«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi» 2004 жылғы 28 қазандағы №1120 Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы салыстырмалы кестесі



Дата04.03.2016
өлшемі109.58 Kb.
#38419


«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi» 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы салыстырмалы кестесі





Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжeсіне

15 тармақтың 3) тармақшасы


15. Мiндеттерi:

3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiне кепiлдердi, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асыру;



15. Мiндеттерi:

3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;



«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында

(«Әділет органдары туралы» Заңның 3-бабы 3) тармақшасы)

15 тармақтың 3-1) жаңа тармақшасы

15. Мiндеттерi:

3-1) жоқ;

15. Мiндеттерi:

3-1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында

(«Әділет органдары туралы» Заңның 3-бабы 3-2) тармақшасы)

16 тармақтың 51) тармақшасы

16. Функциялар:

Орталық аппараттың функциялары:

51) мемлекеттiк органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиiмдiлiгiн бағалау;


16. Функциялар:

Орталық аппараттың функциялары:

51) алынып тасталынсын;


Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 123 Жарлығын іске асыру мақсатында.

Қаулының негізгі бөлімінде 51) тармақшада басқа мазмұндағы ұқсас нөмірлеу бар.

(Жарлықтың 10-бабының, 7-тармашасы және 4.7 бөлімінің 49-2-тармағы)

16 тармақтың 52) тармақшасы

16. Функциялар:

Орталық аппараттың функциялары:

52) мемлекеттiк органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн әзiрлеу және бекiту, оны әдiстемелiк сүйемелдеу;


16. Функциялар:

Орталық аппараттың функциялары:

52) алынып тасталынсын;


Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 123 Жарлығын іске асыру мақсатында.

(Жарлықтың 4.7 бөлімінің 49-4 тармағы)

16 тармақтың 97) тармақшасы

16. Функциялар:

Орталық аппараттың функциялары:

97) азаматтық хал актілері жазбалары органдарына әдістемелік басшылық жасау;

     


16. Функциялар:

Орталық аппараттың функциялары:



97) алынып тасталынсын

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттітердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 Жарлығының 3 қосымшасы 10 тармағын орындау мақсатында азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары жергілікті атқарушы органдарға берілген

16 тармақтың 98) тармақшасы

16. Функциялар:

Орталық аппараттың функциялары:

98) республиканың азаматтық хал актілері жазбалары органдарының қызметін қамтамасыз ету және азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету;


16. Функциялар:

Орталық аппараттың функциялары:

98) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша әділет аумақтық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету;




«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттітердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 Жарлығының 3 қосымшасы 10 тармағын орындау мақсатында азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары жергілікті атқарушы органдарға берілген

16 тармақтың 105) тармақшасы

16. Функциялар:

105) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу және жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық тексеру саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеу;




16. Функциялар:

105) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеу;




«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында

(«Әділет органдары туралы» Заңның 18 бабы 5) тармақшасы)

16 тармақтың 106) тармақшасы

16. Функциялар:

106) жылжымайтын мүлiк орталықтарының қызметiне жалпы басшылық ету және бақылау;



16. Функциялар:

106) құзыретi шегiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның (бұдан әрi – Мемлекеттiк корпорация) қызметiн тексерудi жүзеге асырады;



«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында

(«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы» Заңның 18-1 бабы 1) тармақшасы және «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңның 3-1 бабы 1) тармақшасы)

16 тармақтың 107) тармақшасы

16. Функциялар:

107) құқықтық кадастр ақпараттық жүйесiн қалыптастыру және жүргiзу;



16. Функциялар:

107) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бөлігінде құқықтық кадастр ақпараттық жүйесiн қалыптастыру және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмі мен құқықтық кадастр ақпараттық жүйелерін жүргiзу;



Техникалық зерттеп-тексеру бойынша функциясы Мемлекеттік корпорацияға берілуіне байланысты әділет органдарында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу функциясы қалды.Құқықтық кадастр және жылжымалы мүлік кепілі тізілімі ақпараттық жүйелері Әділетмині меншігінде.

16 тармақтың 107-1) тармақшасы

16. Функциялар:

107-1) жоқ;




16. Функциялар:

107-1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау салаларында ақпараттық жүйелердi қолдауға қойылатын талаптарды әзiрлейдi және бекiтедi;





«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында

(«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы» Заңның 18-1 бабы 2) тармақшасы және «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңның 3-1 бабы 2) тармақшасы)

16 тармақтың 107-2) тармақшасы

16. Функциялар:

107-2) жоқ;



16. Функциялар:

107-2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау салаларында ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткiзу қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;





«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында

(«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы» Заңның 18-1 бабы 3) тармақшасы және «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңның 3-1 бабы 3) тармақшасы)

16 тармақтың 107-3) тармақшасы

16. Функциялар:

107-3) жоқ;





16. Функциялар:

107-3) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау салаларында статистикалық және өзге де есептiлiктi Мемлекеттік корпорация тарапынан ұсыну қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;


«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында

(«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы» Заңның 18-1 бабы 4) тармақшасы және «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңның 3-1 бабы 4) тармақшасы)

16 тармақтың 107-4) тармақшасы

16. Функциялар:

107-4) жоқ;




16. Функциялар:

107-4) Мемлекеттiк корпорация өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларымен келісу;


«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында

(«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы» Заңның 18-1 бабы 5) тармақшасы және «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңның 3-1 бабы 5) тармақшасы)

16 тармақтың 107-5) тармақшасы

16. Функциялар:

107-5) жоқ;





16. Функциялар:

107-5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;



«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында

(«Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңның 29 бабы 4-тармағы)

16 тармақтың 107-6) тармақшасы

16. Функциялар:

107-6) жоқ;





16. Функциялар:

107-6) заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібін келісу;


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында

(«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 14 бабы 9-тармағы)

16 тармақтың 107-7) тармақшасы

16. Функциялар:

107-7) жоқ;





16. Функциялар:

107-7) аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес белгіленген елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) келісу.;


«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында

(«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 406-бабы 6-тармағы)

17 тармақтың 3) тармақшасы

17. Құқықтар мен міндеттері:

Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.


17. Құқықтар мен міндеттері:

Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;



3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында

(«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы» Заңның 18-1 бабы 5) тармақшасы және «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңның 3-1 бабы 5) тармақшасы)



Қазақстан Республикасының

Әділет министрі Б. Имашев




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет