Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы «30» қарашада
№ 389 бұйрығына
12-қосымша
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ақпарат ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
2) «электрондық үкіметтің» веб–порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетудегі қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
3) «Е-лицензиялау» веб–порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, қайта қалпына келтірілген және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірлерін орталықтан қалыптастыратын, қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асырушы лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-Лицензиялау» АЖ);
4) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);
5) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮТШ);
6) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – ақпаратты автоматтандырылған жинақтауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіру мақсатында жеке сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін құруға және олардың өкілеттігі шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және дұрыс ақпарат беруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДҚ);
7) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – аппараттық-бағдарламалық кешенді ақпаратты автоматтандырылған жинақтауға, сақтауға және өңдеуге, өткізуге және ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДҚ);
8) алушы – электрондық мемлекеттік қызметті көрсететін жеке және заңды тұлға;
9) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға үшін, оның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
10) бизнес–сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
11) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге өтінішпен келетін және оларды пайдаланатын субъекті (алушы, қызмет беруші);
12) транзакциялық қызмет –электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға ұсыну жөніндегі қызмет;
13) электрондық цифрлық қолтаңба — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және оның мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ);
14) электрондық құжат – электрондық цифрлық нысанда берілетін және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын құжат;
15) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
16) электрондық лицензия – ақпараттық технологияны қолдана отырып, ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензиямен тең келетін электрондық құжат нысанындағы лицензия;
17) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе – бұл нотариаттық қызметті автоматтандыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен және әділет органдары мен нотариаттық палаталардың өзара іс-қимылы (бұдан әрі - БНАЖ);
18) Құрылымдық функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және қызмет көрсету үдерісінде қатысатын ақпараттық жүйе.
2. Қызмет көрсетушінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметінің тәртібі
6. Қызмет көрсетушінің ЭҮП арқылы (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл № 1 диаграммасы) адымдық әрекеттері мен шешімдері осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
1) алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын ЭҮП өзінің тіркеу куәлігінің көмегі арқылы ЭҮП-ке тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП-ке тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦП тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-да алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын логин (ЖСН, БСН) және пароль арқылы ЭҮП-да тексеру;
4) 2-процесс – ЭҮП-да алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетілген қызметтері «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да алушының таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанбен экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), қажетті сканерленген құжаттарды сұрау салу нысандарына қоса бекіту, сондай-ақ сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 4-процесс - ЭҮТШ-де қызметтерді төлеу, сосын ол ақпарат «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-не түседі;
7) 2-шарт – қызмет көрсеткені үшін төлегені туралы фактіні «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тексеру;
8) 5-процесс – қызмет көрсеткені үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де төлемнің болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) 6-процесс алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірлерінің сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
11) 7-процесс – алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);
13) 9-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрау салуды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да салуды өңдеу;
14) 4-шарт – қызмет берушінің лицензия беру үшін алушының біліктілік талаптарға және негіздемелерге сәйкестігін тексеруі;
15) 10-процесс – тұтынушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-дағы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
16) 11-процесс – тұтынушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат қызмет беруші уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырылады.
7. Қызмет берушінің қадамдық іс-қимылы мен шешімдері (қызмет көрсету кезіндегі функционалдық іс-қимылдың № 2 диаграммасы):
1) 1-процесс – қызмет берушінің қызметкерінің қызмет көрсету үшін қызмет берушінің АРМ-ына ЖСН және паролін (авторизациялау процесін) енгізуі;
2) 2-процесс - қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және қызметті беруші қызметкерінің алушының деректерін енгізуі;
3) 3-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-на алушының деректері туралы сұрау салуды жіберуі;
4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да алушының деректерінің болуын тексеру;
5) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да алушының деректерінің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастырады;
6) 5-процесс – қызмет беруші қызметкерінің сұрау салу нысанын, оның ішінде қағаз нысанында құжаттарының бар екендігі туралы белгісін толтыруы және алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салудың нысанына бекітуі және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыруы;
7) 6-процесс – қызмет берушінің АРМ-да электрондық құжатты тіркеу;
8) 2-шарт – қызмет берушінің Стандартта және қызмет көрсету үшін негіздемелерде көрсетілген қоса берілген құжаттардың сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
9) 7-процесс – алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
10) 8-процесс – алушының қызмет нәтижесін (Комиссияның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімі немесе емтиханнан өтпегені туралы Комиссияның хаттамасының үзіндісінің көшірмесі) алуы.
8. Тұтынушыларға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметтерге сұрау салулар мен жауаптарды толтырудың экрандық нысандары осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
9. Сұрау салу өңделген соң алушы алушыға мынадай түрде сұрау салуды өңдеудің нәтижесін көру мүмкіндігі беріледі:
«ашу» кнопкасын басқан соң – сұрау салудың нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
«сақтау» кнопкасын басқан соң – сұрау салу нәтижесі алушы берген магнит тасығышта Adobe Acrobat форматында сақталады.
10. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қажетті ақпарат пен консультацияны ПЭП саll–орталығы (1414) телефоны бойынша алуға болады
3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
11. Қызмет көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:
1) ЭҮП;
2) ЭҮШ;
3) ЭҮТШ;
4) «Е-Лицензиялау» АЖ;
5) ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ;
6) БНАЖ;
7) қызмет көрсетуші.
12. Іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы әрбір іс-әрекетінің орындалу мерзімін көрсете отырып, осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген
13. Іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма олардың сипаттамасына сәйкес осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
14. Алушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнамаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
15. Алушыларға қызмет көрсету процесіне қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);
2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау);
3) қол жетімділік (ақпараттар мен ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғау).
16. Қызмет көрсетудің техникалық жағдайы:
1) Интернетке шығу;
2) электрондық лицензия берілетін адамның ЖСН мен БСН болуы;
3) ЭҮП-мен авторизациялау;
4) пайдаланушының ЭЦҚ болуы;
5) екінші деңгейлі банктерде банктік карточкалық немесе ағымдағы шотының болуы.
________________________________________
«Зияткерлік меншікті,
материалдық емес активтердің құнын бағалау
жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік
емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсеткун кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Қызмет көрсетуші арқылы көрсету кезінде электрондық мемлекеттік қызметтерді функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
Приложение 2
к Регламенту электронной государственной услуги
«Проведение квалификационного экзамена и
выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов
лицензии на право осуществления деятельности по оценке
интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов)»
Экранные формы заполнения запроса и ответа на электронную государственную услугу
Рисунок 6. Описание услуги «Выдача лицензии на право осуществления деятельности по оценке
имущества »
Рисунок 11. Макет подачи заявления для ФЛ. Шаг 1.
Рисунок 14. Макет подачи заявления для ФЛ. Шаг 2.
Рисунок 15. Макет подачи заявления для ЮЛ. Шаг 2.
Рисунок 16. Макет подачи заявления для ФЛ. Шаг 3.
Рисунок 17. Макет подачи заявления для ЮЛ. Шаг 3.
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің
құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
1-Кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
1
|
Іс-әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Алушы
|
ЭҮП
|
Алушы
|
ЭҮТШ
|
ЭҮП
|
Алушы
|
ЭҮП
|
Алушы
|
ЭҮП
|
ЭҮП
|
ЭҮП
|
3
|
Іс-әрекет атауы (үдеріс, рәсім, операциялар) және олардың сипаттамасы
|
Алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекіту
|
Алушының деректеріндегі бұзушылықтармен байланысты бас тарту хабарламасын қалыптастырады
|
Қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітумен сауал деректерін қалыптастырады және қызметті таңдайды;
|
Қызмет төлемақысын жасау
|
Төлемақының жоқтығына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады
|
Куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдауы
|
Алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады
|
ЭЦҚ көмегімен сауалды куәландыру (қол қою)
|
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де электрондық құжатты, алушының өтінішін (алушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұрау салуды өңдеу
|
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де алушының деректеріндегі бұзушылықтардың болуымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру
|
Электрондық құжат (электрондық лицензия)
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру- реттеу шешімі)
|
Сәтті қалыптастыру және сұрау салу туралы хабарламаны көрсету.
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.
|
Сәтті қалыптастыру және сұрау салу туралы хабарламаны көрсету.
|
Әрекеттің сәтті аяқталғаны туралы хабарламаны көрсету.
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру
|
Сұрау салуды бағыттандыру
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.
|
Сұрау салуды бағыттандыру
|
Өтініштің нөмірін бере отырып сұрау салуды тіркеу.
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.
|
Электрондық лицензия
|
5
|
Орындау мерзімі
|
10–15 сек
|
20 сек
|
1,5 мин
|
1,5 мин
|
10–15 сек
|
10–15 сек
|
10–15 сек
|
1,5 мин
|
10 жұмыс күні
|
-
|
-
|
6
|
Келесі іс-әрекет нөмірі
|
2– алушы деректерінде бұзушылықтар болғанда; 3–авторландыру табысты өткенде
|
–
|
4
|
5 – төлемақысын жасамағанда; 6 – төлемақысын жасағанда
|
–
|
7 – ЭЦҚ-да қателік болғанда; 9 – ЭЦҚ-да қате болмағанда
|
-
|
-
|
10 - алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі
|
-
|
–
|
2-кесте. Қызмет көрсетуші арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
1
|
Іс-әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Қызмет көрсетуші
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ
|
Қызмет көрсетуші
|
ЖТ МДҚ
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ
|
Қызмет көрсетуші
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ
|
3
|
Іс-әрекет атауы (үдеріс, рәсім, операциялар) және олардың сипаттамасы
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да авторизацияланады
|
Деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру
|
Қызмет көрсетуші қызметкерінің қызметті таңдауы
|
ЖТ МДҚ алушының деректерін тексеруге сұрау салуды жіберу
|
Деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру
|
Құжаттарды бекітуге байланысты сұрау салу нысандарын толтыру
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электрондық құжатты тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметтерді өңдеу
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру
|
Электрондық құжат (электрондық лицензия)
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру- реттеу шешімі)
|
Сұрау салудың сәтті қалыптасқаны туралы хабарламаны көрсету.
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.
|
Сұрау салудың сәтті қалыптасқаны туралы хабарламаны көрсету
|
Сұрау салуды бағыттандыру.
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарама қалыптастыру.
|
Сұрау салудың сәтті қалыптасқаны туралы хабарламаны көрсету
|
Өтініштің нөмірін бере отырып, жүйеде сұрау салуды тіркеу.
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру.
|
Электрондық лицензия.
|
5
|
Орындалу мерзімі
|
10–15 сек
|
10 сек
|
1,5 мин
|
1,5 мин
|
1,5 мин
|
10–15 сек
|
10 жұмыс күні
|
-
|
-
|
6
|
Келесі іс-әрекет нөмірі
|
1 – Қызмет көрсетуші қызметкерінің логині мен паролінің деректерінің түпнұсқалы екендігін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де тексеру
|
–
|
4
|
5– егер алушының деректерінде бұзушылықтар болса; 6–егер авторизациялау сәтті өтсе
|
-
|
-
|
8– егер «Е-лицензиялау» МДБ АҚ-де сұрау салу бойынша деректер болмаса, 9 –
егер сұрау салу бойынша деректер табылса
|
-
|
-
|
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің
құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына
біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
4-қосымша
нысан
«Сапа» және «қол жетімділік» электрондық мемлекеттік қызметтердің көрсеткіштерін айқындау үшін сауалнамалары
____________________________________________________
(қызметтердің атауы)
1. Сіздер электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сапасы мен нәтижелеріне қанағаттанасыздар ма?
1) қанағаттанбаймын;
2) жартылай қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Сіздер электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпарат сапасына қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанбаймын;
2) жартылай қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
Достарыңызбен бөлісу: |