту, сумен жабдықтау, канализация, газбен қамсыздандыру және суағарлар жүйелерін монтаждау кезінде аса күрделі жұмыстарды орындау. Оларды жеке секциялардан жеке пакеттер мен ірілетілген пакеттер етіп болат және шойын қазандықтарды монтаждау және орап байлау; құбыржолдар жүйесін сынақтан өткізу және реттеу. Оларды реттеп, жеке жылыту аспаптарын жылуына тексеру. Жүйелерді тапсыру. Өлшеулер жүргізу және құбыржолдар төселген орындарды сызбалар бойынша және натурадан белгілеу. Натурадан және сызбалар бойынша бөлшектерін көрсете отырып, бастапқы және өлшеу эскиздерін сызу. Терморегуляторларды, биофильтрлерді монтаждау. Газ үлестіргіш пунктерді, қазандықтарда газды редуциялау тораптарын монтаждау және сынақтан өткізу. Сұйылтылған газсыз топтық қондырғыларды монтаждау, оларды сынақтан өткізумен қатар құбырлық тораптармен орап байлау, сантехникалық жабдықтар мен аппаратураны жөндеу және ревизиялау.

Білуге тиіс. Санитарлық-техникалық жүйелерге сынақ өткізу ережелері, объекітінің монтжадауға дайындығына қойылатын талаптар, құбыржолдарын төсеу, натурадан жабдық пен құбыржолдарының орналасуы бойынша өлшеулер жүргізу, бастапқы және өлшеу эскиздерін сызу, жабдықты іске қосар алдында сынамалау және сынақтан өткізу ережелері, орындалған жұмыстарды Проматомнадзорға тапсыру ережелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет