Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы №740 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»



Дата16.06.2016
өлшемі335.93 Kb.
#139650
Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 740 Қаулысы

 

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 4 маусымдағы

№ 740 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі



қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.



2. Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) жүйелік оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалануға әзірлікте ұстап тұруды жүзеге асыратын ұйым;

2) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі - есепті кезеңде электр энергиясының теңгерімді нарығында орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарықтарында өндірілген, жеткізілген және тұтынылған электр энергиясы көлемдерін атаулы бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері арасында өзара есеп айырысуды жүргізуге негіз болып табылады;

3) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

4) электр қуатын реттеу - электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің нақты электр жүктемесінің тәуліктік кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларының орнын толтыру жөнінде көрсетілетін қызмет;

5) электр энергиясын беру - энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес көрсететін қызметі;

6) электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, электр энергиясымен орталықтандырылған сауда нарығының операторы;

7) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;

8) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы - электр энергиясын қысқа мерзімді («операциялық тәулік ішінде» спот-сауда-саттық және «бір күн бұрын» режимінде), орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) негізде сатып алу-сату үшін ұйымдастырылған сауда алаңы;

9) электр энергиясын сатып алу-сату шарты - белгілі бір кезеңде оларды нақты жеткізе отырып, электр энергиясының шарттық көлемін сатып алуға/сатуға арналған электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері арасында жасалатын келісім;

10) электр энергиясының транзиті - электр энергиясын басқа елдің энергия жүйесінен беру үшін бір немесе бірнеше шектес елдердің электр желілерін пайдалану жөніндегі қызметтер;

11) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты қатынастар жүйесі.

3. Қазақстан Республикасында электр энергиясының көтерме сауда нарығы электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін электр энергиясын сатып алу-сатумен байланысты қатынастар жүйесін білдіреді және мынадай өзара байланысты жұмыс істейтін нарықтардан тұрады:

1) электр энергиясының орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығы;

2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы;

3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы;

4) жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығы.

 

 



2. Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібі

 

4. Электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысу үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері ұлттық электр желісіне қол жеткізуге негіз болатын сәйкестік шарттарын орындаған кезде рұқсат беріледі.



5. Энергия өндіруші ұйымдар мынадай шарттарды орындаған кезде электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысады:

1) Қазақстан Республикасының лицензиялау саласындағы заңнамада көзделген тәртіппен лицензиясының болуы;

2) электр энергиясының көтерме сауда нарығына кемінде 1 мегаватт (бұдан әрі - МВт) көлемінде орташа тәуліктік (базалық) қуат жеткізу (орта жылдық қуатты жаңартылған энергия көздері үшін) және коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, жүйелік операторда белгіленген жүйелермен оларды біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың болуы;

3) ұлттық және қажет болған жағдайда өңірлік электр желілеріне рұқсатының болуы.

6. Энергия өндіруші ұйымдарға ұлттық электр желісіне және/немесе өңірлік электр желісіне жүйелік оператормен мынадай:

1) Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін техникалық диспетчерлендіру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған;

2) Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтыну теңгерімдерін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған;

3) теңгерімді электр энергиясын сатып алуға/сатуға арналған шарттары болған кезде рұқсат беріледі.

7. Электр энергиясының тұтынушылары, оның ішінде энергия беруші ұйымдар мынадай шарттарды орындаған кезде көтерме сауда нарығына қатысады:

1) электр энергиясының көтерме сауда нарығына кемінде 1 МВт көлемінде орташа тәуліктік (базалық) қуат сатып алу және коммерциялықесепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, жүйелік операторда белгіленген жүйелермен оларды біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың, қажет болған жағдайда өңірлік электр желілік компанияның болуы;

2) ұлттық және қажет болған жағдайда өңірлік электр желілеріне рұқсатының болуы.

8. Электр энергиясының тұтынушыларына, оның ішінде энергия беруші ұйымдарға ұлттық электр желісіне мынадай:

1) жүйелік оператормен:

ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған;

импортталатын электр энергиясын техникалық диспетчерлендіру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған (электр энергиясының импортын жүзеге асырған жағдайда);

Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтыну теңгерімдерін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған;

теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға/сатуға арналған шарттары;

2) энергия беруші ұйыммен, оның ішінде желілеріне электр энергиясын тұтынушы қосылған өңірлік деңгейдегі энергия желілерін пайдаланатын ұйыммен беру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарты болған кезде рұқсат беріледі.

9. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мынадай шарттарды орындаған кезде электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметін жүзеге асырады:

1) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу құқығына арналған лицензиясының болуы;

2) электр энергиясының көтерме сауда нарығынан кемінде 1 МВт көлемінде орташа тәуліктік (базалық) қуат жеткізу/тұтыну бойынша талаптарды орындау;

3) ұлттық және қажет болған жағдайда өңірлік электр желілеріне рұқсатының болуы.

10. Ұлттық электр желісіне энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға мыналар:

1) жүйелік оператормен:

ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған;

импортталатын электр энергиясын техникалық диспетчерлендіру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған (электр энергиясы импортын жүзеге асырған жағдайда);

Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтыну теңгерімдерін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған;

теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға/сатуға арналған шарттары;

2) энергия беруші ұйыммен, оның ішінде желілеріне электр энергиясын тұтынушы қосылған өңірлік деңгейдегі энергия желілерін пайдаланатын ұйыммен беру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарты болған кезде рұқсат беріледі.

 

 



1. Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы

 

11. Энергия өндіруші ұйымдар азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттар негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне өндірілген электр энергиясын сатуды жүзеге асырады.



12. Электр энергиясының көтерме сауда нарығында өз қызметін жүзеге асыру үдерісінде энергия өндіруші ұйымдар:

1) жүйелік оператормен бірлесіп, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде стандарттық жиілікті реттеуді және ұстап тұруды жүзеге асырады;

2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторына электр энергиясының орталықсыздандырылған және орталықтандырылған нарығында жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары жөніндегі ақпаратты қоса алғанда, Қазақстанның электр энергиясының нарығына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты береді;

3) қуат резервтерін ұстауды, көлемін, құрылымын және жасалған шарттар негізінде жүйелік оператор айқындаған олардың орналасуын қамтамасыз етеді;

4) диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының, оның ішінде жүйелік оператордың жедел-ақпараттық кешенімен біріздендірілген жүйелік оператордың диспетчерлік орталықтарымен диспетчерлік басқарудың жедел-ақпараттық кешенімен байланыс құралдарының болуын қамтамасыз етеді;

5) жүйелік операторға және өңірлік электр желілері компаниясына электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуге рұқсат береді.

 

 

2. Тұтынушылардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы



 

13. Электр энергиясын тұтынушылар электр энергиясының көтерме сауда нарығында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттар негізінде электр энергиясын сатып алады.

14. Электр энергиясын тұтынушылар электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) электр энергиясын сатып алу-сату шартымен айқындалған электр тұтыну режимдерін сақтайды;

2) тұтынушының меншігінде тұрған электр және энергия құрылғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарының тиісті техникалық жай-күйін растайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындайды;

3) коммерциялық аспаптардың өлшем деректерін белгіленген мерзімде береді;

4) жүйелік операторға және өңірлік электр желілері компаниясына электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуге рұқсат береді;

5) диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының, оның ішінде жүйелік оператордың жедел-ақпараттық кешенімен және өңірлік электр желілік компаниямен біріздендірілген жүйелік оператордың диспетчерлік орталықтарымен және өңірлік электр желілік компаниялармен байланыс құралдарының болуын немесе басқа диспетчерлік орталықпен жедел- диспетчерлік өзара іс-қимыл жасау жөнінде өкілеттік беру туралы құжаттың болуын қамтамасыз етеді;

6) өкілетті диспетчерлік орталықпен қосылған телеметрикалық ақпаратты жинақтау және беру жүйесінің болуын қамтамасыз етеді;

7) электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша өзінің контрагенттеріне және жүйелік операторға электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының талаптарының өзгергені туралы уақтылы ескертеді;

8) шарттар талаптарын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес орындайды;

9) электр энергиясын сатып алуға арналған шарттары жоқ электр энергетикасын тұтынушылары ұлттық және (немесе) өңірлік электр желілерден бас тартуға жатады.

 

 

3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы



 

15. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттар негізінде тиісті шекті, есептік немесе жеке тарифтерді есепке ала отырып, өз тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.

16. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) жүйелік операторға және (немесе) өңірлік электр желілік компанияға қызмет көрсететін тұтынушылардың электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуге рұқсат береді;

2) тиісті диспетчерлік орталықпен немесе өңірлік электр желілік компания пунктімен диспетчерлеу бойынша қызметтер көрсету туралы шарттың болуын қамтамасыз етеді;

3) электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша өзінің контрагенттеріне, жүйелік операторға және (немесе) өңірлік электр желілік ұйымдарын электр энергияны сатып алу-сату шарттарының талаптарын өзгерту туралы уақтылы ескертеді;

4) шарттар талаптарын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес орындайды.

17. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын сатып алуға арналған шарттары болмаған кезде бөлшек сауда тұтынушылары кепілдендірілген электр энергия жеткізушісіне белгіленген тәртіппен беруге жатады.

 

 

4. Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы



 

18. Энергия беруші ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетеді, азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттар негізінде электр энергиясына және шаруашылық мұқтаждыққа жұмсалатын технологиялық шығыстарды өтеу үшін электр энергиясын сатып алады.

19. Өңірлік электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілейтін тарифтер бойынша өңірлік электр желілері, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қосылған электр энергия тұтынушыларына көрсетіледі.

20. Энергия беруші ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығында өз қызметтерін жүзеге асыру кезінде:

1) белгіленген электр энергиясының сенімділік нормаларына және сапа стандарттарына сәйкес өңірлік электр желілері бойынша электр энергиясын беруді жүзеге асырады;

2) өңірлік электр желілеріне қол жеткізу үшін тең шарттарды қамтамасыз етеді;

3) өңірлік электр желісінің пайдалануға әзірлігін қолдауды және оған техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

4) өңірлік электр желілерінің тұрақты және сенімді жұмысын, жедел басқару (іске қосу) аймағына кіретін энергетика объектілерінде аварияның алдын алу, оқшаулау және жою бойынша шараларды уақтылы қабылдауды қамтамасыз етеді;

5) жүйелік оператормен бірігіп, мемлекеттік стандарттарда және өзге де стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес берілетін электр энергиясының сапасын қамтамасыз етеді;

6) өңірлік электр желілері шекарасында келісілген есепке алу нүктелерінде электр энергиясын коммерциялық есепке алуды жүзеге асырады;

7) Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін жедел диспетчерлік басқару үдерісінде жүйелік оператормен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

8) ұлттық және өңірлік электр желісінің бөліну шекараларындағы коммерциялық есепке алудың келісілген нүктелерінде электр энергиясының меншікті теңгерімсіздіктерін жүйелік оператормен қаржылық реттеуді жүзеге асырады;

9) меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан, электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінен электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алады және сапасын бақылауды жүзеге асырады.

 

 



5. Жүйелік оператордың және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы

 

21. Жүйелік оператор Заңға, Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуі қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысады.



22. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсетеді.

23. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы:

1) сауда жүйесінің электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүргізуге тұрақты әзірлігін қамтамасыз етеді және ұстайды;

2) көтерме сауда нарығы субъектілерінің коммерциялық тәуекелдерін барынша төмендету мақсатында электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында кепілдіктер мен есеп айырысудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастырады;

3) электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушыларды сауда жүйесімен жұмыс істеуге оқытады;

4) орталықтандырылған сауда-саттықтарда жасалған мәмілелердің орындалу мониторингін жүзеге асырады;

5) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін орталықтандырылған сауда-саттықтарда қалыптасқан электр энергиясына арналған индикативтік бағалар жөніндегі ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

 

 



6. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмыс істеуі

 

24. Электр энергиясының орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығында көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын өз еркімен жасайды. Электр энергиясын жеткізудің көлемдері мен мерзімдері шарт талаптарымен айқындалады.



25. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі шарттар мен мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүргізетін орталықтандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша жасалады.

26. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің орталықтандырылған сауда-саттықтарға қатысуы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ерікті негізде және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторымен жасалатын қатысу шартының негізінде жүзеге асырылады.

27. Электр энергиясының орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығында және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалады, сондай-ақ мынадай талаптарды көздейді:

1) тараптармен келісілген электр энергиясын жеткізу режимінің сағаттық тәуліктік (маусымдық) өзгеру кестесі;

2) электр энергиясын тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдарды электр энергиясының шарттық көлемдерін торапқа босату мен тораптан қабылдауды табиғи және коммерциялық есепке алу нүктелерін көрсету;

3) авариялық бұзушылықтар туындаған жағдайда электр энергиясын жеткізу талаптары (резервтеу тәртібі);

4) электр энергиясына сатып алушы уақтылы ақы төлемеген жағдайда электр энергиясының босатылуын шектеу және (немесе) тоқтату тәртібі.

28. Электр энергиясын шектес мемлекеттерге жеткізуді/сатып алуды, шектес мемлекеттердің электр желілері бойынша электр энергиясын беруді немесе транзиттеуді көздейтін электр энергиясын сатып алу-сату шарттары жүйелік оператормен техникалық іске асыру бөлігінде келісуге жатады.

29. Электр энергиясының экспортына және (немесе) импортына арналған мәмілелер бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығында туындайтын қатынастар тиісті шарттарда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекетаралық келісімдерде көзделген тәртіппен реттеледі.

30. Электр энергиясының экспорты мен импорты, егер қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын, ратификацияланған халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, кеден заңнамасының талаптарын орындау шартымен жүзеге асырылады.

31. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасалған шарттар негізінде жүйелік операторға алдағы тәулікке электр энергиясын жеткізу-тұтыну өтінімдерін жібереді.

32. Жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің өтінімі негізінде тәулік кестені қалыптастырады және бекітеді.

33. Электр энергиясын жеткізу-тұтыну жүйелік оператор бекіткен, келісілген түзетулерді ескере отырып, тәулік кестесінде көрсетілген электр энергиясын жеткізудің-тұтынудың мәлімделген көлемдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

34. Электр энергиясының теңгерімді нарығы Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясы және қуат теңгерімін ұстау үшін жүйелік оператордың құралы болып табылады.

35. Жүйелік оператор шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен электр энергиясы ағындарының мемлекетаралық сальдосының шарттық мәндерін қамтамасыз етеді және электр энергиясының мемлекетаралық теңгерімсіздіктерін реттейді. Мемлекетаралық теңгерімсіздіктерді реттеуді жүйелік оператор тиісті шарттарда, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекетаралық келісімдерде көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

36. Жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы электр энергиясын және қуатты беру, бөлу, диспетчерлеу, реттеу және резервтеу жөніндегі қызметтерді қамтиды, электр энергиясын өндіру, беру, тұтыну ерекшеліктерімен негізделген және белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс істейді. Жүйелік және қосалқы қызметтерді тиісті қызметтерді көрсетуге жасалған шарттар негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері көрсетеді және алады.

37. Электр энергиясының көтерме сауда нарығына нақты жеткізілгені және тұтынылғаны үшін өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімінде көрсетілген, есептік күнтізбелік айдың нәтижесі бойынша жүйелік оператор жасаған электр энергиясы көлемінің мәндеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

 



Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2012 года № 740
Об утверждении Правил организации и функционирования оптового рынка электрической энергии Республики Казахстан

 

В соответствии с подпунктом 7) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об электроэнергетике» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:



1. Утвердить прилагаемые Правила организации и функционирования оптового рынка электрической энергии Республики Казахстан.

2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

 

 


Премьер-Министр

Республики Казахстан

 

К. Масимов

 

Утверждены

постановлением Правительства

Республики Казахстан

от 4 июня 2012 года № 740

 

 



Правила организации и функционирования

оптового рынка электрической энергии Республики Казахстан

 

 



1. Общие положения

 

1. Настоящие Правила организации и функционирования оптового рынка электрической энергии Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об электроэнергетике» (далее - Закон) и определяют порядок организации и функционирования оптового рынка электрической энергии на территории Республики Казахстан.



2. В Правилах использованы следующие понятия и определения:

1) системный оператор - организация, осуществляющая централизованное оперативно-диспетчерское управление, обеспечение параллельной работы с энергосистемами других государств, поддержание баланса в энергосистеме, оказание системных услуг и приобретение вспомогательных услуг у субъектов оптового рынка электрической энергии, а также передачу электрической энергии по национальной электрической сети, ее техническое обслуживание и поддержание в эксплуатационной готовности;

2) фактический баланс производства-потребления электрической энергии на оптовом рынке электрической энергии Республики Казахстан - составленный системным оператором документ, устанавливающий адресное распределение объемов произведенной, поставленной и потребленной электрической энергии на рынках децентрализованной и централизованной торговли, балансирующем рынке электрической энергии за расчетный период. Фактический баланс является основанием для проведения взаиморасчетов между субъектами оптового рынка электрической энергии Республики Казахстан;

3) уполномоченный орган - государственный орган, осуществляющий руководство в области электроэнергетики;

4) регулирование электрической мощности - услуга по компенсации отклонений фактической электрической нагрузки субъекта оптового рынка электрической энергии от заявленной электрической нагрузки при условии соблюдения нулевого сальдо обменной электрической энергии, с планированием или без планирования в суточном графике;

5) передача электрической энергии - услуга, оказываемая энергопередающими организациями, в соответствии с заключенными договорами передачи электрической энергии;

6) субъекты оптового рынка электрической энергии - энергопроизводящие, энергопередающие, энергоснабжающие организации, потребители электрической энергии, системный оператор, оператор рынка централизованной торговли электрической энергией;

7) оператор рынка централизованной торговли электрической энергией - организация, осуществляющая централизованные торги электрической энергией, включая спот-торги электрической энергии;

8) рынок централизованной торговли электрической энергией - организованная торговая площадка для купли/продажи электрической энергии на краткосрочном (спот-торги «в течение операционных суток» и в режиме «за день вперед»), среднесрочном (неделя, месяц) и долгосрочном (квартал, год) основании;

9) договор купли-продажи электрической энергии - соглашение, заключаемое между субъектами оптового рынка электрической энергии, на покупку/продажу договорных объемов электрической энергии с их физической поставкой в определенный период;

10) транзит электрической энергии - услуга по использованию электрических сетей одной или нескольких сопредельных стран для передачи электрической энергии из энергосистемы другой страны;

11) оптовый рынок электрической энергии - система отношений, связанных с куплей-продажей электрической энергии, функционирующая на основе договоров между субъектами оптового рынка электрической энергии.

3. Оптовый рынок электрической энергии в Республике Казахстан представляет собой систему отношений, связанных с куплей-продажей электрической энергии, функционирующую на основе договоров между субъектами оптового рынка электрической энергии, и состоит из взаимосвязано действующих рынков:

1) рынок децентрализованной купли-продажи электрической энергии;

2) рынок централизованной торговли электрической энергией;

3) балансирующий рынок электрической энергии;

4) рынок системных и вспомогательных услуг.

 

 



2. Порядок организации и функционирования

оптового рынка электрической энергии

 

4. Для участия в оптовом рынке электрической энергии допускаются субъекты оптового рынка электрической энергии при выполнении ими условий соответствия, на основании которых они получают доступ к национальной электрической сети.



5. Энергопроизводящие организации участвуют в оптовом рынке электрической энергии при выполнении следующих условий:

1) наличие лицензии в порядке, предусмотренном законодательством в области лицензирования Республики Казахстан;

2) поставка на оптовый рынок электрической энергии в объеме не менее 1 мегаватт (далее - МВт) среднесуточной (базовой) мощности (для возобновляемых источников энергии среднегодовой мощности) и наличие автоматизированных систем коммерческого учета, телекоммуникаций, обеспечивающих их унификацию с системами, установленными у системного оператора;

3) наличие доступа к национальной и при необходимости региональной электрической сети.

6. Энергопроизводящим организациям доступ к национальной электрической сети и/или к региональной электрической сети предоставляется при наличии договоров с системным оператором:

1) на оказание услуг по технической диспетчеризации режимов производства/потребления электрической энергии в единой электроэнергетической системе Казахстана;

2) на оказание услуг по организации балансирования производства/потребления электрической энергии в единой электроэнергетической системе Казахстана;

3) на покупку/продажу балансирующей электрической энергии.

7. Потребители электрической энергии, в том числе энергопередающие организации, участвуют в оптовом рынке при выполнении следующих условий:

1) покупка на оптовом рынке электрической энергии в объеме не менее 1 МВт среднесуточной (базовой) мощности и наличии автоматизированных систем коммерческого учета, систем телекоммуникаций, обеспечивающих их унификацию с системами, установленными у системного оператора, и при необходимости региональной электросетевой компании;

2) наличие доступа к национальной и при необходимости региональной электрической сети.

8. Потребителям электрической энергии, в том числе энергопередающим организациям, доступ к национальной электрической сети предоставляется при наличии:

1) договоров с системным оператором:

на оказание услуг по передаче электрической энергии по национальной электрической сети;

на оказание услуг по технической диспетчеризации импортируемой электрической энергии (в случае осуществления импорта электрической энергии);

на оказание услуг по организации балансирования производства/потребления электрической энергии в единой электроэнергетической системе Казахстана;

на покупку/продажу балансирующей электрической энергии;

2) договора на оказание услуг по передаче с энергопередающей организацией, в том числе эксплуатирующей электрические сети регионального уровня, к сетям которой присоединен потребитель электрической энергии.

9. Энергоснабжающие организации осуществляют деятельность на оптовом рынке электрической энергии при выполнении следующих условий:

1) наличие лицензии на право покупки электрической энергии в целях энергоснабжения;

2) выполнение требований по поставке/потреблению с оптового рынка электрической энергии в объеме не менее 1 МВт среднесуточной (базовой) мощности;

3) наличие доступа к национальной и при необходимости региональной электрической сети.

10. Доступ к национальной электрической сети предоставляется энергоснабжающим организациям при наличии:

1) договоров с системным оператором:

на оказание услуг по передаче электрической энергии по национальной электрической сети;

на оказание услуг по технической диспетчеризации импортируемой электрической энергии (в случае осуществления импорта электрической энергии);

на оказание услуг по организации балансирования производства/потребления электрической энергии в единой электроэнергетической системе Казахстана;

на покупку/продажу балансирующей электрической энергии;

2) договора на оказание услуг по передаче с энергопередающей организацией, в том числе эксплуатирующей электрические сети регионального уровня, к сетям которой присоединена энергоснабжающая организация.

 

 



1. Участие энергопроизводящих организаций

в оптовом рынке электрической энергии

 

11. Энергопроизводящие организации осуществляют продажу произведенной электрической энергии субъектам оптового рынка электрической энергии на основании договоров, заключенных в соответствии с гражданским законодательством.



12. В процессе осуществления своей деятельности на оптовом рынке электроэнергии энергопроизводящие организации:

1) осуществляют совместно с системным оператором регулирование и поддержание стандартной частоты в единой электроэнергетической системе Республики Казахстан;

2) представляют оператору рынка централизованных торгов электрической энергии информацию, необходимую для осуществления мониторинга рынка электрической энергии Казахстана, включая информацию по договорам купли-продажи электрической энергии, заключенным на централизованном и децентрализованном рынке электрической энергии;

3) обеспечивают поддержание резервов мощности, объем, структуру и размещение которых определяет системный оператор на основании заключенных договоров;

4) обеспечивают наличие средств диспетчерского технологического управления, в том числе средств связи с диспетчерскими центрами системного оператора, оперативно-информационного комплекса диспетчерского управления, унифицированного с оперативно-информационным комплексом системного оператора;

5) предоставляют системному оператору и региональной электросетевой компании беспрепятственный доступ к приборам коммерческого учета электрической энергии.

 

 

2. Участие потребителей в оптовом рынке электрической энергии



 

13. Потребители электрической энергии на оптовом рынке электрической энергии покупают электрическую энергию на основании договоров, заключенных в соответствии с гражданским законодательством.

14. Потребители электрической энергии при осуществлении деятельности на оптовом рынке электрической энергии:

1) соблюдают режимы электропотребления, определенные договором купли-продажи электрической энергии;

2) поддерживают надлежащее техническое состояние электро- и энергоустановок и приборов коммерческого учета, находящихся в собственности потребителей, выполняют требования к их техническому состоянию в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

3) предоставляют данные измерений коммерческих приборов учета в установленные сроки;

4) предоставляют системному оператору и региональной электросетевой компании беспрепятственный доступ к приборам коммерческого учета электрической энергии;

5) обеспечивают наличие средств диспетчерского технологического управления, в том числе средств связи с диспетчерскими центрами системного оператора и региональной электросетевой компании, оперативно-информационного комплекса диспетчерского управления, унифицированного с оперативно-информационным комплексом системного оператора и региональной электросетевой компании, или наличие документа о передаче полномочий по оперативно-диспетчерскому взаимодействию другому диспетчерскому центру;

6) обеспечивают наличие системы сбора и передачи телеметрической информации, соединенной с полномочным диспетчерским центром;

7) своевременно предупреждают своих контрагентов по договорам купли-продажи электрической энергии и системного оператора об изменении условий договоров купли-продажи электрической энергии;

8) выполняют условия договоров в соответствии с нормативными правовыми актами Республики Казахстан в области электроэнергетики;

9) потребители электрической энергии, не имеющие договоров на покупку электрической энергии, подлежат отключению от национальной и (или) региональной электрической сети.

 

 

3. Участие энергоснабжающих организаций



в оптовом рынке электрической энергии

 

15. Энергоснабжающие организации осуществляют покупку электрической энергии в целях энергоснабжения своих потребителей с учетом соответствующих предельных, расчетных или индивидуальных тарифов на основании договоров, заключенных в соответствии с гражданским законодательством.



16. При осуществлении своей деятельности на оптовом рынке электрической энергии энергоснабжающие организации:

1) обеспечивают предоставление системному оператору и (или) региональной электросетевой компании беспрепятственного доступа к приборам коммерческого учета электрической энергии обслуживаемых потребителей;

2) обеспечивают наличие договора об оказании услуг по диспетчеризации с соответствующим диспетчерским центром или пунктом региональной электросетевой компании;

3) своевременно предупреждают своих контрагентов по договорам купли-продажи электрической энергии, системного оператора и (или) региональную электросетевую организацию об изменении условий договоров купли-продажи электрической энергии;

4) выполняют условия договоров в соответствии с нормативными правовыми актами Республики Казахстан в области электроэнергетики.

17. При отсутствии у энергоснабжающей организации действующих договоров на покупку электроэнергии розничные потребители подлежат передаче в установленном порядке гарантирующему поставщику электрической энергии.

 

 

4. Участие энергопередающих организаций



в оптовом рынке электрической энергии

 

18. Энергопередающие организации электрической энергии на оптовом рынке электрической энергии оказывают услугу по передаче электрической энергии, покупают электрическую энергию для компенсации технологического расхода электрической энергии и хозяйственных нужд на основании договоров, заключенных в соответствии с гражданским законодательством.



19. Услуги по передаче электрической энергии по региональной электрической сети оказываются потребителям электрической энергии, присоединенным к региональной электрической сети, энергоснабжающим организациям, по тарифу, устанавливаемому государственным органом, осуществляющим руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках.

20. При осуществлении своей деятельности на оптовом рынке электрической энергии энергопередающие организации:

1) осуществляют передачу электрической энергии по региональной электрической сети в соответствии с установленными нормами надежности и стандартами качества электрической энергии;

2) обеспечивают равные условия для доступа к региональной электрической сети;

3) обеспечивают поддержание в эксплуатационной готовности региональной электрической сети и ее техническое обслуживание;

4) обеспечивают устойчивую и надежную работу региональной электрической сети, своевременное принятие мер по предотвращению, локализации и ликвидации аварий на энергетических объектах, входящих в зону оперативного управления (ведения);

5) совместно с системным оператором обеспечивают качество передаваемой электрической энергии в соответствии с требованиями, установленными государственными стандартами и иными нормативными правовыми актами по стандартизации;

6) осуществляют коммерческий учет электрической энергии в согласованных точках учета на границах региональной электрической сети;

7) осуществляют взаимодействие с системным оператором в процессе оперативно-диспетчерского управления режимами производства/потребления электрической энергии в единой электроэнергетической системе Казахстана;

8) осуществляют финансовое урегулирование с системным оператором собственных дисбалансов электрической энергии в согласованных точках коммерческого учета на границах раздела национальной и региональной электрической сети;

9) получают и осуществляют контроль качества необходимой информации для осуществления деятельности на оптовом рынке электрической энергии от всех субъектов оптового рынка электрической энергии, независимо от формы собственности и ведомственной принадлежности.

 

 



5. Участие системного оператора и оператора рынка централизованной торговли

электрической энергией в оптовом рынке электрической энергии

 

21. Системный оператор участвует в оптовом рынке электрической энергии в соответствии с Законом, Правилами оказания услуг системным оператором, организации и функционирования рынка системных и вспомогательных услуг, а также иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.



22. Оператор рынка централизованной торговли электрической энергией оказывает услуги по организации и проведению централизованных торгов.

23. Оператор рынка централизованной торговли электрической энергией:

1) обеспечивает и поддерживает в постоянной готовности торговую систему к проведению централизованных торгов электрической энергией на оптовом рынке электроэнергии;

2) организовывает централизованную систему гарантий и расчетов на рынке централизованной торговли электроэнергией с целью минимизации коммерческих рисков субъектов оптового рынка;

3) проводит обучение участников оптового рынка электроэнергии работе с торговой системой;

4) осуществляет мониторинг исполнения заключенных на централизованных торгах сделок;

5) обеспечивает субъектов оптового рынка электрической энергии информацией по индикативным ценам на электрическую энергию, сложившихся на централизованных торгах, и другой рыночной информацией.

 

 



6. Функционирование оптового рынка электрической энергии

 

24. На рынке децентрализованной купли-продажи электрической энергии субъект оптового рынка самостоятельно заключает договор купли-продажи электрической энергии. Объемы и сроки поставок электрической энергии определяются условиями договора.



25. На рынке централизованной торговли электроэнергией договоры и сделки по купле-продаже электрической энергии заключаются по результатам централизованных торгов, проводимых оператором рынка централизованной торговли электрической энергией, в порядке, установленным законодательством Республики Казахстан.

26. Участие субъектов оптового рынка электрической энергии в централизованных торгах осуществляется на добровольной основе, за исключением случаев, предусмотренных Законом, на основании договора участия, заключаемого с оператором рынка централизованной торговли электрической энергии.

27. Договоры купли-продажи электрической энергии на рынке децентрализованной купли-продажи электрической энергии и на рынке централизованной торговли электрической энергией заключаются в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, а также предусматривают следующие условия:

1) согласованный сторонами график почасового суточного (сезонного) изменения режима поставки электрической энергии;

2) указание точек физического и коммерческого учета отпуска в сеть и приема из сети договорных объемов электрической энергии потребителей электрической энергии и энергопроизводящих организаций;

3) условия поставки (порядок резервирования) электрической энергии, в случае возникновения аварийных нарушений;

4) порядок ограничения и (или) прекращения отпуска электрической энергии на случай несвоевременной оплаты покупателем электрической энергии.

28. Договоры купли-продажи электрической энергии, предусматривающие поставку/покупку электрической энергии в сопредельные государства, передачу или транзит электрической энергии по электрическим сетям сопредельных государств, подлежат согласованию с системным оператором в части технической реализации.

29. Отношения, возникающие на оптовом рынке электрической энергии по сделкам на экспорт и (или) импорт электрической энергии, регулируются в порядке, предусмотренном соответствующими договорами, законодательством Республики Казахстан и межгосударственными соглашениями.

30. Экспорт и импорт электрической энергии осуществляются при условии выполнения требований таможенного законодательства, если ратифицированным международным договором, участником которого является Республика Казахстан, не установлено иное.

31. Субъекты оптового рынка электрической энергии на основании заключенных договоров направляют системному оператору заявки на поставку-потребление электрической энергии на предстоящие сутки.

32. Системный оператор формирует и утверждает суточный график на основании заявок от субъектов оптового рынка электрической энергии.

33. Поставка-потребление электрической энергии осуществляется в соответствии с заявленными объемами поставки-потребления электрической энергии, указанными в суточном графике, утвержденном системным оператором, с учетом согласованных корректировок.

34. Балансирующий рынок электрической энергии является инструментом системного оператора для поддержания баланса электроэнергии и мощности в единой электроэнергетической системе Республики Казахстан.

35. Системный оператор обеспечивает договорные значения межгосударственных сальдо перетоков электрической энергии с энергосистемами сопредельных государств и урегулирование межгосударственных дисбалансов электрической энергии. Урегулирование межгосударственных дисбалансов системный оператор осуществляет в порядке, предусмотренном соответствующими договорами, действующим законодательством Республики Казахстан и межгосударственными соглашениями.

36. Рынок системных и вспомогательных услуг включает в себя услуги по передаче, распределению, диспетчеризации, регулированию и резервированию электрической энергии и мощности, обусловлен особенностями производства, передачи, потребления электрической энергии и функционирует в соответствии с установленным порядком. Системные и вспомогательные услуги оказывают и получают субъекты оптового рынка электрической энергии на основании заключаемых договоров на оказание соответствующих услуг.



37. Взаиморасчеты за фактически поставленную и потребленную на оптовом рынке электрическую энергию субъекты оптового рынка осуществляют в соответствии со значениями объемов электрической энергии, указанными в фактическом балансе производства-потребления электрической энергии на оптовом рынке Республики Казахстан, составленном системным оператором по результатам расчетного календарного месяца.

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет